365-бап. Жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын экономикалық пайда жөніндегі жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық кодексі
Мыналар жеке тұлғаның кірісі болып табылмайды:
1) осы Кодекстің 366-бабында көрсетілген жұмыс берушінің шығыстары;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған, осы Кодекстің 367-бабында көрсетілген материалдық пайда;
3) жеке тұлғаның осы Кодекстің 368-бабында көрсетілген тоқтатылған міндеттемелері;
4) осы Кодекстің 382-бабының 5 және 6-тармақтарында көзделген экономикалық пайда;
5) осы Кодекстің 369-бабында көрсетілген зейнетақы аннуитетіне байланысты сомалар;
6) осы Кодекстің 370-бабында көрсетілген өзге де экономикалық пайда.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
365-бап. Жеке практикамен айналысатын адамның кірісі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кірісі жеке практикамен айналысатын адамның осы Кодекстің 336-бабына сәйкес айқындалған кірісінің мөлшерінде айқындалады.
2. Жеке практикамен айналысатын адамдардың кірістері бойынша жеке табыс салығының сомасы жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кіріс сомасына осы Кодекстің 320-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы әр айдың қорытындысы бойынша бір айға алынған кірістер бойынша есептеледі.
3. Есептелген салық сомасы кірістер бойынша салық есептелген айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірілмей ай сайын төлеуге жатады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 366-бапқа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы