695-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден салық агенті болып табылмайтын тұлғадан алынған бейрезидент-жеке тұлғаның кірістерінен жеке табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Осы баптың ережелерi бейрезидент-жеке тұлғаның осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес салық агенті болып табылмайтын тұлғадан Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістеріне қолданылады.
2. Бейрезидент-жеке тұлғаның осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес салық агенті болып табылмайтын тұлғадан Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістерінен жеке табыс салығын есептеу салықтық шегерiмдер жүзеге асырылмай, кірістің есептелген сомасына осы Кодекстiң 682-бабында белгiленген мөлшерлемені қолдану арқылы жүргiзiледi.
3. Жеке табыс салығын төлеудi бейрезидент-жеке тұлға салықтық кезең үшін жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiнгі күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей дербес жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
695-бап. Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі бойынша салықтарды есептеу Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
Таза кіріске салынатын корпоративтік табыс салығын және төлем көзiнен ұстап қалатын корпоративтік табыс салығын қоспағанда, тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану кезінде төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы салықтық кезең үшiн мынадай тәртiппен есептеледi:
осы Кодекстiң 313-бабының 1 немесе 2-тармақтарында белгiленген мөлшерлеменің және осы Кодекстің 690 және 691-баптарында көзделген кірістер мен осы Кодекстiң 692 және 693-баптарында көзделген шығыстар арасындағы айырма түрінде айқындалған, осы Кодекстiң 694-бабына сәйкес азайтылған салық салынатын кірістің көбейтіндісі, алу осы Кодекстiң 303-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын корпоративтік табыс салығының сомасы, алу осы Кодекстiң 302-бабының 2-тармағына сәйкес азайту жүзеге асырылатын ұтыс түріндегі кірістен төлем көзiнен салық кезеңінде ұстап қалған корпоративтік табыс салығының сомасы, алу сыйақы, дивидендтер түріндегі кірістен төлем көзiнен ұстап қалған корпоративтiк табыс салығының осы Кодекстің 302-бабының 3-тармағына сәйкес өткен салықтық кезеңдерден ауыстырылған сомасы, алу салықтық кезеңде сыйақы, дивидендтер түріндегі кірістен төлем көзiнен ұстап қалған корпоративтік табыс салығының осы Кодекстiң 302-бабының 2-тармағына сәйкес азайту жүзеге асырылатын сомасы.
2. Төлем көзiнен ұстап қалатын жеке табыс салығын қоспағанда, тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану кезінде төленуге жататын жеке табыс салығы салықтық кезең үшiн мынадай тәртiппен есептеледi:
осы Кодекстiң 320-бабының 1-тармағында белгiленген мөлшерлеменің және осы Кодекстің 690 және 691-баптарында көзделген кірістер мен осы Кодекстiң 692 және 693-баптарында көзделген шығыстар арасындағы айырма түрінде айқындалған, осы Кодекстiң 694-бабына сәйкес азайтылған салық салынатын кірістің көбейтіндісі.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы