370-бап. Жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын өзге де экономикалық пайда Қазақстан Республикасының Салық кодексі
Жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын өзге де экономикалық пайдаға мыналар жатады:
1) адамдарды қабылдау және оларға қызмет көрсету бойынша осы Кодекстің 262-бабына сәйкес жүргізілген өкілдік шығыстар;
2) егер салық агентінің жарнама мақсатында өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берген тауар бірлігінің құны мұндай беру күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса, осындай тауар құны;
3) жеке тұлғаның жеке мүлкі басқа тұлғаға өткізілген не өзгеше түрде иеліктен шығарылған құн. Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның, жеке практикамен айналысатын адамның, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын адамның жеке мүлкіне қатысты қолданылады;
Осы бөлімнің мақсаттары үшін "Мүліктік кіріс" деген 3-параграфта көрсетілген мүліктен басқа, жеке тұлғаның меншік құқығындағы, оның ішінде ортақ үлестік меншіктегі оның үлесі болып табылатын материалдық нысандағы заттары жеке тұлғаның жеке мүлкі болып табылады;
4) дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын адам болып табылатын жеке тұлғаның жеке мүлкі басқа тұлғаға өткізілген не өзгеше түрде иеліктен шығарылған құн. Осы тармақшаның ережелері мұндай құн осындай дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның өткізуден түсетін кірісі немесе жеке табыс салығы дербес есептелетін жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кіріс болып табылмайтын жағдайда қолданылады. Салық агенті осы тармақшаның ережелерін жеке тұлғаның өтініші негізінде қолданады;
5) резидент-жеке тұлғаның кірістерінен ұстамай, өз қаражаты есебінен, осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық агенті есептеген және төлеген жеке табыс салығының, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агент есептеген және төлеген міндетті зейнетақы жарналарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды төлеу бойынша агент есептеген және төлеген сомалары;
6) қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асырғаны үшін:
банктің және (немесе) Ұлттық пошта операторының қаражаты есебінен жеке тұлғаның шотына банк және (немесе) Ұлттық пошта операторы;
байланыс операторының қаражаты есебінен абоненттің мобильді балансына байланыс операторы есепке жатқызатын сома;
7) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын, оның ішінде:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бұрын жүзеге асырылған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алғаны үшін есепке жазылған сома есебінен сатып алу кезінде;
заңды тұлғалардан және дара кәсіпкерлерден алынған кредиттерді (қарыздарды, микрокредиттерді) пайдаланғаны үшін сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда. Мұндай үнемдеуге, оның ішінде шарт бойынша пайызсыз кезең ішінде сыйақыға үнемдеу, сондай-ақ жұмыскердің өзінің жұмыс берушісінен алған кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) бойынша үнемдеу жатады;
8) опционды орындау кезінде опционның базалық активі нарықтық құнының опционды орындау бағасынан асып кетуі (опционды жеке тұлғаға беруге негіз болған тиісті құжатта опционның базалық активі тіркеп-белгіленген баға опционды орындау бағасы болып табылады);
9) жеке тұлғаның басқа жеке тұлғадан өтеусіз негізде, оның ішінде сыйға тарту және мұрагерлік түрінде алған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қоса алғандағы мүлік.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережелері дара кәсіпкер алған және кәсіпкерлік мақсаттарға пайдалануға арналған мүлікке қолданылмайды;
10) тұрғынжайды, тұрғын үй-жайды (пәтерді) мүліктік жалдауға (жалға беруге) беру кезіндегі жалға беруші-жеке тұлғаның:
дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы-жеке тұлға шеккен,
дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы-жеке тұлға, дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға беруші-жеке тұлғаға өтеген шығыстар түріндегі кірістері.
Осы тармақшаның ережелері, егер көрсетілген шығыстар жалдау ақысынан бөлек жүргізілсе, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;
тұрғынжайды, тұрғын үй-жайды (пәтерді) жөндеуге жүргізілген жағдайда қолданылады;
11) мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға байланысты қызметтік іссапарға жіберілген жағдайда мынадай шарттар орындалған кезде жұмыс беруші болып табылмайтын салық агентінің аталған адамдарға жол жүру мен тұруға ақы төлеуі түріндегі кірістер:
жұмыс беруші болып табылмайтын салық агентінің есебінен мемлекетішілік және шетелдік сапарларға шақыру салық агентінің қаражаты есебінен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсіби, гуманитарлық іс-шараларға, оның ішінде осындай салық агентінің жарғылық қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын сапарларға қатысу үшін жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келісімімен жүзеге асырылуы;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның лауазымды адамы бұйрығының (өкімінің) болуы;
12) сенімгерлік басқару құрылтайшысының сенімгерлік басқарудан түсетін, дара кәсіпкер ретінде тіркелместен салықтық міндеттемелерді орындаушы резидент-жеке тұлға болып табылатын сенімгерлік басқарудан алынған таза кірісі;
13) "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлем түріндегі, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотына жіберілген нысаналы жинақтар;
14) осы Кодекстің 337-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жүргізілген, оқуға бағытталған шығыстар;
15) осы Кодекстің 339-бабына сәйкес бұрын жеке табыс салығы салынған, шоғырландырылған топтың бірыңғай ұйымдық құрылымына кіретін бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан (немесе оның бір бөлігінен) бөлінген дивидендтер;
16) әлеуметтік төлемдерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде уақтылы есептемегені, ұстап қалмағаны, аудармағаны үшін салық агентіне есепке жазылған өсімпұл сомасы;
17) жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты шеккен, басқару органының (директорлар кеңесінің немесе өзге де органның) мүшелеріне жұмсалған шығыстардың мынадай:
осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде бронь мен багаж үшін шығыстарды төлеуді қоса алғанда, басқарушылық міндеттерді орындау орнына бару және кері қайту жолына арналған шығыстар;
осындай шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде бронь үшін шығыстарды төлеуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұруға арналған, бірақ шетелде іссапарларда жүрген мемлекеттік қызметшінің отельдерден бір орынды стандартты нөмірлерді жалдауы бойынша шығыстарды өтеудің шекті нормаларынан аспайтын шығыстар;
осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде бронь үшін шығыстарды төлеуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасында тұруға арналған шығыстар;
осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде келуге және кетуге рұқсаттарды (визаны) ресімдеуге арналған шығыстар (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құны);
күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасында болған күнтізбелік әрбір күн үшін, тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын ақша сомасы;
күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде болған күнтізбелік әрбір күн үшін, тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын ақша сомасы шегіндегі өтемақысы.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін басқарушылық міндеттерді орындау орны тұрақты тұратын жерімен сәйкес келмеуге тиіс;
18) "Жедел-іздестіру қызметі туралы", "Қарсы барлау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құпия көмекшілерге және "Сыртқы барлау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыртқы барлау субъектілеріне құпия жәрдем көрсететін адамдарға төлемдер;
19) банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ коллекторлық агенттік осындай қарыз алушы үшін өтеген, сотқа берілетін талап қою арызынан алынатын мемлекеттік бажды төлеу бойынша қарыз алушы міндеттемесінің сомасы.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
370-бап. Салық салынбайтын айналым Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
Мыналар салық салынбайтын айналым болып табылады:
1) осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығынан босатылған, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым;
2) өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны осы Кодекстің 378-бабына сәйкес айқындалады.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны осы Кодекстің 441-бабына сәйкес айқындалады;
3) осы Кодекстің 394-бабында санамаланған тауарлар болып табылатын тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы