1094-бап. Жеке тұлғаның жеке заңы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Жеке тұлға азаматы болып табылатын елдiң құқығы оның жеке заңы болып саналады. Адамның екi немесе одан көп азаматтығы болған жағдайда адам неғұрлым тығыз байланысты елдiң құқығы оның жеке заңы болып саналады.
2. Азаматтығы жоқ адам тұрақты тұратын елдiң құқығы, ол адамның жеке заңы болып саналады.
3. Баспана берген елдiң құқығы босқынның жеке заңы болып саналады.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы