190-бап. Жеке тұлғаның салықтық берешегін өндіріп алу Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Жеке тұлғаның салықтық берешегін өндіріп алуды салық органы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерінен астам салықтық берешегі өтелмеген кезде жүзеге асырады.
Жеке тұлғаның салықтық берешегі деп кәсіпкерлік қызметті және жеке практиканы жүзеге асыруға байланысты емес салықтық міндеттемелер бойынша дара кәсіпкердің тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның немесе жеке практикамен айналысатын адамның салықтық берешегі де түсініледі.
2. Салық органы жеке тұлғаның салықтық берешегін өтеу туралы хабарламаны орындау мерзімі өткеннен кейін жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын (бұдан әрі осы баптың мақсатында – салық бұйрығы) шығарады.
Салық бұйрығын орындау мерзімі табыс етілген күнінен кейінгі бес жұмыс күнін құрайды.
3. Жеке тұлға салық бұйрығын орындамаған кезде салық органы Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін салық бұйрығын аумақтылығы бойынша тиісті әділет органдарына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жібереді.
4. Салық бұйрығының күші:
1) жеке тұлға салықтық берешегін өтеген;
2) салық бұйрығын шығару тәртібі бұзылған;
3) жеке тұлғаға қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімі қолданылған;
4) жеке тұлғаға қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі қолданылған жағдайларда жойылады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
190-бап. Салықтық есепке алу және есепке алу құжаттамасы Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қорыту және жүйелеу, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу және салықтық есептілікті жасау мақсатында салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің талаптарына сәйкес есепке алу құжаттамасын жүргізу процесі салықтық есепке алу болып табылады.
Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі жай серiктестiк нысанында осындай қызмет бойынша тұтастай және бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушының қатысу үлесі бойынша да жүзеге асыратын салықтық есепке алу жиынтық салықтық есепке алу болып табылады.
2. Есепке алу құжаттамасы:
1) "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны жүргізу жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар үшін – бухгалтерлік құжаттаманы;
2) осы файлдарды ерікті түрде ұсынатын тұлғалар үшін – тексерудің стандартты файлы;
3) осы баптың 4-тармағында аталған тұлғалар үшін – бастапқы есепке алу құжаттарын;
4) салық нысандарын;
5) салықтық есепке алу саясатын;
6) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салықтық міндеттемені есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттарды қамтиды.
Осы тармақтың мақсатында электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде ресімделген бухгалтерлік құжаттама немесе бастапқы есепке алу құжаттары да есепке алу құжаттамасы болып танылады.
3. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, салықтық есепке алу бухгалтерлік есепке алу деректеріне негізделеді. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасымен белгіленеді.
4. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі міндет жүктелмеген тұлғалар осы тарауға, осы Кодекстің 24-тарауына және уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес салықтық есепке алуды ұйымдастырады және жүргізеді.
Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметке байланысты салықтық есепке алу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісілген талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген есептілік деректеріне негізделеді.
5. Салық төлеуші (салық агенті) өзі дербес және (немесе) жиынтық салықтық есепке алуды жүргізуге жауапты, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі арқылы салықтық есепке алуды ұйымдастырады және мыналарды:
1) салықтық кезең ішінде салық төлеуші (салық агенті) жүзеге асырған операцияларды салық салу мақсатында есепке алу тәртібі туралы толық және анық ақпараттың қалыптастырылуын;
2) салықтық есептілік нысандарының әрбір жолының таратып жазылуын;
3) салықтық есептіліктің анық жасалуын;
4) салықтық бақылау үшін салық органдарына ақпарат беруді қамтамасыз ету үшін салықтық тіркелімдер түрінде ақпаратты қорыту мен жүйелеу нысандарын айқындайды.
6. Салықтық есепке алуды жүргізу тәртібі салық төлеуші (салық агенті) осы Кодекстің талаптарын ескере отырып өзі дербес бекіткен құжат – салықтық есепке алу саясатымен белгіленеді.
Салықтық есепке алу саясаты, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі міндет жүктелмеген салық төлеушінің салықтық есепке алу саясатын қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген есепке алу саясатына жеке бөлім түрінде енгізілуі мүмкін.
7. Шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық есепке алу саясатын бекітеді.
Ескерту. 190-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.06.2021 № 53-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-б. қараңыз) Заңдарымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы