439-бап. Төлем көзінен жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің сомасын айқындау Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Жұмыскердің салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
жұмыскердің салықтық кезеңге есепке жазылған, төлем көзінен салық салуға жататын кірістерінің сомасы
алу
салықтық кезең үшін осы Кодекстің 400-бабының 1-тармағында көзделген төлем көзінен салық салуға жататын кіріс азайтылатын кірістер сомасы
алу
осы Кодекстің 401-бабының 1-тармағында көрсетілген салықтық шегерімдердің сомасы.
2. Жеке тұлғаның салық агентіне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
жеке тұлғаның салық агентіне салықтық кезең үшін есепке жазылған төлем көзінен салық салуға жататын, тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түскен кірістер сомасы
алу
салықтық кезең үшін осы Кодекстің 400-бабының 1-тармағында көзделген төлем көзінен салық салуға жататын кіріс азайтылатын кірістер сомасы
алу
осы Кодекстің 402-бабында көрсетілген әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімдерінің сомасы
алу
осы Кодекстің 404-бабында көрсетілген әлеуметтік салықтық шегерімдердің сомасы
алу
осы Кодекстің 437-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен базалық шегерім сомасы.
3. Зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын кіріс сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
салық салуға жататын зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс сомасы
алу
салықтық кезең үшін осы Кодекстің 431-бабында көзделген төлем көзінен салық салуға жататын кіріс азайтылатын кірістер сомасы.
4. Жеке тұлғаның сақтандыру шарттары бойынша салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
жеке тұлғаның сақтандыру шарттары бойынша салықтық кезең үшін есепке жазылған, төлем көзінен салық салуға жататын кірістерінің сомасы
алу
салықтық кезең үшін осы Кодекстің 435-бабында көзделген төлем көзінен салық салуға жататын кіріс азайтылатын кірістер сомасы
алу
осы Кодекстің 404-бабының 1-тармағында көрсетілген әлеуметтік салықтық шегерімдер сомасы.
5. Осы баптың 1 – 4-тармақтарында көрсетілмеген, сыйақылар, дивидендтер, ұтыстар, білім алуға байланысты стипендиялар, төлемдер, оқуға өтемақылар және төлем көзінен салық салуға жататын басқа да кірістер түріндегі жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
салықтық кезең үшін есепке жазылған, осы баптың 1 – 4-тармақтарында көрсетілмеген сыйақылар, дивидендтер, ұтыстар, стипендиялар және төлем көзінен салық салуға жататын басқа да кірістер түріндегі жеке тұлға кірістерінің сомасы
алу
салықтық кезең үшін осы Кодекстің 400-бабының 1-тармағында көзделген төлем көзінен салық салуға жататын кіріс азайтылатын кірістер сомасы
алу
осы Кодекстің 404-бабының 1-тармағында көрсетілген әлеуметтік салықтық шегерімдер сомасы.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
439-бап. Салық салу объектілері, салық салынатын айналымды айқындау Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
Егер осы Кодекстің 440-бабында өзгеше белгіленбесе, Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығы салынатын объектілер, сондай-ақ салық салынатын айналым осы Кодекстің 368, 369 және 373-баптарына сәйкес айқындалады.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы