697-бап. Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсыну Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны осы Кодекске сәйкес дербес салық салуға жататын кірістерді Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын бейрезидент-жеке тұлға салық төлеушінің болатын (тұрғылықты) жеріндегі салық органына есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей ұсынады.
Есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен кірместен ағымдағы салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге кету жағдайында бейрезидент-жеке тұлға жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынуға және ағымдағы салықтық кезең ішінде жеке табыс салығын төлеуге құқылы. Бұл ретте жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация ағымдағы салықтық кезеңнің басынан бастап Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге осындай тұлға кеткен күнге дейінгі кезең үшін ұсынылады.
2. Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны осы Кодекстің 679-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында көрсетілген кірістерді алған бейрезидент-еңбекші көшіп келуші есепті салықтық кезең үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы ең аз салық салынатын кірістен төленген жеке табыс салығының сомасынан асып кеткен жағдайда ұсынады.
Осы тармақта көзделген кірістер бойынша жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны бейрезидент-еңбекші көшіп келуші болатын жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей ұсынады.
Бұл ретте 679-баптың 1-тармағының 24) тармақшасында көрсетілген кірістерді алған бейрезидент-еңбекші көшіп келуші салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге кеткен жағдайда жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация (декларациялар) осындай тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығатын күніне дейін ұсынылады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
697-бап. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге салық салу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Осы тараудың мақсаттары үшін мынадай ауыл шаруашылығы өнімін (бұдан әрі осы тараудың мақсаттары үшін – ауыл шаруашылығы өнімі):
1) өсімдік шаруашылығы өнімін;
2) мал шаруашылығы өнімін;
3) құс шаруашылығы өнімін;
4) балара шаруашылығы өнімін өндіру және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға, шаруа немесе фермер қожалықтары ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер деп танылады.
Осы тараудың мақсаттары үшін ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдері де жатады.
2. Осы Кодексте:
1) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін;
2) фермер және шаруа қожалықтары үшін ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге арналған арнаулы салық режимдері көзделген.
3. Осы Кодексте белгіленген, оларды қолдану шарттарына сәйкес келген кезде осындай салық режимдері қолданылатын, қызметтері бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, ауыл шаруашылығы коперативтері салық салудың мынадай режимдерінің біреуін:
1) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимін (бұдан әрі осы баптың және осы Кодекстің 698, 699 және 700-баптарының мақсаттарында – арнаулы салық режимі);
2) оңайлатылған декларация негізінде немесе тіркелген шегерімді пайдалана отырып, шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін;
3) жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті дербес таңдауға құқылы.
4. Осы Кодекстің 702-бабының 3-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде шаруа немесе фермер қожалықтары осы баптың 3-тармағында көрсетілген салық режимдерінің біреуін немесе осы Кодекстің 702-бабында белгіленген оны қолданудың басқа талаптарына сәйкес келген кезде шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін таңдауға құқылы.
5. Осы баптың 3-тармағының 1) немесе 2) тармақшасында көрсетілген арнаулы салық режимін таңдау кезінде салық төлеушілер мұндай салық режимін оны қолдану шарттарына сәйкес келген кезде осы Кодекстің 679-бабының 5 және 7-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кемінде күнтізбелік бір жыл мерзім бойы қолданады.
6. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілер осындай салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған жағдайда осы Кодекстің 703-бабының 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, кірістер мен шығыстарды, мүліктерді бөлек есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ көрсетілген қызмет түрлері бойынша тиісті салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеуді және төлеуді жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізуге міндетті.
Бұл ретте осы тармақта көзделген бөлек есепке алуды салық төлеушілер өздері бекіткен салықтық есепке алу саясатының ережелеріне сәйкес жүзеге асыруға тиіс.
7. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге арналған арнаулы салық режимдерін қолдануға шетелдік заңды тұлғалар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар құқылы емес.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы