Алимент мөлшерін төмендету туралы талап арызбен сотқа жүгінген
Талап қоюшы С. жауапкерлер К. мен Т.-ға алимент мөлшерін төмендету туралы талап арызбен сотқа жүгінген. С. 2012 жылғы 5 маусымдағы сот шешімі негізінде К.-ның пайдасына ұлы М.-ны күтіп-бағуға оның табысының 1/4 бөлігі, сонымен қатар 2017 жылғы 19 шілдедегі сот бұйрығы негізінде Т.-ның пайдасына қызы П. мен ұлы Н.-ны күтіп-бағуға табысының 1/3 бөлігі алимент ретінде ұсталынып жатқанын, аталған сот актілері бойынша өндірілетін алимент мөлшері 58 пайызды құрайтынын, ал заң бойынша табысынан ол 50 пайыз алимент төлеуі керек екенін көрсеткен. Осыған байланысты ұсталынып жатқан алимент мөлшерін 50 пайызға дейін төмендетуді сұраған. Кейіннен талап арызын нақтылап, К.-ның пайдасына өндіріліп жатқан алимент мөлшерін 25 пайыздан 23 пайызға, Т.-ның пайдасына өндіріліп жатқан алимент мөлшерін 33 пайыздан 27 пайызға төмендетуді сұраған. Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылған. С.-ның барлық табысынан және (немесе) өзге де кірісінен өндіріліп жатқан алименттер мөлшері 50 пайызға төмендетілген. С.-дан Т.-ның пайдасына 2015 жылғы 30 қаңтарда туған П.-ны және 2016 жылғы 12 қазанда туған Н.-ны күтіп-бағу үшін табысынан және (немесе) өзге де кірісінен өндірілетін алименттер мөлшері 1/4 бөлікке (25%) дейін азайтылған. К.-ның пайдасына М. есімді баласын күтіп-бағу үшін өндірілетін алименттер мөлшері өзгеріссіз қалдырылған. Т.-дан С.-ның пайдасына 1 135 теңге сот шығындары өндірілген.
Алимент мөлшерін төмендету туралы талап арызбен сотқа жүгінген
Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Т. өзінің өтінішхатында іс бойынша қабылданған сот актілерімен келіспей, бірінші сатыдағы сот оның келтірген уәждерін ескермегенін, соттар істі үстіртін қарағанын, талап қоюшының отбасылық және материалдық жағдайы өзгермегенін, өзінің талап қоюшымен бірге тұрмайтынын, талап қоюшы материалдық көмек көрсетпегендіктен, Астрахань қаласына көшіп кеткенін көрсеткен. К. өзінің жазған өтінішхатында сот актілерін өзгеріссіз және Т.-ның кассациялық шағымын қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған. Сот алқасы іс құжаттарын зерделеп, өтінішхатта дауланып отырған сот актілері төмендегі негіздерге байланысты өзгертілуге жатады деп санайды. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады. Осы іс бойынша мынадай бұзушылықтар орын алған. Іс құжаттарына қарағанда, Атырау қалалық сотының 2012 жылғы 05 маусымдағы сот шешімімен жауапкер К.-ның пайдасына 2011 жылғы 5 қазанда туған М.-ны күтіп-бағу үшін талап қоюшы табысының 1/4 бөлігі мөлшерінде алимент өндірілген. Ақтау қаласы № 2 сотының 2017 жылғы 19 шілдедегі сот бұйрығымен жауапкер Т.-ның пайдасына 2015 жылғы 30 қаңтарда дүниеге келген П.-ны және 2016 жылғы 12 қазанда дүниеге келген Н.-ны күтіп-бағу үшін талап қоюшы табысының 1/3 бөлігі мөлшерінде алимент өндірілген. Бірінші сатыдағы сот С.-дан әр балаға өзінің табысынан 58% алимент төлейтінін, С. мен Т.-ның арасындағы некенің бұзылмағанын, балаларын бірге күтіп-бағатындарын, ортақ шаруашылық жүргізетіндерін, ал К.-нің жалғыз басты ана, материалдық жағдайы төмен екендігін анықтап, Т.-ның балаларына өндірілген алименттер мөлшерін 1/4 бөлікке азайту, К.-ның баласына өндірілген алименттер мөлшерін өзгеріссіз қалдыру туралы тұжырым жасаған. Бұл сот тұжырымымен апелляциялық сатыдағы сот келіскен.
Сонымен бірге, АПК-нің 225-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сот істі талап қоюшы мәлімдеген талаптар шегінде шешеді. Іс материалдарынан анықталғандай, С. өзінің талап қою арызын нақтылау туралы арызында Т.-ның пайдасына өндіріліп жатқан алимент мөлшерін 33 пайыздан 27 пайызға дейін төмендетуді сұраған. Алайда, бірінші сатыдағы сот талаптың шегінен шығып, Т.-ның асырауында екі кәмелетке толмаған баласының бар екенін ескермей, оның пайдасына өндіріліп жатқан алимент мөлшерін 25 пайызға дейін азайтқан. Мұндай жағдайда, іс бойынша қабылданған сот актілерін заңды және негізді деп тануға болмайды. АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 8) тармақшасына сәйкес, кассациялық сатыдағы сот кеңесу бөлмесінде бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттардың шешімін, ұйғарымын, қаулысын өзгертеді немесе бiрiншi сатыдағы сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының немесе апелляциялық сатыдағы сот қаулысының, ұйғарымының күшін толық не бір бөлігінде жоя отырып, егер істің мән-жайын бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот толық және дұрыс анықтаған, бірақ материалдық құқық нормаларын қолдануда қателік жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа сот актісін шығарады.
Сот алқасы жергілікті соттар істің мән-жайын толық және дұрыс анықтап, бірақ материалдық құқық нормаларын қолдануда қателік жіберген, сондықтан іс бойынша қабылданған сот актілері өзгертілуге жатады деген қорытындыға келді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жергілікті соттардың сот актілерін өзгертіп, яғни С.-дан Т.-ның пайдасына 2015 жылғы 30 қаңтарда дүниеге келген П.-ны және 2016 жылғы 12 қазанда дүниеге келген Н.-ні күтіп-бағу үшін табысынан және (немесе) өзге де кірісінен өндірілген алименттер мөлшерін 27 пайызға дейін азайту туралы шешім қабылдады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Алимент мөлшерін төмендету туралы талап арызбен сотқа жүгінген
267 рет жүктеп алынды -
Алимент мөлшерін төмендету туралы талап арызбен сотқа жүгінген
173 рет жүктеп алынды