Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Әрбір ата-ананың жанында балалар қалған жағдайда кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент өндіріп алу

Әрбір ата-ананың жанында балалар қалған жағдайда кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент өндіріп алу

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Әрбір ата-ананың жанында балалар қалған жағдайда кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент өндіріп алу

Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сотының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы шешімімен К.А.-ның Ж.Б.-ға қарсы некені бұзу туралы талап арызы қанағаттандырылды. Тараптар алимент өндіру туралы талап қоймаған. Сот кәмелетке толмаған екі баланың тұрғылықты жерін әкесімен, ал бір баланың тұрғылықты жерін анасымен белгілеп, Ж.Б.-дан К.А.-ның пайдасына екі баланы асырау үшін оның табысының 1/3 бөлігін мөлшерінде, ал К.А.-дан Ж.Б.-ның пайдасына бір кәмелетке толмаған баланы асырау үшін оның табысының 1/4 бөлігін мөлшерінде алимент өндірді.

Бұл ретте Кодекстің 141-бабының 4-тармағына сәйкес, егер балалардың әрқайсысы ата-аналардың бір-бірінің жанында қалатын болса, ата-аналардың бірінен екіншісінің пайдасына өндірілетін алимент мөлшері материалдық жағдайы төмендеу ата-ананың пайдасына тұрақты ақшалай сома түрінде белгіленетінін ескеру қажет.

Осыған байланысты алиментті тұрақты ақшалай сома түрінде өндіру мәселесі шешілуге тиіс болғандықтан, тараптарға балалар әр ата-ананың жанында қалған жағдайда материалдық жағдайы төмен жұбайдың тиісті дәлелдемелерді ұсына отырып, сотқа талап қоюға құқылы екендігін түсіндіру қажет.

Соттылық

Соттылықтың жалпы қағидасына сәйкес, некені бұзу туралы талап арыз Азаматтық процестік кодекстің 29-бабына сәйкес жауапкердің тұрғылықты жері бойынша беріледі.

Егер талапкермен бірге кәмелетке толмаған балалар тұрса, талап арыз талапкердің тұрғылықты жері бойынша да берілуі мүмкін (АПК-нің 30-бабының жетінші бөлігі).

Осы санаттағы істердің соттылығын айқындау мәселелері соттар үшін қиындық туғызбайды, дегенмен сот тәжірибесінде бірқатар қателіктер кездеседі.

Тұрғылықты жер деп азаматтың тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекені танылады.

Мемлекеттік баж

Салық кодексінің 610-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, сотқа берілетін некені бұзу туралы талап арыздан 0,3 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж (бұдан әрі – мемлекеттік баж) алынады.

Мемлекеттік бажды төлеу және оның төленгенін растайтын құжаттарды талап арызға қоса тіркеу талап арызды сот өндірісіне қабылдау және оны қарау үшін міндетті шарт болып табылады.

Мемлекеттік бажды төлеуші талапкер болып табылады.

Алайда соттардың мемлекеттік бажды талапкер емес, жауапкер төлеген түбіртек қоса берілген талап арыздарды қабылдау жағдайлары кездеседі.

Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша аудандық соты Б.К.-ның Б.Н.-ға қарсы некені бұзу туралы талап арызын өндірісіне қабылдаған, алайда талап арызды Б.К. бергенімен, мемлекеттік бажды жауапкер Б.Н. төлеген.

Істерді зерделеу нәтижесінде анықталғандай, талапкер талап арыз берген кезде төлеген мемлекеттік баж АПК-нің 109-бабының 1-бөлігіне сәйкес талап қанағаттандырылған жағдайда жауапкерден талапкердің пайдасына өндіріліп беріледі.

Сонымен қатар, талап қанағаттандырылғанына қарамастан, некені бұзу туралы талап арыз берген кезде төленген мемлекеттік баж сомасы жауапкерден талапкердің пайдасына өндірілмеген жағдайлар да кездеседі.

Дауды сотқа дейін реттеу тәртібі сақталмауына байланысты талап арызды қайтару

2021 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және азаматтық процестік заңнама мәселелері бойынша кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік қаулысы қабылданды. Осы қаулымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі №5 «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы істерді қарау кезінде соттардың заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Өзгерістердің енгізілуіне ортақ кәмелетке толмаған балалары, сондай-ақ мүліктік және өзге де талаптары жоқ ерлі-зайыптылардың некені бұзу туралы істерінің соттарда қаралуы себеп болды. Ал Кодекске сәйкес мұндай ерлі-зайыптылардың өзара келісімі болған жағдайда неке тіркеуші органда бұзылады.

Жаңа редакцияда баяндалған Нормативтік қаулының 6-тармағына сәйкес, ортақ кәмелетке толмаған балалары және бір-біріне қатысты мүліктік немесе өзге де талаптары жоқ ерлі-зайыптылардың некені бұзу туралы талап арызбен сотқа жүгінуі үшін жауапкердің тіркеуші органда некені бұзудан бас тартқанын немесе қарсылығы болмаса да некені бұзудан жалтарғанын растайтын дәлелдемелер ұсынуы қажет.

Мұндай дәлелдемелерді ұсыну талапкердің міндеті болып табылады. Егер мұндай дәлелдемелер ұсынылмаса, АПК-нің 152-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес, осы санаттағы істер бойынша заңда белгіленген сотқа дейінгі реттеу тәртібінің сақталмауына байланысты талап арыз қайтарылуға жатады.

Сонымен қатар, жауапкердің тіркеуші органда некені бұзудан бас тартқанын немесе одан жалтарғанын растау үшін қандай құжаттар ұсынылуы мүмкін екендігі жөнінде түсіндірмелер берілген.

Істі сот талқылауына дайындау

Нормативтік қаулының 3-тармағына сәйкес, соттар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы істі сот талқылауына мұқият дайындауға міндетті.

Судья талап арызды қабылдағаннан кейін, әдетте, екінші жұбайды шақырып, оның талап арызға көзқарасын анықтауы, ерлі-зайыптылар арасында соттың қарауына жататын өзге даулы мәселелердің бар-жоғын тексеруі және некені бұзу туралы талаппен бірге қандай талаптардың қаралуы мүмкін екенін түсіндіруі тиіс.

Істі қарау мерзімдерін сақтау

Кодекстің 19-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес, некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу ерлі-зайыптылардың сотқа некені бұзу туралы өтініш берген күнінен бастап бір ай өткеннен кейін жүргізіледі.

Ерекше жағдайларда сот осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін некені бұзуға құқылы.

Жинақтау барысында кейбір судьялардың заң талаптарын бұзып, бір айлық мерзім өтпей тұрып некені бұзу туралы шешім шығарғаны анықталған.

Татуластыру рәсімдері

Кодекстің 20-бабына және Нормативтік қаулының 10-тармағына сәйкес, соттар ерлі-зайыптылардың бірінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған жағдайда ғана оларды татуластыру шараларын қолданады және ерлі-зайыптыларға алты айға дейінгі мерзімде татуласу мүмкіндігін бере отырып, істі қарауды кейінге қалдырады.

Жүргізілген қорытындылау нәтижесі көрсеткендей, некені бұзу туралы талаптардың басым бөлігі тараптардың татуласуына байланысты талапкердің өтініші бойынша Азаматтық процестік кодекстің 279-бабының 8) тармақшасы негізінде қараусыз қалдырылған. Сонымен қатар, тараптар татуласқан жағдайда соттар талаптан бас тартуды қабылдап, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатқан.

АПК-нің 174-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес, сот тараптарды татуластыру шараларын қабылдайды және процестің барлық сатыларында дауды реттеуге жәрдемдеседі. Тараптар өзара талаптарды толық көлемде немесе ішінара реттей отырып, бітімгершілік келісім, медиация тәртібімен дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім, партисипативтік рәсім тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасасу арқылы немесе АПК-де көзделген өзге де тәсілдерді пайдалану арқылы дауды шеше алады.

«Медиация туралы» Заңның 1-бабына сәйкес медиация рәсімі азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын дауларға, сондай-ақ еңбек және отбасылық құқықтық қатынастардан туындайтын дауларға қолданылуы мүмкін.

Істерді қарау тәжірибесі

Нормативтік қаулының 11-тармағына сәйкес, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы істерді соттар, әдетте, екі жұбайдың да қатысуымен қарауға тиіс. Тараптардың өзара қарым-қатынасын, некені бұзу туралы мәселенің қойылу себептерін, ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктің нақты себептерін жан-жақты анықтау қажет.

Алайда ортақ кәмелетке толмаған балалары бар ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісімі болған жағдайда, сондай-ақ олардың арасында мүліктік және өзге де талаптар болмаған кезде немесе жұбайлардың біреуі некені бұзу туралы өтініш бергенімен, екіншісі қарсылық білдірмей тұрып, өзінің әрекетімен не әрекетсіздігімен некені бұзудан жалтарған жағдайда, сот некені бұзудың себептерін анықтамай-ақ некені бұзады.

Көрсетілген жағдайларда неке АПК-нің 183-бабына сәйкес екі айға дейінгі мерзімде бұзылады.

Кодекстің 22-бабының 2-тармағына сәйкес, егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша ерлі-зайыптылар арасында келісім болмаса немесе мұндай келісім балалардың не жұбайлардың бірінің мүдделерін бұзатыны анықталса, сот:

  1. некені (ерлі-зайыптылықты) бұзғаннан кейін кәмелетке толмаған балалардың қай ата-анасымен бірге тұратынын анықтауға;
  2. балаларды асырауға алиментті қай ата-ананың және қандай мөлшерде төлейтінін анықтауға;
  3. ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша, кәмелетке толмаған балалардың және (немесе) жұбайлардың өздерінің мүдделерін ескере отырып, олардың ортақ бірлескен меншігіндегі мүлікті бөлуге;
  4. басқа жұбайынан асырау алуға құқығы бар жұбайдың талабы бойынша осы асыраудың мөлшерін анықтауға;
  5. ата-ананың баламен қарым-қатынас жасау тәртібін белгілеуге міндетті (5) тармақша 2023 жылғы 27 наурыздағы Заңмен толықтырылып, 2023 жылғы 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілген).

Нормативтік қаулының 13-тармағына сәйкес, егер жоғарыда аталған мәселелер бойынша ерлі-зайыптылар арасында келісім болмаса немесе сотқа ұсынылған келісім балалардың мүдделерін бұзса, сот кәмелетке толмаған балалардың қай ата-анасымен бірге тұратынын, балаларды асырауға алименттің қай ата-анадан және қандай мөлшерде өндірілетінін анықтауға міндетті.

Сот сондай-ақ балалардан бөлек тұратын ата-ананың балаларды тәрбиелеуге қатысуға міндетті екенін және олармен қарым-қатынас жасауға құқығы бар екенін, ал екінші ата-ананың бұған кедергі жасауға құқығы жоқ екенін түсіндіруге тиіс. Бұл туралы сот отырысының хаттамасына жазба енгізіледі.

Сот тәжірибесі көрсеткендей, шешім шығарумен аяқталған істердің басым көпшілігі бойынша некені бұзу туралы талаптар қанағаттандырылған.

Соттар Кодекстің 16-бабының 2-тармағына сәйкес, әйелдің жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бірінші жыл ішінде жұбайының келісімінсіз некені бұзу мүмкін еместігіне байланысты талаптарды қанағаттандырудан бас тартқан.

Нормативтік-құқықтық база

Некені бұзу туралы дауларды қарау кезінде қолданылуға жататын негізгі нормативтік құқықтық актілер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (АК);
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (АПК);
  4. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі;
  5. Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-VI ҚРЗ «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі (Салық кодексі);
  6. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345-II «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы;
  7. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы №401-IV «Медиация туралы» Заңы;
  8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі №5 «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы істерді қарау кезінде соттардың заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысы;
  9. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 қарашадағы №15 «Балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезінде соттардың заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысы;
  10. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 29 қарашадағы №6 «Алимент өндіруге байланысты істерді қарау кезінде соттардың заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысы;
  11. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі №5 «Азаматтық істер бойынша сот шешімі туралы» нормативтік қаулысы;
  12. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы №9 «Азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы соттардың қолдануы туралы» нормативтік қаулысы;
  13. Бала құқықтары туралы конвенция (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы қаулысымен ратификацияланған).

ТМД азаматтарының қатысуымен туындайтын құқықтық қатынастарға сондай-ақ 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенцияның (Минск конвенциясы) және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенцияның (Кишинев конвенциясы) ережелері қолданылады.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта заңда көзделген ережелерден өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Отбасылық даулар бойынша заңгер / алимент өндіріп алу | кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Адвокат

Отбасылық даулар бойынша заңгер / алимент өндіріп алу | кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Адвокат2019 жылғы 26 қыркүйекте Шымкент қаласы Абай аудандық сотының судьясы...

Толық оқу »

139-бап. Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

139-бап. Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодек...

Толық оқу »

Балларды күтіп-бағуға, соның ішінде әкені анықтай отырып алимент өндіріп алу

Балларды күтіп-бағуға, соның ішінде әкені анықтай отырып алимент өндіріп алуКөрсетілген санаттағы істер әкені анықтау және кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент өн...

Толық оқу »

99-бап. Борышкердің жалақысы болмаған жағдайда алимент өндiрiп алу тәртiбi Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

99-бап. Борышкердің жалақысы болмаған жағдайда алимент өндiрiп алу тәртiбiАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Алимент төлемдерін жал...

Толық оқу »

Ата-ана құқықтарынан айыруға байланысты даулар, егер ата-ана міндеттерін орындаудан жалтарса, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтарса, ата-ана құқықтарынан айырылады

Ата-ана құқықтарынан айыруға байланысты даулар, егер ата-ана міндеттерін орындаудан жалтарса, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтарса, ата-ана құқықтарынан айырыладыС....

Толық оқу »

143-бап. Еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың алимент алуға құқығы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

143-бап. Еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың алимент алуға құқығы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      1. Еңбекке жарамды...

Толық оқу »

Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияны және Алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияны және Алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқық...

Толық оқу »

Өткен кезең үшін кәмелетке толмаған баланы күтіп-ұстауға алиментті өндіріп алу туралы

Өткен кезең үшін кәмелетке толмаған баланы күтіп-ұстауға алиментті өндіріп алу туралыШығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық соты М.Е. К-ның С.С.К-қа қатысты өткен кезең үшін к...

Толық оқу »

101-бап. Алимент төлемдері бойынша берешектiөндiрiп алу тәртiбi Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

101-бап. Алимент төлемдері бойынша берешектiөндiрiп алу тәртiбiАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Барлық алимент төлемдері бойынша...

Толық оқу »

Алимент төлеуден босату

Алимент төлеуден босатуКодекстің 175-бабының 1-тармағына сәйкес, егер алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде алимент мөлшері сот тәртібімен белгіленгеннен кейін Тараптард...

Толық оқу »

Образец - Отзыва на Иск об взысканий с родителя дополнительных средств в виде алиментов для оплаты в системе высшего образования

Үлгі-ата-анадан жоғары білім беру жүйесінде төлеу үшін алимент түріндегі қосымша қаражатты өндіріп алу туралы талап-арызға кері қайтарып алуШымкент қаласы Әл-Фараби аудандық с...

Толық оқу »

Алимент өндіру бойынша мемлекеттік бажды төлеуді жауапкерден мемлекет кірісіне өндіріліп алынады

Алимент өндіру бойынша мемлекеттік бажды төлеуді жауапкерден мемлекет кірісіне өндіріліп алынадыАІЖК-нің 116-бабына сәйкес төлеуден талап қоюшы босатылған істі қарауға байланы...

Толық оқу »

160-бап. Алимент алушының мүддесін бұзатын алимент төлеу туралы келісімді жарамсыз деп тану Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

160-бап. Алимент алушының мүддесін бұзатын алимент төлеу туралы келісімді жарамсыз деп тану Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      Ег...

Толық оқу »

Әке болуды белгілеу және алимент өндіріп алу туралы істер (әке болуды белгілеу)

Әке болуды белгілеу және алимент өндіріп алу туралы істер (әке болуды белгілеу)Кодекстің 48-бабына сәйкес бала бір-бірімен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты болмайтын) ата-аналар...

Толық оқу »

175-бап. Сот бұрын белгілеген алимент мөлшерін өзгерту және алимент төлеуден босату Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

175-бап. Сот бұрын белгілеген алимент мөлшерін өзгерту және алимент төлеуден босату Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      1. Егер ал...

Толық оқу »

Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алименттердің алынбаған сомасын өндіріп алу туралы сот шешіміне апелляциялық шағым

Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алименттердің алынбаған сомасын өндіріп алу туралы сот шешіміне апелляциялық шағымАзаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасын...

Толық оқу »

174-бап. Алимент төлеуге міндетті адам Қазақстаннан тыс жерлерге уақытша кеткен немесе тұрақты тұруға кеткен жағдайда алимент төлеу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

174-бап. Алимент төлеуге міндетті адам Қазақстаннан тыс жерлерге уақытша кеткен немесе тұрақты тұруға кеткен жағдайда алимент төлеу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қ...

Толық оқу »

141-бап. Тұрақты ақша сомасында балаларға алимент өндіріп алу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

141-бап. Тұрақты ақша сомасында балаларға алимент өндіріп алу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      1. Ата-аналардың кәмелетке толма...

Толық оқу »

140-бап. Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кірістің түрлері Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

140-бап. Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кірістің түрлері Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының ко...

Толық оқу »

Әке болуды анықтау туралы талаптармен бір мезгілде талапкерлер балаларды асырауға алимент өндіріп алу туралы талаптарды мәлімдейді.

Әке болуды анықтау туралы талаптармен бір мезгілде талапкерлер балаларды асырауға алимент өндіріп алу туралы талаптарды мәлімдейді.АІЖК-нің 243-бабына сәйкес алимент өндіріп а...

Толық оқу »

Соттардың алименттерді өндіріп алу жөніндегі істерді қараған кезде заңнаманы қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 6 Нормативтік қаулысы.

Соттардың алименттерді өндіріп алу жөніндегі істерді қараған кезде заңнаманы қолдануы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 6 Нормативтік қау...

Толық оқу »

Өндіріп алынатын алименттің мөлшерін азайту (көбейту), оның ішінде алимент өндіруді тоқтату туралы

Өндіріп алынатын алименттің мөлшерін азайту (көбейту), оның ішінде алимент өндіруді тоқтату туралыДаулы қатынастар НОтК-нің 175-бабының 1-тармағындағы ережелермен реттелген, с...

Толық оқу »

Әке болуды анықтау және алимент өндіріп алу, әке болуды тану фактісін және әке болу фактісін анықтау

Әке болуды анықтау және алимент өндіріп алу, әке болуды тану фактісін және әке болу фактісін анықтауСот практикасын жалпылау, жалпы алғанда, соттар әке болуды анықтауға және а...

Толық оқу »

Алимент өндіріп алу туралы талап-арыздар бойынша сот шығыстарын бөлу

Алимент өндіріп алу туралы талап-арыздар бойынша сот шығыстарын бөлуАлимент өндіріп алу туралы талап-арыздар бойынша талапкерлер соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылады....

Толық оқу »

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа алиментті ақшалай сомада өндіріп алу туралы талап қою

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа алиментті ақшалай сомада өндіріп алу туралы талап қоюІстер бойынша Мамандандырылған ауданаралық со...

Толық оқу »

142-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға алимент өндіріп алу және оны пайдалану Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

142-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға алимент өндіріп алу және оны пайдалану Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі     ...

Толық оқу »

164-бап. Алимент алу үшін өтініш беру мерзімдері Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

164-бап. Алимент алу үшін өтініш беру мерзімдері Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      1. Алимент алуға құқығы бар адам, егер бұрын...

Толық оқу »

Жоғары білім беру жүйесінде төлем жасау үшін алимент өндіріп алу туралы талап

Жоғары білім беру жүйесінде төлем жасау үшін алимент өндіріп алу туралы талапАлматы қаласының кәмелетке толмағандарСуд жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыАлматы қаласы...

Толық оқу »

Алматыда кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент өндіріп алу бойынша адвокат Адвокат

Алматыда кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент өндіріп алу бойынша адвокат АдвокатСот актісі, шағымның, наразылықтың дәлелдеріне қарамастан, егер оған дұрыс емес судья...

Толық оқу »

117-1-бап. Алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдану шеңберінде жүзеге асырылатын жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

117-1-бап. Алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдану шеңберінде жүзеге асырылатын жеке сот орындаушысының қызметін...

Толық оқу »

Балалы отбасыларға әлеуметтiк жәрдемақы, өтемақы төлемдерi мен алимент төлеу саласындағы азаматтар құқығының кепiлдiгi туралы келiсiмдi бекiту туралы

Балалы отбасыларға әлеуметтiк жәрдемақы, өтемақы төлемдерi мен алимент төлеу саласындағы азаматтар құқығының кепiлдiгi туралы келiсiмдi бекiту туралыҚазақстан Республикасы Пре...

Толық оқу »

173-бап. Алиментті индекстеу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

173-бап. Алиментті индекстеу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      Сот шешімі бойынша тұрақты ақша сомасында өндіріп алынатын алимен...

Толық оқу »

Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алименттердің алынбаған сомасын өндіріп алу туралы талап қою

Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алименттердің алынбаған сомасын өндіріп алу туралы талап қоюАлматы қаласы Алмалы ауданының № 2 ауд...

Толық оқу »

Еңбек даулары бойынша

Еңбек даулары бойынша Талап қоюшы М. «Қызылорда облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Департамент) әрекетін заңсыз деп тану, «Қ» аш...

Толық оқу »

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Азаматтық талап арыз кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына тұрақты ақшалай соммада алимент өндіру туралыШымкент қаласының кәмелетке тол...

Толық оқу »

Жұбайын күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы талап арызға кері қайтарып алу бланкісі

Жұбайын күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы талап арызға кері қайтарып алу бланкісіАлматы қаласының № 2 Әуезов аудандық сотыСудьяға ................Қазақстан Республикасы,...

Толық оқу »

Алимент төлеу туралы келісім

Алимент төлеу туралы келісімКодекстің 157 және 158-баптарына сәйкес алимент төлеу туралы келісім деп алимент төлеуге міндетті адам мен олардың алушысы арасындағы, ал алимент т...

Толық оқу »

Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығының күшін жою туралы сотқа арыз

Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығының күшін жою туралы сотқа арызАлматы облысы Қарасай аудандық сотына судья Д. К. СембаевқаАлма...

Толық оқу »

158-бап. Алимент төлеу туралы келісімнің нысаны Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

158-бап. Алимент төлеу туралы келісімнің нысаны Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      Соттан тыс тәртіппен жасалған алимент төлеу ту...

Толық оқу »

161-бап. Алимент төлеу туралы келісім бойынша төленетін алименттің мөлшері Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

161-бап. Алимент төлеу туралы келісім бойынша төленетін алименттің мөлшері Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      1. Алимент төлеу ту...

Толық оқу »

159-бап. Алимент төлеу туралы келісімді жасау, орындау, өзгерту, бұзу және жарамсыз деп тану тәртібі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

159-бап. Алимент төлеу туралы келісімді жасау, орындау, өзгерту, бұзу және жарамсыз деп тану тәртібі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодекс...

Толық оқу »

149-бап. Ерлі-зайыптылардан және бұрынғы ерлі-зайыптылардан сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

149-бап. Ерлі-зайыптылардан және бұрынғы ерлі-зайыптылардан сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа алиментті нақты ақшалай сомада өндіріп алу туралы талап

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа алиментті нақты ақшалай сомада өндіріп алу туралы талапІстер бойынша Мамандандырылған ауданаралық сотқаАлматы облысының кәмелет...

Толық оқу »

Алимент өндіру туралы сот бұйрығы сот шешімінен қандай айырмашылығы бар.

Алимент өндіру туралы сот бұйрығы сот шешімінен қандай айырмашылығы бар.Сот бұйрығы орындау қағазына ұқсас- және сот қаулыларын орындау негізінде орындалуға жатады. Сот бұйрығ...

Толық оқу »

Аудандық сотқа өндіріп алу туралы сот актісінің күшін жою туралы өтініш

Аудандық сотқа өндіріп алу туралы сот актісінің күшін жою туралы өтінішНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және ә...

Толық оқу »

171-бап. Алиментті уақтылы төлемеу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

171-бап. Алиментті уақтылы төлемеу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      1. Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеуге мін...

Толық оқу »

148-бап. Бұрынғы жұбайдың неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін алимент алуға құқығы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

148-бап. Бұрынғы жұбайдың неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін алимент алуға құқығы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      1. Али...

Толық оқу »

Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға әке болуды (ана болуды) белгілеу және алимент өндіріп алу туралы

Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға әке болуды (ана болуды) белгілеу және алимент өндіріп алу туралы Соттылық. АІЖК-нің 27-бабының үшінші бөлігіне сәйкес кәмелетке т...

Толық оқу »

165-бап. Ұйымның лауазымды адамының алиментті ұстап қалу міндеті Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

165-бап. Ұйымның лауазымды адамының алиментті ұстап қалу міндеті Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      Алимент төлеуге міндетті адам...

Толық оқу »

103-бап. Борышкер шетелге тұрғылықты тұруға немесе жұмысқа және әскери қызметтi өткеруге кеткен жағдайда алиментті өндіріп алу Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

103-бап. Борышкер шетелге тұрғылықты тұруға немесе жұмысқа және әскери қызметтi өткеруге кеткен жағдайда алиментті өндіріп алуАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының...

Толық оқу »