148-бап. Бұрынғы жұбайдың неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін алимент алуға құқығы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі
1. Алимент төлеуге қажетті қаражаты бар бұрынғы жұбайынан алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге:
1) жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы үш жасқа толғанға дейін бұрынғы зайыбының;
2) мүгедектігі бар ортақ баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң мүгедектігі бар ортақ балаға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының;
3) неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз бұрынғы жұбайының құқығы бар.
2. Алименттің мөлшері және оны неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін бұрынғы жұбайына беру тәртібі бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасындағы келісіммен айқындалуы не сот айқындауы мүмкін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы