Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Лауазымды адам бола пара алғаны үшін кінәлі деп танылған

Лауазымды адам бола пара алғаны үшін кінәлі деп танылған

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Лауазымды адам бола пара алғаны үшін кінәлі деп танылған

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық сотының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі үкімімен: С. бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 366-бабының екінші бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ҚК-нің 50-бабының екінші бөлігіндегі тізімде көрсетілген лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, осы Кодекстің 55-бабының үшінші және алтыншы бөліктерінің негізінде 21 000 000 теңге айыппұл салынған. С.-дан мемлекет пайдасына 57 472 теңге процестік шығындар, жәбірленушілерге өтемақы қорына жиырма айлық есептік көрсеткіш - 48100 теңге мөлшерінде өтемақы өндірілген. Іс бойынша заттай дәлелдемелердің мәселесі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 118-бабында бекітілген тәртіп бойынша шешілген. Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2018 жылғы 13 қарашадағы қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылған. Сот үкімімен С. лауазымды адам бола тұра, айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылған. Сотталған С. өтінішхатында ауыл маңынан кәсіпкерлік мақсатқа жер телімін беру үшін У.-дан 700 000 теңге алғанын жоққа шығармай, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер телімін беру ауылдық округі әкімінің құзырына жатпайтынын, бұл мәселені шешу конкурс негізінде жүзеге асырылатынын, конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы қалыптастырып, қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіп кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жергілікті өзін-өзі басқару органымен келісілетінін, бұған өзінің ықпал ете алмайтынын, У.-дың сұраған жер учаскесін беру құзыретіне кірмейтінін, аукцион арқылы сатылатын жер екендігін, оған ықпал ете алмайтынын көрсетіп, сот актілерін қайта қарап, өзінің әрекетін ҚК-нің 190-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағына қайта саралап, осы бап бойынша жаза тағайындауды сұраған.

Лауазымды адам бола пара алғаны үшін кінәлі деп танылған

Сотталған С.-ның үкімнің сипаттау-уәждеу бөлігінде көрсетілген жағдайда қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсінің дәлелденгендігі туралы сот тұжырымдары сот отырысында объективті түрде зерттеліп, тиісті баға берілген дәлелдемелерге негізделген және істің нақты мән-жайларына сәйкес келеді. Сотта оның қылмыстық әрекеттері өзінің кінәсін жартылай мойындап берген жауабымен, сондай-ақ, куәлар У.-дың, Ж.-ның, Т.-ның, С.-ның, Д.-ның, Ш.-ның, Е.-нің берген айғақтарымен, тергеу амалдарының хаттамаларымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденген. Сотталған С. өзінің өтінішхатында жасаған қылмыстық әрекеттерінің дәлелденуіне дау келтірмейтінін, тек қылмыстық әрекетінің саралануы бөлігімен келіспейтінін, себебі өзінің қызметтік міндетіне кәсіпкерлік мақсат үшін жер телімін беруге ешқандай құзыреті жоқ екенін айта келе, өзінің әрекетінде алаяқтық белгілері жоқ екенін атап көрсеткен. Алайда сот С.-ның бұл атап көрсеткен уәждерін негізсіз деп санайды. Қазақстан Республикасы Жер кодекісінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 19-бабының бірінші бөлігінде аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл, ауылдық округтер әкiмдерiнiң қаланың, кенттiң, ауылдық елдi мекеннiң шекарасы (шегi) шебiнде жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне Жер кодексінің 13 және 16-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беретіні көрсетілген. Осы Кодекстің 43-бабының екінші бөлігіне сәйкес жер учаскелерiн меншiкке немесе жер пайдалануға берудi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi осы Кодексте белгiленген өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 35-бабының бірінші бөлігінің 6) тармақшасында қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреті өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыратындығы анықталған. С. Қазалы ауданы әкімінің өкімімен Қазалы ауданы, Басықара ауылдық округінің әкімі қызметіне тағайындалып, оның қызметтік міндетіне сәйкес Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың және облыс, аудан әкімдіктері мен әкімдерінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын, жер, су қатынастары, қоршаған ортаны қорғау, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтары, мал шаруашылығын, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және жақсарту және тағы басқа жұмыстарды жүргізу міндеттелген. Іс материалдарынан анықталғандай, 2018 жылғы 26 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Батыс аймағы бойынша ауданаралық басқармасына «А» жеке кәсіпкерлігінің басшысы У. Басықара ауылдық округінің әкімі С.-ның ауыл маңынан кәсіпкерлік мақсатқа жер телімін беру үшін өзінен 700 000 теңге пара талап еткендігі жөнінде арызданған. Осыған байланысты 2018 жылғы 27 шілдедегі Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің ақша қаражаттарын қарап-тексеру, көшірмелерін түсіру және табыс ету туралы хаттамасына сәйкес У.-ға 700 000 теңге ақша қаражаты және арнайы техникалық жазба құралдары табысталған.

Сонымен қатар жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері бейнежазбаға жазылып, онда сотталған С. 2018 жылғы 28 шілдеде сағат 18:07 шамасында Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Пірімов көшесінің бойында орналасқан «Т» кафесінің ішінде У.-мен кездесіп, өзінің пара ретінде сұраған 700 000 теңгені алғаны, осы уақытта Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлерімен С. ұсталып, оқиға орнына жүргізілген қарап-тексерудің нәтижесінде оның отырған көрпесінің астынан 700 000 теңге ақша заттай дәлелдеме ретінде алынған. Басты сот талқылауында куә У.-дың берген жауабында, яғни 2018 жылғы 3 шілдеде Қазалы ауданына мал шаруашылығымен айналысу үшін барғанын, сол жақта Басықара ауылының мал шаруашылығымен айналысуға жерінің қолайлы екенін естіп, Басықара ауылның әкімдігіне барып, әкім С.-мен жер алу жайлы сөйлескенін, әкім қарамағындағы Г. деген кісіні шақырып алып, оған жер алу жөніндегі өтініш бергенін, одан соң С.-мен кездесіп, өзін ауылшарушылығы бөлімінің басшысына, аудан әкімінің орынбасарына апарып таныстырғанын, оған алатын жерді сырттай көрсеткенін, жердің аукцион арқылы алынатынын білмейтінін, С.-мен жер жайлы сөйлескен уақытта жер бөлімінің бастығы Ж.-ға және басқа да қызметкерлерге 700 000 теңге ақша беру қажеттігін, ол қаражатсыз істің бітпейтінін және алатын жерге талас болып жатқанын, егер ол аталған соманы берсе жер бөлімінің бастығы Ж. жұмысты ойдағыдай бітіріп, жер теліміне шешім шығарып беретінін айтып көрсеткен.

Лауазымды адам бола пара алғаны үшін кінәлі деп танылған

Сондай-ақ С. өзін бірнеше рет шақырғанын, оқиға болатын күні С. оған телефон шалып, Әйтеке би кентіндегі «Т» кафесіне шақырғанын, сол кезде өзінің 20 000 теңгеден 35 дана, барлығы 700 000 теңгені стол үстіне «сұраған ақшаңыз» деп бергенін, ақшаны С. алып, отырған көрпешесінің астына салғанын, содан соң өзінің далаға шығып кеткенін, пара ретінде берілген ақша қаражаты өзінің жеке ақшасы екенін көрсеткен. Демек сотта зерттелген дәлелдемелерге сәйкес С. тікелей қызметтік өкілеттігіне кіретін және лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге ықпал ете алатын әрекеті үшін пара алған. «Кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қарау практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 8 нормативтік қаулысының он алтыншы бөлігіне сәйкес адамның орындалуы үшін пара берілген әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасаған-жасамағанына қарамастан және қылмыстық қудалау органдарына дайындалып жатқан қылмыс туралы белгілі болғанына қарамастан, параны алу пара нысанасы қабылданған сәттен бастап аяқталды деп есептеледі. Сотталған С. өзі пара ретінде сұраған 700 000 теңге ақшаны алып, оны Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері ұстағандықтан, оның іс-әрекеті аяқталған қылмыс болып саналады. Жоғарыда анықталған жағдайларда сот сотталған С.-ның лауазымды адам бола тұра, ауыл маңынан кәсіпкерлік мақсатқа жер телімін беру үшін, яғни қызметтік өкілеттігіне кіретін және лауазымдық жағдайына байланысты осындай әркеттерге ықпал ете алатын әрекеті үшін У.-дан 700 000 теңге - айтарлықтай мөлшерде пара алған деген тұжырымға дұрыс келген және оның әрекеттерін ҚК-нің 366-бабының екінші бөлігімен дұрыс саралаған. Осыған орай С.-ның әрекеттерін ҚК-нің 190-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағына қайта саралауға негіздер жоқ. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған С.-ға қатысты жергілікті соттардың сот актілерін өзгеріссіз қалдырды. Сотталған С.-ның өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылды.  

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу

Пара түрінде адамға берілген ақша жалған немесе ішінара имитацияланған ақша белгілері болған кезде, пара алушының әрекеті параның шартты сомасын алуға әрекет ретінде анықталуы керек

Пара түрінде адамға берілген ақша жалған немесе ішінара имитацияланған ақша белгілері болған кезде, пара алушының әрекеті параның шартты сомасын алуға әрекет ретінде анықталуы...

Толық оқу »

417-бап. Заңсыз сыйақы, пара алуға не коммерциялық сатып алуға арандату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

417-бап. Заңсыз сыйақы, пара алуға не коммерциялық сатып алуға арандату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Заңсыз сыйақы алуға арандату, яғни мемлекеттік ор...

Толық оқу »

367-бап. Параны ұсыну, уәде ету немесе беру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

367-бап. Параны ұсыну, уәде ету немесе беру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңесті...

Толық оқу »

Өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп, яғни жымқырып, мемлекетке зиян келтіргені, уәкілеттік берілген адамға пара бергені үшін кінәлі деп танылған

Өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп, яғни жымқырып, мемлекетке зиян келтіргені, уәкілеттік...

Толық оқу »

366-бап. Параны талап ету немесе алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

366-бап. Параны талап ету немесе алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген...

Толық оқу »

Лауазымды адамға жеке өзіне немесе делдал арқылы айтарлықтай мөлшерде пара беруге басқа адамды азғыру

Лауазымды адамға жеке өзіне немесе делдал арқылы айтарлықтай мөлшерде пара беруге басқа адамды азғыруШығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2...

Толық оқу »

Қызметтік өкілеттіктерін қызмет мүддесіне қайшы пайдаланып, пара берушінің пайдасына жасаған әрекеттері

Қызметтік өкілеттіктерін қызмет мүддесіне қайшы пайдаланып, пара берушінің пайдасына жасаған әрекеттеріОңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған...

Толық оқу »

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға ретінде елеулі мөлшерде пара алу

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға ретінде елеулі мөлшерде пара алуҚК 55-бабының 2 және 3-бөліктерінде белгілі бір жағдайларда жаза мөлшерін айқындау тәртібін...

Толық оқу »

Параны бопсалау дегеніміз-адамның пара берушінің заңды мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерді жасау қаупі бар пара талап етуі немесе оның құқық қорғау мүдделері үшін зиянды салдардың алдын алу мақсатында пара беруге мәжбүр болатын жағдайларды қасақана жасауы.

Параны бопсалау дегеніміз-адамның пара берушінің заңды мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерді жасау қаупі бар пара талап етуі немесе оның құқық қорғау мүдделері үшін з...

Толық оқу »

Қолдау көрсеткені үшін пара алу

Қолдау көрсеткені үшін пара алуАқмола гарнизоны әскери сотының 2018 жылғы 15 қазандағы үкімімен: бұрын сотталмаған д., Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-б...