Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Қызметтік өкілеттіктерін қызмет мүддесіне қайшы пайдаланып, пара берушінің пайдасына жасаған әрекеттері

Қызметтік өкілеттіктерін қызмет мүддесіне қайшы пайдаланып, пара берушінің пайдасына жасаған әрекеттері

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қызметтік өкілеттіктерін қызмет мүддесіне қайшы пайдаланып, пара берушінің пайдасына жасаған әрекеттері

Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2018 жылғы 20 маусымдағы үкімімен: З. бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 366-бабының төртінші бөлігімен құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге сотталған. ҚК-нің 49-бабына сәйкес «әділет кеңесшісі» арнайы шенінен айырылған. З.-дан 160 750 теңге процестік шығындар өндірілген. Сот үкімімен З. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының прокуроры қызметін атқара жүріп, лауазымды адам бола тұра, өзінің қызметтік өкілеттіктерін қызмет мүддесіне қайшы пайдаланып, пара берушінің пайдасына жасаған әрекеттері мен жалпы қамқорлығы үшін қорқытып алу жолымен бірнеше рет делдал арқылы К.-нің 100 000 АҚШ долларын, яғни валюта бағамының ресми курсы бойынша 34 878 000 теңге көлеміндегі аса ірі мөлшердегі ақшасын және мүлікке құқық сипатындағы құны 8 650 000 теңгені құрайтын жалпы көлемі 0,1819 га. болатын 5 жер телімін пара ретінде алғаны үшін кінәлі деп танылған. Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылған. Адвокат К. өзінің өтінішхатында сотталған З.-ға қатысты сот шешімдерімен келіспей, оны айыптаудың негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) талаптары өрескел бұзылып, біржақты бұрмаланып, әдейі жала жабу, арандату арқылы ұйымдастырылып, заңсыз жинақталған дәлелдемелер алынып, тараптардың жауаптарындағы елеулі қарама-қайшылықтар жойылмай, күмәнді дәлелдерге негізделген, дәлелдемелердің жиынтығына дұрыс баға берілмей, үкім шығарылғандықтан, сот актілерінің күшін жойып, ақтау үкімін шығаруды сұраған. Сотталған З.-ға айып тағылған қылмысты үкімдегі соттың баяндалған мән-жағдайда жасаған деген тұжырымы сот отырысында егжей-тегжейлі, мұқият тексеріліп, тиісті бағасын алған дәлелдемелерге негізделген. Сотталған З.-ның кінәсі басты сот талқылауында, өз кінәсін мойындамағанына қарамастан, үкімде көрсетілген куәлардың жауаптарымен және іс бойынша жинақталған басқа да жазбаша дәлелдемелердің жиынтығымен толық бекіген. Басты сот талқылауында куә К. сол кезде прокурор қызметін атқарған З. қала әкімшілігінен келіп түскен хат бойынша оған қатысты тексеруді өзінің орынбасары Ж.-ға тапсырғанын, заң бұзушылықтарды анықтаған соң Ж. арқылы өзінің кабинетіне шақыртқанын, қылмыстық жауапкершілкке тартатынын айтып қорқытқанын, егер 100 000 АҚШ долларын берсе, қылмыстық іс қозғамай, сотқа талап арыз беру арқылы орын алған заң бұзушылықтарды қалпына келтіретінін айтып, А. арқылы 100 000 АҚШ долларын, кейіннен тағы да 5 жер телімін пара ретінде алғанын, З.-ның өзінен «А.-ға қанша бердің» деген сұрағына «100 000 АҚШ долларын бердім» деген кезде, ол оған «дұрыс» деп айтқанын, пара беруді талап еткенде З. оның мөлшерін қағазға жазғанын көрсеткен.

Қызметтік өкілеттіктерін қызмет мүддесіне қайшы пайдаланып, пара берушінің пайдасына жасаған әрекеттері

Сотта жауап берген А. К.-ға қатысты қылмыстық іс қозғамай, оған қатысты мәселені оң шешу үшін К.-ға берген 100 000 АҚШ долларын З.-ға өзінің екі бөліп апарып бергенін, бірақ К.-ға байланысты мәселені мүлдем шешпегенін, ал К. берген ақшасын қайтаруды өзінен талап еткенін, оның 20 000 АҚШ долларын алу үшін К.-мен бір үйде кездесіп, М., Б. және Ш.-лардың көзінше қайтарып бергенін, доллардан басқа З.-ның К.-дан 5 жер телімін алғанын да білетінін көрсеткен. Куә М. А.-мен «Саржан» деген кісінің үйінде жолыққанын, сол жерде А. К.-ға 20 000 АҚШ долларын қайтарып бергенін, ал 80 000 АҚШ доллары қайтарылмай қалғанын, екінші кездесуге З.-ның да келгенін, сол кезде оның К.-ға қалған долларды қайтарып беремін деп уәде бергенін көрсеткен. Сот талқылауында жауап берген Ж. 2016 жылғы ақпан айында Түркістан қалалық әкімдігінен қалалық прокуратураға жер телімдерінің заңсыз берілгені жөнінде хат келіп түскенін, оны тексеруді сол кездегі прокурор З. өзіне тапсырғанын және К.-ні кабинетіне шақыртқанын, соңғы келген кезде оны З.-ға кіргізгенін, олардың өзара не туралы сөйлескендерін білмейтінін, кейіннен З. өзін шақырып алып, өз атына жер телімін ресімдеуге болмайтынын айтып, мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін, атына жер телімін ресімдеуге мүмкіндігі бар адам тауып беруін өтінгенін, оған ол өзінің сыныптасы С.-ны ұсынғанын көрсеткен. Куә С. Ж.-ның сыныптасы әрі досы екенін, 2016 жылғы сәуір айында Ж. одан өз атына жер телімін ресімдеуді сұрағанын, жердің заңды әрі прокурорға беріліп жатқан жер екенін айтқанын, арада біраз күн өткен соң «прокуратураданмын, нотариусқа кел» деп біреудің телефон соққанын, нотариусқа барғанда оны К. күтіп алғанын және сол жерде бір жер телімінің өзінің атына ресімделгенін көрсеткен. Куә С. З.-ның жездесі болып келетінін, 2016 жылы жер-кадастр бөлімінің бастығы К.-дан өзінің 4 жер телімін сатып алғанын көрсеткен. Куә Е. Түркістан қаласының аумағында әпкесі Е. екеуінің 4 жер телімі болғанын, 2016 жылдың сәуір айында әпкесі Е. келіп К.-нің оған «прокурордан қысымшылық көріп жатырмын, өздеріңе тиесілі жер телімдерін прокурордың адамдарына ресімдеп беру қажет» деп айтқанын, олар оған келісіп, жер телімдерін бейтаныс адамдарға нотариус арқылы ресімдегендерін көрсеткен. Сотталған З.-ның кінәсі куәлар Б., Қ., Е. және Н.-лардың жауаптарымен де бекиді. Істің мұндай тұрғысында, сот алқасы сотталған З.-ның іс-әрекеті ҚК-нің 366-бабының төртінші бөлігі бойынша дұрыс сараланған деп есептейді. Өйткені сотталғанның аталған қылмысты жасағанын дәлелдейтін материалдар іс бойынша жинақталып, зерттелген дәлелдемелердің жиынтығымен толық бекіген. Сот ҚК-нің 52-бабының талаптарын сақтай отырып, сотталған З.-ға әділ жаза тағайындаған.

Сот алқасы адвокат К.-нің өтінішхатында сотталғанды айыптаудың негізінде ҚПК-нің талаптары өрескел бұзылып, заңсыз жинақталған күмәнді айғақтар алынғанын, дәлелдемелердің жиынтығына дұрыс баға берілмегенін көрсетіп, оған қатысты сот актілерінің күшін жойып, ақталуға жатады деген уәжін негізсіз деп санайды. Үкімнен анықталғандай, сот сотталған З.-ны айыптау үшін оған қатысты істі соттың соттылығы бойынша жіберу үшін прокурорға қайтарғаннан кейін, жинақталған дәлелдемелерді емес, іс бойынша бастапқы сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жинақталған дәлелдемелер мен басты сот талқылауында зерттелген жауаптарды ғана негізге алған және ол дәлелдемелер сотталғанның кінәсін толық бекітеді. Сонымен қатар осы іс бойынша А.-ның ҚК-нің 368-бабының бірінші бөлігімен жауапқа тартылып, Рақымшылық заңына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуы және іс бойынша куә ретінде өткен К.-нің сотталған З.-ға қылмыстық жауаптылықтан құтылу үшін пара беруге себеп болған жер телімдеріне байланысты 2019 жылғы 25 сәуірдегі сот үкімімен сотталуы – сотталған З.-ның кінәсінің тағы бір дәлелі болып табылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған З.-ға қатысты жергілікті соттардың сот актілерін өзгеріссіз қалдырды. Адвокат К.-нің өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылды.  

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Пара түрінде адамға берілген ақша жалған немесе ішінара имитацияланған ақша белгілері болған кезде, пара алушының әрекеті параның шартты сомасын алуға әрекет ретінде анықталуы керек

Пара түрінде адамға берілген ақша жалған немесе ішінара имитацияланған ақша белгілері болған кезде, пара алушының әрекеті параның шартты сомасын алуға әрекет ретінде анықталуы...

Толық оқу »

417-бап. Заңсыз сыйақы, пара алуға не коммерциялық сатып алуға арандату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

417-бап. Заңсыз сыйақы, пара алуға не коммерциялық сатып алуға арандату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Заңсыз сыйақы алуға арандату, яғни мемлекеттік ор...

Толық оқу »

367-бап. Параны ұсыну, уәде ету немесе беру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

367-бап. Параны ұсыну, уәде ету немесе беру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңесті...

Толық оқу »

Өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп, яғни жымқырып, мемлекетке зиян келтіргені, уәкілеттік берілген адамға пара бергені үшін кінәлі деп танылған

Өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп, яғни жымқырып, мемлекетке зиян келтіргені, уәкілеттік...

Толық оқу »

366-бап. Параны талап ету немесе алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

366-бап. Параны талап ету немесе алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген...

Толық оқу »

Лауазымды адамға жеке өзіне немесе делдал арқылы айтарлықтай мөлшерде пара беруге басқа адамды азғыру

Лауазымды адамға жеке өзіне немесе делдал арқылы айтарлықтай мөлшерде пара беруге басқа адамды азғыруШығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2...

Толық оқу »

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға ретінде елеулі мөлшерде пара алу

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға ретінде елеулі мөлшерде пара алуҚК 55-бабының 2 және 3-бөліктерінде белгілі бір жағдайларда жаза мөлшерін айқындау тәртібін...

Толық оқу »

Параны бопсалау дегеніміз-адамның пара берушінің заңды мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерді жасау қаупі бар пара талап етуі немесе оның құқық қорғау мүдделері үшін зиянды салдардың алдын алу мақсатында пара беруге мәжбүр болатын жағдайларды қасақана жасауы.

Параны бопсалау дегеніміз-адамның пара берушінің заңды мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерді жасау қаупі бар пара талап етуі немесе оның құқық қорғау мүдделері үшін з...

Толық оқу »

Қолдау көрсеткені үшін пара алу

Қолдау көрсеткені үшін пара алуАқмола гарнизоны әскери сотының 2018 жылғы 15 қазандағы үкімімен: бұрын сотталмаған д., Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-б...