Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 366-бап. Параны талап ету немесе алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

366-бап. Параны талап ету немесе алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

366-бап. Параны талап ету немесе алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

      1. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның не шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшін өзіне немесе басқа адамдарға мүлiк, мүлiктік сипаттағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы параны талап етуі немесе алуы –

      мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенгеннен елу еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      1-1. Құқық қорғау органының қызметкері немесе құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам немесе судья жасаған дәл сол іс-әрекет –

      мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның отыз еселенгеннен елу еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2 Осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде көзделген, айтарлықтай мөлшерде жасалған іс-әрекеттер, сол сияқты заңсыз әрекеттер (әрекетсіздік) –

      мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенгеннен алпыс еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3 Осы баптың бірінші, 1-1 немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:

      1) қорқытып алу жолымен;

      2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

      3) iрi мөлшерде;

      4) бірнеше рет жасалса, –

      мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның алпыс еселенгеннен жетпіс еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4 Осы баптың бірінші, 1-1, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса, сол сияқты аса ірі мөлшерде жасалса, –

      мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жетпіс еселенгеннен сексен еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертпелер.

      1. Егер сыйлық құны немесе сыйақы сомасы екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамның бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алдын ала уағдаластық болмаған кезде мүлікті, мүліктік сипаттағы пайданы сыйлық немесе сыйақы ретінде алғаш рет алуы маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қылмыс болып саналмайды және әкімшілік тәртіппен қудаланады.

      2. Егер сыйлық құны немесе сыйақы сомасы екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамның бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алдын ала уағдаластық болмаған кезде мүлікті, мүліктік сипаттағы пайданы сыйлық немесе сыйақы ретінде алғаш рет талап етуі маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қылмыс болып саналмайды және тәртiптiк ретпен қудаланады.

      3. Егер параны талап еткен адам параны талап еткені туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға өз еркімен хабарласа, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

 

Сот үкімі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысы.

Сот үкімі туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысы. РҚАО-ның ескертпесі! Осы Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 56-тарм...

Толық оқу »

Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің түрлерiн тағайындау жөнiндегi сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы N 7 Нормативтік қаулысы.

Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің түрлерiн тағайындау жөнiндегi сот практикасы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2...

Толық оқу »

Кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қарау практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 8 нормативтік қаулысы.

Кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қарау практикасы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 8 нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »