Өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп, яғни жымқырып, мемлекетке зиян келтіргені, уәкілеттік берілген адамға пара бергені үшін кінәлі деп танылған
Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 2019 жылғы 14 қарашадағы үкімімен: C. бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 189-бабы үшінші бөлігінің 1), 2) тармақтарымен мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекет үлесі елу пайыздан асатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы өздеріне тиесілі олардың еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы аталған еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 30 000 000 миллион теңге айыппұл салуға, ҚК-нің 367-бабы үшінші бөлігінің 1) тармағымен құқық қорғау органдарында, мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде, оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекет үлесі елу пайыздан асатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы өздеріне тиесілі олардың еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы аталған еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. ҚК-нің 58-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы түпкілікті құқық қорғау органдарында, мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде, оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекет үлесі елу пайыздан асатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы өздеріне тиесілі олардың еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы аталған еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыруға сотталып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтеу белгіленген.
Өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп, яғни жымқырып, мемлекетке зиян келтіргені, уәкілеттік берілген адамға пара бергені үшін кінәлі деп танылған
С. мен Д.-дан ортақ түрде мемлекет пайдасына 2 265 078 теңге, С.-дан жеке 291 583 теңге өндірілген. Осы үкіммен Т., К. және Д.-да сотталған, оларға қатысты сот актілері дауланбаған. Сот үкімімен С. материалды жауапты және мемлекеттік функцияларды орындауға теңестірілген адам бола тұра, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп, яғни жымқырып, мемлекетке 2 265 078 теңгеге және өзі 291 583 теңгеге зиян келтіргені, сондай-ақ адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға пара бергені үшін кінәлі деп танылған. Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 26 наурыздағы қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған. Сот сотталған С.-ның айыбына тағылған қылмыстарды үкімде баяндалған мән-жағдайда жасаған деген тұжырымы сот отырысында егжей-тегжейлі, мұқият тексеріліп, тиісті бағасын алған дәлелдемелерге негізделген, ол наразылықта да дауланбайды. Сотталған С.-ның кінәсі оның басты сот талқылауында кінәсін мойындамағанына қарамастан, жәбірленушінің өкілі Н.-ның, куәлар Х., М., Р, К., Ғ.-лардың, сотталғандар Т., К. және Д.-лардың жауаптарымен және іс бойынша жинақталған басқа да жазбаша дәлелдемелердің жиынтығымен толық бекіген. Мұндай жағдайда сот алқасы сотталған Д.-ның әрекеттері ҚК-нің 189-бабы үшінші бөлігінің 1), 2) тармақтарымен, 367-бабы үшінші бөлігінің 1) тармағымен дұрыс сараланған деп есептейді. Жаза ҚК-нің 52-бабының талаптары сақтала отырып, әділ тағайындалған. Оны жеңілдетуге негіз жоқ. ҚК-нің 46-бабы бесінші бөлігінің 1) тармағында бас бостандығынан айыру қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде: абайсызда жасаған қылмыстары үшін сотталған адамдарға; осы Кодекстің 7, 8, 9, 12 және 13-тарауларында көзделген, күш қолданумен байланысты емес қылмыстар үшін сотталған адамдарға; қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген жағдайда, осы Кодекстің 15-тарауында көзделген қылмыстар үшін сотталған адамдарға; қасақана қылмыс жасағаны үшін екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалған, алғаш рет сотталған адамдарға тағайындалады делінген. Іс материалдарынан анықталғандай С. кінәлі деп танылған ҚК-нің 367-бабы үшінші бөлігінің 1) тармағы осы Кодекстің 15-тарауында көзделген қылмыстарға жатады. Үкімге сәйкес осы қылмыс бойынша С.-ның пара ретінде берген 6 000 000 теңгесі тұтастай қайтарылып алынып, мемлекет пайдасына аударылған. Демек, аталған қылмыс бойынша келтірілген залал толық өтелген. Ал осы іс бойынша С. кінәлі деп танылған екінші қылмыспен, яғни ҚК-нің 189-бабы үшінші бөлігінің 1), 2) тармақтарымен сот оған негізгі жаза ретінде айыппұл тағайындаған. Сот С.-ға түпкілікті жазаны ҚК-нің 58-бабының үшінші бөлігінің негізінде қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығымен онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы тағайындаған, яғни оның ҚК-нің 189-бабымен тағайындалған айыппұл түріндегі жазасы ҚК-нің 367-бабымен тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасына сіңірілген. Мұндай жағдайда сот алқасы С.-ға тағайындалған жазаны ҚК-нің 46-бабы беінші бөлігінің 1) тармағына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтеуге жатады деген соттың шешімін дұрыс деп санайды. Өйткені оған ол кінәлі деп танылған екінші қылмысы бойынша, яғни ҚК-нің 189-бабымен бас бостандығынан айыру жазасына жатпайтын – айыппұл түріндегі жаза қолданылған. Бұл ретте, сот алқасы Бас Прокурордың ҚК-нің 13-бабының бірінші бөлігінің талабына жүгініп, сотталған С. қылмыстар жиынтығы бойынша жауапқа тартылған, сондықтан ол әрбір жасалған іс-әрекеті үшін осы Кодекстің тиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылықта болуы керек және ол кінәлі деп танылған ҚК-нің 189-бабымен көзделген қылмыс бойынша келтірілген залал өтелмегендіктен, тағайындалған жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуге тиіс деген тұжырымын қылмыстық заңға қайшы келеді деп есептейді. ҚПК-нің 19-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдарды қолдану кезінде туындаған күмәндар да күдіктінің, айыпталушының, сотталушының пайдасына шешілуге тиіс. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған C.-ға қатысты жергілікті соттардың сот актілерін өзгеріссіз және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығын қанағаттандырусыз қалдырды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп, яғни жымқырып, мемлекетке зиян келтіргені, уәкілеттік берілген адамға пара бергені үшін кінәлі деп танылған
235 рет жүктеп алынды -
Өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп, яғни жымқырып, мемлекетке зиян келтіргені, уәкілеттік берілген адамға пара бергені үшін кінәлі деп танылған
294 рет жүктеп алынды