Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Пара алып және параны беруге азғырғаны үшін кінәлі болып танылған

Пара алып және параны беруге азғырғаны үшін кінәлі болып танылған

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 Пара алып және параны беруге азғырғаны үшін кінәлі болып танылған

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының № 2 аудандық сотының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы үкімімен Б. бұрын сотталмаған, ҚК-нің 366-бабының 1-бөлігімен мүлкі тәркіленіп, білім беру саласындағы мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде басқарушылық лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде 5 000 000 теңге айыппұл, ҚК-нiң 24-бабының 3-бөлігі, 366-бабының 2-бөлігімен мүлкі тәркіленіп, білім беру саласындағы мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде басқарушылық лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылып, параның алпыс еселенген сомасы мөлшерінде 20 338 800 теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалған. ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы Б.-ның түпкілікті мүлкі тәркіленіп, білім беру саласындағы мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде басқарушылық лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылып, параның алпыс еселенген сомасы мөлшерінде 20 338 800 теңге айыппұл төлеуге сотталған. Б.-дан мемлекет пайдасына 44 762,57 теңге мөлшерінде процестік шығындар өндірілген. Сот үкімімен Б. Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінде орналасқан «А.Пушкин атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымын атқара отырып, яғни мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам бола тұра, куә Т.-дан 100 000 теңге мөлшерінде пара алып, сондай-ақ, 1 000 АҚШ доллары мөлшерінде пара алуға оқталғаны үшін кінәлі деп танылған. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2017 жылғы 15 ақпандағы қаулысымен сот үкімі өзгертіліп, Б.-ның қылмыстық іс-әрекеті ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 366-бабының 2-бөлігінен ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігіне қайта сараланып, ол бойынша мүлкі тәркіленіп, білім беру саласындағы мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде басқарушылық лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырып, 338 000 теңге 98 тиын параның отыз еселеген, яғни 10 169 400 теңге мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалған.

 Пара алып және параны беруге азғырғаны үшін кінәлі болып танылған

ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігі негізінде қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы, Б.-ның мүлкі тәркіленіп, білім беру саласындағы мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде басқарушылық лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның отыз еселеген, яғни 10 169 400 теңге мөлшерде айыппұл жазасы тағайындалған. Б.-ның меншік құқығына тиесілі, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, Бектасов көшесі, № 49-үй кепілден босатылып, тиісті құжаттары қайтарылған.Үкімнің басқа бөлігі өзгеріссіз қалдырылған. Апелляциялық сот алқасының қаулысымен Б. 2016 жылғы 31 тамызда Т.-дан 100 000 теңге мөлшерінде пара алып, оны мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға 1 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі параны беруге азғырғаны үшін кінәлі болып танылған. Б.-ның кінәсі іс бойынша жинақталған және сот отырысында жанжақты, толық, объективті бағаланып, зерттелген, дәйектілігі жағынан ешбір күмән келтірмейтін дәлелдемелермен толық бекітілген. 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 3522 кешенді сот бейнефонографиялық сараптама қорытындысымен № 1 зерттелген фонограммадағы «Ж» деп белгіленген адамның дауысы мен сөзі Б.-ның дауысы мен сөзіне жататыны анықталған. Осы фонограммадағы Б. мен Т.-ның арасындағы сөздерге және олардың жоғарыда аталған айғақтарына қарағанда, сотталған Б. 2016 жылғы 31 тамызда Т.-дан 100 000 теңгені пара ретінде алған соң, соңғының сіңлісі К.-ны мұғалім етіп ауыстыру үшін 1 000 АҚШ долларын пара ретінде өзінің қызметтестеріне және өзіне, яғни мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға пара беру керек екенін айтқандығы, Т.-ның мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға айтарлықтай мөлшерде пара беруге азғырғаны туралы даусыз бекітілген.  Сондықтан Б.-ның қылмыстық әрекеттері ҚК-нің 366-бабының 1-бөлігі, 28-бабының 4-бөлігімен, 367-бабының 2-бөлігімен дұрыс сараланған. Сот Б.-ға жаза тағайындағанда оның қылмыстық жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның асырауында кәмелетке толмаған баласының болуын, 3-топтағы мүгедектігін, жасаған қылмысына шын жүректен өкінетінін, кінәсін мойындағанын, жағымды мінездемесін ескерген. Алайда, сот Б.-ға негізгі жаза тағайындағанда, оған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты  рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Заңын (бұдан әрі – Рақымшылық туралы заң) қолданбай, заң талаптарын бұзған. Кәмелетке толмаған баласы бар, мүгедек немесе жасы 50-ден асқан ауырлығы орташа қылмыс жасаған әйелдер Рақымшылық туралы заңның 2-бабы 2, 3, 4-бөліктеріне сәйкес негізгі жазадан босатылады. ҚК-нің 11-бабына сәйкес Б.-ның жасаған қылмыстық іс-әрекеттері ауырлығы орташа қылмыстар санатына жатады. Іске тіркелген құжаттардан Б.-ның III топтағы мүгедек екендігі, жасы 50-ден асқаны және кәмелетке толмаған бір қызының бар екені анықталған. Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған Б.-ға қатысты жергілікті соттардың сот актілерін өзгертіп, оны Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 2-бабы 2, 3, 4-бөліктерінің негізінде және ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігімен, 367-бабының 2-бөлігімен, 366-бабының 1-бөлігімен тағайындалған негізгі жазадан босатты. Сот актілерінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылып, Б.-ның өтінішхаты ішінара қанағаттандырылды.  

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы