Лауазымды адам бола тұра пара алғаны үшін кінәлі деп танылған.
Қызылорда облысы Қармақшы аудандық сотының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі үкімімен: С. бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 366-бабының екінші бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ҚК-нің 50-бабының екінші бөлігіндегі тізімде көрсетілген лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, ҚК-нің 55-бабының 3), 6) бөліктері негізінде 21 000 000 теңге айыппұл салынған. С.-дан мемлекет пайдасына 57 472 теңге процестік шығындар, Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қорына 48 100 теңге мәжбүрлі төлем өндірілген. Іс бойынша заттай дәлелдемелердің мәселесі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 118-бабында бекітілген тәртіп бойынша шешілген. Сот үкімімен С. лауазымды адам бола тұра, айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылған. Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2018 жылғы 15 қарашадағы қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 16 шілдедегі қаулысымен сот актілері өзгеріссіз қалдырылған. Бас Прокурор наразылығында сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен сот тергеуінде қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы салдарынан С.-ның кінәсіз сотталғанын, куә У.-дың тарапынан С.-ның қылмыс жасауына арандату орын алғанын, У.-дың шын мәнінде кәсіпкерлікпен айналысып жер алуға ниеті болмағанын, сотталғанға бірнеше рет қоңырау шалып, қызметтік емес жағдайда кездесуге шақырғанын ескеріп, сот актілерінің күшін жойып, С.-ның іс-әрекетінде ҚК-нің 366-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыс құрамының болмауына байланысты іс бойынша өндіріс қысқартуды сұраған. Сотталған С.-ның лауазымды адам бола тұра, айтарлықтай мөлшерде пара алғаны сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жинақталып, сотта зерттелген нақты және объективті деректер жиынтығымен толық өз дәлелін тапқан.
Сотталғанның кінәсі С.-ның өз кінәсін ішінара мойындаған жауабынан бөлек, куәлар У., Ж., Т., Г., Д., Э., Е.-лердің айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, сот сараптамасының қорытындысымен және іс бойынша жинақталған басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденген. Іс материалдарынан анықталғандай, «А» жеке кәсіпкерлігінің басшысы У. 2018 жылғы 26 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің Батыс аймағы бойынша ауданаралық басқармасына Басықара ауылдық округінің әкімі С.-ның ауыл маңынан кәсіпкерлік мақсатқа жер учаскесін беру үшін өзінен 700 000 теңге пара талап еткендігі жөнінде арызданған.
Лауазымды адам бола тұра пара алғаны үшін кінәлі деп танылған.
Аталған арыздың негізінде 2018 жылғы 27 шілдеде У.-ға 700 000 теңге және арнайы техникалық жазба құралдары берілген. Куә У.-дың жауаптарынан анықталғандай, ол 2018 жылғы 3 шілдеде Басықара ауыл әкімшілігіне барып, әкім С.-мен жер алу туралы сөйлескен уақытта соңғы жер бөлімінің бастығы Ж. А.-ға және басқасына беру үшін 700 000 теңге ақша керек екенін айтқан. Содан кейін «Тропикал» кафесінде кездесіп, 700 000 теңгені үстел үстіне «сұраған ақшаңыз» деп С.-ға берген. Бұл куәнің жауаптарын сот істің нақты мән-жайларына сәйкес келеді деп танып, айыптау үкімінің негізіне дұрыс алған, себебі олар жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, куә У.-мен сотталған С. арасында жүргізілген әңгіменің стенограммасымен және сотта зерттелген басқа дәлелдемелермен объективті түрде расталады. Жасырын тергеу әрекеттерінің бейнежазбасына сәйкес сотталған С. 2018 жылғы 28 шілдеде сағат 18:07 шамасында «Тропикал» кафесінде У.-мен кездесіп, 700 000 теңгені алу кезінде Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлерімен ұсталған. Оқиға орнына жүргізілген қарап-тексеру барысында аталған 700 000 теңге сол жерде С.-ның отырған көрпесінің астынан табылып, заттай дәлелдеме ретінде алынған. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, оқиға орнын қарап-тексеру барысында С.-ның оң және сол қол алақандары мен саусақтарынан алынған сүртінділерінде, оқиға орнынан алынған ақша купюраларында арнайы химиялық заттарға жататын люминесценциялайтын қатпарлар анықталған. Бұл қатпарлар мен салыстырмалы үлгі ретінде ұсынылған люминофор ұнтағы бір класты, бір маркалы люминофорларға жатады. Іс бойынша куә ретінде сұралған Ж., Т., Г., Д. дара кәсіпкер У.-дың жер сұраған арызы негізінде өз құзыреттері шегінде жұмыс атқарғандарын растаған.
Ал куәлар Э., Е. оқиға болған күні «Тропикал» кафесінде С.-ның отырған көрпесінің астынан 700 000 теңге шыққанын, ақшалардан пара деген жазуды көргендерін, соңғы параны жер учаскесін кезектен тыс алып беремін деп алғаны туралы айтқанын, ұсталған уақытта С.-ның өз кінәсін толық мойындағаны туралы айғақтар берген. Төменгі сатыдағы соттарда сотталған С. куә У.-дан ақша талап еткенін жоққа шығармай, өзінің қылмыстық іс-әрекетін алаяқтық ретінде ҚК-нің 190-бабына қайта саралауды сұраған. Яғни сотталған өзінің кінәлілігін дауламай, тек қылмыстық әрекетінің саралану бөлігімен келіспеген. Пара алу қылмысының ең маңызды белгісі ретінде соттар өзара келісілген ақша туралы деректерді анықтау қажет. Бұл тұрғыдан соттар іс материалдарын жан-жақты зерттей келе, сотталған С.-ның алдынала келісілген ақшаны сұрағандығы куә мен сотталғанның арасындағы стенограммамен анықталған. Өзара әңгімелесу барысында куә У. «Сіздің айтқан жеті жүзді алып келдім, санап аласыз ба?» деген сөзіне, сотталған С. «Жердің добросы ма?» деп айтқан. Сонымен қатар куәнің «жерді жекешелендіруге бола ма?» деген сұрағына, сотталған «Болады, тағы бірдеңелер неғыла сал» деп куәні тағы да пара беруге азғырған. Бұл сөздердің мазмұнынан С.-ның ақша талап еткені көрініп тұр. Істің мұндай тұрғысында, сотталған С.-ның куә У.-дан алдын-ала келісілген 700 000 теңгені талап еткендігі іс материалдарымен толық бекітіледі. «Кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қарау практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 8 нормативтік қаулысының он алтыншы бөлігінде адамның орындалуы үшін пара берілген әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасаған-жасамағанына қарамастан және қылмыстық қудалау органдарына дайындалып жатқан қылмыс туралы белгілі болғанына қарамастан, параны алу пара нысанасы қабылданған сәттен бастап аяқталды деп есептеледі. Сотталған С. өзінің пара ретінде сұраған 700 000 теңгені алып, Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерімен ұсталғандықтан, оның іс-әрекеті аяқталған қылмыс болып саналады.
Осы ретте Бас Прокурордың наразылығында куә У.-дың тарапынан С.-ның қылмысты жасауына арандату дерегі орын алғандықтан, қылмыстық істі өндірістен қысқартуды сұрағаны және куә У.-дің кәсіпкерлікпен айналысуға ниеті болмағаны, С.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шыққаннан кейін өзінің сұраған жерін алып, мал шаруашылығымен айналыспаған деген уәждері негізсіз болып табылады. Сондықтан ол тек болжамдарға негізделген. Себебі ол Басықара ауылының мал шаруашылығымен айналысуға жерінің қолайлы екенін естіп, кәсіппен айналысуға ойы болғаны іс материалдарымен дәлелденеді. У.-дың кәсіпкерлікпен айналысу немесе айналыспауы оның құқығы болып табылады, демек оның кәсіпкерлікпен айналысуы соңғының өз еркінде. Осыған орай куәнің кәсіпкерлікпен айналыспады деген наразылықтың уәжі болжам болып есептелгендіктен, оның әрекетін көрсетілген негіздер бойынша арандатушылық деп тануға болмайды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 412-1-бабына сәйкес қылмыс жасауға арандату деп, жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамның кейін әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе бопсалау мақсатында адамды қылмыс жасауға көндірген заңсыз әрекеттері танылады. Осы тұрғыдан алатын болсақ, кез келген адам (арызданушы, куә және т.б.) жасанды түрде іс-әрекеттерді жүзеге асырып, қолдан қылмыстық белгілерді жасау және қандай да бір кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе бопсалау мақсатындағы заңсыз әрекеттерді тану қажет. Ал осы іс бойынша заңсыз әрекеттер және оны дәлелдейтін нақты деректер наразылықта ұсынылмаған. Сот нақты деректерге баға беріп, сотталған С.-ның лауазымды адам бола тұра, ауыл маңынан кәсіпкерлік мақсатқа жер учаскесін беру үшін, яғни қызметтік өкілеттігіне кіретін және лауазымдық жағдайына байланысты осындай әркеттерге ықпал ете алатын әрекеті үшін У.-дан айтарлықтай мөлшерде пара алған деген тұжырымға дұрыс келген және оның әрекеттерін ҚК-нің 366-бабының екінші бөлігімен дұрыс саралаған. Осыған орай Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы қанағаттандырылуға жатпайды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған С.-ға қатысты жергілікті соттардың сот актілерін өзгеріссіз қалдырды. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының наразылығы қанағаттандырусыз қалдырылды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Lawazımdı adam bola tura para alğanı üşin kinäli dep tanılğan.
349 рет жүктеп алынды -
Лауазымды адам бола тұра пара алғаны үшін кінәлі деп танылған.
268 рет жүктеп алынды