Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Халықаралық келісімдер / Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы 

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 13 қарашадағы № 374-VІ ҚРЗ. 

       2019 жылғы 25 қазанда Нұр-Сұлтанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім ратификациялансын. 

      Қазақстан Республикасының  
      Президенті Қ. ТОҚАЕВ 

 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы 

 КЕЛІСІМ 

      (2020 жылғы 3 желтоқсанда күшіне енді – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2020 ж., N 6, 29-құжат) 

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі 

      Тараптар мемлекеттерінің арасындағы достық пен әріптестік өзара қарым-қатынастарды, өзара сыйластық, егемендік, теңдік және өзара түсіністік негізінде екіжақты ынтымақтастықты дамыту және нығайту мақсатында, 

      көші-қон саласындағы ынтымақтастықты Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында көші-қон процестерін реттеудің маңызды бағыттарының бірі ретінде қарай отырып, 

      көші-қон саласында Тараптардың екіжақты ынтымақтастығы үшін құқықтық негіз құруға ұмтыла отырып, 

      заңсыз көші-қон ұлттық қауіпсіздікке, экономикалық тұрақтылыққа елеулі қауіп төндіретінін және Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында криминогендік жағдайдың өршуіне ықпал ететінін сезіне отырып, 

      халықаралық құқық нормаларын және Тараптар мемлекеттерінің заңнамасын негізге ала отырып, 

      төмендегілер туралы келісті: 

 1-бап 

      Осы Келісім шеңберінде Тараптар көші-қон, бір Тарап мемлекетінің екінші Тарап мемлекеті аумағындағы азаматтарының құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты, оның ішінде өз мемлекеттерінің заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ақпараттық өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады. 

 2-бап 

      Осы Келісімді іске асыру үшін жауапты Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары (бұдан әрі - құзыретті органдар) мыналар болып табылады: 

      Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі; 

      Беларусь Республикасынан - Беларусь Республикасының Ішкі істер министрлігі, Беларусь Республикасының Мемлекеттік шекара комитеті. 

      Құзыретті органдардың атаулары өзгерген, бір мемлекеттік органдарды басқаларымен ауыстырған жағдайда тиісті Тарап екінші Тарапқа ол туралы дипломатиялық арналар арқылы мүмкіндігінше қысқа мерзімде хабарлайды. 

 3-бап 

      1.Тараптар осы Келісім шеңберінде ынтымақтастықты мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырады: 

      1) статистикалық, құқықтық және ғылыми-әдістемелік ақпарат алмасу; 

      2) Тараптар мемлекеттерінің аумақтарындағы Тараптар мемлекеттерінің азаматтары туралы мәліметтер алмасу; 

      3) ынтымақтастық процесінде туындайтын мәселелер бойынша тәжірибе алмасу және практикалық көмек көрсету; 

      4) Тараптар мемлекеттері азаматтарының құқықтарын, оның ішінде оларға тұруға берілген рұқсаттардың мерзімі ішінде олардың отбасы мүшелерінің тұру құқықтарын қорғау; 

      5) Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында болуы (тұруы) үшін негіздер бар адамдардың құқықтық мәртебесі мәселелерін қарау. 

      2. Осы келісім Тараптарға ынтымақтастықтың өзге де өзара қолайлы бағыттарын әзірлеуге және дамытуға кедергі келтірмейді. 

 4-бап 

      Қажет болған жағдайда әрі өзара уағдаластық бойынша Тараптар: 

      анықталған көші-қон заңнамасын бұзушылықтар және заңсыз көші-қон арналары туралы; 

      Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында әрекет ететін, заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысы бар заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалар туралы; 

      келу визаларын және өзге де құжаттарды алу және оларды заңсыз көші-қон мақсатында пайдалану тәсілдері туралы; 

      Тараптар мемлекеттерінің көші-қон заңнамасы туралы, оның ішінде көші-қон процестерін реттеу, пана және азаматтықты беру тәртібі, заңсыз көші-қонға қарсы күресті ұйымдастыру, сондай-ақ заңнаманың көрсетілген салаларындағы өзгерістер туралы; 

      заңсыз көші-қонның алдын алуға бағытталған практика мен шаралар туралы; 

      сыртқы көші-қонды реттеу әдістері туралы ақпарат пен мәліметтер алмасуды жүзеге асырады. 

 5-бап 

      Осы Келісім шеңберінде Тараптар мемлекеттерінің мынадай санаттардағы: 

      1) Тараптар мемлекеттерінің аумағында уақытша болатын; 

      2) Тараптар мемлекеттерінің аумағында уақытша және тұрақты тұруға рұқсат алған; 

      3) екінші Тарап мемлекетінің азаматтығына қабылданған немесе қайта қалпына келтірілген бір Тарап мемлекетінің азаматтары, сондай-ақ Тараптардың бірінің азаматтығына тиесілігі туралы мәліметті; 

      4) өздеріне қатысты Тараптар мемлекеттерінің аумағына кіруге тыйым салу не Тараптар мемлекеттерінің аумағынан шығуға шектеу туралы шешімдер қабылданған; 

      5) Тараптар мемлекеттерінің аумағынан шығарылған азаматтары туралы ақпаратты бере алады. 

 6-бап 

       1. Санаттары осы Келісімнің 5-бабында көрсетілген адамдарға қатысты осы Келісім шеңберінде берілуі мүмкін дербес деректер тізбесі: 

      тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) орысша және латынша жазылуы); 

      жынысы; 

      туған күні; туған жері; азаматтығы; 

      Тараптар мемлекеттерінің аумағында тұру үшін шекарадан шығуға арналған құжаттың немесе жеке басты куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, оны берген орган; 

      әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы; 

      қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы; 

      Тараптар мемлекеттерінің аумағындағы тұрғылықты жері туралы; 

      Тараптар мемлекеттерінің аумағындағы уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттың болуы туралы; 

      Тараптар мемлекеттерінің аумағына кіруге тыйым салу не Тараптар мемлекеттерінің аумағынан шығуды шектеу туралы қабылданған шешімдер туралы; 

      фотосурет бейнелері; 

      дактилоскопиялық карта (болған кезде). 

      2. Санаттары осы Келісімнің 5-бабында көрсетілген адамдардың дербес деректері осы Келісім шеңберінде олардың субъектілерінің келісімінсіз берілуі мүмкін. 

 7-бап 

      Тараптар осы Келісім шеңберінде ынтымақтастықты мынадай нысандарда жүзеге асырады: 

      1) осы салада семинарлар мен тағылымдамаларды ұйымдастыруды қоса алғанда, Тараптар мемлекеттері құзыретті органдарының көші-қон мәселелерімен айналысатын қызметкерлерін даярлау мен олардың біліктілігін арттыру; 

      2) ынтымақтастық процесінде туындайтын мәселелер бойынша жұмыс топтарын құру және сарапшылармен алмасу; 

      3) ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар өткізу және бірлескен іс-қимылды қажет ететін ынтымақтастықтың басқа да нысандарын пайдалану; 

      4) Тараптар мемлекеттері құзыретті органдарының аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының, мекемелерінің жұмысымен танысу; 

      5) халықаралық ұйымдардың қатысуымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру. 

 8-бап 

      Осы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастық мүдделі Тараптың жәрдем көрсету туралы сұрау салуы (бұдан әрі - сұрау салу) негізінде жүзеге асырылады. 

      Тараптардың әрқайсысы көші-қон мәселелері жөніндегі өзінде бар ақпаратты, егер мұндай ақпарат екінші Тарап үшін қызығушылық тудырады деп пайымдауға негіз болса, екінші Тарапқа сұрау салусыз жолдай алады. 

 9-бап 

      1. Сұрау салу және сұрау салуға жауап жазбаша нысанда, оның ішінде мәтінді берудің техникалық құралдары пайдаланыла отырып жолданады. 

      Осы Келісімді іске асыру мақсатында Тараптар қорғалған электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыра алады. 

      2. Сұрау салуда: 

      сұрау салушы және сұрау салынатын органның атауы; 

      сұрау салу мәнінің қысқаша мазмұны, оның мақсаты мен негіздемесі; 

      сұрау салуды тиісінше орындау үшін пайдаланылуы мүмкін кез келген басқа да ақпарат қамтылуға тиіс. 

      3. Сұрау салуға сұрау салуларды орындау бойынша үйлестірушілер болып табылатын Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органының басшысы (оның орынбасары) немесе ол уәкілеттік берген адам қол қояды. Тараптар осы Келісім күшіне енгеннен кейін 45 күн ішінде сұрау салуларға қол қоюға уәкілеттік берілген адамдардың тізбелерімен, сондай-ақ бланкілердің үлгілерімен алмасады. 

      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген сұрау салуларға қол қоюға уәкілеттік берілген адамдардың тізбелері не бланкілері өзгерген жағдайда Тараптар бұл туралы бірін-бірі дереу хабардар етеді. 

      5. Сұрау салудың төлнұсқалығына немесе мазмұнына күмән туындаған кезде қосымша растау сұратылуы мүмкін. 

 10-бап 

      Сұрау салынатын Тарап сұрау салудың жылдам және толық орындалуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. 

      Сұрау салынатын Тарап өзінің пікірі бойынша сұрау салуды тиісінше орындау үшін қажетті қосымша мәліметтерді сұратуға құқылы. 

      Сұрау салынатын Тарап сұрау салуды орындауға кедергі келтіретін немесе оны орындауды едәуір кідіртетін мән-жайлар туралы сұрау салушы Тарапты дереу хабардар етеді. 

      2. Егер сұрау салынатын Тарап сұрау салуды орындау қылмыстық қудалауға немесе оның мемлекетінің аумағында жүзеге асырылып жатқан өзге де іс жүргізуге кедергі болуы мүмкін деп пайымдаса, онда ол сұрау салуды орындауды кейінге қалдыруға немесе оның орындалуын өзі айқындаған шарттардың сақталуымен байланыстыруға құқылы. 

      3. Сұрау салынатын Тарап сұрау салуды орындау нәтижелері туралы сұрау салушы Тарапқа мүмкіндігінше қысқа мерзімде хабарлайды. Сұрау салуды орындау мерзімі ол келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен аспауға тиіс. 

      4. Егер сұрау салынатын Тарап сұрау салуды орындау өз мемлекетінің егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне, басқа да елеулі мүдделеріне нұқсан келтіруі не заңнамасына немесе халықаралық міндеттемелеріне қайшы келуі мүмкін деп пайымдаса, сұрау салуды орындаудан толық немесе ішінара бас тартады. 

      Сұрау салушы Тарап бас тарту себептерін көрсете отырып, сұрау салуды орындаудан толық немесе ішінара бас тарту туралы жазбаша хабардар етіледі. 

 11-бап 

      1. Сұрау салынатын Тарап сұрау салудың келіп түсу фактісінің, оның мазмұны мен оған ілеспе құжаттардың, сондай-ақ жәрдем көрсету фактісінің құпиялылығын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды. 

      Сұрау салуды құпиялылықты сақтап орындау мүмкін болмаған жағдайда, сұрау салынатын Тарап бұл туралы сұрау салушы Тарапқа хабарлайды, ол сұрау салуды осындай жағдайларда орындау не орындамау керектігін шешеді. 

      2. Осы Келісімнің негізінде алынған сұрау салуды орындау нәтижелері оларды ұсынған Тараптың келісімінсіз сұрау салынғаннан және берілгеннен өзге мақсаттарда пайдаланылмайды. 

      3. Осы Келісімнің негізінде бір Тарап алған мәліметтерді үшінші тарапқа беру үшін мәліметтерді берген Тараптың алдын ала келісімі талап етіледі. 

      4. Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының заңнамасын және халықаралық міндеттемелерін басшылыққа ала отырып, Тараптар осы Келісім шеңберінде алынған ақпаратты кездейсоқ немесе заңсыз жоюдан, өзгертуден немесе таратудан, сондай-ақ кез келген өзге де санкцияланбаған қол жеткізуден немесе пайдаланудан қорғауға бағытталған қажетті ұйымдастырушылық-техникалық шараларды жүзеге асырады. 

      5. Осы Келісім, шеңберінде алынған ақпарат ол берілген мақсаттарда талап етілетін мерзімнен ұзақ сақталмайды. Ақпарат Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының құқықтық актілеріне сәйкес жойылуға жатады. 

 12-бап 

      Егер әрбір нақты жағдайда өзге тәртіп келісілмейтін болса, Тараптар осы Келісімді іске асыру барысында туындайтын шығыстарды дербес көтереді. 

 13-бап 

      Осы Келісімнің ережелері олардың мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың міндеттемелерін қозғамайды. 

 14-бап 

      Тараптар осы Келісім шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде орыс тілін пайдаланды. 

 15-бап 

      Осы Келісімді орындаумен немесе түсіндірумен байланысты Тараптар арасындағы барлық даулы мәселелер консультациялар және/немесе олардың арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі. 

 16-бап 

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жекелеген хаттамамен ресімделеді және осы Келісімнің күніне енуі үшін көзделген тәртіппен күшіне енеді. 

 17-бап 

      Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді. Тараптардың әрқайсысы өзінің осы Келісімнің қолданысын тоқтату туралы шешімі жөніндегі жазбаша хабарламасын екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жібере отырып, оның қолданысын тоқтата алады. Мұндай жағдайда осы Келісімнің қолданысы бір Тараптың осындай хабарламаны екінші Тараптан алған күнінен бастап 6 ай өткен соң тоқтатылады. 

      2019 жылғы "25" қазанда Нұр-Сүлтан қаласында қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. 

      Осы Келісімнің мәтіндері арасында алшақтықтар туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді. 

      Қазақстан Республикасының  Үкіметі үшін Беларусь РеспубликасыныңҮкіметі үшін 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

330-2-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК заңсыз көші-қонын ұйымдастыру

330-2-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК заңсыз көші-қонын ұйымдастыру 1. Көлік құралдарын не жалған құжаттарды не тұрғын немесе өзге де үй-...

Толық оқу »

394-бап. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

394-бап. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Көлік құралдарын не қолдан жасалған құжаттар не тұрғын немесе өзге де үй-жай беру,...

Толық оқу »

43-2-бап. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру тәртібі Халықтың көші-қоны туралы Заңы

43-2-бап. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру тәртібіХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген мерзімге еңбекші көшіп келушіге рұқсат беріл...

Толық оқу »

43-1-бап. Еңбекші көшіп келушілердің келу және болу шарттары Халықтың көші-қоны туралы Заңы

43-1-бап. Еңбекші көшіп келушілердің келу және болу шарттарыХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Еңбекші көшіп келушілердің мынадай талаптарға сай келуі:      1) Қазақстан Р...

Толық оқу »

Қ Р Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы

Қ Р Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының За...

Толық оқу »

36-1-бап. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота Халықтың көші-қоны туралы Заңы

36-1-бап. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкіле...

Толық оқу »

Көші қон қызметі басқармасының борышкердің елден тыс жерлерге шығу мақсаты туралы ақпарат беру туралы өтініші

Көші қон қызметі басқармасының борышкердің елден тыс жерлерге шығу мақсаты туралы ақпарат беру туралы өтінішіНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды...

Толық оқу »

2-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы Халықтың көші-қоны туралы Заңы

2-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасыХалықтың көші-қоны туралы Заңы 1. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы Қ...

Толық оқу »

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімді бекіту туралы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімді бекіту туралыҚазақстан Республикасының Заңы 2000 жы...

Толық оқу »

41-бап. Маусымдық шетелдік қызметкерлердің келу және болу шарттары Халықтың көші-қоны туралы Заңы

41-бап. Маусымдық шетелдік қызметкерлердің келу және болу шарттарыХалықтың көші-қоны туралы Заңы     1. Маусымдық шетелдік жұмыскерлер Қазақстан Республикасы ратификациялаған...

Толық оқу »

Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Республика аумағы бойынша заңсыз келу, кету, орын ауыстыру заңсыз көші-қонды ұйымдастыру

Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Республика аумағы бойынша заңсыз келу, кету, орын ауыстыру заңсыз көші-қонды ұйымдастыруШымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының 201...

Толық оқу »

33-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің негізгі құқықтары мен міндеттер Халықтың көші-қоны туралы Заңы

33-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің негізгі құқықтары мен міндеттерХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. шетел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдар...

Толық оқу »

Көші-қон қызметі басқармасының жүргізілген іздестіру іс-шаралары туралы ақпарат беру туралы өтініші

Көші-қон қызметі басқармасының жүргізілген іздестіру іс-шаралары туралы ақпарат беру туралы өтінішіНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжатт...

Толық оқу »

4-бап. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары мен міндеттері Халықтың көші-қоны туралы Заңы

4-бап. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары мен міндеттеріХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Осы Заңның негізгі мақсаттары мыналар болы...

Толық оқу »

46-бап. Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің келу және келуіне виза беру шарттары Халықтың көші-қоны туралы Заңы

46-бап. Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің келу және келуіне виза беру шарттарыХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасына гуманитарлық...

Толық оқу »

55-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының елден тыс жерге кетуінің шарттары мен тәртібі Халықтың көші-қоны туралы Заңы

55-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының елден тыс жерге кетуінің шарттары мен тәртібіХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Әркімнің Қазақстан Республикасынан тыс жерге к...

Толық оқу »

19-2-бап. Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссия Халықтың көші-қоны туралы Заңы

19-2-бап. Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияХалықтың көші-қоны туралы Заңы      Этникалық қазақтардың қандас мәртебесін беруге, ал қоныстандыру өңірлерінде оған қосымша қ...

Толық оқу »

49-бап. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты беруден бас тарту не оның күшін жою үшін негiздер Халықтың көші-қоны туралы Заңы

49-бап. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты беруден бас тарту не оның күшін жою үшін негiздерХалықтың көші...

Толық оқу »

Көші-қон полициясына борышкердің қарым-қатынасына іздестіру жариялау туралы арыз

Көші-қон полициясына борышкердің қарым-қатынасына іздестіру жариялау туралы арызНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігі...

Толық оқу »

13-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті Халықтың көші-қоны туралы Заңы

13-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіХалықтың көші-қоны туралы Заңы      Білім беру саласындағы уәкілетті орган:      1) өз құзыреті шегінде халықтың көші...

Толық оқу »

44-бап. Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің санаттары Халықтың көші-қоны туралы Заңы

44-бап. Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің санаттарыХалықтың көші-қоны туралы Заңы      Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілерге:      1) воло...

Толық оқу »

45-бап. Саяси уәждер бойынша келетін көшіп келушілер Халықтың көші-қоны туралы Заңы

45-бап. Саяси уәждер бойынша келетін көшіп келушілерХалықтың көші-қоны туралы Заңы      Саяси уәждер бойынша келетін көшіп келушілерге:      1) босқындар;      2) саяси пана...

Толық оқу »

6-1-бап. Қазақстан Республикасында уақытша тұруға арналған рұқсатты алу Халықтың көші-қоны туралы Заңы

6-1-бап. Қазақстан Республикасында уақытша тұруға арналған рұқсатты алуХалықтың көші-қоны туралы Заңы      Уақытша тұруға арналған рұқсат:      1) отбасын біріктіру мақсатында...

Толық оқу »

7-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу Халықтың көші-қоны туралы Заңы

7-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуХалықтың көші-қоны туралы Заңы      Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған визамен, инвестициялар жөніндег...

Толық оқу »

36-бап. Шетелдік жұмыскерлерге келуге арналған визаларды, уақытша тұруға арналған рұқсаттарды беру шарттары Халықтың көші-қоны туралы Заңы

36-бап. Шетелдік жұмыскерлерге келуге арналған визаларды, уақытша тұруға арналған рұқсаттарды беру шарттарыХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Шетелдік жұмыскерлерге келуге...

Толық оқу »

19-1-бап. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы Халықтың көші-қоны туралы Заңы

19-1-бап. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасыХалықтың көші-қоны туралы Заңы      Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті...

Толық оқу »

Жоғары білікті мамандарды, шетелдік инвесторларды және кәсіпкерлерді тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында көші-қон саясатын жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Жоғары білікті мамандарды, шетелдік инвесторларды және кәсіпкерлерді тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында көші-қон саясатын жетілдіру жөніндегі шаралар туралыҚазақста...

Толық оқу »

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Халықтың көші-қоны туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдарХалықтың көші-қоны туралы Заңы      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:      1) "Ата жолы" картасы – халықтың көші-...

Толық оқу »

517-бапқа түсініктеме. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші қоны саласындағы заңнамасын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін бұзуы

517-бапқа түсініктеме. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші қоны саласындағы заңнамасын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық...

Толық оқу »

8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Закона О миграции населения

8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіЗакона О миграции населения      Қазақстан Республикасының Үкіметі:      1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатт...

Толық оқу »

37-бап. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды, шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамаларды беру және оларды корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тарту тәртібі Халықтың көші-қоны туралы Заңы

37-бап. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды, шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамаларды беру жән...

Толық оқу »

57-бап. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге барған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттері Халықтың көші-қоны туралы Заңы

57-бап. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге барған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттеріХалықтың көші-қоны туралы Заңы      Қазақстан Республик...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралыҚазақстан Республикасы...

Толық оқу »

10-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің құзыреті Халықтың көші-қоны туралы Заңы

10-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің құзыретіХалықтың көші-қоны туралы Заңы      Қазақстан Республ...

Толық оқу »

58-1-бап. Аумақтық ішкі істер органдары жүзеге асыратын халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік бақылау Халықтың көші-қоны туралы Заңы

58-1-бап. Аумақтық ішкі істер органдары жүзеге асыратын халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік бақылау Халықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасының хал...

Толық оқу »

11-бап. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Халықтың көші-қоны туралы Заңы

11-бап. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыретіХалықтың көші-қоны туралы Заңы      Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:      1)...

Толық оқу »

50-бап. Өз еркімен қоныс аударатын және өз бетінше қоныстанатын ішкі көшіп қонушылар Халықтың көші-қоны туралы Заңы

50-бап. Өз еркімен қоныс аударатын және өз бетінше қоныстанатын ішкі көшіп қонушыларХалықтың көші-қоны туралы Заңы      Қазақстан Республикасында ішкі көшіп-қонушылар:      1)...

Толық оқу »

21-1-бап. Этностық қазақтардың жекелеген отбасы мүшелерін, қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балаларын қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізудің ерекшеліктері Халықтың көші-қоны туралы Заңы

21-1-бап. Этностық қазақтардың жекелеген отбасы мүшелерін, қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балаларын қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізудің ерекшеліктері...

Толық оқу »

20-бап. Қандас мәртебесін беруден және ұзартудан бас тарту үшін негіздер Халықтың көші-қоны туралы Заңы

20-бап. Қандас мәртебесін беруден және ұзартудан бас тарту үшін негіздерХалықтың көші-қоны туралы Заңы      Жергілікті атқарушы орган қандас мәртебесін беруден мынадай негізде...

Толық оқу »

25-бап. Қандас мәртебесін және "Ата жолы" картасының қолданылуын тоқтату Халықтың көші-қоны туралы Заңы

25-бап. Қандас мәртебесін және "Ата жолы" картасының қолданылуын тоқтатуХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Қандастың мәртебесі:      1) қандас Қазақстан Республикасының аз...

Толық оқу »

52-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу Халықтың көші-қоны туралы Заңы

52-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеуХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын халықтың көші-қоны мәс...

Толық оқу »

29-бап. Отбасын біріктіру мақсатында келген көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері Халықтың көші-қоны туралы Заңы

29-бап. Отбасын біріктіру мақсатында келген көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттеріХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Шақырушы адамның отбасын біріктіру мақсатында Қаз...

Толық оқу »

27-бап. Шақырушы адамдар және шақырушы адамдардың отбасы мүшелері Халықтың көші-қоны туралы Заңы

27-бап. Шақырушы адамдар және шақырушы адамдардың отбасы мүшелеріХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Мына адамдар:      1) Қазақстан Республикасының азаматтары;      2) Қаз...

Толық оқу »

53-1-бап. Көшуге, тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидияларға, экономикалық мобильділік сертификаттарына, сондай-ақ жұмысқа орналасуға не жұмыс беруші шығыстарының бір бөлігін өтеуге субсидияларға өтінішті қабылдаудан және оларды төлеуден бас тарту Халықтың көші-қоны туралы Заңы

53-1-бап. Көшуге, тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидияларға, экономикалық мобильділік...

Толық оқу »

23-бап. Қандастарға, этностық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне, оның ішінде қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балаларына ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары Халықтың көші-қоны туралы Заңы

23-бап. Қандастарға, этностық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне, оның ішінде қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балаларына ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары...

Толық оқу »

54-бап. Елден тыс жерге кететін Қазақстан Республикасы азаматтарының санаттары Халықтың көші-қоны туралы Заңы

54-бап. Елден тыс жерге кететін Қазақстан Республикасы азаматтарының санаттарыХалықтың көші-қоны туралы Заңы      Елден тыс жерге кететін Қазақстан Республикасының азаматтары:...

Толық оқу »

518-бапқа түсініктеме. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы

518-бапқа түсініктеме. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін Х...

Толық оқу »

32-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге келуге арналған визаны, уақытша тұруға арналған рұқсатты беру шарттары Халықтың көші-қоны туралы Заңы

32-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге келуге арналған визаны, уақытша тұруға арналған рұқсатты беру шарттарыХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Білім алу м...

Толық оқу »

59-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Халықтың көші-қоны туралы Заңы

59-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылықХалықтың көші-қоны туралы Заңы      Қазақстан Республикасының халықтың көші-...

Толық оқу »

58-бап. Заңсыз көшіп келудің алдын алу және құқықтық мәртебесі реттелмеген көшіп келушілерді заңдастыру шаралары Халықтың көші-қоны туралы Заңы

58-бап. Заңсыз көшіп келудің алдын алу және құқықтық мәртебесі реттелмеген көшіп келушілерді заңдастыру шараларыХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Көшіп келушілердің Қазақ...

Толық оқу »

9-бап. Бал аралардың мекендеу ортасын, олардың көбею жағдайларын, көшу орындарын және орын ауыстыру жолдарын қорғау  Бал ара шаруашылығы туралы Заңы

9-бап. Бал аралардың мекендеу ортасын, олардың көбею жағдайларын, көшу орындарын және орын ауыстыру жолдарын қорғауБал ара шаруашылығы туралы Заңы      Бал аралар санының қысқ...

Толық оқу »

25-1-бап. "Ата жолы" картасын беруден бас тарту үшін негіздер Халықтың көші-қоны туралы Заңы

25-1-бап. "Ата жолы" картасын беруден бас тарту үшін негіздерХалықтың көші-қоны туралы Заңы      Жергілікті атқарушы орган "Ата жолы" картасын ұсынудан мынадай негіздер бойынш...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралыҚазақстан Республик...

Толық оқу »

34-бап. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілердің санаттары Халықтың көші-қоны туралы Заңы

34-бап. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілердің санаттарыХалықтың көші-қоны туралы Заңы      Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп кел...

Толық оқу »

6-бап. Көшіп келушілердің келуінің, кетуінің және болуының жалпы шарттары Халықтың көші-қоны туралы Заңы

6-бап. Көшіп келушілердің келуінің, кетуінің және болуының жалпы шарттарыХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағына келу, ке...

Толық оқу »

518-бап. Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

518-бап. Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы Әкімші...

Толық оқу »

60-1-бап. Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушілердің құқықтарын қорғау Халықтың көші-қоны туралы Заңы

60-1-бап. Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушілердің құқықтарын қорғауХалықтың көші-қоны туралы З...

Толық оқу »

51-бап. Ішкі көшіп-қонушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері Халықтың көші-қоны туралы Заңы

51-бап. Ішкі көшіп-қонушылардың негізгі құқықтары мен міндеттеріХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Ішкі көшіп-қонушылардың:      1) Қазақстан Республикасының заңында жазыл...

Толық оқу »

30-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілер Халықтың көші-қоны туралы Заңы

30-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерХалықтың көші-қоны туралы Заңы      Қазақстан Республикасының аумағына білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге жалпы...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралыҚазақс...

Толық оқу »

6-3-бап. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсат Халықтың көші-қоны туралы Заңы

6-3-бап. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатХалықтың көші-қоны туралы Заңы - Қолданысқа енгізіледі 2029 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республик...

Толық оқу »

Көші-қон қызметі комитетіне азаматтың шетелге шығуы туралы ақпарат беру туралы сұрау салу

Көші-қон қызметі комитетіне азаматтың шетелге шығуы туралы ақпарат беру туралы сұрау салуНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі...

Толық оқу »

5-бап. Көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері Халықтың көші-қоны туралы Заңы

5-бап. Көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттеріХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында:      1) егер Конституцияда, заңдарда жән...

Толық оқу »

Еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттам...

Толық оқу »

28-бап. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келуге виза алудың тәртібі Халықтың көші-қоны туралы Заңы

28-бап. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келуге виза алудың тәртібіХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республи...

Толық оқу »

58-2-бап. Аумақтық ішкі істер органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудың жүргізілу тәртібі Халықтың көші-қоны туралы Заңы

58-2-бап.Аумақтық ішкі істер органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудың жүргізілу тәртібі Халықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексер...

Толық оқу »

37-2-бап. Өз бетінше жұмысқа орналасу шеңберінде шетел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы Халықтың көші-қоны туралы Заңы

37-2-бап. Өз бетінше жұмысқа орналасу шеңберінде шетел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруыХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Шетел...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 394-бабына түсініктеме. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 394-бабына түсініктеме. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру1. Көлік құралдарын не жалған құжаттарды, не тұрғын үй немесе өзге де үй-жа...

Толық оқу »