Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Халықаралық келісімдер / Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама) ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама) ратификациялау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама) ратификациялау туралы 

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 146-VIII ҚРЗ. 

       2024 жылғы 23 тамызда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісім (Жай операциялар) (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама) ратификациялансын. 

      Қазақстан Республикасының 

 

 

Президенті  

Қ. ТОҚАЕВ 

  

Бейресми аударма 

  

 

  

ҚАРЫЗ НӨМІРІ 4405-KAZ 

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ мен АЗИЯ ДАМУ БАНКІ арасындағы ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ (Жай операциялар) (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы - 1-кіші бағдарлама) 

      2024 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы (бұдан әрі - Қарыз алушы) мен Азия Даму Банкі (бұдан әрі - АДБ) арасындағы қарыз туралы келісім (бұдан әрі - Қарыз туралы келісім) 

      Төмендегіні назарға ала отырып: 

       A. АДБ Қарыз алушыдан 2023 жылғы 1 қарашадағы даму саясаты туралы хатты (бұдан әрі - Даму саясаты туралы хат) алды, онда осы Қарыз туралы келісімге 1-қосымшада сипатталғандай Қарыз алушының қаржы секторын дамытуға бағытталған белгілі бір міндеттері мен саяси іс-қимылдары (бұдан әрі - Бағдарлама) жазылады; 

      B. Бағдарлама осы Қарыз туралы келісімге 1-қосымшаның 1-тармағында көрсетілгендей, бағдарламалық тәсілдің ("Бағдарламалық тәсіл") бірінші кіші бағдарламасын білдіреді және Қарыз алушы Бағдарламаның мақсаты үшін қарыз алуға АДБ-ға жүгінді; 

      C. Қарыз алушы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі (АИИБ) арасында жасалатын Қарыз туралы келісімге сәйкес АИИБ Бағдарламаны бірлесіп қаржыландыру мақсаты үшін Қарыз алушыға 350 000 000 (үш жүз елу миллион) АҚШ долларына балама сомада қарыз бөледі деп күтілуде; және 

      D. АДБ осы Қарыз туралы келісімде жазылған шарттар мен ережелерде Қарыз алушыға АДБ-ның жай капиталы ресурстарынан қарыз беруге келісімін білдірді; 

      Осы Келісімнің жоғарыда жазылғандарын ескере отырып, осы Қарыз туралы келісімнің тараптары төмендегілер туралы келісті: 

 I БАП 

 Қарыз беру қағидалары; Анықтамалар 

      1.01-бөлім. 2022 жылғы 1 қаңтардағы АДБ-нің Жай операциялар үшін Қарыз беру қағидаларының (бұдан әрі - Қарыз беру қағидалары) барлық ережелері осы арқылы аталған Қарыз туралы келісімге олар осы Қарыз туралы келісімнің мәтінінде толығымен жазылғандай күшпен және қолданыспен, алайда төмендегі өзгерістерді сақтай отырып, қолданылады деп есептеледі: 

      (a) 2.01 (qq) бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды: 

      АДБ, Қарыз туралы келісімде сипатталғандай, Қарыз беруге келіскен бағдарлама бағдарламаны білдіреді және оның сипаттамасы АДБ мен Қарыз алушының арасындағы келісу бойынша мезгіл-мезгіл өзгеруі мүмкін; 

      (b) "Жоба" деген термин Қарыз беру қағидаларында аталатын барлық жерде "Бағдарлама" деген терминмен ауыстырылуға тиіс; 

      (c) 2.01 (ss) бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды: 

      Бағдарлама бойынша атқарушы агенттік, осы Қарыз туралы келісімде көзделгендей, Бағдарламаны орындауға жауапты ұйымды немесе ұйымдарды білдіреді; 

      (d) "Жоба бойынша атқарушы агенттік" деген термин Қарыз беру қағидаларында аталатын барлық жерде "Бағдарлама бойынша атқарушы агенттік" деген терминмен ауыстырылуға тиіс; 

      (e) 6.01(b)-бөлім алып тасталды. 

      1.02-бөлім. Қарыз беру қағидаларында анықтама берілген мына терминдер, егер оларға осы құжатта көрсетілген өзгерістер енгізілмесе немесе мәнмәтін бойынша өзгеше талап етілмесе, осы Қарыз туралы келісімде қолданылған әрбір жағдайда оларда жазылған тиісті мағынаға ие болады. Осы Қарыз туралы келісімде пайдаланылатын қосымша терминдер төмендегідей мағынаға ие: 

      (a) ҚМА Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігін білдіреді; 

      (b) ҚНРДА Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін білдіреді; 

       (c) Бағдарлама шеңберінде Қарыз қаражатынан алынатын және осы Қарыз туралы келісімге 4-қосымшаның 4-тармағында көрсетілген жергілікті валютадағы ақшалай қаражат әріптестік қаржыландыруды білдіреді; 

       (d) осы Қарыз туралы келісімге 3-қосымшаның 2-тармағында көрсетілген шот депозиттік шотты білдіреді; 

      (e) 2022 жылғы, кезең-кезеңмен енгізілген түзетулерімен қоса АДБ-ның қарыз қаражатын игеру жөніндегі анықтамалық Қарыз қаражатын игеру жөніндегі анықтамалықты білдіреді; 

      (f) Қарыз алушының Қаржы министрлігі немесе оның кез келген құқықтық мирасқоры Қаржыминін білдіреді; 

      (g) ҰЭМ Қарыз алушының Ұлттық экономика министрлігін білдіреді; 

      (һ) ҚР ҰБ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін білдіреді; 

      (i) СӘМТ саясатты әзірлеу және мониторингтеу тетігін, сол сияқты саясат матрицасын да біріктіретін және Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген саяси іс-қимылды қамтитын саясатты әзірлеу және мониторингтеу тетігін білдіреді; 

      (j) СӘМТ-де көрсетілгендей, Бағдарлама шеңберінде Қарыз алушы орындаған немесе орындау үшін жоспарлаған, Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген саяси іс-қимылдар Саяси іс-қимылдарды білдіреді; және 

      (k) Қарыз беру қағидаларының мақсаты үшін және мәніне сәйкес Бағдарламаны іске асыруға жауапты Қаржы министрлігі немесе оның АДБ-ға қолайлы кез келген құқықтық мирасқоры Бағдарлама бойынша атқарушы агенттікті білдіреді; және 

      (l) ҚМА, ҚНРДА, ҰЭМ және ҚР ҰБ немесе олардың АДБ-ға қолайлы кез келген құқықтық мирасқоры Бағдарлама бойынша іске асырушы агенттіктерді білдіреді. 

 II БАП 

 Қарыз 

      2.01-бөлім. (а) АДБ Қарыз алушыға АДБ-ның жай капиталы ресурстарынан елу екі миллиард үш жүз отыз бес миллион екі жүз жетпіс төрт мың жеті жүз жетпіс екі йен (52 335 274 722 JPY) сомасына қарыз қаражатын беруге келіседі, оның үстіне бұл сома осы Қарыз туралы келісімнің 2.06-бөлімінің ережелеріне сәйкес валюта конвертациялау шеңберінде кезең-кезеңімен конвертацияланып отыруы мүмкін. 

      (b) Қарыз 12 (он екі) жыл негізгі өтеу кезеңін және осы бөлімнің (с) тармағында айқындалған жеңілдікті кезеңді болжайды. 

       (c) Осы бөлімнің (b) тармағында пайдаланылатын "жеңілдікті кезең" деген термин осы Қарыз туралы келісімге 2-қосымшада жазылған өтеу кестесіне сәйкес негізгі борышты өтеудің бірінші күнінің алдындағы кезеңді білдіреді. 

      2.02-бөлім. Қарыз алушы АДБ-ға Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасына әрбір пайыздық кезеңнің мөлшерлемесі бойынша кезең-кезеңімен: 

      (a) TONA; және 

      (b) Қарыз беру қағидаларының 3.03-бөліміне сәйкес 0,10% шегергенде Қарыз беру қағидаларының 3.02-бөліміне сәйкес 0,60% сомасына тең пайыздар төлейтін болады. 

      2.03-бөлім. Қарыз алушы резервке қойғаны үшін жылдық 0,15% мөлшерінде комиссия төлейді. Бұл комиссия осы Қарыз туралы келісімге қол қойылған күннен кейін 60 (алпыс) күн өткен соң Қарыздың толық сомасына (кезең-кезеңімен алынған сомаларды алып тастағанда) есепке жатқызылатын болады. 

      2.04-бөлім. Қарыздар бойынша пайыздар мен өзге де төлемдер жарты жылда бір рет, әрбір жылдың 1 маусымы мен 1 желтоқсанында төленуге тиіс. 

      2.05-бөлім. Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімге 2-қосымшаның ережелеріне сәйкес қарыз шотынан алынған Қарыздың негізгі сомасын төлейді. 

      2.06-бөлім. (а) Қарыз алушы борышты ұтымды басқаруды қамтамасыз ету мақсатында кез келген уақытта Қарыз шарттарының төмендегідей кез келген конвертацияларын: 

      (і) Қарыздың бүкіл негізгі сомасының немесе оның алынған және өтелмеген, сол сияқты алынбаған кез келген бөлігінің валютасын бекітілген валютаға өзгертуді; 

      (іі) Қарыздың бүкіл негізгі сомасына, сол сияқты оның алынған және өтелмеген кез келген бөлігіне қолданылатын базалық пайыздық мөлшерлемені құбылмалы пайыздық мөлшерлемеден тіркелген мөлшерлемеге немесе керісінше өзгертуді; және 

      (ііі) Қарыздың бүкіл негізгі сомасына, сол сияқты оның алынған және өтелмеген кез келген бөлігіне қолданылатын құбылмалы пайыздық мөлшерлемеге көрсетілген құбылмалы пайыздық мөлшерлеменің ең жоғары не ең төмен шамасын белгілеу арқылы лимиттерді белгілеуді сұратуға құқылы. 

      (b) Осы бөлімнің (а) тармағына сәйкес сұрау салынған, АДБ мақұлдаған кез келген конвертациялау Қарыз беру қағидаларының 2.01 (е)-бөлімінің анықтамасы бойынша конвертациялау болып есептеледі және Қарыз беру қағидаларының V бабының және Конвертациялау жөніндегі нұсқаудың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. 

 III БАП 

 Қарыздардың қаражатын пайдалану 

      3.01-бөлім. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Қарыз туралы келісімнің ережелеріне сәйкес Бағдарлама бойынша шығындарды қаржыландыруға пайдалануды қамтамасыз етеді. 

       3.02-бөлім. Қарыз қаражаты осы Қарыз туралы келісімге 3-қосымшаның ережелеріне сәйкес алынады, оған Қарыз алушы мен АДБ арасындағы келісу бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін. 

      3.03-бөлім. Қарыз беру қағидаларының 9.02-бөлімінің мақсаттары үшін қарыз шотынан қаражатты алу үшін 2024 жылғы 31 желтоқсан не Қарыз алушы мен АДБ-ның арасында мезгіл-мезгіл келісілуі мүмкін басқа күн жабу күні болып есептеледі. 

 IV БАП 

 Ерекше жағдайлар 

      4.01-бөлім. Бағдарламаны іске асыру процесінде Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімге 4-қосымшада жазылған барлық міндеттемені орындайды не орындайтын болады. 

      4.02-бөлім. Қарыз алушы Қарыз беру қағидаларының 7.01 және 7.04-бөлімдерінде көрсетілген есептілік пен ақпаратты беру шеңберінде АДБ тарапынан негізді түрде сұрау салынған: (а) әріптестік қаржыландыру мен оны пайдалануға; және (b) мақсаттарға қол жеткізілуін және саяси іс-қимылдың орындалуын қоса алғанда, Бағдарламаны іске асыруға қатысты барлық есептілік пен ақпаратты АДБ-ға береді не олардың берілуін қамтамасыз етеді. 

 V БАП 

 Күшіне енуі 

      5.01-бөлім. Осы Қарыз туралы келісімге қол қойылған күннен соң 90 (тоқсан) күн өткеннен кейінгі күн Қарыз беру қағидаларының 10.04-бөлімінің мақсаты үшін Қарыз туралы келісімнің күшіне енген күні болып есептеледі. 

 VI БАП 

 Өзге ережелер 

      6.1 1-бөлім. Қарыз алушының Қаржы министрі Қарыз беру қағидаларының 12.02-бөлімінің мақсаты үшін Қарыз алушының өкілі ретінде әрекет етеді. 

      6.2 2-бөлім. Төмендегі деректемелер Қарыз беру қағидаларының 12.01-бөлімінің мақсаты үшін көрсетілген: 

      Қарыз алушы үшін 

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 

      Қазақстан Республикасы 

      Астана, 010000 

      Мәңгілік ел даңғылы, 8 

      Факс: +7-7172-75-03-52 

      АДБ үшін 

      Азия Даму Банкі 

      АБР авеню, 6 

      Мандалуйонк қаласы 

      1550 Манила Метросы 

      Филиппин 

      Факс нөмірі: (63-2) 8636-2444 

      Жоғарыда жазылғандарды растау үшін осы Келісімнің Тараптары атынан олардың уәкілетті өкілдері осы Қарыз туралы келісімге жоғарыда көрсетілген күні және жылы тиісті қолтаңбалар қоюды және оны АДБ-ның штаб-пәтеріне жеткізуді қамтамасыз етті. 

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

      Қолтаңба___________________________ 

 

 

 (Т.А.Ә. және лауазымы) 

      АЗИЯ ДАМУ БАНКІ 

      Қолтаңба___________________________ 

 

 

 (Т.А.Ә. және лауазымы) 

  

1-ҚОСЫМША 

 Бағдарлама сипаттамасы 

      1. Бағдарламаның негізгі міндеті - сыртқы сілкіністерге макроэкономикалық және қаржылық осалдылықты төмендету. Бағдарламалық тәсіл екі кіші бағдарламаны қамтиды және Бағдарлама бірінші кіші бағдарлама болып табылады. Бағдарлама: (а) фискалдық орнықтылықты арттыруды, ұйымдастыруды, ашықтықты және басқару қағидаттарын жақсартуды; және (b) банк секторы мен капитал нарықтарын дамытуды қолдауды қамтиды. Бағдарламаның неғұрлым толық сипаттамасы Даму саясаты туралы хатта және СӘМТ-де неғұрлым толық ұсынылған. 

      2. Бағдарлама 2023 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша аяқталған деп есептеледі. 

  

2-ҚОСЫМША 

 Өтеу графигі 

      1. Төмендегі кестеде Қарыз бойынша негізгі борышты өтеу күндері және негізгі борышты өтеудің әрбір күні төленуге тиіс Қарыздың жалпы негізгі сомасының пайызы (кезекті жарна) көрсетілген. Егер Қарыз қаражаты негізгі борыш өтелетін бірінші күнде толық көлемде игерілетін болса, Қарыз алушының негізгі борыш өтелетін әрбір күнінде төлеуге жататын Қарыздың негізгі сомасын АДБ: (а) негізгі борыш өтелетін бірінші күнде алынған және өтелмеген Қарыздың жалпы негізгі сомасын; (b) негізгі борыш өтелетін әрбір күн үшін кезекті жарнаға көбейту арқылы айқындайтын болады, бұл ретте мұндай өтеу сомасы валютаны конвертациялау қолданылатын, осы қосымшаның 4-тармағында көрсетілген кез келген сомаларды шегеру ескеріле отырып, қажет болған кезде түзетілетін болады. 

Төлем күні 

Кезекті жарна (%-бен көрсетілген) 

2027 жылғы 1 маусым 

2027 жылғы 1 желтоқсан 

2028 жылғы 1 маусым 

2028 жылғы 1 желтоқсан 

2029 жылғы 1 маусым 

2029 жылғы 1 желтоқсан 

2030 жылғы 1 маусым 

2030 жылғы 1 желтоқсан 

2031 жылғы 1 маусым 

2031 жылғы 1 желтоқсан 

2032 жылғы 1 маусым 

2032 жылғы 1 желтоқсан 

2033 жылғы 1 маусым 

2033 жылғы 1 желтоқсан 

2034 жылғы 1 маусым 

2034 жылғы 1 желтоқсан 

2035 жылғы 1 маусым 

2035 жылғы 1 желтоқсан 

2036 жылғы 1 маусым 

2036 жылғы 1 желтоқсан 

2037 жылғы 1 маусым 

2037 жылғы 1 желтоқсан 

2038 жылғы 1 маусым 

2038 жылғы 1 желтоқсан 

Барлығы 

100 

  

      2. Егер Қарыз қаражаты негізгі борыш өтелетін бірінші күнге дейін толық көлемде игерілмесе, онда Қарыз алушы негізгі борыш өтелетін әрбір күні төлеуге жататын тиісінше жағдайда, Қарыздың негізгі сомасы мынадай түрде айқындалатын болады: 

      (a) негізгі борыш өтелетін бірінші күні игерілуге тиісті, тиісінше жағдайда, Қарыздың кез-келген қаражатын Қарыз алушы осы қосымшаның 1-тармағына сәйкес осындай күні алынған және өтелмеген соманы төлеуге тиіс болады; және 

      (b) негізгі борыш өтелетін бірінші күннен кейін жүргізілген кез келген қаражат алу осы қаражат алу күнінен кейін келетін негізгі борыш өтелетін әрбір күні АДБ әрбір қаражат алу сомасын бөлшекке көбейту арқылы айқындаған сомада өтелуге жатады, алымы негізгі борыш өтелетін (бастапқы кезекті жарна) жоғарыда аталған күн үшін осы қосымшаның 1-тармағындағы кестеде көрсетілген бастапқы кезекті жарна болып табылады, ал бөлімі осы күнге немесе одан кейін келетін негізгі борыш өтелетін күндер үшін барлық қалған бастапқы кезекті жарналар сомасы болып табылады, бұл ретте осы төлемдердің сомалары қажет болған кезде валюта конвертациялау қолданылатын осы қосымшаның 4-тармағында көрсетілген кез келген сомаларды шегеру үшін түзетілетін болады. 

      3. Негізгі борыш өтелетін кез келген күні төлеуге жататын негізгі сомаларды есептеу мақсатында ғана негізгі борыш өтелетін кез келген күнге дейін күнтізбелік 2 ай ішінде алынған қаражатты, қаражат алынған күннен кейін негізгі борыш өтелетін екінші күнде алынған және өтелмеген деп есептеу керек және бұл сома қаражат алынған күннен кейін негізгі борыш өтелетін екінші күннен бастап негізгі борыш өтелетін әрбір күнде өтелуге жатады. 

      4. Осы қосымшаның 1 және 2-тармақтарының ережелеріне қарамастан, Қарыздың барлық негізгі алынған сомаларының немесе оның кез келген бөлігінің валютасын бекітілген валютаға конвертациялау кезінде конвертациялау кезеңі ішінде негізгі борыш өтелетін кез келген күнде өтелуге жататын жоғарыда аталған бекітілген валютаға конвертацияланған қаражат сомасын АДБ тікелей жоғарыда аталған конвертациялау алдында оны деноминациялау валютасындағы осындай соманы не (а) жоғарыда аталған конвертациялауға жататын, валюталық хеджирлеуді транзакциялау шеңберінде АДБ-ға төленуге жататын соманы көрсетілген бекітілген валютада көрсететін валюта айырбастау бағамына; не (b) конвертациялау жөніндегі нұсқауға сәйкес АДБ-ның шешімі бойынша белгіленген мөлшерлемедегі валюта конвертациялау бағамының құрамдауышына көбейту арқылы айқындайтын болады. 

      5. Егер Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасы Қарыздың бірден артық валютасында кезең-кезеңімен номинацияланатын болса, осы қосымшаның ережелері әрбір осындай сомалар үшін жекелеген өтеу графигін әзірлеу мақсатында Қарыздың әрбір валютасында номинацияланған сомаларға жеке-жеке қолданылуға тиіс. 

  

3-ҚОСЫМША 

 Қарыз қаражатын алу 

      1. Осы қосымшада көрсетілгенді қоспағанда немесе егер АДБ өзгеше келіспесе, қарыз қаражаты Қарыз қаражатын игеру жөніндегі АДБ нұсқауына сәйкес игерілетін болады. 

      2. (а) АДБ-ға қарыз шотынан қаражат алуға арналған бірінші өтінімді бергенге дейін Қарыз алушы ҚР ҰБ-де қарыз шотынан алынған барлық қаражат сақталатын шот (депозиттік шот) тағайындайды. Депозиттік шот Қарыз алушының қолданып жүрген ережелері мен рәсімдеріне сәйкес құрылады, басқарылады және жабылады. 

      (b) Депозиттік шот бойынша жеке есептілік пен құжаттама АДБ үшін қолайлы қаржылық есептілік қағидаттарына сәйкес жүргізіледі. АДБ сұрау салуын алған кезде Қарыз алушы халықаралық аудит стандарттарына немесе АДБ үшін қолайлы олардың ұлттық баламасына сәйкес біліктілігі, тәжірибесі мен өкілеттік шеңбері АДБ үшін қолайлы тәуелсіз аудиторлардың депозиттік шоттың қаржылық есептілігінің аудиторлық тексеруін ұйымдастырады. Аудиторлық тексеруден өткен осындай қаржылық есептердің куәландырылған көшірмелері және осы қаржылық есептер бойынша аудиторлардың қорытындылары дайындалғаннан кейін бірден, бірақ кез келген жағдайда АДБ сұрау салған күннен кейін 6 айдан кешіктірмей, ағылшын тілінде АДБ-ға ұсынылуға тиіс. 

      3. Қарыздардың ешбір қаражаты осы қосымшаға толықтыруда көрсетілген атауларды қаржыландыру үшін алынбауға тиіс. 

      4. Осы Қарыз туралы келісімнің ережелеріне қарамастан және АДБ-мен өзге де ықтимал келісімдерді қоспағанда, қарыз шотынан (а) Қарыз алушы Қарыз қаражатын шығару үшін қажетті саяси іс-қимылды сақтаған; және (b) бұл саяси іс-қимылдың қолданылуы жалғасатын жағдайда ғана қарыз алу жүргізіледі. 

  

3-қосымшаға толықтыру 

 Ерекшеліктер тізімі 

      Төмендегілерге катысты қарыз қаражатын алу жүргізілмейтін болады: 

      (i) БҰҰ-ның Халықаралық стандартты сауда сыныптамасының мына топтарына немесе кіші топтарына, 3-басылым (кесте) немесе АДБ-ның Қарыз алушыға хабарламасында көрсетілетіндей, БҰҰ-ның Халықаралық стандартты сауда сыныптамасындағы одан әрі енгізілетін өзгерістерінде көзделген қандай да бір топқа не кіші топқа енгізілген тауарларға байланысты шығыстар: 

       Кесте: Құқыққа сыйымсыз баптар 

Тарау 

Тақырыбы 

Баптар сипаттамасы 

112 

 

 

Алкогольдік ішімдіктер 

121 

 

 

Өңделмеген темекі; темекі өндірісінің қалдықтары 

122 

 

 

Өңделген темекі (темекі алмастырғыштарды қамтитын немесе қамтымайтын) 

525 

 

 

Радиоактивті және онымен байланысты материалдар 

667 

 

 

Меруерт, өңделмеген және өңделген бағалы және жартылай бағалы тастар 

718 

718.7 

Ядролық реакторлар және олардың жинақтауыштары; ядролық реакторлар үшін радиация шығармайтын отын элементтері (картридждер) 

728 

728.43 

Темекі дайындауға немесе өңдеуге арналған жабдық 

897 

897.3 

Алтын, күміс немесе платина тобының металдарынан жасалған зергерлік бұйымдар (қол сағаттар мен қол сағаттарға арналған корпустарды қоспағанда) және алтын немесе күміс бұйымдар (асыл тастарды қоса алғанда) 

971 

 

 

Ақшалай емес алтын (алтын кеніші мен концентраттарды қоспағанда) 

      Дереккөз: БҰҰ Халықаралық стандартты сауда сыныптамасы, 3-басылым 

      (ii) АДБ-ның кез келген қарыздары немесе гранттары шеңберінде қаржыландырылатын кез келген келісімшарттарды қоса алғанда, кез келген ұлттық немесе халықаралық қаржы ұйымы немесе агенттік тарапынан қаржыландыру жүргізілген немесе ол келісілген келісімшарттар негізінде берілген тауарларға байланысты шығыстар; 

      (iii) әскери немесе жартылай әскери мақсаттағы тауарларға немесе сән-салтанат бұйымдарына байланысты шығыстар; 

      (iv) есірткіге арналған шығыстар; 

      (v) өндіру, пайдалану немесе импорты Қарыз алушының заңнамасына немесе Қарыз алушы қосылған халықаралық келісімдерге сәйкес тыйым салынған экологиялық қауіпті тауарларға арналған шығыстар; және 

      (vi) Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының VII Тарауына сәйкес қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес Қарыз алушы тыйым салған төлемдерге байланысты шығыстар. 

  

4-ҚОСЫМША 

 Бағдарламаны іске асыру және басқа да мәселелер 

      Іске асыру тетіктері 

      1. Қаржымині Бағдарлама бойынша атқарушы агенттік ретінде Бағдарламаның жалпы іске асырылуына жауапты болады. Бағдарлама бойынша іске асырушы агенттіктер Бағдарламаның тиісті бағыттарын күнделікті іске асыруға жауапты болады. 

      Саяси іс-қимыл және диалог 

      2. Қарыз алушы Бағдарлама шеңберінде қабылданған барлық саяси іс-қимылды Бағдарламалық тәсілдің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде қолданыста болуын қамтамасыз етеді. 

      3. Қарыз алушы АДБ-ға Бағдарламаны іске асыру үшін салдары болуы мүмкін көмек көрсету жөніндегі басқа көпжақты және екіжақты агенттіктермен саяси іс-қимылды талқылау барысы туралы хабарлайды және АДБ-ға саясат бойынша олардан туындайтын барлық ұсынысқа түсініктеме беруге мүмкіндік береді. Қарыз алушы кез келген осындай ұсыныс түпкілікті бекітілгенге және іске асырылғанға дейін АДБ-ның пікірін назарға алады. 

      Әріптестік қаржыландыруды пайдалану 

      4. Қарыз алушы Бағдарлама мақсаттарына сәйкес келетін белгілі бір бағдарламалар мен іс-шаралардың іске асырылуын қаржыландыру үшін әріптестік қаржыландыруды пайдалануды қамтамасыз етеді. 

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және басшылыққа алынатын әдістер 

      5. Қарыз алушы, Бағдарлама бойынша атқарушы агенттік және Бағдарлама бойынша іске асырушы агенттіктер: (а) АДБ-ның тиісті күнге өзгерістерімен 1998 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын сақтауды қамтамасыз етеді және АДБ тікелей немесе өзінің агенттері арқылы Бағдарламаға қатысы бар сыбайлас жемқорлық, алаяқтық әрекеттер, сөз байласу немесе сөз байласуға мәжбүрлеудің кез келген болжамды жағдайларына тергеп-тексеру жүргізу құқығын өзінде қалдыратынын; және (b) кез келген осындай тергеп-тексеру шеңберінде ынтымақтастықты таниды және осындай тергеп-тексерудің қанағаттанарлықтай аяқталуы үшін барлық қажетті көмекті көрсетеді. 

      Мониторинг және есептілік 

      6. Қарыз алушы Бағдарлама бойынша атқарушы агенттік және Бағдарлама бойынша іске асырушы агенттіктер арқылы АДБ-ға Бағдарламаның мақсаттары мен іске асырылуына әсер етуі мүмкін, тиісті агенттіктердің жүргізуіндегі барлық байланысты зерттеулерді, қаулыларды, бұйрықтарды, қағидалар мен нормаларды талдауға және оларға түсініктеме беруге мүмкіндік береді. 

      Осымен 2024 жылғы 23 тамызында Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Жай операциялар) (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы - 1-кіші бағдарлама) осы аудармасы ағылшын тілдегі мәтініне сәйкес келетінін куәландырамын. 

      Қазақстан Республикасы 

 

Қаржы министрлігі Құжат айналымы 

департаментінің Құжаттарды редакциялау 

және лингвистикалық сараптау 

 

басқармасы басшысы 

Н. Шахарбаева 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Қазақстан Республикасы мен Сауд Даму Қоры арасындағы, 2000 жылғы 1 қарашаға сәйкес келетін, Қыжыраның 1421 жылғы Шабан айының 5 күні жасалған заем туралы келісімді ("Қарағанды-Астана жолының" жобасы) бекіту туралы

Қазақстан Республикасы мен Сауд Даму Қоры арасындағы, 2000 жылғы 1 қарашаға сәйкес келетін, Қыжыраның 1421 жылғы Шабан айының 5 күні жасалған заем туралы келісімді ("Қарағанды...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту жобасы) және Қазақстан Республикасы мен Ғаламдық экологиялық қордың атқарушы ұйымы ретінде қатысушы Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Траст-қордың гранты туралы келісімді (Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту жобасы) ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту жобас...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Дағдарысқа қарсы қолдау жөнініндегі бағдарлама) ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Дағдарысқа қарсы қолдау жөнініндегі бағдарлама) ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының 20...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (Заемшы ретінде) мен Кореяның Экспорт-Импорт Банкі (Кредитор ретінде) арасындағы 3 400 000 АҚШ доллары сомасына заем туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (Заемшы ретінде) мен Кореяның Экспорт-Импорт Банкі (Кредитор ретінде) арасындағы 3 400 000 АҚШ доллары сомасына заем туралы келісім...

Толық оқу »

Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығын және Балаларды оңалту орталығын қаржыландыруға қатысуға Қазақстан Республикасы мен Ислам Даму Банкi арасындағы заем туралы келiсiмдi бекiту туралы

Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығын және Балаларды оңалту орталығын қаржыландыруға қатысуға Қазақстан Республикасы мен Ислам Даму Банкi арасындағы заем туралы келiсiмд...

Толық оқу »

31-бап. Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілгерліктерді ұсыну Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы

31-бап. Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілгерліктерді ұсынуӨнеркәсіптік саясат туралы Заңы      1. Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілгерліктерді...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму банкi арасындағы Қарыз туралы (Сумен жабдықтау жөнiндегi пилоттық жоба) 1997 жылғы 24 қаңтардағы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму банкi арасындағы Қарыз туралы (Сумен жабдықтау жөнiндегi пилоттық жоба) 1997 жылғы 24 қаңтардағы келiсiмдi бекiту т...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы "Автожол саласын (Атырау-Ақтау) қайта құрылымдау" қарызы туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы "Автожол саласын (Атырау-Ақтау) қайта құрылымдау" қарызы туралы келісімді бекіту туралыҚазақстан Респуб...

Толық оқу »

233-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып кредит, қарыз алу не оларды пайдалану, мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының қарыз шартында белгіленген мерзімде игерілмеуі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

233-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып кредит, қарыз алу не оларды пайдалану, мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының қарыз шартында белгіленген мерзімде игері...

Толық оқу »

Ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру туралы комиссияның хаттамалық шешімін заңсыз деп тану туралы

Ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру туралы комиссияның хаттамалық шешімін заңсыз деп тану туралы№6001-23-00-6ап/1432 14.11.2023 ж.Талапкер: "Банк"АҚ еншілес ұйымы...

Толық оқу »

233-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, кредит, қарыз алу не пайдалану

233-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, кредит, қарыз алу не пайдалану...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Дамыту Банкi арасындағы займ (Қазынашылықты жаңғырту жобасы) туралы 1996 жылғы 22 тамыздағы келiсiмдi бекiту туралы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Дамыту Банкi арасындағы займ (Қазынашылықты жаңғырту жобасы) туралы 1996 жылғы 22 тамыздағы келiсiмді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Дамыту Банкi арасындағы займ (Қазынашылықты жаңғырту жобасы) туралы 1996 жылғы 22 тамыздағы келiсiмдi бекiту туралы Қаза...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасы) ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасы) ра...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 8156-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Шығыс – Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы – Қорғас учаскесі): Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 8156-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Шығыс – Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы – Қорғас...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы Несие жөнiндегi келiсiмдi (Арнайы операциялар) (Су қорларына иелiк жасау және жердi қалпына келтiрудi басқару жобасы) бекiту туралы

Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы Несие жөнiндегi келiсiмдi (Арнайы операциялар) (Су қорларына иелiк жасау және жердi қалпына келт...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру жобасы) ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру жобасы) ратификациялау...

Толық оқу »

119-2-бап. Ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша талап ету құқығын беру ерекшелiктерi Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы

119-2-бап. Ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша талап ету құқығын беру ерекшелiктерi Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы -Алынып тасталд Қазақстан Республикасының Заңымен ы 2025 ж...

Толық оқу »

14-1-бап. Синдикатталған қарыз шартының ерекшеліктері  Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы Заңы

14-1-бап. Синдикатталған қарыз шартының ерекшеліктеріЖобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы Заңы      1. Синдикатталған қарыз шарты бойынша бірнеше кредитор (бұдан...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 23 маусымдағы Несие жөнiндегi келiсiмдi (Ауыл шаруашылығына жекешелендiруден кейiнгi қолдау жасау жобасы) бекiту туралы Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы Заңы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 23 маусымдағы Несие жөнiндегi келiсiмдi (Ауыл шаруашылығына жекешелендiруден кейiнгi қо...

Толық оқу »

211-2-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның бұзуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

211-2-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкі арасындағы "Астана қаласын сумен жабдықтау және оның кәрізі" жобасы жөніндегі қарыз туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкі арасындағы "Астана қаласын сумен жабдықтау және оның кәрізі" жобасы жөніндегі қарыз туралы келісімд...

Толық оқу »

Борышкердің банктік қарыз шарты бойынша қайтыс болуы кепіл шарты бойынша мүліктік кепілгердің міндеттемелерін тоқтатпайды

Борышкердің банктік қарыз шарты бойынша қайтыс болуы кепіл шарты бойынша мүліктік кепілгердің міндеттемелерін тоқтатпайдыТ.сотқа "Н" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – ақ), "Б"...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңғырту және Дамыту банкi арасындағы Займ (Суландыру мен құрғату жүйелерiн жетiлдiру жобасы) туралы 1996 жылғы 25 маусымдағы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңғырту және Дамыту банкi арасындағы Займ (Суландыру мен құрғату жүйелерiн жетiлдiру жобасы) туралы 1996 жылғы 25 маусымдағы келi...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 23 ақпандағы Заем туралы келiсiмдi (Кәдiмгi операциялар) (Базалық бiлiм беру жобасы) бекiту туралы Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы Заңы

Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 23 ақпандағы Заем туралы келiсiмдi (Кәдiмгi операциялар) (Базалық бiлiм беру жобасы) бекiту туралы Қазақстан Р...

Толық оқу »

723-бап. Заем нысанасын мерзiмiнен бұрын қайтару туралы талапты қанағаттандыру мерзімі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

723-бап. Заем нысанасын мерзiмiнен бұрын қайтару туралы талапты қанағаттандыру мерзімі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Заем берушi 720-баптың З-тармағында, 721-б...

Толық оқу »

Автокөліктің кепілімен банктік қарыз шарты бойынша борышты өндіріп алу туралы банктің талап арызына кері қайтарып алу бланкі

Автокөліктің кепілімен банктік қарыз шарты бойынша борышты өндіріп алу туралы банктің талап арызына кері қайтарып алу бланкіАлматы қаласы Бостандық аудандық сотына...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Оңтүстік - Батыс жол дәлізі жобасы ("Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі) ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Оңтүстік - Батыс жол дәлізі жобасы ("Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық тр...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы) ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы) ратификациялау туралыҚазақстан Р...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама) ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіш...

Толық оқу »

Банктік қарыз бойынша берешек сомасын өндіріп алу жөніндегі сырттай шешімнің күшін жою

Банктік қарыз бойынша берешек сомасын өндіріп алу жөніндегі сырттай шешімнің күшін жою2015 жылғы " 14 " желтоқсанда Алматы қаласы Алмалы ауданының № 2 аудандық соты төрағалық...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкінің арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәріз салалық жобасы) бекіту туралы

Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкінің арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәріз салалық жобасы) бекіту туралыҚ...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы қарыз (Нұра өзенiн тазарту жобасы) туралы келісімдi бекіту туралы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы қарыз (Нұра өзенiн тазарту жобасы) туралы келісімдi бекіту туралыҚазақстан Республикасының 2004 жы...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] ["Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарлама - 1-жоба) ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] ["Батыс Еуропа - Батыс Қыта...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы № 2967-KАZ Қарыз туралы келісімге (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 2 Дәліз инвестициялық бағдарламасы [Маңғыстау облысындағы учаскелер] – 2-жоба) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы № 2967-KАZ Қарыз туралы келісімге (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 2 Дәліз инвестициялық бағдарламасы [Маңғыстау облысындағы учас...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу жөніндегі жоба) ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды бе...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: "Батыс Еуропа - Батыс Қы...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) № 2 түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа -...

Толық оқу »

Банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап арызға кері қайтарып алу

Банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап арызға кері қайтарып алуЖезқазған қалалық сотынаСудья Ешмағанбет А. Д.жауапкерден: А. Б. А.ЖСН .....Ұ облысы., г...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] [Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарлама - 3-жоба) ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] [Батыс Еуропа - Батыс Қытай...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы заем туралы келісімді ("Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (1 фаза)" жобасы) бекіту туралы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы заем туралы келісімді ("Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақ...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ислам Даму Банкi арасындағы Қазақстанда Қарағанды облысының ауылды сумен жабдықтау жобасы үшiн қарыз туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ислам Даму Банкi арасындағы Қазақстанда Қарағанды облысының ауылды сумен жабдықтау жобасы үшiн қарыз туралы келiсiмдi бекiту туралыҚазақс...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Ислам Даму Банкі арасындағы Алматы-Гүлшат жолының жобасына арналған заем туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы мен Ислам Даму Банкі арасындағы Алматы-Гүлшат жолының жобасына арналған заем туралы келісімді бекіту туралыҚазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 30...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінің арасындағы "Астана қаласын сумен жабдықтау және оның кәрізі" жобасын жүзеге асыру үшін қарыз алу туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінің арасындағы "Астана қаласын сумен жабдықтау және оның кәрізі" жобасын жүзеге асыру үшін қарыз алу туралы ноталар алмасу...

Толық оқу »

728-бап. Банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың және синдикатталған қарыз шартының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

728-бап. Банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың және синдикатталған қарыз шартының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Банктік қарыз шар...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Макроэкономикалық басқару және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру саласындағы даму саясатын қаржыландыру бойынша бірінші кредит) ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Макроэкономикалық басқару және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыр...

Толық оқу »

Банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді қараудың сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 25 қарашадағы № 7 Нормативтік қаулысы.

Банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді қараудың сот практикасы туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 25 қарашадағы № 7 Нормати...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банк арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы жол учаскесі] [Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарлама - 4-жоба) ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банк арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы жол учаскесі] [Батыс Еуропа - Батыс Қыт...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ("Инклюзивті және тұрақты экономикалық өсу" атты даму саясатын қаржыландыруға арналған қарыз) ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жекеше секторға және экономиканы неғұрлым орнықты қалпына келтіруге негізд...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (Қарсы циклдік дамуды қолдау) ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (Қарсы циклдік дамуды қолдау) ратификациялау туралыҚазақстан Республикасының Заң...

Толық оқу »