Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ислам Даму Банкi арасындағы Қазақстанда Қарағанды облысының ауылды сумен жабдықтау жобасы үшiн қарыз туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ислам Даму Банкi арасындағы Қазақстанда Қарағанды облысының ауылды сумен жабдықтау жобасы үшiн қарыз туралы келiсiмдi бекiту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ислам Даму Банкi арасындағы Қазақстанда Қарағанды облысының ауылды сумен жабдықтау жобасы үшiн қарыз туралы келiсiмдi бекiту туралы 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 26 мамырдағы N 555 Заңы 

      Алматыда 2003 жылғы 2 қыркүйекте жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Ислам Даму Банкi арасындағы Қазақстанда Қарағанды облысының ауылды сумен жабдықтау жобасы үшiн қарыз туралы келiсiм бекiтiлсiн. 

      Қазақстан Республикасының       Президентi 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкінің арасындағы Қазақстанда Қарағанды облысының ауылды сумен жабдықтау жобасы үшін қарыз туралы Келісім 

     Қазақстанда Қарағанды облысының ауылды сумен жабдықтау жобасын қаржыландыруға қатысу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметімен Ислам Даму Банкінің арасындағы қарыз туралы  Келісім 

      Қазақстан Республикасының Үкiметi (бұдан әрi "Қарыз алушы" деп аталатын) мен Ислам Даму Банкiнiң (бұдан әрi "Банк" деп аталатын) арасындағы осы Келiсiм құжыраның 1424 жылғы 05/07/ жасалды, ол 2003 жылғы 02/09/ сәйкес келедi.       Мына:       (А) Қарыз алушы Банктен осы Келiсiмнiң II Қосымшасында сипатталған Қазақстанда Қарағанды облысындағы ауылды сумен жабдықтау жобасы (бұдан әрi "Жоба" деп аталады) құнының бөлiгiн қаржыландыру үшiн оған Қарыз беруiн сұрағанын;       (В) Тиiмдi жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру үшiн қарыз беру жолымен Банктiң мүше елдерiне жәрдемдесу Банк мақсаттарының бiрi болып табылатынын;       (С) Жоба техникалық жағынан негiзделген, экономикалық және әлеуметтiк жағынан ақталған болып саналатынын;       (D) Банк, атап айтқанда, жоғары айтылғандардың негiзiнде Қарыз алушыға мына төменде келтiрiлген шарттарда Қарыз беретiнiне келiскенiн Назарға ала отырып;       Жоғарыда айтылғандарды негіздей отырып, тараптар осы Келiсiмде мыналар туралы келiседi: 

I бап Жалпы шарттар, анықтамалар 

      1.01-бөлiм.Жалпы шарттар: Осы Келiсiмнiң Тараптары 1976 жылғы 8 қарашадағы Банктiң қарыздары және кепiлдiктерi туралы келiсiмдерiне қолданылатын Жалпы шарттардың барлық ережелерiн (бұдан әрi "Жалпы шарттар" деп аталады) қабылдайды, егер олар осында қалай толық көрсетiлгендегiдей сияқты болса, сондай күшке және қолданысқа ие болады.       1-02-бөлiм.Анықтамалар: Осы Келiсiмде, егер түпнұсқада өзгеше талап етпесе, анықтамасы "Жалпы шарттарда" берiлетiн бiрсыпыра терминдер, оларда көрсетiлетiн тиiстi мағынаға ие болады, ал мына қосымша терминдердiң мынадай мағыналары болады:       а) "Күшiне ену күнi" Банктiң Қарыз алушыға Келiсiмнiң күшiне енуi туралы жариялаған күнiн бiлдiредi;       (b) "Атқарушы орган" Жобаны iске асыруға, оның жұмыс iстеуiне және басқаруға жауапты атқарушы орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетiн (бұдан әрi "СРК" деп аталады) бiлдiредi;       (с) "Жоба" және осы Жобаның "бөлiгiне" сiлтеме жасау сипаттамасы осы Келiсiмге II қосымшада берiлетiн Жобаны және осы Жобаның бөлiгiн бiлдiредi;       (d) "Ислам динары/ИД" Банктi құру туралы келiсiмнiң 4 (1) (а) Бабында анықталғандай Банктiң есеп айырысу бiрлiгi болып табылады. Бiр ИД Халықаралық валюта қорының бiр Арнайы қарыз алу құқығына бара-бар. 

II бап Қарыз 

      2.01-бөлiм.Сома: Банк Қарыз алушыға өзiнiң әдеттегi қаражатының тек 7,000,000 ИД / - (жетi миллион ислам динары) баламасынан аспайтын соманы ғана беруге келiседi.         2.02-бөлiм. Банк өзгеге келiскен жағдайларды қоспағанда, осы Қарыз қаражаты есебiнен қаржыландыруға көзделген тауарлар мен қызметтерге арналған келiсiм-шарттар Банк белгiлеген рәсiмдерге сәйкес сатып алынады. Осыған байланысты Қарыз алушы Израилдың бойкотына қатысты Ислам конференциясын ұйымдастыру Ережесiн сақтауы тиiс. 

III бап Борышты бөліп-бөліп төлеу, қызмет көрсеткені үшін ақы және төлем жүргізу үшін мекен-жай 

      3.01-бөлiм.Борышты бөлiп-бөлiп төлеу       Қарыз алушы осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап 7 (жетi) жеңiлдiктi кезеңдi қоса алғанда, 25 (жиырма бec) жыл iшiнде осы Келiсiмге 1 (А) қосымшада айтылғандай З6 (отыз алты) тең және дәйектi кезек жарналармен әр жарты жыл сайын Қарыздың негiзгi сомасын төлейдi.         3.02-бөлiм.Қызмет көрсеткенi үшiн ақы       (а) Қарыз алушы Банкке осы Келiсiмге 1 (В) қосымшада айтылған тәртiппен бастапқыда бағаланған 717,990 ИД - (жетi жүз он жетi мың тоғыз жүз тоқсан ислам динары) сомасында Қызмет көрсеткенi үшiн ақы төлейдi.       (b) Осы Келiсiм тараптарының арасында ол туралы осы құжаттың 3.02 (а) бөлiмшесiнде айтылған Қызмет көрсеткенi үшiн ақының бастапқы сомасы осы құжатта көзделгендей өзiне Қарызды iске асыру кезеңiн және толық сомасын төлейтiн кезеңiн қабылдауға негiзделген есеп айырысу ғана болып табылады деген уағдаластық пен түсiнiк орын алады. Бұдан әрi Қызмет көрсеткенi үшiн ақының iс жүзiндегi сомасы жоба iске асырылғаннан кейiн есептелген iс жүзiндегi сома жылына Қарыз сомасының 2.5% (екi бүтiн оннан бiр процентiнен) аспаған жағдайда есептелетiн болады деп келiсiледi.       (с) Қызмет көрсеткенi үшiн ақы осы Келiсiм күшiне енген күннен кейiн есептелетiн болады.         3.03-бөлiм.Төлемдердi жүргiзу үшiн мекен-жайлар       Негiзгi соманы өтеудi қоса алғанда, барлық төлемдер осы мақсаттарға Банк көрсеткен шотқа түскеннен кейiн осындай төлемдер бойынша ақшалай қаражат тиiстi түрде жүргiзiлген болып саналады.              3.04-бөлiм. Осы Келiсiмнiң 3.03-бөлiм ережелерiнiң ортақтығына нұқсан келтiрмей осы Келiсiмнiң шеңберiнде кез келген төлем тиiстi түрде жүргiзiлген болып саналады:       (а) Егер осындай төлем АҚШ долларында жүргiзiлсе және келесi банктердiң бiрi Банкке Банктiң шотына осындай төлемдердi алғанын растаса:       (i) 

Account N 159111                   Шот N 159111 Gulf International Bank (UК)       Галф Интернейшнл Банк (UК) Limited (GIB)                      Лимитед Onе Knightsbridge                  Уан Найтсбридж London SW1X 7XS                    Лондон SW1X 7XS United Kingdom                     Ұлыбритания Telex N 8812261/2 SAUDI G          Телекс N 8812261/2 SAUDI G SWIFT CODE: SINTG2L                КОД СВИФТ: SINTG2L 

      (іі) Account N 10507                    Шот N В 10507 Arab Banking Corporation           Араб Банкинг Корпорейшн P.O.Box: 5698, Manama, Ваhriаn     П/Ж: 5698, Манама, Бахрейн Telex Numbers: 9385. 9431/2/3.     Телекстер нөмiрлерi: 9385, 9442 АВСВАН BN.                    9431/2/3, 9442 АВСВАН BN. 

      (b) Егер осындай төлем стерлинг фунттарында жүргiзiлсе және келесi банк Банктiң шотына осындай төлем алғанын Банкке растаса: 

Account N 122432 GPB 2520 01       Шот N 122432 GPB 2520 01 Gulf International Bank B.S.C.     Галф Интернейшнл Банк 75 King William Street             Кинг Вильям Стрит, 75 Lоndоn EC4N 7DХэ                   Лондон EC4N 7DX United Kingdom                     Ұлыбритания Teleх N 8812889/8813326 GIBANК G   Телекс N 8812889/8813326 SWIFT CODE: GULFGB2L               GIBANK G                                    КОД СВИФТ: GULFGB2L 

      (с) Егер осындай төлем евровалютада жүргiзiлсе және келесi банк Банктiң шотына осындай төлем алғанын Банкке растаса: 

Шот N 096965 001 51                Шот N 096965 001 51 Union De Banques Arabes Et         Юнион Де Араб Эт Франсез (UBAF) Ғrаnсаisеs (UBAF) 92523 Paris. Neuilly Cedex         Париж, Ньюли Седекс, 92523 France                             Франция Telex N 610334 UBAF                Телекс нөмiрi: 610334 UBAF SWIFT CODE: UBAFRPPPXXХ            КОД СВИФТ: UBAFRPPPXXX 

IV бап Қарыз қаражатын алу және пайдалану 

      4.01-бөлiм.Қарыз қаражатын алу       Осы Келiсiмнiң III-қосымшасын және басқа да ережелерiн, Жоба бойынша талап етiлетiн және осы Келiсiм бойынша қаржыландыру үшiн келiсiлген тауарлар мен қызметтердiң дәйектелген құнына қатысты жасалған шығындарға осы Келiсiмде белгiленген мақсаттар үшiн Банктiң Жалпы шарттары мен Төлеу рәсiмдерiн сақтаған жағдайда Қарыз алушы Қарыз сомасын ала алады.         4.02-бөлiм.Бастапқы төлемдi сұрату күнi       Егер Қарыз алушы мен Банктiң арасында келiсiлетiн күшiне ену күнiнен немесе неғұрлым кеш күннен бастап 180 күн iшiнде Қарыз алушы Банкке бiрiншi төлемдi жүзеге асырғаны туралы сұратуды бермесе, онда Банк тиiстi түрде ол туралы Қарыз алушыға хабарлай отырып, осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтата алады.         4.03-бөлiм.Жабылу күнi       2006 жылғы 30 желтоқсан немесе Қарыз алушы мен Банк арасында келiсiлетiн неғұрлым соңғы күн Жалпы шарттардың 6.03-бөлiмiнiң мақсаты үшiн Қарыз қаражатын алудың Жабылу күнi болып табылады.         4.04-бөлiм.Қарыз қаражатын пайдалану       Қарыз алушының Қарыз шотынан алатын барлық сомасы Банк қаржыландыратын Жобаның мақсаты үшiн ғана пайдаланылатын болады. 

V бап Жобаны орындау 

      5.01-бөлiм.Қарыз алушы:       (а) Жобаны тиiсiнше адал пиғыл танытып әрi тиiмдi орындауға, оның операцияларын жүргiзуге және Атқарушы орган арқылы бiлiктi және тәжiрибелi басшылық құрам мен персоналдың жетекшiлiгiмен тиiсiнше әкiмшiлiк, қаржылық, инженерлiк және экономикалық практикаға сәйкес және инвестициялау кестесiне, бюджетке, Банкке қарауға берiлген және Банк бекiткен Жобаның жоспарлары мен техникалық шарттарына сәйкес iс-қимыл жасауға;       (b) Банкке оны бекiтуге бюджетте, жоспарларда және жобаның техникалық шарттарында көзделген кез келген маңызды өзгерiстердi, сондай-ақ жобаны орындауға қатысы бар қызмет көрсетулерге немесе тауарларды сатып алуға қандай да бiр келiсiм шартқа кез келген елеулi өзгерiстердi негiздемелi түрде Банк сұрай алатындай егжей-тегжейлi түрде беруге мiндеттенедi.         5.02-бөлiм. Осы Келiсiм бойынша қандай да болмасын өзiнiң өзге де мiндеттемелерiне ешқандай да ескертпесiз немесе шектеулерсiз Қарыз берушi Банкке Жобаны орындауға қатысы бар қызметтер көрсету немесе тауарлар сатып алу жөнiнде қандайда бiр келiсiмшартта көзделген қандай да бiр елеулi өзгерiстерге немесе қандай да бiр мерзiмiн ұзартуға түсiнiктемеге жеткiлiктi ақылға қонымды шекте уақыт бередi. 

VI бап Банк қаражатты төлегенге дейін алдын ала қойылатын қосымша талаптар 

      Қарыз алушы қаражатты алуға бiрiншi өтiнiм бергенге дейiн осы Келiсiмнiң 2.02 және 7.02-Бөлiмдерiне сәйкес бәсекелес саудаластық үшiн сақтауға немесе оның сақталуын қамтамасыз етуге қажет оған ұсынылған рәсiмдi көрсетуi керек. 

VII бап Жекелеген уағдаластықтар 

      7.01-бөлiм. Қарыз алушы жергiлiктi валютадағы шығындарды және Банктi қанағаттандырушы шарттарда Жобаны орындау үшiн талап етiлетiн қаражаттардың артық шығынын қоса алғанда, барлық сома талап етiлгенде дереу қамтамасыз етедi.         7.02-бөлiм. Банк өзге де келiскен жағдайларды қоспағанда, Қарыз алушы мынадай түрде Жобаны орындау үшiн осы Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық келiсiм-шарттарды жасайды:       (а) Алдын ала жобалау және зерттеулердiң кешендi пакеттерiн, егжей-тегжейлi тәптiштелген жоспарын және құрылысты бақылауды қоса алғанда, консультациялық қызмет көрсетулердi сатып алуды ИДБ-ға мүше елдерден бiлiктi консультанттардың түпкiлiктi тiзiмiне енген консультанттардың iшiнен iрiктелген консультанттар ұсынатын болады.       (b) Құрылыс-азаматтық жұмыстарды (құрылыс-азаматтық жұмыстардың кешендi пакеттерiн, жабдықтарды жеткiзу және орнатуды қамтитын) сатып алу алдын ала бағаланған және ИДБ-ға мүше елдер шектейтiн Халықаралық бәсеке сауда (ХБС) жолымен iрiктелген Мердiгерлерден сатып алынатын болады.       (с) Қаржы аудитi қызметiн сатып алу Қаржы аудитiн сатып алу Iшкi бәсеке сауда (IБС) жүргiзу жолымен қамтамасыз етiлетiн болады. Қазақстанда өз офисi бар немесе жергiлiктi аудиторлармен бiрiккен офисi бар халықаралық компаниялар қаржылық аудит жүргiзу үшiн тендерге қатысуға жiберiлуi мүмкiн.       Қарыз алушы құны жүз елу мың ислам динары (150,000 ИД) баламасынан асатын кез келген келiсiм-шартты жасау үшiн банктiң алдын ала мақұлдауына қол жеткiзетiн болады.         7.03-бөлiм. Қарыз алушы Жобаның әзiрленiмдерiн, жоспарларын және техникалық шарттарын, оның орындалу кестесiн және Банк мерзiмдi сұрай алатын осындай егжей-тегжейлер де, кейiнiрек оған енгiзiлген кез келген мәндi өзгерiстер мақұлдағаннан кейiн дереу Қарыз алушы Банкке бередi.         7.04-бөлiм. Қарыз алушы Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын тауарларды анықтау және Жобада оларды пайдалану туралы мәлiметтер ұсыну үшiн, Жобаны орындау барысы туралы есеп үшiн және бухгалтерлiк есептiң жалпы қабылданған практикасына сәйкес Атқарушы органның операциялары мен қаржылық ахуалын көрсету үшiн жеткiлiктi есеп құжаттарын жасайды және жүргiзедi.         7.05-бөлiм. Қарыз алушы Қарызға, Жобаны, тауарларды және кез келген тиiстi есеп құжаттары мен куәлiктерiн тексеруге байланысты мақсаттар үшiн Банктiң аккредиттелген өкiлдерiнiң келуiне барлық қолайлы мүмкiндiктердi жасайды; сондай-ақ Қарыз, Жоба, тауарлар, операциялар қаражаттарының шығыстарына және Атқарушы органның қаржылық ахуалына қатысты негiздемелi түрде Банк сұрайтын кез келген ақпаратты Банкке бередi.         7.06-бөлiм. Қарыз алушы Жобаны орындау мен басқару мақсатында Атқарушы орган Банк үшiн нысаны және мәнi бойынша қанағаттанарлық ережелерге және нұсқаулықтарға сәйкес тұрақты жұмыс iстей алатындай және Жобаны ыждағатты және тиiмдi орындау мен әрекетi үшiн қажеттi басқару мен әкiмшiлiк ету сияқты өкiлеттiктерге ие болатындай барлық тиiстi iс-шараларды реттеуге мiндеттенедi.         7.07-бөлiм. Қарыз алушы Сақтандыру компаниялары сақтандыру қажет деп таныған Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық тауарларды сақтандырады және сақтандыруды қамтамасыз етедi. Осындай сақтандыру көлiкпен тасымалдауды, транзит және сатып алу мен Қарыз алушының аумағына тауарларды әкелуге және оны Жобаны орналастыру орнына жеткiзуге ұқсас басқа да тәуекелдердi қамтиды және коммерциялық iс-тәжiрибеде жалпы қабылданған сомаға сәйкес келетiн осындай соманы құрайтын болады. Сақтандыру сомасын шетелдiк валютада төлейтiн Компания тауарларды қайта сақтандыратынын есепке ала отырып, Қарыз алушының елiнде қабылданған заңнамаларға сәйкес осындай сақтандыру жасалады.         7.08-бөлiм. Қарыз алушы жер учаскелерi мен Жобаны орындау үшiн талап етiлетiн осы учаскелерге берiлетiн құқық талап етiлген кез келген уақытта беру үшiн қажеттi саналатын барлық iс-әрекеттердi жасауды қолға алады және Банкке оның тапсырысы бойынша Банктi осындай жер учаскелерi мен осы учаскелерге берiлетiн құқық Жобаға байланысты мақсаттар үшiн берiлгенiн растайтын куәлiк бередi.         7.09-бөлiм. Қарыз алушы өз тарапынан Атқарушы органға Жобаны орындауда жәрдем көрсету үшiн барлық қажеттi шараларды қолданады және Жобаны орындауға немесе әрекетiне не осы Келiсiмнiң қандай да бiр ережелерiн орындауға бөгет жасайтын немесе кедергi келтiретiн қандай да бiр iс-әрекеттi жүзеге асырмайды және қандай да бiр әрекеттердi жүзеге асыруға жол бермейдi.         7.10-бөлiм. Банктiң барлық құжаттары, есеп құжаттары, корреспонденциялар мен ұқсас материалдар Банктегi ретiнде Қарыз алушыда да құпия саналатын болады. 

VIII бап Есептер 

      8.01-бөлiм.       (а) Қарыз алушы мен Банк Қарыздың мақсаттарын аяғына дейiн орындауды қамтамасыз ету үшiн толық көлемде ынтымақтасатын болады. Осыған байланысты, олардың әрқайсысы Қарыздың жалпы жәй-күйiне қатысты негiздi түрде сұралатын осындай ақпаратты басқа тарапқа беретiн болады. Қарыз алушы тарапынан осындай ақпарат аумақтың қаржылық және экономикалық жағдайлары және Қарыз алушының төлем балансының жай-күйi туралы ақпаратты қамтитын болады.       (б) Қарыз алушы мен Банк тараптардың бiрiнiң сұратуы бойынша мезгiл-мезгiл өз өкiлдерi арқылы Қарыз мақсаттарына қатысты мәселелер жөнiнде, ол бойынша қызметтердi қамтамасыз ету және осы Келiсiмнiң шеңберiнде өз мiндеттемелерiн Қарыз алушының орындауы жөнiнде пiкiрлер алмасады.         8.02-бөлiм.       (а) Қарыз алушы өзiне мынадай есептердiң Банкке ұсынылуын қамтамасыз етуге немесе ұсынуға қол жеткiзуге мiндеттеме алады, ол Банктi және әрбiр есеп үшiн келiсiлген мерзiмдi толығымен қанағаттандырады:       i - әрбiр күнтiзбелiк тоқсан аяқталғаннан кейiн 30 (отыз) күннiң iшiнде немесе ол туралы тараптар уағдаласса басқа кезеңнiң iшiнде Банк мезгiл-мезгiл, анықтайтын осындай түрдегi Жобаның орындалуы туралы есептер;       іі - Қарыздың жұмсалған сомасының инвестицияларына қатысты және Жобаның орындалу барысы туралы Банк негiздi түрде сұрау сала алатын басқа да есептер;       ііi - Жобаны аяқтағаннан кейiн дереу, бiрақ, кез келген жағдайда осы мақсат үшiн Қарыз алушы мен Банк арасында келiсiлуi мүмкiн Жабу күнiнен немесе басқа күннен кейiн алты айдан кешiктiрмей, Қарыз алушы Банк негiздi түрде сұрау салатын осындай көлемде және осындай егжей-тегжейлермен Жобаның орындалуы және бастапқы операциялары туралы қорытынды есептi Банкке дайындайды және бередi.       (b) Осы бөлiмде сөз болған құжаттар осылайша Банк негiздi түрде талап ететiн сияқты Банктiң таңдауы бойынша куәландырылады. 

IX бап Қолданылу мерзімі 

      Осы Келісім:       (А) (1) Банкке осы Келiсiмдi орындау және беру Қарыз алушы тарапынан тиiстi түрде ресми рұқсат етiлгенiне немесе барлық қажеттi мемлекеттiк әрекеттермен бекiтiлгенiне қанағаттанарлық айғақ ұсынылғанша;       (2) Қарыз алушы Қарыз алушының заңды өкiлеттiгiнен туындайтын және Қарыз туралы келiсiмнiң ресми рұқсат етiлгенiн және Қарыз алушының атынан тиiстi түрде қол қойылғанын мәлiмдейтiн Банк үшiн қолайлы Заңды қорытынды табыс етiлгенше күшiне енбейдi. Бұл өтiнiм Келiсiм оның талаптарына сәйкес Қарыз алушыға байланыстыратын мiндеттеме белгiлендi дегендi бiлдiредi.       (В) Сенiмхатты осы Қарыз туралы келiсiмнiң шеңберiнде Қарыз алушыдан тиесiлi төлемдi және Қызмет көрсетуге ақы төлеу жөнiндегi жарналарды төлеуге тиесiлi күнге Орталық Банк немесе Орталық Банктiң функцияларын орындайтын ұйым жүргiзетiндей етiп Орталық Банкке тапсыра отырып, Орталық Банкке немесе Орталық Банктiң функцияларын орындайтын ұйымға Қаржы министрлiгi немесе Қарыз алушының кез келген басқа тиiстi түрде уәкiлеттi органы беретiн болады. Олардың көрсетiлген Сенiмхатты алғандығы және ондағы айтылған нұсқаулықты қатаң сақтайтыны туралы Орталық Банктiң немесе Орталық Банктiң функцияларын орындайтын ұйымның растауымен бiрге Сенiмхаттың көшiрмесiн Қарыз алушы Банкке жiбередi. 

X бап Күшіне енгізу жөніндегі шаралар орындалмағаны үшін келісімнің қолданылуын тоқтату 

      Егер Келiсiм оған қол қойылған күннен бастап 12 (он екi) айдың iшiнде күшiне енбесе, егер мерзiмдi ұзартудың барлық себептерiн қарағаннан кейiн Банк осы Баптардың мақсаттары үшiн ең кеш күндi белгiлемесе, Келiсiм және ол бойынша тараптардың барлық мiндеттемелерi жөнiнде өз әрекетiн тоқтатады. Банк осындай ең кеш күн туралы Қарыз алушыны дереу хабардар етедi. 

XI бап Аралас ережелер 

      11.01-бөлiм.Уәкiлеттi өкiлдер       Қарыз алушының Ауыл шаруашылығы министрi және ол жазбаша өкiммен тағайындайтын тұлғасы немесе тұлғалары Жалпы талаптардың 10.03-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн Қарыз алушының уәкiлеттi өкiлдерi болып есептеледi.         11.02-бөлiм.Келiсiм күнi       Осы Келiсiмнiң барлық мақсаттары үшiн Келiсiм күнi осы Келiсiмнiң Кiрiспесiнде көрсетiлген күн болады.         11.03-бөлiм.Мекен-жайлар       Мынадай мекен-жайлар Жалпы талаптардың 10.01-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн көрсетiледi:       Қазақстан Республикасының Yкiметi үшiн:       _______________________________________       _______________________________________       _______________________________________       Телекс:       Телеграф:       Телефакс: 

      Ислам Даму Банкi үшiн:       Р.О. Вох: 5925                    Почта жәшiгi: 5925       Jeddah 21432                      Джидда 21432       Kingdom of Saudi Arabia           Сауд Аравия Королдiгi 

      Теlех: 601137 ISDB SJ             Телекс: 601137       Cable: Bankislami Jeddah          Телеграф: Джидда Исламбанкі       Telefax: 6366871 Jeddah           Телефакс: 6366871 Джидда 

      Осыны куәландырғанын білдіріп, Банк пен Қарыз алушынының әрқайсысы өздерінің уәкілетті өкілдері арқылы әрекет ете отырып жоғарыда көрсетілген күн мен жылға ағылшын тілінде осы Келісімге қол қойды. 

      Қазақстан Республикасының Үкіметі       үшін және оның атынан: 

      Ислам Даму Банкі үшін       және оның атынан: 

І(А)-қосымша   

Негізгі соманы өтеу 

      Елi: Қазақстан Республикасы       Жоба: Ауылды сумен жабдықтау жобасы       Қарыз сомасы: 7,000, 000 ислам динары       Қарыз мерзiмi: 25 жыл       Жеңiлдiк кезеңi: 7 жыл       Қызмет көрсеткенi үшiн ақы: 2,50% 

___________________________________________________________________     Нөмiрi   |         Күнi             |      Негізгі сома (ИД) ___________________________________________________________________       1            31.12.2011                       194,444       2            30.06.2012                       194,444       3            31.12.2012                       194,444       4            30.06.2013                       194,444       5            31.12.2013                       194,444       6            30.06.2014                       194,444       7            31.12.2014                       194,444       8            30.06.2015                       194,444       9            31.12.2015                       194,444       10           30.06.2016                       194,444       11           31.12.2016                       194,444       12           30.06.2017                       194,444       13           31.12.2017                       194,444       14           30.06.2018                       194,444       15           31.12.2018                       194,444       16           30.06.2019                       194,444       17           31.12.2019                       194,444       18           30.06.2020                       194,444       19           31.12.2020                       194,444       20           30.06.2021                       194,444       21           31.12.2021                       194,444       22           30.06.2022                       194,444       23           31.12.2022                       194,444       24           30.06.2023                       194,444       25           31.12.2023                       194,444       26           30.06.2024                       194,444       27           31.12.2024                       194,444       28           30.06.2025                       194,444       29           31.12.2025                       194,444       30           30.06.2026                       194,444       31           31.12.2026                       194,444       32           30.06.2027                       194,444       33           31.12.2027                       194,444       34           30.06.2028                       194,444       35           31.12.2028                       194,444       36           30.06.2029                       194,460       Барлығы:     динар                          7,000,000 ____________________________________________________________________ 

І(B)-қосымша   

Қызмет көрсеткен үшін ақы төлеу 

      Елi: Қазақстан Республикасы       Жоба: Ауылды сумен жабдықтау жобасы       Қарыз сомасы: 7,000, 000 ислам динары       Қарыз мерзiмi: 25 жыл       Жеңiлдiк кезеңi: 7 жыл       Қызмет көрсеткенi үшiн ақы: 2,50% 

____________________________________________________________________     Нөмiрi   |         Күнi             |    Қызмет көрсеткені              |                          |      үшін ақы (ИД) ____________________________________________________________________       1            30.06.2004                      28,720       2            31.12.2004                      47,866       3            30.06.2005                      47,866       4            31.12.2005                      47,866       5            30.06.2006                      47,866       6            31.12.2006                      47,866       7            30.06.2007                      47,866       8            31.12.2007                      40,207       9            30.06.2008                      40,207       10           31.12.2008                      40,207       11           30.06.2009                      40,207       12           31.12.2009                      40,207       13           30.06.2010                      40,207       14           31.12.2010                      40,207       15           30.06.2011                      40,207       16           31.12.2011                      40,207       17           30.06.2012                      40,207       Барлығы:       динар                         717,990 ____________________________________________________________________ 

ІІ-қосымша   

Жобаны сипаттау 

      Жобаның басты мақсаты - ауыз суға қауiпсiз және жеңiл қол жеткiзудi қамтамасыз ету арқылы Қарағанды облысы ауыл халқының денсаулығын және тұрмыс сапасын жақсарту.       Жобаның ауқымы Қарағанды облысының iрiктелген 94 ауыл елдi мекендерiндегi құрылысты және сумен жабдықтау жүйелерiн қайта құруды қамтиды. Мұнда i) су таратушы желiлердiң және трансмиссиялық су құбырларының құрылысы, іі) ұңғыманы бұрғылау, iii) насос стансасын қондыру, iv) теңiз суын тұзсыздандыру жөнiндегi зауыт, vi) суды қысыммен ағызатын бәктер және vii) суды реттейтiн бөгеттер және бас тоған ғимараттары (жер үстi сулары) жөнiндегi құрылыс жұмыстары енедi. Осыған қосымша, жабдық сатып алу, егжей-тегжейлi жобалау мен жобаны қадағалау жөнiндегi консультанттың қызметтерi, жобаны басқару тобы, жобаны аудиторлық тексеру, жобаны iске қосу жөнiндегi семинарлар және көзделмеген шығыстар.       ИДБ құрылыс жұмыстарының құнын 88%-ке, жабдық сатып алуды 88%-кe, егжей-тегжейлi жобалау мен жобаны қадағалау жөнiндегi консультанттың қызметтерiн 50%-ке, жобаны аудиторлық тексерудi 100%-кe, жобаны iске қосу жөнiндегi семинарды 100%-ке және көзделмеген шығыстарды қаржыландырады.       Құрылыс жұмыстары мен жабдықты сатып алу ИДБ мүше-елдерiне шектелген халықаралық бәсеке өтiнiмнiң негiзiнде құрылыс жұмыстары мен жабдықтарды төрт бумаға бiрiктiру арқылы жүргiзiледi. Егжей-тегжейлi жобалау мен жобаны қадағалау жөнiндегi консультанттың қызметтерiн сатып алу ИДБ мүше-елдерiнен алынатын халықаралық консультанттардың арасында жүргiзiледi. Аудиторлар/аудиторлық фирмалардың қызметтерiн сатып алу ынтымақтасып iстейтiн немесе халықаралық аудиторлық фирмадан түсiнiгi бар жергiлiктi аудиторлар арасында жүргiзiлетiн болады.       Жоба қарыз туралы келiсiм күшiне енгеннен кейiн 3 жылдан соң орындалады. 

ІІІ-қосымша   

Қарыз қаражатын алу 

                                                млн. АҚШ долларымен ____________________________________________________________________    |      Құрауыштары        | Жалпы | Ислам даму  | Қазақстан    |                         | құны  |   банкi     |  Үкiметi ____________________________________________________________________    |                         |       | Құны |  %   | Құны  |    % ____________________________________________________________________ 1     Құрылыс       жұмыстары                8,049   7,106    88    0,943     12 2     Жабдық                   1,098   0,969    88    0,129     12 3     Бөлшектеп жобалау       және жобаны       қадағалау жөнiндегi       консультант              0,914   0,457    50    0,457     50 4     Жобаны басқару       жөнiндегi сарапшылар     0,165                  0,165    100 5     Жобаның қаржы аудитi     0,050   0,050   100 6     Жоба бойынша семинар     0,010   0,010   100 7     Күтпеген шығыстар        1,029   0,859    84    0,169     16 8     Барлығы:                 11,314  9,451    84    1,863     16 ____________________________________________________________________ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы