Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери нышандары туралы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери нышандары туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери нышандары туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. 1996 жылғы 18 шiлде N 3068

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери нышандарын белгiлеу мақсатында қаулы етемiн:      

1. Мыналар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери нышандары болып белгiленсiн:      

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң (Құрлықтағы әскерлердiң, Әскери-Әуе Күштерiнiң, Әуе қорғанысы әскерлерiнiң және Әскери-Теңiз Күштерiнiң) тулары;      

2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери бөлiмдерiнiң жауынгерлiк тулары;      

3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң нышаны.      

 

2. Мыналар бекiтiлсiн:      

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерi туларының бейнесi мен сипаттамасы (сызба, түрлi-түстi бейнесi мен сипаттама мәтiнi қоса берiлiп отыр);      2) Әскери бөлiмнiң жауынгерлiк туының бейнесi мен сипаттамасы (сызба, түрлi-түстi бейнесi мен сипаттама мәтiнi қоса берiлiп отыр);      3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Нышанының бейнесi (сызба және түрлi-түстi бейнесi қоса берiлiп отыр);      4) Әскери бөлiмнiң Жауынгерлiк Туы туралы ереже (қоса берiлiп отыр).      

3. Былай деп белгiленсiн:      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң тулары, әскери бөлiмдерiнiң жауынгерлiк тулары мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Нышанын жасау заңда белгiленген тәртiппен берiлетiн тиiстi лицензия болған жағдайда жүзеге асырылады;      2) Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң туларын, әскери бөлiмдерiнiң жауынгерлiк туларын және Қарулы Күштерiнiң Нышанын қастерлеуге мiндеттi;      3) Қазақстан Республикасының жауынгерлерi, сондай-ақ әскери жиындарға шақырылған азаматтар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң туларын, әскери бөлiмдерiнiң жауынгерлiк тулары мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Нышанын қастерлеуге, ұрыс кезiнде жауынгерлiк туларды қайсарлықпен және ерлiкпен қорғауға, олардың дұшпан қолына түсуiне жол бермеуге мiндеттi;      4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң туларын, әскери бөлiмдерiнiң жауынгерлiк тулары мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Нышанын қорлауға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.      

4. Былай деп айқындалсын:      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң тулары ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тiк бұрышты мата. Күн шұғыла және қыран бейнелерi - алтын түстес;      2) Құрлықтағы әскерлер мен Әуе қорғанысы әскерлерi туларының маталары - көгiлдiр түстi, Құрлықтағы әскерлер туының матасында оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында жоғарғы бұрышында - қызыл түстi бес бұрышты жұлдыз, Әуе қорғанысы әскерлерi туының матасында оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында жоғарғы бұрышында матаның 1:3 көлемiне екi жағының қатынасы тең келетiн тiк бұрышта - ортасында қызыл түстi бес бұрышты жұлдыз және одан ақ түстi сәулелер таралған тiк бұрыш;      3) Әскери-Әуе Күштерi туының матасы - көгiлдiр түстi, жоғарғы бөлiгiнде көлденеңiнен симметриялы ақ түстi сәулелердiң бейнесi бар, матаның оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында жоғарғы бұрышында - қызыл түстi бес бұрышты жұлдыз;      4) Әскери-Теңiз Күштерi туының матасы - көлденеңiнен симметриялы ақшыл-көгiлдiр түстi, матаның оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында жоғарғы бұрышында - қызыл түстi бес бұрышты жұлдыз және ақшыл-көгiлдiр түстi зәкiр;      5) Қарулы Күштер түрлерi туларының енi мен ұзындығының қатынасы - 1:2;      6) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң тулары мен олардың бейнелерi көлемдерiне қарамастан, Қарулы Күштер түрлерiнiң штабтарында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң тулары эталонының түрлi-түстi және сызба бейнелерiне дәлме-дәл сәйкес келуге тиiс.      

5. Былай деп белгiленсiн:      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң тулары мынадай жерлерде тiгiледi немесе орнатылады (алып келiнедi): Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi штабтары мен оларға бағынысты бөлiмдер штабтарының ғимараттарында; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерi қолбасшыларының кабинеттерiнде; Қазақстан Республикасының әскери корабльдерi мен кемелерiнде әскери жарғыларға сәйкес; Қарулы Күштер әскери құрамалары мен бөлiмдерiнде - ант қабылдау кезiнде; мемлекеттiк мекемелерге арналған салтанатты мәжiлiстерде; әскери шерулерiнде;      2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери жарғыларымен немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң нормативтiк актiлерiмен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң түрлерi туларының өзге де реттерде мiндеттi түрде алып келiнуi көзделуi мүмкiн;      3) Ұлттық азаға байланысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң тулары тұғырдың биiктiгiнiң жарты деңгейiне ұлттық аза тұту мерзiмi бойына төмен түсiрiледi.      6. Әскери бөлiмнiң Жауынгерлiк туы көлемi: ұзындығы бойынша 145 см, енi бойынша 115 см, үш жағынан алтын түстi жiбек шашақтармен жиектелген, көгiлдiр түстi тiк бұрышты мата деп айқындалсын. Матаның оң жақ бетiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы кестеленген, оның астында "Қазақстан Республикасы" деген жазу, ал төменгi жақ шетiнде - "Отан үшiн" деген ұран бар. Матаны сыртқы жағында ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген бес бұрышты жұлдыз кестеленген. Матаның жоғары жоқ шетiнде "Мiндет, аброй, ерлiк" деген ұран, ал төменгi жағына - әскери бөлiмнiң атауы кестеленiп тiгiлген. Мемлекеттiк елтаңба, күн, шұғыла және жазу бейнесi - алтын түстес, ал бес бұрышты жұлдыз бейнесi - күрең қызыл түстi.      

7. Жауынгерлiк Туды сақтау, ұстау және алып келу тәртiбi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери жарғыларымен айқындалады деп белгiленсiн.      

8. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң нышаны - ортасында шұғылалы күн және оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген бес бұрышты жұлдыз деп айқындалсын. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Нышанының түрлi-түстi бейнесi екi түрлi: қызыл-күрең және алтын түстес болады, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Нышанының көшiрме бейнесi, оның көлемiне қарамастан, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң ғимаратында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Нышаны эталонының түрлi-түстi немесе ақ-қара түстi бейнелерiне дәлме-дәл сәйкес келуi керек.      

9. Былай деп белгiленсiн:      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Нышанының бейнесi: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi бiрлестiктерiнiң, құрамаларының, бөлiмдерiнiң, әскери-оқу орындары мен мекемелерi штабтарының ғимараттарында; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң кабинетiнде, Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлiгi алқасының және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiнiң әскери кеңестерiнiң мәжiлiс залдарында, офицерлер үйi мен солдаттар клубтарының акт залдарында орнатылады;      2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери жарғыларымен немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң нормативтiк актiлерiмен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Нышаны бейнесiнiң көшiрмесiн мiндеттi түрде орналастырудың басқа да реттерi көзделуi мүмкiн.      

10. Қазақстан Республикасының Үкiметi тұрақты түрде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери нышандарын насихаттау, азаматтар мен әскери қызметшiлердiң бойында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң нышандарына құрмет сезiмiн қалыптастыру жөнiнде шаралар кешенiн әзiрлеп, жүзеге асырсын.      11. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi жалпы әскери жарғылардың және өз бұйрықтарының талаптарын осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.      12. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының      Президентi

Қазақстан РеспубликасыПрезидентiнiң   

1996 жылғы 18 шiлдедегiN 3068 Жарлығымен бекiтiлген    

Әскери бөлiмнiң Жауынгерлiк ТуыныңСипаттамасы

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери бөлiмiнiң Жауынгерлiк Туы екi жақты матадан, ағаш саптан және шашақтары бар баудан тұрады.      Жалаудың матасы тiк бұрышты, көлемi: ұзындығы бойынша - 145 см, енi бойынша - 115 см, көгiлдiр түстi жiбек файдан екi бүктелiп жасалынады және үш жағының шеттерi алтын түстi жiбек шашақтармен жиектеледi.      Матаның оң жақ бетiнiң ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының нұсқасы алтын түстi жiбек жiппен жапсыра тiгiлген, бейненiң көлемi биiктiгi бойынша 50 см.      Матаның жоғарғы жақ шетiнде "Қазақстан Республикасы", ал төменгi жағында - "Отан үшiн" деген жазулар алтын түстi жiбек жiппен кестеленген, жазу әрiптерiнiң биiктiгi - 7,5 см.      Матаның сыртқы жағының ортасында - аппликация: ортасында шұғылалы күн мен қалықтап ұшқан қыранның нұсқасы бейнелген, күрең қызыл түстi жiбектен тiгiлген бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыздың қарама-қарсы ұштары аралығының өлшемi - 56 см, жұлдыздың үстiнде алтын түстi жiбек жiппен: "Мiндет, аброй, ерлiк" деген ұран, ал жұлдыздың астыңғы жағында әскери бөлiмнiң нөмiрi мен атауы кестеленiп тiгiлген. Цифрлардың көлемi биiктiгi бойынша - 10 см, жазу әрiптерiнiң көлемi - 7,5 см. Әскери бөлiм атауындағы сөздердiң санына қарай, цифрлардың көлемi 6 см. дейiн, ал әрiптердiң көлемi - 4,5 см дейiн кiшiрейтiлуi мүмкiн. Мұндай жағдайда жұлдыздың бейнесi Жауынгерлiк Ту матасының ортасынан 12 см дейiнгi аралыққа жоғары көтерiлуi мүмкiн.      Матаның сол жағында оны ағаш сапқа өткiзуге арналған диаметрi 4 см тесiк бар.      Тудың сабы ағаштан дөңгелек қима етiп жасалған, диаметрi 4 см, ұзындығы 2,5 м. Сап қара қоңыр түске боялған, лакталған және төменгi жақ шетiнде металлдан жасалған шығыршығы, ал жоғарғы жағында - алтын түстi әшекейлi ұштығы бар.      Тудың алтын түстi жiбек жiппен ширатылып жасалған бауы, шет-шетiнде екi шашағы бар. Баудың ұзындығы - 270-285 см.

Қазақстан Республикасы Қарулы КүштерiӘскери-Теңiз Күштерiнiң тулары мен жалаушаларыныңСипаттамасы

      1. 1-шi және 2-шi дәрежелi кемелердiң гюйсi - ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының белгiсi бар ақ түстi, тiк бұрышты мата (екi жағының қатынасы 1:1). Эмблеманың биiктiгi гюйс биiктiгiнiң 1/2-не тең. Мата нұсқасы бойынша үш жолақпен жиектелген. Сырт жағы мата енiнiң 1/27-не тең келетiндей қара-көк түстi. Одан кейiн ақ түстi (мата енiнiң 1/13,5-i), Iшкi жағы алтын түстес (мата енiнiң 1/9-i).      2. Әскери кемелердiң жалаушасы - жiңiшке конус нысанды ақ түстi жолақ. Жалауша шкаторинасынан (шкаторина тұсынан) басталатын мата бөлiгiнiң оның ұзындығына қатынасы 1:12 (1-шi және 2-шi дәрежелi кемелер үшiн 1:30).      3. Қазақстан Республикасы Әскери-Теңiз Күштерiнiң қосымша флотының туы - енi мен ұзындығының қатынасы 1:2 тiк бұрышты мата. Ту көлемiнiң 1/4-iне тең келетiн бөлiкте жоғарғы сол жақ бұрышта - Қазақстан Республикасы Әскери-теңiзiнiң туы, ал қалған мата - қара-көк түстi.

Лауазымды адамдардың тулары мен брейд-жалаушалары

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң байрағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2736 Жарлығымен бекiтiлген.      2. Кеме бортында мемлекеттiң жоғары лауазымды адамдары болған кезде фок-мачта гафелiнде Әскери-теңiз туынан жоғары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы көтерiледi.      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң туы - енi мен ұзындығының қатынасы 1:2 тiк бұрышты мата. Тудың матасы тiгiнен екi бiрдей бөлiкке (мата ұзындығының 1/2 бөлiгiне): көгiлдiр (шкаторина тұсында) және ақ түстi болып бөлiнедi. Тудың көгiлдiр түстi жарты бөлiгiнiң ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының нышаны (алтын күн мен қыран) бейнеленген. Ақ түстi жолағында диаметрi ту енiнiң 1/3-iне тең келетiн, ортасы шкаторинадан ту ұзындығының 3/4-iндей және матаның жоғарғы жиегiнен ту биiктiгiнiң 1/2-iндей аралықта орналасқан қызыл жұлдыз бар.      4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Бас штабы бастығының туы - енi мен ұзындығының қатынасы 1:2 тiк бұрышты мата. Тудың матасы тiгiнен екi бiрдей бөлiкке (ту ұзындығының 1/2 бөлiгiне): көгiлдiр (шкаторина тұсында) және ақ түстi болып бөлiнедi. Тудың көгiлдiр түстi жартысының ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туының нышаны - алтын күн мен қыран бейнеленген. Ақ түстi жолағында диаметрi ту енiнiң 1/5-iне тең келетiн екi қызыл бес бұрышты жұлдыз орналасқан. Олардың ортасы шкаторинадан ту ұзындығының 3/4-не тең және матаның жоғарғы және төменгi жиектерiнен ту енiнiң 1/4-не тең аралықта орналасқан.      5. Қазақстан Республикасы Әскери-Теңiз Күштерi Қолбасшысының туы - енi мен ұзындығының қатынасы 1:2 тiк бұрышты мата. Мата тiгiнен мата ұзындығының 1/2-iне тең келетiндей екi бiрдей бөлiкке: көгiлдiр (шкаторина тұсында) және ақ түстi болып бөлiнедi. Ақ түстi бөлiгiнiң бұрыштама ойығы бар. Нәтижесiнде алынған екi бұрымшаның ұзындығы ту ұзындығының 1/4-iне тең. Ақ түстi жолағында диаметрi ту енiнiң 1/3-iне тең келетiн, ортасы ақ жолақтың 1/4-не және матаның жоғарғы жақ жиегiнен ту биiктiгiнiң 1/2-iне тең келетiн аралықта орналасқан қызыл бес бұрышты жұлдыз бар.      6. Қазақстан Республикасы Әскери-Теңiз Күштерi штабы бастығының туы - енi мен ұзындығының қатынасы 1:2 тiк бұрышты мата. Мата тiгiнен мата ұзындығының 1/2-iне тең келетiн екi бiрдей бөлiкке: көгiлдiр (шкаторина тұсында) және ақ түстi болып бөлiнедi. Ақ түстi бөлiгiнiң бұрыштама ойығы бар. Нәтижесiнде алынған екi бұрымшаның ұзындығы ту ұзындығының 1/4-iне тең. Ақ түстi жолағында диаметрi ту енiнiң 1/5-iне тең келетiн, ортасы ақ түстi жолақтың 1/4-iне және матаның жоғарғы, төменгi жиектерiнен ту енiнiң 1/4-iне тең келетiн аралықта орналасқан екi қызыл бес бұрышты жұлдыздар бар.      7. Кемелер құрамасы командирiнiң брейд-жалаушасы - ақ түстi бұрыштамалары бар конус нысанды мата. Брейд-жалаушаның енi мен ұзындығының қатынасы 1:5. Бұрымша кесiндiлерiнiң ұзындығы брейд-жалауша ұзындығының 1/5-iне тең. Брейд-жалаушаның өзiнiң ұзындығының 1/3-iне тең келетiн бөлiгi көгiлдiр түстi. Брейд-жалауша бұрымшаларының тарқатылған күйi жалауша енiнiң 1/2-iне тең.      8. Кемелер тобы командирiнiң брейд-жалаушасы - екi бұрымшасы бар, конус нысанды мата. Брейд-жалаушаның енi мен ұзындығының қатынасы 1:5. Бұрымша кесiндiлерiнiң ұзындығы брейд-жалауша ұзындығының 1/5-iне тең, брейд-жалауша бұрымшаларының тарқатылған күйi оның енiнiң 1/2-iне тең. Шкаторинадан оның ұзындығының 1/3-iне тең келетiн брейд-жалауша бөлiгi көгiлдiр түстi. Брейд-жалауша матасының қалған бөлiгi көлденеңiнен: жоғарғы жағы - ақ, төменгi жағы - көк-жасыл түстi екi бөлiкке бөлiнген.      9. Рейдтегi аға бастықтың брейд-жалаушасы - шкаторинадан ұзындығының 1/4-iне дейiнгi бөлiгi - көгiлдiр, ал 3/4 бөлiгi - ақ түстi, конус нысанды мата. Брейд-жалаушаның ұзындығы мен енiнiң қатынасы 4:1.      Брейд-жалауша бұрымшаларының тарқатылған күйi жалауша енiнiң 1/2-iне тең.

Қазақстан РеспубликасыПрезидентiнiң    1996 жылғы 18 шiлдедегiN 3068 Жарлығымен  бекiтiлген    

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi НышаныныңСипаттамасы

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Нышаны - шеттерi алтын түстi нұсқамен жиектелген бес бұрышты жұлдыз.      Жұлдыздың ортасында шұғылалы күн және оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген.      Күн, шұғыла және қыран түстi - алтын түстес.

Қазақстан РеспубликасыПрезидентiнiң   1996 жылғы 18 шiлдедегiN 3068 Жарлығымен бекiтiлген    

Әскери бөлiмнiң Жауынгерлiк Туы туралыЕреже

      1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери бөлiмiнiң Жауынгерлiк Туы - жауынгерлiк абырой, ерлiк пен даңқ нышаны, ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әрбiр қызметшiсiне өз Отанына адал қызмет ету, оны ерлiкпен және бiлгiрлiкпен қорғау, өз қаны мен жанын аямай өз елiнiң әрбiр қарыс жерiн жаудан қорғау жөнiндегi оның қасиеттi борышын есiне салу болып табылады.      2. Әскери бөлiмге Жауынгерлiк Туды ол құрылған кезде Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң өкiлi тапсырады.      3. Жауынгерлiк Ту әскери бөлiмнiң атауы мен нөмiрiнiң өзгеруiне қарамастан әскери бөлiмге барлық уақытқа бекiтiлiп берiледi. Әскери бөлiмнiң атауы мен нөмiрiндегi өзгерiстер Жауынгерлiк Туды тапсыру кезiнде берiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң Грамотасына енгiзiледi.      4. Жауынгерлiк Ту үнемi өз әскери бөлiмiнде, ал ұрыс майданында - соғыс қимылы жүрiп жатқан аймақта болады.      5. Әскери бөлiмнiң бүкiл жеке құрамы ұрыс кезiнде Жауынгерлiк жалауды жанқиярлықпен және ерлiкпен қорғауға әрi оның дұшпан қолына түсуiне жол бермеуге мiндеттi.      Жауынгерлiк Туды жоғалтқан кезде, мұндай масқаралыққа тiкелей кiнәлi әскери бөлiм командирi мен әскери қызметшiлер сотқа тартылады, ал әскери бөлiм таратылады.      6. Әскери корабльде көтерiлетiн Қазақстан Республикасының Әскери-Теңiз жалауы корабльдiң Жауынгерлiк Туы болып табылады және оның мемлекетке тиесiлiгi мен дербестiгiн көрсетедi.

Қазақстан РеспубликасыПрезидентiнiң   1996 жылғы 18 шiлдедегiN 3068 Жарлығымен  бекiтiлген    

Қазақстан Республикасы Қарулы КүштерiнiңҚұрлықтағы әскерлерi туыныңСипаттамасы

      Құрлықтағы әскерлерiнiң туы матадан, ағаш саптан және баудан тұрады.      Тудың матасы тiк бұрышты, көлемi: ұзындығы бойынша 2 м, енi бойынша 1 м, көгiлдер түстi жiбек файдан дайындалады. Матаның оң жағы мен сыртқы жағының ортасында шұғылалы күн мен қалықтап ұшқан қыранның нұсқасы алтын түстес жiбек жiппен жапсыра тiгiлген. Күн дөңгелегiнiң ортасы матаның жоғарғы шетiнен 45 см аралықта орналасқан. Бейненiң көлемi: биiктiгi бойынша - 65 см, енi бойынша - 75 см, Матаның оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында жоғарғы бұрышында қызыл түстi бес бұрышты жұлдыз бейнесi, жұлдыздың қарама-қарасы ұштары аралығының көлемi 30 см, жұлдыздың ортасы матаның сол (оң) жақ жиегiнен 32 см және жоғарғы жиегiнен 28 см аралықта орналасқан.      Матаның сол жағында оны ағаш сапқа өткiзуге арналған диаметрi 4 см тесiк бар.      Тудың сабы ағаштан дөңгелек қима етiп жасалынған, диаметрi - 4 см. Сап қара-қоңыр түске боялған, лакталған және төменгi жақ шетiнде металдан жасалған шығыршағы, ал жоғарғы жағында - алтын түстi әшекейлi ұштығы бар.      Тудың алтын түстi жiбек жiптен ширатылып жасалынған бауы, шет-шетiнен екi шашағы бар. Баудың ұзындығы - 270-285 см.

Қазақстан РеспубликасыПрезидентiнiң   1996 жылғы 18 шiлдедегiN 3068 Жарлығымен  бекiтiлген    

Қазақстан Республикасы Қарулы КүштерiнiңӘскери-Әуе Күштерi туыныңСипаттамасы

      Әскери-Әуе Күштерiнiң туы матадан, ағаш саптан және баудантұрады.      Тудың матасы тiк бұрышты, көлемi: ұзындығы бойынша 2 м, енi бойынша 1 м, көгiлдiр түстi жiбек файдан дайындалады. Матаның жоғарғы бөлiгiнде көлденеңiнен симметриялы ақ түстi сәулелер бейнеленген. Матаның оң жағы мен сыртқы жағының ортасында шұғылалы күн мен қалықтап ұшқан қыранның нұсқасы алтын түстi жiбек жiппен жапсыра тiгiлген. Бейненiң көлемi: биiктiгi бойынша - 65 см, енi бойынша - 75 см.      Матаның оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында жоғарғы бұрышында қызыл түстi бес бұрышты жұлдыздың бейнесi, жұлдыздың қарама-қарсы ұштары аралығының көлемi - 30 см, жұлдыздың ортасы матаның сол (оң) жақ жиегiнен 32 см және жоғарғы жиегiнен 18 см аралықта орналасқан.      Матаның сол жағында оны ағаш сапқа өткiзуге арналған диаметрi 4 см тесiк бар.      Тудың сабы ағаштан дөңгелек қима етiп жасалынған, диаметрi- 4 см. Сап қара-қоңыр түске боялған, лакталған және төменгi жақ шетiнде металлдан жасалған шығыршығы, ал жоғарғы жағында - алтын түстi әшекейлi ұштығы бар.      Тудың алтын түстi жiбек жiптен ширатылып жасалынған бауы, шет-шетiнде екi шашағы бар. Баудың ұзындығы - 270-285 см.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң     1996 жылғы 18 шiлдедегi N 3068 Жарлығымен  бекiтiлген    

Қазақстан Республикасы Қарулы КүштерiнiңӘуе қорғанысы әскерлерi туыныңСипаттамасы

      Әуе қорғанысы әскерлерiнiң туы матадан, ағаш саптан және баудан тұрады.      Тудың матасы тiк бұрышты, көлемi: ұзындығы бойынша 2 м, енi бойынша 1 м, көгiлдiр түстi жiбек файдан дайындалады. Матаның оң жағы мен сыртқы жағының ортасында шұғылалы күн мен қалықтап ұшқан қыранның нұсқасы алтын түстi жiбек жiппен жапсыра тiгiлген. Күн дөңгелегiнiң ортасы матаның жоғарғы шетiнен 45 см аралықта орналасқан. бейненiң көлемi: биiктiгi бойынша -65 см, енi бойынша - 75 см.      Матаның жоғарғы бөлiгiнде, матаның оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында ортасында қызыл түстi бес бұрышты жұлдыз және одан шашыраған ақ түстi сәулелер бейнеленген тiк бұрыш. Тiк бұрыштың көлемi биiктiгi бойынша 32 см, енi бойынша 65 см, жұлдыздың қарама-қарсы ұштары аралығының көлемi - 30 см.      Матаның сол жағында оны ағаш сапқа өткiзуге арналған диаметрi 4 см тесiк бар.      Тудың сабы ағаштан дөңгелек қима етiп жасалынған, диаметрi- 4 см. Сап қара-қоңыр түске боялған, лакталған және төменгi жақ шетiнде металдан жасалған шығыршығы, ал жоғарғы жағында - алтын түстi әшекейлi ұштығы бар.      Тудың алтын түстi жiбек жiптен ширатылып жасалынған бауы, шет-шетiнде екi шашағы бар. Баудың ұзындығы - 270-285 см.

Қазақстан РеспубликасыПрезидентiнiң   1996 жылғы 18 шiлдедегiN 3068 Жарлығымен  бекiтiлген    

Қазақстан Республикасы Қарулы КүштерiнiңӘскери-Теңiз Күштерi туыныңСипаттамасы

      Әскери-Теңiз Күштерiнiң туы матадан, ағаш саптан және баудан тұрады.      Тудың матасы тiк бұрышты, көлемi: ұзындығы бойынша 2 м, енi бойынша 1 м, жiбек файдан дайындалады. Матаның түсi көлденеңiнен симметриялы ақшыл-көк түстi, оң жағы мен сыртқы жағының ортасында шұғылалы күн мен қалықтап ұшқан қыранның нұсқасы бейнеленген, бейненiң көлемi биiктiгi бойынша -65 см, енi бойынша - 75 см.      Күн, шұғыла және қалықтап ұшқан қыранның бейнесi - алтын түстес.      Матаның оң жақ бетiнiң сол жағында және сыртқы бетiнiң оң жағында жоғарғы бұрышында зәкiр мен бес бұрышты жұлдыз бейнесi. Бейненiң көлемi енi бойынша 25 см, биiктiгi бойынша 35 см, бейненiң ортасы матаның сол (оң) жақ жиегiнен 32 см және жоғарғы жиегiнен 24 см аралықта орналасқан.      Зәкiрдiң бейнесi ақшыл-көгiлдiр түстi, ал жұлдыздың бейнесi қызыл түстi.      Матаның сол жағында оны ағаш сапқа өткiзуге арналған тесiк бар, оның диаметрi - 4 см, немесе бау өткiзуге арналған тесiк оның диаметрi - 1 см.      Тудың сабы ағаштан дөңгелек қима етiп жасалынған, диаметрi- 4 см. Сап қара-қоңыр түске боялған, лакталған және төменгi жақ шетiнде металдан жасалған шығыршығы, ал жоғарғы жағында - алтын түстi әшекейлi ұштығы бар.      Тудың алтын түстi жiбек жiптен ширатылып жасалынған бауы, шет-шетiнде екi шашағы бар. Баудың ұзындығы - 270-285 см.  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

12-бап. Қарулы Күштер мен құқық қорғану органдарындағы тiл  Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы

12-бап. Қарулы Күштер мен құқық қорғану органдарындағы тiл Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, сондай-ақ әскери және...

Толық оқу »

21-1-бап. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Заңы

21-1-бап. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпс...

Толық оқу »

Солтүстiк Атлант Шартына қатысушы-мемлекеттер мен "Бейбiтшiлiк жолындағы әрiптестiк" бағдарламасына қатысатын басқа да мемлекеттер арасындағы олардың Қарулы Күштерiнiң статусына қатысты келiсiмдi және оған Қосымша Хаттаманы бекiту туралы

Солтүстiк Атлант Шартына қатысушы-мемлекеттер мен "Бейбiтшiлiк жолындағы әрiптестiк" бағдарламасына қатысатын басқа да мемлекеттер арасындағы олардың Қарулы Күштерiнiң статусы...

Толық оқу »

69-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құзыреті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

69-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құзыретіҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері:      1) әуе...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Француз Республикасы Қарулы Күштерінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Француз Республикасы Қарулы Күштерінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына...

Толық оқу »

22-бап. Қорғаныс министрлігінiң функциялары  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

22-бап. Қорғаныс министрлігінiң функцияларыҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік са...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарңысы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарыныңішкі қызмет жарңысыҚазақстан РеспубликасыПрезидентінің2007 жылғы 5 шілдедегі№ 364 Жарлығы...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы Германия Федеративтік Республикасы Қарулы Күштерінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі іс-әрекеттерге қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзиті туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы Германия Федеративтік Республикасы Қарулы Күштерінің Ауғанстан Ислам Республикас...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа даәскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа даәскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысыҚазақстан РеспубликасыПрезидентінің2007 жылғ...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 ші...

Толық оқу »

23-2-бап. Әскери атташелер мен әскери өкілдер аппараттары Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

23-2-бап. Әскери атташелер мен әскери өкілдер аппараттарыҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Əскери атташелер мен әскери өкілдер аппара...

Толық оқу »

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:     ...

Толық оқу »

3-бап. Осы Заңның қағидаттары Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

3-бап. Осы Заңның қағидаттары Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы Осы Заңның қағидаттары:      1) басқа мемлекеттердiң егемендiгiн, мемлекеттiк...

Толық оқу »

6-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнің қорғаныс саласындағы өкілеттіктері  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

6-бап. Қазақстан Республикасы Құрылтайының қорғаныс саласындағы өкілеттіктеріҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      Қазақстан Республикасының...

Толық оқу »

33-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

33-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылықҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы   ...

Толық оқу »

30-бап. Азаматтық қорғаныс  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

30-бап. Азаматтық қорғанысҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Азаматтық қорғаныс Қазақстан Республикасының халқын және аумағын қазіргі...

Толық оқу »

23-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының функциялары Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

23-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының функцияларыҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда...

Толық оқу »

32-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастығы  7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

32-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастығы 7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕРҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заң...

Толық оқу »

27-бап. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда заңдылықтың сақталуын қадағалау, құқық тәртiбiн қамтамасыз ету және әскери қызметшілерді құқықтық қорғау  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

27-бап. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда заңдылықтың сақталуын қадағалау, құқық тәртiбiн қамтамасыз ету және әскери қызметшілерді құқықтық қорғауҚаза...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі Қарулы Күштерінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктің/арнайы жүктің транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі Қарулы...

Толық оқу »

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметінің қорғаныс саласындағы өкiлеттiктерi  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметінің қорғаныс саласындағы өкiлеттiктерiҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      Қазақстан Республикасының Ү...

Толық оқу »

7-бап. Соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштерді қолдану, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ мемлекеттік органдарды тарту Соғыс жағдайы туралы Заңы

7-бап. Соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштерді қолдану, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ мемлекеттік органдарды тартуСоғыс жағдайы туралы...

Толық оқу »

21-бап. Қарулы Күштерге басшылық және оларды басқару  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

21-бап. Қарулы Күштерге басшылық және оларды басқаруҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Қарулы Күштерге әскери-саяси басшылықты Қазақст...

Толық оқу »

31-бап. Аумақтық қорғаныс  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

31-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысыҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы         1. Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы...

Толық оқу »

5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қорғаныс саласындағы өкілеттігі  2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ, ПАРЛАМЕНТIНIҢ ЖӘНЕ ҮКIМЕТIНIҢ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ӨКIЛЕТТIКТЕРI  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қорғаныс саласындағы өкілеттігі 2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ, ПАРЛАМЕНТIНIҢ ЖӘНЕ ҮКIМЕТIНIҢ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ Ө...

Толық оқу »

2-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасы  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

2-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасыҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

4-бап. Қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

4-бап. Қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеуҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу:      1) соғы...

Толық оқу »

11-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының құзыреті Қазақстан Республикасының Аумақтық қорғанысы туралы

11-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының құзыреті Қазақстан Республикасының Аумақтық қорғанысы туралы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы өз қ...

Толық оқу »

14-бап. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

14-бап. Материалдық-техникалық қамтамасыз етуҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымд...

Толық оқу »

11-бап. Меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың қорғаныс саласындағы функциялары  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

11-бап. Меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың қорғаныс саласындағы функцияларыҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      Меншiк нысанына қарамаст...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығын құру туралы

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығын құру туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 779 Жарлығы. Қа...

Толық оқу »

16-бап. Жердi, ғимараттарды, құрылыстарды, объектiлердi және басқа да мүлікті қорғаныс мұқтажы үшiн беру  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

16-бап. Жердi, ғимараттарды, құрылыстарды, объектiлердi және басқа да мүлікті қорғаныс мұқтажы үшiн беруҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы    ...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылдарға Италия Республикасы Қарулы Күштерінің қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылдарға Италия Р...

Толық оқу »

20-бап. Қарулы Күштердi жасақтау  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

20-бап. Қарулы Күштердi жасақтауҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Қарулы Күштердің жеке құрамына әскери қызметшілер мен азаматтық пер...

Толық оқу »

16-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарында әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы және басқа да спорт түрлерін дамыту Дене шынықтыру және спорт туралы Заңы

16-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарында әскери-қолданбалы, қызмет...

Толық оқу »

17-бап. Қорғанысты ғылыми қамтамасыз ету жəне кадрларды даярлау Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

17-бап. Қорғанысты ғылыми қамтамасыз ету жəне кадрларды даярлауҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Қорғанысты ғылыми қамтамасыз ету мем...

Толық оқу »

8-бап. Орталық атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары  3-тарау. ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛIКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ, АЗАМАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРІ Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

8-бап. Орталық атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары 3-тарау. ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛIКТІАТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ, АЗАМАТТАРДЫҢ ЖӘНЕҰЙ...

Толық оқу »

2-бап. Қарулы Күштердегі әскери қызметтің құқықтық негізі Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы

2-бап. Қарулы Күштердегі әскери қызметтің құқықтық негізіӘскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы      1. Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери...

Толық оқу »

9-бап. Жергіліктi атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

9-бап. Жергіліктi атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функцияларыҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      Жергілiкті атқарушы органдар өз...

Толық оқу »

10-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының қорғаныс саласындағы құқықтары мен міндеттері  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

10-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының қорғаныс саласындағы құқықтары мен міндеттеріҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Қазақстан...

Толық оқу »

511-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан аумағында белгіленген тыйым салуларды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

511-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым с...

Толық оқу »

18-бап. Қарулы Күштер және олардың мақсаты Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

18-бап. Қарулы Күштер және олардың мақсаты Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы 1. Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республик...

Толық оқу »

52-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштері Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметінің және порттың теңіз әкімшілігінің келтірілген шығыстарды толық өтеттіру құқығы Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

52-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштері Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметінің және порттың теңіз әкімшілігінің келтірілген шығыстарды толық өтетт...

Толық оқу »

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралыҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 27 ақпан N 8...

Толық оқу »

26-бап. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

26-бап. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды құру, басқ...

Толық оқу »

34-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

34-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібіҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Осы Заң, 2003 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізiл...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері медициналық қызметінің эмблемасы мен айырым белгісі туралы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері медициналық қызметінің эмблемасы мен айырым белгісі туралыҚазақстан Республикасының Заңы. 2001 жылғы 14 желтоқсан N 268-ІІ     1-бап. Қаз...

Толық оқу »

23-1-бап. Қарулы Күштердің түрлері Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

23-1-бап. Қарулы Күштердің түрлеріҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      Қарулы Күштердің түрлері:      1) Қарулы Күштерді қолдануды стратеги...

Толық оқу »

14-1-бап. Қарулы Күштерді мұнай өнімдерімен жабдықтау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

14-1-бап. Қарулы Күштерді мұнай өнімдерімен жабдықтау ерекшеліктеріҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      Мұнай өнімдерін Қарулы Күштер мұнай...

Толық оқу »

12-бап. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

12-бап. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз етуҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз ет...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының саптық жарғысы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарыныңсаптық жарғысыҚазақстан РеспубликасыПрезидентінің2007 жылғы 5 шілдедегі№ 364 ЖарлығыменБЕ...

Толық оқу »

15-бап. Объектілер мен мүліктi қорғаныс мүдделерiне орай пайдалану  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

15-бап. Объектілер мен мүліктi қорғаныс мүдделерiне орай пайдалануҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы    1. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті жән...

Толық оқу »

511-бапқа түсініктеме. ҚР Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары және ҚР Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған ауданның аумағында белгіленген шектеулерді бұзу

511-бапқа түсініктеме. ҚР Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары және ҚР Қарулы Күштерін...

Толық оқу »

28-бап. Соғыс кезi  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

28-бап. Соғыс кезiҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Соғыс кезін Қазақстан Республикасына басқа мемлекет (мемлекеттер тобы не коалиция...

Толық оқу »

26-1-бап. Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшылығының президенттік резерві Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы

26-1-бап. Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшылығының президенттік резервіӘскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы - ҚР Заңымен алынып тасталды.      1. Қар...

Толық оқу »

70-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің құзыреті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

70-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің құзыретіҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы      1. Мемлекеттік шекараны әуе к...

Толық оқу »

19-бап. Қарулы Күштердiң жалпы құрамы  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

19-бап. Қарулы Күштердiң жалпы құрамыҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      Қарулы Күштер əскери басқару органдарын, Қарулы Күштер түрлерiн,...

Толық оқу »

15-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын іске асыру мақсатында мүлікті пайдалану және иеліктен шығару Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

15-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын іске асыру мақсатында мүлікті пайдалану және иеліктен шығаруҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы...

Толық оқу »

31-1-бап. Тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

31-1-бап. Тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған ауданҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Тыйым салынған аймақ Қарулы Күштер, басқа да...

Толық оқу »

14-1-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін терроризм актілерінің жолын кесу үшін қолдану Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы Заң

14-1-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін терроризм актілерінің жолын кесу үшін қолдану Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы Заң      Ескерту. 14-1-баптың тақырыбы жаңа...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде командирлердiң (бастықтардың) тәрбие және әлеуметтiк-хұқықтық жұмыс жөнiндегi орынбасарларының институтын құру туралы

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде командирлердiң (бастықтардың) тәрбие және әлеуметтiк-хұқықтық жұмыс жөнiндегi орынбасарларының институтын құру туралыҚазақстан Респ...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толу құрметіне арналған мерекелік медаль туралы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толу құрметіне арналған мерекелік медаль туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 қазандағы № 159 Ж...

Толық оқу »

18-бап. Қарулы Күштер және олардың мақсаты  5-тарау. ҚАРУЛЫ КҮШТЕР, БАСҚА ДА ӘСКЕРЛЕР МЕН ӘСКЕРИ ҚҰРАЛЫМДАР Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

18-бап. Қарулы Күштер және олардың мақсаты 5-тарау. ҚАРУЛЫ КҮШТЕР, БАСҚА ДА ӘСКЕРЛЕР МЕН ӘСКЕРИ ҚҰРАЛЫМДАРҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы  ...

Толық оқу »

И.С.Конев атындағы Алматы жоғары әскери училищесiн Қазақстан Республикасы қарулы Күштерiнiң Әскери академиясы етiп қайта құру туралы

И.С.Конев атындағы Алматы жоғары әскери училищесiн Қазақстан Республикасы қарулы Күштерiнiң Әскери академиясы етiп қайта құру туралыҚазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығ...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысаны мен айырым белгілері туралы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысаны мен айырым белгілері туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2011...

Толық оқу »

238-1-бап. Суға батқан мүліктің жатқан жерін анықтауға және оны белгілеуге байланысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштерінің Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі және суға батқан мүлікті аластауға байланысты келтірілген шығыстарды өтеу туралы талаптар бойынша порттың теңіз әкімшілігі үшін талап қоюдың ескіру мерзімі Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

238-1-бап. Суға батқан мүліктің жатқан жерін анықтауға және оны белгілеуге байланысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштерінің Гидрографиялық қамтамасыз е...

Толық оқу »

71-бап. Мемлекеттік шекараны қорғау үшін қолданылған кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштерінің құзыреті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы

71-бап. Мемлекеттік шекараны қорғау үшін қолданылған кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштерінің құзыретіҚазақстан Республикасының Мемлекеттік шекар...

Толық оқу »

29-бап. Соғыс жағдайы және жұмылдыру  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

29-бап. Соғыс жағдайы және жұмылдыруҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Соғыс жағдайы режимi, жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру және оны...

Толық оқу »

13-бап. Қорғанысты қаржыландыру  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

13-бап. Қорғанысты қаржыландыруҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Қорғанысты қаржыландыру Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әске...

Толық оқу »

25-бап. Қарулы Күштердiң орналастырылуы  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

25-бап. Қарулы Күштердiң орналастырылуыҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Қарулы Күштердiң орналастырылуы Қазақстан Республикасының қо...

Толық оқу »

52-бап. Төтенше жағдайларды жою үшін ішкі істер органдарының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың күштері мен құралдарын, қоғамдық бірлестіктер мен халықты тарту, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану Азаматтық қорғау туралы Заңы

52-бап. Төтенше жағдайларды жою үшін ішкі істер органдарының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың күштері мен құралдарын, қоғамдық бірлестіктер мен халықты тарту, Қазақ...

Толық оқу »

24-бап. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерi  Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

24-бап. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерiҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      1. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері:      1) өз...

Толық оқу »

17-1-бап. Қорғанысты ақпараттық-идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы

17-1-бап. Қорғанысты ақпараттық-идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңы      Қорғанысты ақпараттық-идеологиялық...

Толық оқу »