Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Қозғалған қылмыстық іс бойынша шығарылған ақтау үкіміне байланысты бұйрықтарды заңсыз деп танып, олардың күшін жойып, бұрынғы қызметіне қайта орналастырып, лажсыз бос жүрген уақытына айлық жалақысын өндіріп, талап қою мерзімін қалпына келтіру

Қозғалған қылмыстық іс бойынша шығарылған ақтау үкіміне байланысты бұйрықтарды заңсыз деп танып, олардың күшін жойып, бұрынғы қызметіне қайта орналастырып, лажсыз бос жүрген уақытына айлық жалақысын өндіріп, талап қою мерзімін қалпына келтіру

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қозғалған қылмыстық іс бойынша шығарылған ақтау үкіміне байланысты бұйрықтарды заңсыз деп танып, олардың күшін жойып, бұрынғы қызметіне қайта орналастырып, лажсыз бос жүрген уақытына айлық жалақысын өндіріп, талап қою мерзімін қалпына келтіру

Шешім қабылдау барысында сот алқалары іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс анықтамай материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларының дұрыс қолданылмауына жол берген. Талапкер П. Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 486 және 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 189 бұйрықтарымен келіспей, оған қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша шығарылған ақтау үкіміне байланысты осы бұйрықтарды заңсыз деп танып, олардың күшін жойып, бұрынғы қызметіне қайта орналастырып, лажсыз бос жүрген уақытына айлық жалақысын өндіріп, талап қою мерзімін қалпына келтіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Қызылорда қалалық сотының 2014 жылғы 24 қаңтардағы шешімімен П.- ның талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылған. Қызылорда облыстық соты азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2014 жылғы 7 сәуірдегі ұйғарымымен бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылып, апелляциялық алқаның 2014 жылғы 8 сәуірдегі шешімімен П.-ның талабы қанағаттандырылып, жоғарыда көрсетілген бұйрықтардың күші жойылып, талапкер бұрынғы қызметіне қайта орналастырылып, лажсыз бос жүрген уақытына 964 404 теңге айлық жалақысы өндірілген.

Қызылорда облыстық соты кассациялық сот алқасының 2014 жылғы 13 мамырдағы қаулысымен жауапкердің шағымы және прокурордың наразылығы қанағаттандырусыз, апелляциялық сот алқасының шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жоғарғы Соттың қадағалаушы сот алқасына келтірген наразылығында апелляциялық және кассациялық сот алқаларының қабылдаған сот актілері Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі – АІЖК) 218-бабының және «Сот шешімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысының талаптарына сәйкес келмейтінін көрсетіп, оларды бұзуды сұраған. Қадағалаушы сот алқасы прокурордың наразылығын қолдаған қорытындысын, Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті өкілінің наразылықты қолдаған түсінігін, П.-ның және оның өкілі Р.-ның қарсылығын тыңдап, азаматтық іс құжаттарын және наразылықтың уәждерін зерделеп, қадағалаушы сот алқасы наразылық төмендегі негіздерге байланысты қанағаттандыруға жатады деген тұжырымға келді. АІЖК-нің 387-бабының 3-бөлігіне сәйкес материалдық немесе іс жүргізу құқығының нормаларын елеулі түрде бұзу соттың заңды күшіне енген шешімдерін, қаулыларын және ұйғарымдарын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады. АІЖК-нің 397-бабының 2-бөлігіне сай қадағалау сатысындағы сот заңдылық мүдделерін көздеп, өтініштің немесе наразылықтың шегінен шығуға және шағым жасалған, наразылық келтірілген шешімнің заңдылығын толық көлемде тексеруге құқылы. Іс бойынша мынадай кемшіліктерге жол берілген. Іс құжаттарына қарағанда, П. 2012 жылғы 11 шілдеде Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің (бұдан әрі – Департамент) Сырдария аудандық ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің профилактикалық қызмет тобының учаскелік полиция инспекторы қызметіне тағайындалған.

Департамент басшысының 2012 жылғы 29 қарашадағы № 486 бұйрығымен талапкер П. «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-бөлігінің 13) тармақшасы негізінде құқық қорғау органдарына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылып, 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 189 бұйрықпен ішкі істер органдары қарулы күштер запасынан босатылған. П.-ны жұмыстан шығару туралы бұйрықты қабылдауға оның заңға қайшы жасаған әрекеттері негіз болған, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 175-бабы 2-бөлігінің «а, в» тармақтарымен сезікті ретінде танылған ағайынды М.-лардан іс бойынша заңсыз байланыста болып, жәбірленуші ретінде танылған Қ.-ны кешірім жасауға көндіру үшін 50 мың теңге алып, аталған арыз өзінің қарау құзырына жатпайтындығына қарамастан, олардың араларында делдал болған.  Қызылорда облысы Сырдария аудандық сотының 2013 жылғы 8  мамырдағы үкімімен П. ҚК-нің 307-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, аталған жаза шартты деп танылып, оған 1 жыл сынақ мерзімі белгіленген. Қызылорда облыстық сотының апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, талапкердің іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтап, оны қылмыстық жауаптылықтан босатқан. Азаматтық іс бойынша бірінші сатыдағы сот П.-ның құқық қорғау органына кір келтіретіндей елеулі теріс қылық жасағанын көрсетіп, оның талабын қанағаттандырусыз қалдырған. Ал облыстық соттың апелляциялық және кассациялық сот алқалары бірінші сатыдағы соттың шешімінің күшін жойып, талапкердің сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс жасап, құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасады деген негізінің жойылғандығын көрсетіп, оның талабын қанағаттандыру жөнінде шешім қабылдаған. АІЖК-нің 71-бабының 3-бөлігіне сай соттың қылмыстық іс бойынша заңды күшіне енген үкімі азаматтық істі қараған сот үшін, осы іс-әрекеттер орын алды ма және оларды осы адам жасады ма деген мәселелер бойынша, сондай-ақ үкіммен белгіленген мән-жайларға және олардың құқықтық бағасына қатысты да міндетті болып табылады.

Осыған байланысты сот алқалары П.-ның әрекетіне тиісті баға бермей, яғни оның теріс қылық жасағанын жоққа шығармаған. Бұл аталған мәнжайлар соттардың назарынан тыс қалған. Сондай-ақ «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 9 нормативтік қаулысының 23-тармағында қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты емес, бірақ азаматтардың көз алдарында құқық қорғау органдарының абыройы мен беделін көзбе-көз түсіретін әрекеттер жасауы, қызмет бабын жеке пайдакүнемдік мақсатта пайдалану, жағымсыз қоғамдық пікір тудырған қарым-қатынастары органның беделін түсіретін теріс қылық әрекеттеріне жатады деп көрсетілген. Сондықтан талапкердің қылмыстық іс бойынша сезікті ретінде өткен ағайынды М.-лардан рұқсат етілмеген байланыста болып, жәбірленуші Қ.- дан 50 мың теңге алу фактісі іс құжаттарымен толығымен дәлелденген және талапкер оған қатысты дау келтірмеген. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлер өзiне берiлген құқықтар шегiнде және қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға, мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтауға, өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға, қызмет этикасы нормаларын сақтауға, ауыртпалықтарды көтеруге міндетті. Жәбірленуші Қ.-ның ұрлық туралы жазған арызын қарауға П.-ның құзырына кірмеген. Соттар соңғының қылмыстық іс бойынша тараптармен байланыс жүргізуге және қандай да болсын ақша қаражатын алып беруге құқығы мен уәкілеттілігі болмағанына байланысты заңды тұрғыда баға бермеген.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 172-бабының 1-бөлігіне сәйкес жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – дауды қарайтын органға жүгіну үшін жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы актісінің көшірмесі табыс етілген күннен бастап үш ай мерзім белгіленген. Талапкер П. даулаған бұйрықтар 2012 жылғы 29 қарашада және 6 желтоқсанда шығарылып, осы бұйрықтармен уақытында таныстырылған.Аталған сот алқалары осы мән-жайларды ескерусіз қалдырып, жұмыстан шығару туралы бұйрықты бұзу жөніндегі талап арыздың бір жыл мерзімі өткеніне қарамастан, П.-ның сотқа талап қою туралы мерзімін қалпына келтіру жөніндегі өтінішін негізсіз қанағаттандырған. Шешім қабылдау барысында сот алқалары іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс анықтамай, материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларының дұрыс қолданылмауына жол берген. Талапкер П.-ға қатысты қабылданған сот актілері АІЖК-нің 387-бабының 3-тармағы мен «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысының талаптарына сай келмейді. Сондықтан жоғарыда келтірілген негіздерге байланысты қадағалаушы сот алқасы апелляциялық және кассациялық сот алқалары қаулыларының күштері жойылып, бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылуға жатады деген қорытындыға келді.  

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу

184-бап. Талапты қараусыз қалдырған ретте талап қою мерзiмiнiң өтуi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

184-бап. Талапты қараусыз қалдырған ретте талап қою мерзiмiнiң өтуi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Егер талапты сот қараусыз қалдырса, талап қойылғанға дейiн б...

Толық оқу »

Нарықтық баға мен дифференциалды айқындау үшін қажетті ақпаратты сұрату бағыты трансферттік баға белгілеу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келеді және талап қою мерзімдерін тоқтата тұруға әкеп соғады.

Нарықтық баға мен дифференциалды айқындау үшін қажетті ақпаратты сұрату бағыты трансферттік баға белгілеу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келеді және талап қою мерзімдері...

Толық оқу »

86-1-бап. Талап қоюдың ескіру мерзімдері Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы

86-1-бап. Талап қоюдың ескіру мерзімдеріҚазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы      1. Тасымалдаушы наразылықты қанағаттандырудан...

Толық оқу »

Адвокаттың Алматыда талап қоюдың жалпы мерзімін қолдану туралы өтінішхаты

Адвокаттың Алматыда талап қоюдың жалпы мерзімін қолдану туралы өтінішхатыНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және...

Толық оқу »

Банкроттық немесе оңалту рәсімін қозғағаннан кейін талап қою мерзімін қолдану

Банкроттық немесе оңалту рәсімін қозғағаннан кейін талап қою мерзімін қолдану1.Сот практикасында банкроттық немесе оңалту рәсімін қозғағаннан кейін талап қою мерзімін қолдану...

Толық оқу »

Сотқа жүгінудің талап қою мерзімдері, қызметтен босатылғандарды жұмысқа қайта орналастыру, жалақыны төлеу даулары бойынша

Сотқа жүгінудің талап қою мерзімдері, қызметтен босатылғандарды жұмысқа қайта орналастыру, жалақыны төлеу даулары бойыншаЕңбек Кодексінің 160-б. сәйкес келісу комиссиясына нем...

Толық оқу »

Жарамсыз мәмілелер бойынша талап қою мерзімін қолдану туралы аудандық сотқа өтінішхат

Жарамсыз мәмілелер бойынша талап қою мерзімін қолдану туралы аудандық сотқа өтінішхатАлматы қаласы Бостандық аудандық сотыТөреші Тұрсынбаева Р. А.Алматы қ., Бостандық ауданы,ш...

Толық оқу »

71-бап. Талап етудің ескіру мерзімі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы

71-бап. Талап етудің ескіру мерзімі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы      Қазақстан Ұлттық Банкінің кредит шарттарының тиiсiнше орындалмауы жөнiнде қарыз алу...

Толық оқу »

Ерлі зайыптылардың бірлескен сатып алынған мүлкін бөлу туралы Азаматтық іс бойынша талап қою ескіру туралы өтініш

Ерлі зайыптылардың бірлескен сатып алынған мүлкін бөлу туралы Азаматтық іс бойынша талап қою ескіру туралы өтінішАлматы қаласы Медеу аудандық сотынатөрағалық етуші судьяғаАмир...

Толық оқу »

Азаматтық іс бойынша сотқа өтінішхат Жарамсыз мәмілелер бойынша талап қою мерзімін қолдану туралы

Азаматтық іс бойынша сотқа өтінішхат Жарамсыз мәмілелер бойынша талап қою мерзімін қолдану туралыАлматы қаласы Бостандық аудандық сотыТөреші Тұрсынбаева Р. А.Алматы қ., Бостан...

Толық оқу »

89-бап. Кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

89-бап. Кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі 1. Өзі...

Толық оқу »

Жарамсыз мәмілелер бойынша талап қою мерзімін қолдану туралы сотқа өтінішхат

Жарамсыз мәмілелер бойынша талап қою мерзімін қолдану туралы сотқа өтінішхатАлмалы ауданының № 2 аудандық сотынаАлматы қаласының судьясы Бакиева С. А.​ Алматы қаласы, Төле Би...

Толық оқу »

37-бап. Талап қоюдың ескіру мерзімі Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

37-бап. Талап қоюдың ескіру мерзімі Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы      Банктердің, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын...

Толық оқу »

181-бап. Мiндеттемедегi адамдар өзгерген кездегi талап қою мерзiмi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

181-бап. Мiндеттемедегi адамдар өзгерген кездегi талап қою мерзiмi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Мiндеттемедегi адамдардың өзгеруi талап қою мерзiмi мен оны есеп...

Толық оқу »

65-бап. Салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіру мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

65-бап. Салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіру мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Мынадай:     1) салық органы салықтар мен бюджетке...

Толық оқу »

Азаматтық іс бойынша сотқа талап қоюдың жалпы мерзімін қолдану туралы өтінішхат

Азаматтық іс бойынша сотқа талап қоюдың жалпы мерзімін қолдану туралы өтінішхатНазар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне...

Толық оқу »

Азаматтық іс бойынша талап қою мерзімін қолдану туралы өтініштің үлгісі

Азаматтық іс бойынша талап қою мерзімін қолдану туралы өтініштің үлгісіНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және ә...

Толық оқу »

Талап қоюшының талап қойылғанға дейін талап қою мерзімін өткізіп алуы талап қоюдан бас тарту үшін дербес негіз болып табылады

Талап қоюшының талап қойылғанға дейін талап қою мерзімін өткізіп алуы талап қоюдан бас тарту үшін дербес негіз болып табыладыИ., м., с., Х. және К. сотқа "Ю" ӨК, "Банк" АҚ, "А...

Толық оқу »

Сақтандыру саласындағы даулар, талапкер талап қоюдың ескіру мерзімін жіберіп алған жоқ

Сақтандыру саласындағы даулар, талапкер талап қоюдың ескіру мерзімін жіберіп алған жоқ"К "сақтандыру компаниясы" АҚ (бұдан әрі – сақтандыру компаниясы) суброгация тәртібімен с...

Толық оқу »

Ескіру мерзімдерін қолдана отырып берешек сомасын есептен шығару туралы қарсы талап арыз

Ескіру мерзімдерін қолдана отырып берешек сомасын есептен шығару туралы қарсы талап арызНазар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі е...

Толық оқу »

551-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бойынша өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

551-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бойынша өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      О...

Толық оқу »

Талап қою мерзімі

Талап қою мерзімі2008 жылғы Салық кодексінің 46-бабының 10-тармағына сәйкес, салықтық тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңна...

Толық оқу »

Азаматтық істер бойынша адвокаттан талап қоюдың жалпы мерзімін қолдану туралы өтінішхат

Азаматтық істер бойынша адвокаттан талап қоюдың жалпы мерзімін қолдану туралы өтінішхатНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі е...

Толық оқу »

8-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы)қатынастарында талап арыздың ескіруін қолдану Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

8-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы)қатынастарында талап арыздың ескіруін қолдану Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      1. Бұ...

Толық оқу »

Жауапкерлердің талапты мойындауы кезінде талап қою мерзімін қалпына келтіру

Жауапкерлердің талапты мойындауы кезінде талап қою мерзімін қалпына келтіруҚазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 2-бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріні...

Толық оқу »