Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 65-бап. Салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіру мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

65-бап. Салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіру мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

65-бап. Салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіру мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

     1. Мынадай: 

     1) салық органы салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеуге, есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы болатын; 

     2) салық төлеуші (салық агенті): 

     салықтық есептілікті ұсынуға міндетті; 

     салықтық есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы болатын; 

     салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы болатын уақыт кезеңі салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіруі деп танылады.  

     2. Талап қоюдың ескіру мерзімі: 

     1) салық төлеушілердің мынадай санаттары: 

     Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылған; 

     қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын; 

     осы Кодекстің 33-тарауында белгіленген талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелері бар Қазақстан Республикасының резиденттері; 

     есепке жатқызу әдісімен төленген импортталатын тауарларға қосылған құн салығының сомалары бөлігінде қосылған құн салығын төлеушілер үшін бес жылды құрайды; 

     2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген салық төлеушілер үшін үш жылды құрайды. 

     3. Егер осы баптың 4 – 7-тармақтарында өзгеше көзделмесе, талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі тиісті салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады. 

     4. Мынадай жағдайларда: 

     1) преференциялар объектісі танылғанға дейін инвестициялық салықтық преференциялар шегерім әдісімен қолданылған кезде – инвестициялық салықтық преференциялардың қолданылуы кезінде және преференциялар объектісі танылған күннен бастап бес жыл бойы; 

     2) тиісті келісімнің (шарттың, келісімшарттың) қолданылу кезеңінде осы Кодекстің 17-бөліміне сәйкес салықтық преференциялар мен жеңілдіктерді қолдану көзделген салықтар бойынша – осындай келісімнің (шарттың, келісімшарттың) қолданылу кезеңі ішінде және: 

     осындай келісімнің (шарттың, келісімшарттың) қолданылу мерзімі өткен күннен бастап; 

     осындай келісімнің (шарттың, келісімшарттың) қолданысы өзгедей тоқтатылған жылдан кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан бастап бес жыл бойы салық төлеуші салықтардың сомаларын есептеуге құқылы, ал салық органы есептеуге және есепке жазуға құқылы. 

     5. Қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша салық органы осындай келісімшарттың қолданылу кезеңі ішінде және қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін бес жыл бойы: 

     үстеме пайда салығын; 

     өнімдерді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін; 

     есептеу әдістемесінде рентабельділіктің ішкі нормасының көрсеткіші немесе пайданың ішкі нормасының көрсеткіші не R-фактор (кірістілік көрсеткіші) пайдаланылатын салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің сомасын есепке жазуға және (немесе) олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы. 

     6. Талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі: 

     1) Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілген өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайларды салу кезеңіндегі салықтық міндеттеме және қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап бойынша осы Кодекстің 129-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы қолданылған жағдайда – мұндай ғимараттар мен құрылысжайлар алғаш рет пайдалануға берілген салықтық кезең аяқталғаннан кейін; 

     2) геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңіндегі салықтық міндеттеме және қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап бойынша осы Кодекстің 129-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген қайтару тәртібі қолданылған жағдайда – кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалар экспортының басталуы тұспа-тұс келетін салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады; 

     3) осы Кодекстің 122 және 126-баптарында көзделген тәртіппен қосылған құн салығының асып кетуінің расталған сомасын есепке жатқызу (немесе) қайтару жүргізілген жағдайда – осындай соманың анықтығы, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтық тексеру нәтижелеріне шағым жасау нәтижелері бойынша расталған салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады. 

     7. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомасын есепке жатқызу және (немесе) қайтару үшін талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі осы Кодекстің 122-бабының 5-тармағына сәйкес айқындалады. 

     8. Талап қоюдың ескіру мерзімі: 

     1) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазу және (немесе) олардың есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде салық төлеуші (салық агенті) талап қоюдың ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпей өтетін кезеңдегі қосымша салықтық есептілікті немесе хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсынған жағдайда – күнтізбелік бір жылға; 

     2) бюджетке төленетін корпоративтік табыс салығын есепке жазу және (немесе) оның есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде салық төлеуші (салық агенті) талап қоюдың ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпей өтетін кезеңдегі залалдарды ауыстыру бөлігінде қосымша салықтық есептілікті ұсынған жағдайда – күнтізбелік үш жылға; 

     3) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың негізінде бейрезиденттің бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтінішін қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін; 

     4) осы Кодекстің 232-бабына сәйкес жүргізілген өзара келісу рәсімінің қорытындылары бойынша қабылданған шешім орындалғанға дейін; 

     5) анықталған бұзушылықтар бөлігінде – талап қоюдың ескіру мерзімі өткенге дейін жіберілген және табыс етілген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарлама, тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша айналымның нақты жасалғанын растау туралы хабарлама орындалғанға дейін;  

     6) салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама және жеке тұлғаның салықтық берешегі өтелгені туралы хабарлама орындалғанға дейін; 

     7) салық органы инвестор халықаралық төрелікте бастамашылық жасаған төрелік талқылау бойынша ол шағым жасаған салықтық кезең басталғаннан бастап осындай төрелік талқылау бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейінгі кезеңде талқылаудың нысанасы болып табылған салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазу және (немесе) олардың есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде – осындай талқылау аяқталғаннан кейін бес жылға; 

     8) салық органының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген берешекті өндіріп алу туралы шарт бойынша коллекторлық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушінің салықтарын және бюджетке төленетін төлемдерін есепке жазу және (немесе) олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауы бөлігінде – көрсетілген шарт бойынша коллекторлық қызмет бойынша қызмет көрсету аяқталған жылдан кейінгі жылдан бастап күнтізбелік үш жылға ұзартылады. 

     9. Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазу және (немесе) олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау бөлігінде талап қоюдың ескіру мерзімі: 

     1) салықтық тексеру басталған күннен бастап салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама орындалған күнге дейінгі; 

     2) салық органы лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым берілген күннен бастап жоғары тұрған салық органы шешім шығарған және (немесе) сот актісі заңды күшіне енген күнге дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрады. 

     Салықтық тексеру салықтық тексерудің басталу күніне күнтізбелік отыз күннен аз уақыт қалған салықтық кезеңдегі талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуіне дейін осындай мерзім өткеннен кейін аяқталған жағдайда, талап қоюдың ескіру мерзімін тоқтата тұру көрсетілген салықтық кезеңге қолданылмайды. Осындай салықтық тексерумен қамтылған қалған салықтық кезеңдер бойынша тексерілетін кезеңдегі талап қоюдың ескіру мерзімі салықтық тексеру басталған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнен бастап тоқтатыла тұрады.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

 

86-1-бап. Талап қоюдың ескіру мерзімдері Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы

86-1-бап. Талап қоюдың ескіру мерзімдеріҚазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы      1. Тасымалдаушы наразылықты қанағаттандырудан...

Толық оқу »

Талап қою мерзімі

Талап қою мерзімі2008 жылғы Салық кодексінің 46-бабының 10-тармағына сәйкес, салықтық тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңна...

Толық оқу »

184-бап. Талапты қараусыз қалдырған ретте талап қою мерзiмiнiң өтуi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

184-бап. Талапты қараусыз қалдырған ретте талап қою мерзiмiнiң өтуi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Егер талапты сот қараусыз қалдырса, талап қойылғанға дейiн б...

Толық оқу »

Нарықтық баға мен дифференциалды айқындау үшін қажетті ақпаратты сұрату бағыты трансферттік баға белгілеу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келеді және талап қою мерзімдерін тоқтата тұруға әкеп соғады.

Нарықтық баға мен дифференциалды айқындау үшін қажетті ақпаратты сұрату бағыты трансферттік баға белгілеу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келеді және талап қою мерзімдері...

Толық оқу »

86-1-бап. Талап қоюдың ескіру мерзімдері Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы

86-1-бап. Талап қоюдың ескіру мерзімдеріҚазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы      1. Тасымалдаушы наразылықты қанағаттандырудан...

Толық оқу »

Сотқа жүгінудің талап қою мерзімдері, қызметтен босатылғандарды жұмысқа қайта орналастыру, жалақыны төлеу даулары бойынша

Сотқа жүгінудің талап қою мерзімдері, қызметтен босатылғандарды жұмысқа қайта орналастыру, жалақыны төлеу даулары бойыншаЕңбек Кодексінің 160-б. сәйкес келісу комиссиясына нем...

Толық оқу »

Жарамсыз мәмілелер бойынша талап қою мерзімін қолдану туралы аудандық сотқа өтінішхат

Жарамсыз мәмілелер бойынша талап қою мерзімін қолдану туралы аудандық сотқа өтінішхатАлматы қаласы Бостандық аудандық сотыТөреші Тұрсынбаева Р. А.Алматы қ., Бостандық ауданы,ш...

Толық оқу »

71-бап. Талап етудің ескіру мерзімі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы

71-бап. Талап етудің ескіру мерзімі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы      Қазақстан Ұлттық Банкінің кредит шарттарының тиiсiнше орындалмауы жөнiнде қарыз алу...

Толық оқу »

Ерлі зайыптылардың бірлескен сатып алынған мүлкін бөлу туралы Азаматтық іс бойынша талап қою ескіру туралы өтініш

Ерлі зайыптылардың бірлескен сатып алынған мүлкін бөлу туралы Азаматтық іс бойынша талап қою ескіру туралы өтінішАлматы қаласы Медеу аудандық сотынатөрағалық етуші судьяғаАмир...

Толық оқу »

Азаматтық іс бойынша сотқа өтінішхат Жарамсыз мәмілелер бойынша талап қою мерзімін қолдану туралы

Азаматтық іс бойынша сотқа өтінішхат Жарамсыз мәмілелер бойынша талап қою мерзімін қолдану туралыАлматы қаласы Бостандық аудандық сотыТөреші Тұрсынбаева Р. А.Алматы қ., Бостан...

Толық оқу »

89-бап. Кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

89-бап. Кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі 1. Өзі...

Толық оқу »

37-бап. Талап қоюдың ескіру мерзімі Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

37-бап. Талап қоюдың ескіру мерзімі Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы      Банктердің, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын...

Толық оқу »

181-бап. Мiндеттемедегi адамдар өзгерген кездегi талап қою мерзiмi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

181-бап. Мiндеттемедегi адамдар өзгерген кездегi талап қою мерзiмi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Мiндеттемедегi адамдардың өзгеруi талап қою мерзiмi мен оны есеп...

Толық оқу »

Азаматтық іс бойынша сотқа талап қоюдың жалпы мерзімін қолдану туралы өтінішхат

Азаматтық іс бойынша сотқа талап қоюдың жалпы мерзімін қолдану туралы өтінішхатНазар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне...

Толық оқу »

Талап қоюшының талап қойылғанға дейін талап қою мерзімін өткізіп алуы талап қоюдан бас тарту үшін дербес негіз болып табылады

Талап қоюшының талап қойылғанға дейін талап қою мерзімін өткізіп алуы талап қоюдан бас тарту үшін дербес негіз болып табыладыИ., м., с., Х. және К. сотқа "Ю" ӨК, "Банк" АҚ, "А...

Толық оқу »

Қозғалған қылмыстық іс бойынша шығарылған ақтау үкіміне байланысты бұйрықтарды заңсыз деп танып, олардың күшін жойып, бұрынғы қызметіне қайта орналастырып, лажсыз бос жүрген уақытына айлық жалақысын өндіріп, талап қою мерзімін қалпына келтіру

Қозғалған қылмыстық іс бойынша шығарылған ақтау үкіміне байланысты бұйрықтарды заңсыз деп танып, олардың күшін жойып, бұрынғы қызметіне қайта орналастырып, лажсыз бос жүрген у...

Толық оқу »

Сақтандыру саласындағы даулар, талапкер талап қоюдың ескіру мерзімін жіберіп алған жоқ

Сақтандыру саласындағы даулар, талапкер талап қоюдың ескіру мерзімін жіберіп алған жоқ"К "сақтандыру компаниясы" АҚ (бұдан әрі – сақтандыру компаниясы) суброгация тәртібімен с...

Толық оқу »

Ескіру мерзімдерін қолдана отырып берешек сомасын есептен шығару туралы қарсы талап арыз

Ескіру мерзімдерін қолдана отырып берешек сомасын есептен шығару туралы қарсы талап арызНазар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі е...

Толық оқу »

551-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бойынша өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

551-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бойынша өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      О...

Толық оқу »

Талап қою мерзімі

Талап қою мерзімі2008 жылғы Салық кодексінің 46-бабының 10-тармағына сәйкес, салықтық тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңна...

Толық оқу »

Азаматтық істер бойынша адвокаттан талап қоюдың жалпы мерзімін қолдану туралы өтінішхат

Азаматтық істер бойынша адвокаттан талап қоюдың жалпы мерзімін қолдану туралы өтінішхатНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі е...

Толық оқу »

8-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы)қатынастарында талап арыздың ескіруін қолдану Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

8-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы)қатынастарында талап арыздың ескіруін қолдану Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      1. Бұ...

Толық оқу »