Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Жер даулары бойынша, өз бетімен салынған құрылыстарды жауапкердің есебінен бұздыру және моральдық залалды өндіру туралы

Жер даулары бойынша, өз бетімен салынған құрылыстарды жауапкердің есебінен бұздыру және моральдық залалды өндіру туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Жер даулары бойынша, өз бетімен салынған құрылыстарды жауапкердің есебінен бұздыру және моральдық залалды өндіру туралы

Талап қоюшы А. жауапкер К.-ға өз бетімен салынған құрылыстарды жауапкердің есебінен бұздыру және моральдық залалды өндіру туралы талап қою арызымен сотқа жүгініп, оны жауапкер К. тиісті органдардың рұқсатын алмай, құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес келмейтін жаздық уақытша тұрғын жай мен мал қорасын тұрғызғанымен негіздеген. Жуалы аудандық сотының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі шешімімен талап қою арызы қанағаттандырусыз, Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2017 жылғы 15 қарашадағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады. Осы іс бойынша аталған заң бұзушылықтарға жол берілген. Азаматтық істі жергілікті соттарда қарау және дауды шешу барысында төмендегі мән-жайлар анықталған. Талап қоюшы А.-ның Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, Д.Қонаев көшесі, № 88 тұрғын үйге жекеменшік және осы үй орналасқан 0,1106 га жер учаскесін иелену құқығы тиісті органдарда тіркелген. Жауапкер К.-нің Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, Д.Қонаев көшесі, № 90 тұрғын үйге жекеменшік және осы үй орналасқан 0,08 га жер учаскесін иелену құқығы да заңды түрде ресімделген.

Талап қоюшының жеке меншігіндегі жалпы ауданы 88,2 м2, тұрғын ауданы 52,4 м2 тұрғын үй мен қосалқы шаруашылық нысандарына меншік құқығы мүлікті жария ету жөніндегі комиссия отырысының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 109 хаттамасына сәйкес айқындалған. Жауапкердің меншігіндегі тұрғын үйге меншік құқығы 1997 жылғы 27 маусымдағы Д. мен К.-нің арасындағы жалпы ауданы 63,3 м2, тұрғын ауданы 45,3 м2 тұрғын үйді қосалқы шаруашылық нысандарымен қоса сату, сатып-алу шартының негізінде анықталған. Сонымен қатар, К.-нің өзіне тиесілі тұрғын үйдің техникалық түгендемесіне сәйкес, 1955 және 1958 жылдары шекара белдерінің сызығымен салынған Литер 1 және Литер 2 қораларын бұзып, 2012 жылы мал ұстауға арналған ұзындығы 20 метр құрайтын жаңа қора және 2016 жылы № 88 үй иесі шекарасынан № 90 үй иесі қорасының дуалына дейін, ұзындығы 14 метр құрайтын жазғы асхананың құрылыстарын салған. Аталған құрылыстарды жауапкер көршілерінің, мемлекеттік органдардың рұқсатын алмай және тиісті құжаттарды ресімдемей өз бетімен салған. АПК-нің 427-бабының 1-тармағы, 1 және 3) тармақшаларына сәйкес іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымының дұрыс айқындалмауы және анықталмауы, сол сияқты шешімде баяндалған бірінші сатыдағы сот түйіндерінің істің мән-жайларына сәйкес келмеуі сот шешімінің күшін жоюға не оны өзгертуге негіз болып табылады. Жергілікті соттар жауапкер К.-нің өз бетімен салған құрылыс нысандары талап қоюшының өмірі мен денсаулығына және қоршаған орта үшін қауіп төндірмейді, сондықтан талап қою арызын қанағаттандыруға негіздер жоқ деген тұжырымға келген.

Алайда, аталған тұжырым даулы қатынастардың сипаты мен іс бойынша анықталған мән-жайлардың мазмұнына сай келмейді. Арнайы білімдері бар, Жуалы ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс мамандарының, тараптардың қатысуларымен жасалған Д.Қонаев көшесінде орналасқан № 88 және № 90 тұрғын үйлердің жер телімдерінің шекараларын анықтау актісіне сәйкес (т.1, і/б 93), ұзындығы 20 метр құрайтын, жаңа қора нысаны № 88 үй иесінің шекарасынан № 90 үй иесі қорасының дуалына дейін бас жағы 90 см, қораның ортасындағы дуалына дейін 67 см, төмен жағынан дуалға дейін 50 см шегініспен орналасқан. Ал, ұзындығы 14 метрді құрайтын жазғы асхана қабырғасының биіктігі 3.55 метр, шатырының биіктігі 2.3 метр екендігі анықталған. Жазғы асхана нысаны № 88 үй иесінің шекарасынан № 90 үй иесі шекарасының бағыты бойынша басы 1.5 метр, төмен жағы 85 см шегініспен орналасқан. А. үйінің бастырмасы мен жауапкердің жазғы асханасының аралығы 2.30 метрді құрайды. Мамандардың пікірі бойынша жоғарыда көрсетілген құрылыс нысандарын салу барысында жауапкер көршілерінің және жергілікті уәкілетті органдардың келісімін алмаған және жауапкер «Жеке тұрғын үй құрылысы аудандарын жайғастырып жоспарлау және құрылысын жүргізу туралы» 3.01-02-201 санды құрылыс нормалары мен ережелерінің 4.4. бөлігінің талаптарын сақтамай, құрылыстарды өз бетімен жүргізген.  Сондай-ақ тұрғын үйге жатпайтын шаруашылық нысандарының құжаттары заңдастырылмаған. Аталған құрылыс нысандарын салу барысында талап қоюшының келісімін алмағандығын және тиісті құжаттарды ресімдемегенін жауапкер К.-де жоққа шығармайды. Сонымен қатар, талап қоюшының аталған құрылыстардың шатыры оның ауласына қарай еңкейтіп жабылғандықтан, шатырдан аққан су мен қар аулаға жиналатындығы туралы, құрылыстар жер телімінің күнгей бетінде орналасқандықтан өзінің бау-бақша егу, шаруашылық жүргізу мүмкіндігінен айырылып отырғандығы туралы уәждерін соттар мүлдем тексермеген. Істі қарау барысында тараптардың жеке меншігіндегі жер телімдерінің, олардың алғашқы құқық иеленген кездері мен қазіргі нақты иелену барысындағы шекаралары анықталмаған. Жауапкер талап қоюшы мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның 2016 жылғы 24 қарашадағы № 109 хаттамасын алғаннан кейін жер телімінің алғашқы шекарасын сақтамай, үлкейтіп алғанын және осы өзгертілген жер теліміне жаңа акті алмағанын көрсеткен. Жоғарыда айтылған мамандардың шекараларды анықтау актісінде, шындығында талап қоюшының жер актісі бойынша пайдаланып отырған жерінің көлемі ‑ 0,1106 га, ал нақты пайдаланып отырған жер көлемі ‑ 0,1177 га екендігі көрсетілген.

Ал жауапкерге тиісті жер көлемі акті бойынша ‑ 0,0800 га болса, ол нақты 0,0846 га жер көлемін пайдаланып отырғандығы анықталған. Осы айтылған жағдайларға сәйкес, тараптардың пайдаланып отырған жер учаскесінің заңды шекараларын айқындау іс үшін маңызы бар мән-жайлар санатына жатады. Талап қоюшы сот отырысы барысында жауапкер К.-нің құрылыс нысандарын өзінің жер теліміне 1 метр кіріп кетіп, заңсыз салған деген жауаптар беріп, өз талап арызын нақтылаған. Алайда, шешім қабылдау барысында соттар аталған пікірді зерделемеген. АПК-нің 4-бабының талаптарына сәйкес, азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда және жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады. Алайда, жергілікті соттар процестік заңнаманың аталған талаптарын сақтамай, қабылданған шешімдердің заңдылығына мән бермеген. Жоғарыда айтылған жағдайларды назарға алып, сот алқасы дауланып отырған сот актілері қолданыстағы материалдық және процестік заңнамалардың талаптарына сай қабылданбаған, сондықтан олардың күштері жойылуға, ал азаматтық іс облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасына басқа судьялардың құрамында жаңадан қарауға жіберілуге жатады деген қорытындыға келді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот алқасы жергілікті сот актілерінің күшін жойып, істі жаңадан қарау үшін апелляциялық сатыдағы сотқа жолдады. Талап қоюшы А.-ның өтінішхаты қанағаттандырылды.  

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Нақты тұтынылған газ үшін өз бетінше қосылғаны үшін есептелген өсімпұл, қосымша газ шығысының сомасын өндіріп алудан бас тартылды

Нақты тұтынылған газ үшін өз бетінше қосылғаны үшін есептелген өсімпұл, қосымша газ шығысының сомасын өндіріп алудан бас тартылды2015 жылғы 17 маусымда Алматы қаласының маманд...

Толық оқу »

115-бап. Мемлекеттiк орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақтарды қайтару Орман кодексі Қазақстан Республикасының

115-бап. Мемлекеттiк орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақтарды қайтару Орман кодексі Қазақстан Республикасының      1. Мемлекеттiк орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақта...

Толық оқу »

Құрылысты өз учаскесінен тыс асыра салынғандықтан құрылысты бұзуға мәжбүрлеу туралы

Құрылысты өз учаскесінен тыс асыра салынғандықтан құрылысты бұзуға мәжбүрлеу туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қаралады, өйткенi мүд...

Толық оқу »

Қосымша пікір өз бетінше салынған құрылысты бұзу арқылы кедергілерді жою туралы талап арызға

Қосымша пікірөз бетінше салынған құрылысты бұзу арқылы кедергілерді жою туралы талап арызғаАлматы қаласы Наурызбай аудандықсотының судьясы Медетова А.М.​Шұғыла шағын ауданы,34...

Толық оқу »

Көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұру және өз бетінше құрылысты бұзу міндетін жүктеу туралы

Көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұру және өз бетінше құрылысты бұзу міндетін жүктеу туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою...

Толық оқу »

138-бап. Өз бетiнше басып алынған су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын қайтару Қазақстан Республикасының Су Кодексі

138-бап. Өз бетiнше басып алынған су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын қайтару Қазақстан Республикасының Су Кодексі 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су...

Толық оқу »

Қарсы пікір өз бетінше салынған құрылысты бұзу арқылы кедергілерді жою туралы талап арызға

Қарсы пікір өз бетінше салынған құрылысты бұзу арқылы кедергілерді жою туралы талап арызғаАлматы қаласы Наурызбай аудандық сотының судьясы А.М.Медетоваға​Шұғыла шағын ауданы,3...

Толық оқу »

53-бап. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде өз бетінше су пайдалануға жол берілмеуін және шаруашылық қызметті жүзеге асыруға осы Кодексте белгіленген тыйым салулардың сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Су кодексі

53-бап. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде өз бетінше су пайдалануға жол берілмеуін және шаруашылық қызметті жүзеге асыруға осы Кодексте белгіленген тыйы...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою, үй-жайына кіріп шығуына кедергі келтермеуін міндеттеу туралы

Өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою, үй-жайына кіріп шығуына кедергі келтермеуін міндеттеу туралы2025 жылғы 28 мамыр №6001-25-00-3ГП/161 Қ...

Толық оқу »

Меншік құқығын өз бетінше салуға сатып алу ескіруіне байланысты тану туралы талап-арыздар

Меншік құқығын өз бетінше салуға сатып алу ескіруіне байланысты тану туралы талап-арыздар"Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері тур...

Толық оқу »

78-бап. Вагондар мен контейнерлердi өз бетiмен иеленiп алғаны, бұзғаны немесе жоғалтқаны үшiн жауапкершiлiк Теміржол көлігі туралы Заңы

78-бап. Вагондар мен контейнерлердi өз бетiмен иеленiп алғаны, бұзғаны немесе жоғалтқаны үшiн жауапкершiлiк Теміржол көлігі туралы Заңы      1. Тасымалдаушы, жүк жөнелтушi, жү...

Толық оқу »

Пікір өз бетінше салынған құрылысты бұзу арқылы кедергілерді жою туралы талап арызға

Пікірөз бетінше салынған құрылысты бұзу арқылы кедергілерді жою туралы талап арызғаАлматы қаласы Наурызбай аудандықсотының судьясы Н.Қ. Урстембай​Шұғыла шағын ауданы,347/1​1+...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған ғимаратты бұзуды тиісті емес жауапкерге талап қою туралы

Өз бетінше салынған ғимаратты бұзуды тиісті емес жауапкерге талап қою туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қаралады, өйткенi мүдделi тұ...

Толық оқу »

Жер участкесінде орналасқан өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою

Жер участкесінде орналасқан өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою20 тамыз 2025 жыл №7599-25-00-2а/6263 Алматы қалалық сотының азаматтық істе...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою үй-жайға кіріп-шығуға кедергі келтермеуді міндеттеу

Өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою үй-жайға кіріп-шығуға кедергі келтермеуді міндеттеу2024 жылғы 08 тамыз №7585-24-00-2/581 іс Алматы қал...

Толық оқу »

Мүлікке, оның ішінде өз бетінше салуға меншік құқығын тану туралы талаптар

Мүлікке, оның ішінде өз бетінше салуға меншік құқығын тану туралы талаптарАІЖК – нің 104-бабы 1-бөлігінің 11) тармақшасына сәйкес талап қою бағасы: жылжымайтын мүлік объектіле...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде заңды тұлғаның мемлекеттік бажын төлеуі туралы

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде заңды тұлғаның мемлекеттік бажын төлеуі туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қ...

Толық оқу »

32-бап. Өз бетінше салынған құрылысқа мемлекеттік меншік құқығына ие болу Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

32-бап. Өз бетінше салынған құрылысқа мемлекеттік меншік құқығына ие болуМемлекеттік мүлік туралы Заңы      Мемлекетке тиесілі және жер пайдалануда болмаған жер учаскелерінде...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде жеке тұлғаның мемлекеттік баж төлеуі туралы

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде жеке тұлғаның мемлекеттік баж төлеуі туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қара...

Толық оқу »