53-бап. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде өз бетінше су пайдалануға жол берілмеуін және шаруашылық қызметті жүзеге асыруға осы Кодексте белгіленген тыйым салулардың сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Су кодексі
1. Осы мемлекеттік бақылау тексеру басталғанға дейін тексеруді тағайындау туралы актіні тіркемей объектілерді тексеру нысанында жүзеге асырылады.
2. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде өз бетінше су пайдалануды және (немесе) тыйым салынған шаруашылық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік бақылау субъектілері болып табылады.
Осы Кодекстің 11-бабында көрсетілген су қатынастары объектілері, сондай-ақ мемлекеттік бақылау субъектілерінің меншік құқығында немесе оларда өзге де заңды негізде болатын, пайдаланылуы су қатынастары объектілеріне байланысты мүлік мемлекеттік бақылау объектілері (бұдан әрі – бақылау объектілері) болып табылады.
3. Бассейндік су инспекциялары тексеруді жүргізу үшін су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде өз бетінше су пайдаланудың және шаруашылық қызметті жүзеге асыруға осы Кодексте белгіленген тыйым салулардың сақталмауының ықтимал жоғары тәуекелдері бар су объектілеріне болжамды бағалауды алдын ала жүргізеді, ол үшін:
1) жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен ақпаратты талдау;
2) бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған ақпарат;
3) Жерді қашықтан зондтау негізге алынады.
4. Бассейндік су инспекциясы осы баптың 3-тармағында көзделген, су объектілеріне жүргізілген болжамды бағалау негізінде тексеру үшін су объектілерінің тізбесін қалыптастырады, сондай-ақ оларды жүргізу мерзімдері мен ұзақтығын айқындайды.
Бұл ретте тексеру барысында арнаулы су пайдалануға рұқсаты және (немесе) бассейндік су инспекциясымен келісілген, су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде қызметті жүзеге асыруға арналған құжаттары бар мемлекеттік бақылау субъектілеріне қатысты бақылау жүргізуге тыйым салынады.
5. Тексеру үшін бақылау объектісіне келген бассейндік су инспекциясының лауазымды адамы (лауазымды адамдары) тексеруді жүзеге асыру үшін қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын ұсынады.
6. Бассейндік су инспекциясының лауазымды адамы тексеру нәтижелері бойынша тексеру нәтижелері туралы акт жасайды, онда:
1) тексеруді жүргізу және актіні жасау орны, күні және уақыты;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) мемлекеттік бақылау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексеру жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
5) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
6) мемлекеттік бақылау субъектісі өкілдерінің, сондай-ақ тексеруді жүргізу кезінде қатысқан адамдардың тексеру нәтижелері туралы актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбасы немесе қол қоюдан бас тартуы;
7) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) қолтаңбасы қамтылады.
Тексеру нәтижелері туралы акт екі данада жасалады. Бір данасы мемлекеттік бақылау субъектісіне беріледі, екіншісі бассейндік су инспекциясында қалады.
Уәкілетті орган тексеру нәтижелері туралы актінің нысанын бекітеді.
7. Мемлекеттік бақылау субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуының анықталған фактілері бойынша бассейндік су инспекциясының лауазымды адамы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктер шегінде, анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдауға міндетті.
8. Бассейндік су инспекциясы лауазымды адамдарының тексеруді жүргізу кезінде:
1) қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын көрсеткен кезде мемлекеттік бақылау объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тігу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін алуға;
3) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға құқығы бар.
9. Бассейндік су инспекциясының лауазымды адамдары тексеруді жүргізу кезінде:
1) тексеруді жүргізу нәтижесінде алынған құжаттардың (мәліметтердің) сақталуын қамтамасыз етуге;
2) мемлекеттік бақылау субъектісіне тексеру нәтижелері туралы актіні табыс етуге міндетті.
10. Мемлекеттік бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері тексеруді жүзеге асыру кезінде:
1) қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын көрсеткен бассейндік су инспекциясы лауазымды адамдарының тексерілетін объектінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының осы баптың 8-тармағында көзделген құқықтарын жүзеге асыруына кедергі келтірмеуге міндетті.
11. Мемлекеттік бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері тексеруді жүзеге асыру кезінде:
1) қызметтік куәлігі не сәйкестендіру қартасы жоқ адамдарды тексеруге жібермеуге;
2) өз ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын жазбаша түрде баяндауға және оларды тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беруге;
3) жоғары тұрған мемлекеттік органдарға немесе сотқа тексеру нәтижелеріне шағым жасауға құқылы.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің күші жойылды деп танылсын, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Су кодексі қабыдануымен.
53-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау Қазақстан Республикасының Су Кодексі
1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау суды бастапқы есепке алу қағидалары негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылауды арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қамтамасыз етедi.
3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен типін бекітуден немесе метрологиялық аттестаттаудан өткен суды есепке алу аспаптары негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Ауызсудың және тазартылған сарқынды сулардың сапасына өндірістік бақылауды сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның аккредиттелген зертханалары, сондай-ақ жасасылған шарттарға сәйкес басқа да аккредиттелген зертханалар жүзеге асырады.
Ескерту. 53-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.09 № 213(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Су Кодексі Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы