122-бап. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдың артық төленген және (немесе) төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару тәртібінің негізгі ережелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің (есепке жатқызуға жатпайтын салықтар мен бюджетке төленетін төлемді қоспағанда) және өсімпұлдың төленген және (немесе) артық төленген сомасын есепке жатқызуды салық органы ұлттық валютада:
1) салық төлеушінің салықтық өтінішінсіз;
2) салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде жүргізеді.
2. Салықтың, бюджетке төленетін төлем мен өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің салықтық өтінішінсіз мынадай реттілікпен:
1) артық төленген сома түзілген және төлеу мерзімі басталған салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын төлеу;
2) мынадай:
артық төленген сома түзілген салық, бюджетке төленетін төлем түрі бойынша;
салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша бересіні өтеу;
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген реттілікпен салықтар, бюджетке төленетін төлемдер бойынша өсімпұлды өтеу;
4) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген реттілікпен салықтар, бюджетке төленетін төлемдер бойынша айыппұлды өтеу есебіне жүргізіледі.
3. Салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша салықтың, бюджетке төленетін төлем мен өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу:
1) салық төлеушіде және (немесе) осындай салық төлеушінің құрылымдық бөлімшесінде салықтық берешек болмаған жағдайда, осындай өтініште көрсетілген салықтың және (немесе) бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша алдағы төлемдер;
2) мыналардың:
осындай салық төлеушінің құрылымдық бөлімшесінің;
егер салық төлеуші заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылса, мұндай заңды тұлғаның осындай өтінішінде көрсетілген салықтың және (немесе) бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша салықтық берешекті өтеу есебіне жүргізіледі.
4. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің (қайтарылуға жатпайтын салықтар мен бюджетке төленетін төлемді қоспағанда), өсімпұл мен айыппұлдың төленген және (немесе) артық төленген сомасын қайтаруды салық органы салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде салық төлеушінің осындай өтініште көрсетілген банктік шотына аудару арқылы жүргізеді.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін салық органының салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдың артық төленген және (немесе) төленген сомасын, қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтаруы деп салық органының Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес тиісті төлем тапсырмасын ұсынуы түсініледі.
Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдың төленген, оның ішінде артық төленген сомаларын қайтаруды салық органы салық төлеуші мен оның құрылымдық бөлімшесінде салықтық берешек болмаған кезде жүргізеді.
Салықтық берешек болған жағдайда қайтару осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес салықтың, бюджетке төленетін төлем мен өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайда салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдың артық төленген сомасының қалдығы есепке жатқызуды жүргізгеннен кейін қайтаруға жатады.
5. Мемлекеттік баждан басқа, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық (қате) төленген сомасы:
ағымдағы жыл;
осындай сомалар төленген күнтізбелік жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде алдыңғы күнтізбелік жылдар ішінде төленген сомалар мөлшерінде есепке жатқызылуға және (немесе) қайтарылуға жатады.
Мемлекеттік баждың артық төленген сомасы бюджетке мемлекеттік баждың осындай сомасы төленген күннен бастап үш жыл ішінде қайтаруға арналған құжаттар ұсынылған кезде қайтарылуға жатады.
6. Салық органы салықтың, бюджетке төленетін төлемнің төленген және (немесе) артық төленген сомаларын есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу мерзімін бұзған кезде есепке жазылған өсімпұл сомасы салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша бюджеттік сыныптаманың тиісті коды бойынша бюджетке түсетін түсімдер есебінен салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізілген күні аударылуға жатады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
122-бап. Банктік шоттардағы ақша есебінен бюджетке берешекті өндіріп алу Кодекса О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс) Республики Казахстан
1. Салық органы салық төлеушiнің (салық агентінің) банктік шоттарынан салықтық берешек сомасын тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес:
тәуекел деңгейі жоғары санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешек сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң;
тәуекел деңгейі орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешек сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң мәжбүрлеу тәртiбiмен өндіріп алады.
Осы тармақтың ережелерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес өндiрiп алуды қолдануға жол берiлмейтiн банктік шоттарға қолданылмайды.
2. Салық төлеушінің (салық агентінің) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашылған банктік шоттарынан салықтық берешек сомасын өндіріп алу, осындай екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ақша сомасын қоспағанда, көрсетiлген қарыздың өтелмеген негiзгi борышы мөлшерiнде салық органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі.
3. Салық органы инкассалық өкімді оны жасау күнгі салықтық берешек сомасы туралы деректер негізінде жасайды.
4. Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бір банктік шотынан инкассалық өкімді орындаған кезде салық төлеушінің (салық агентінің) көрсетілген екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банктік шоттарына шығарылған инкассалық өкімдер, егер мұндай инкассалық өкімдер сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша шығарылған болса, салық органына орындалмай қайтарылады.
5. Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бірнеше банктік шотынан инкассалық өкімде көрсетілген жалпы сомаға ақшаны есептен шығару арқылы осындай инкассалық өкімді толық орындаған кезде, салық төлеушінің (салық агентінің) көрсетілген екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашылған басқа банктік шоттарына сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша шығарылған инкассалық өкімдер орындалмай қайтарылады.
6. Инкассалық өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен нысан бойынша шығарылады және салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешек сомаларын өндiрiп алу жүргiзiлетiн сол банктік шотын көрсетуді қамтиды.
Салық органы инкассалық өкімді екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда телекоммуникация желілері бойынша беру арқылы жібереді. Электрондық нысанда инкассалық өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес қалыптастырылады.
7. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) банктік шотында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда, салықтық берешекті өндіріп алу салық органдары ұлттық валютада шығарған инкассалық өкiмдер негiзiнде шетел валютасындағы банктік шоттардан жүргізіледі.
8. Клиентке қойылған талаптардың барлығын қанағаттандыру үшін клиенттің екінші деңгейдегі банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы ақшасы жеткілікті болған кезде салықтық берешек сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімді екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірінші кезектегі тәртіппен және көрсетілген өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, банктік шоттағы сомалар шегінде орындайды.
9. Клиентке бiрнеше талап қойылған кезде салық төлеушiнiң (салық агентінің) банктік шоттарында ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда, екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осындай шоттарға ақша түсуiне қарай және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртібімен салықтық берешекті өтеу есебіне клиенттiң ақшасын алып қоюды жүргiзедi.
10. Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоты жабылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген инкассалық өкімді тиісті салық органына салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шотының жабылғаны туралы хабарламамен бірге қайтарады.
11. Салық органы салықтық берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей инкассалық өкімді кері қайтарып алады.
Салық органы инкассалық өкімді кері қайтарып алуды екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда телекоммуникация желілері бойынша беру арқылы жібереді. Электрондық нысанда инкассалық өкімді кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес қалыптастырылады.
О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс) О таможенном регулировании О недрах и недропользовании Административный процедурно-процессуальный О здоровье народа и системе здравоохранения Экологический Социальный Комментарий статья Гражданский процессуальный Гражданский Уголовно-процессуальный кодекс Уголовный Нормативное постановление верховного суда