826-2-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым жасау, наразылық білдіру тәртібі мен мерзімдері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
Шағым, наразылық оларды қарауға уәкілетті жоғары тұрған органға (лаузымды адамға) тікелей берілуі мүмкін.
Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым, наразылық осы Кодекстің 817-бабында көзделген мерзім өткен соң он тәулік ішінде берілуі мүмкін.
Егер келтірілген шағым осы Кодекстің 833-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген талаптарға сәйкес келмесе, ол берілген деп есептеледі, бірақ толық ресімдеу үшін мерзімі көрсетіле отырып, қайтарылады. Егер көрсетілген мерзім ішінде шағым қайта жасалғаннан кейін органға (лауазымды адамға) ұсынылмаса, ол берілмеген деп есептеледі.
Келісімшарттық міндеттемелерді орындауға мәжбүрлеуге және айыппұл сомасын өндіруге байланысты даулар
Келісімшарттық міндеттемелерді орындауға мәжбүрлеуге және айыппұл сомасын өндіруге байланысты даулар Мемлекеттік органдардың қанағаттандырылған шешімдері бойынша негізгі талап...