896-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы мәжбүрлеп орындатуға жіберу тәртібі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Айыппұл салу туралы қаулы немесе ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен әділет органдарына, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына айыппұл салу туралы қаулыны немесе ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ерікті түрде орындау мерзімі өткеннен кейін он күн ішінде жіберіледі.
Айыппұл салу туралы қаулы немесе ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама судьяның, уәкілетті органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында мәжбүрлеп орындатуға жіберілуі мүмкін.
Айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттiгi туралы нұсқама әділет органдарына және жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына жіберілген кезде оған айыппұл сомасының мемлекет кірісіне түспегені туралы мәліметтер қоса беріледі.
2. Осы Кодекстің талаптары бұзыла отырып, мәжбүрлеп орындатуға жіберілген айыппұл салу туралы қаулы, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама әкімшілік жазаны қолданған мемлекеттік органға қайтарылуға жатады.
3. Айыппұл салу туралы қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы әкімшілік жаза қолданған органға қайтару, олардың кемшіліктерін жоя отырып, мәжбүрлеп орындатуға қайта жіберу үшін кедергі болмайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы