29-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негіздерi Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы
1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
1) қажеттi қорғану және аса қажеттілiк жағдайда жасалған iс-әрекеттердi қоспағанда, пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септiгiн тигiзетiн қасақана iс-әрекеттерi;
2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерi салдарынан болса, сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы.
2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн сондай-ақ:
1) пайда алушының шығынның тиiстi өтемiн шығын келтiруге кiнәлi тұлғадан алуы;
2) Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
3) сақтанушының (сақтандырылушының) көлiк құралын жарыстарда, сынақтарда немесе жүргiзудi үйретуге арнайы лайықталған орындарда оқыту кезiнде пайдалануы;
4) көлiк құралын тиеу немесе түсiру кезiнде зиян келтiру;
5) жәбiрленушiнiң мүлкiне ақша, бағалы қағаздар, алтын, күмiстен жасалған бұйымдар, құнды заттар, әсемдiк бұйымдар, өнер туындылары немесе басқа да құндылықтар түрiнде зиян келтiру;
6) жәбiрленушiнiң осы Заңның 22-бабы 3-тармағы үшінші бөлігінің, 22-2-баптың 6-тармағының екінші бөлігінің талаптарын бұзуы;
7) сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі жөніндегі құжаттар мен мәліметтердің осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негiз болуы мүмкiн.
3. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту үшiн негiздер болған кезде сақтандырушы өтінішті және осы Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бас тарту себептерінің уәжді негіздемесімен және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, дауды сотқа дейінгі реттеу үшін қаржы омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жазбаша нысанда жiберуге мiндеттi.
4. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
5. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
1) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивтiк улану әсерiнiң;
2) соғыс қимылдарының;
3) азамат соғысының, түрлi сипаттағы халық толқуларының, жаппай тәртiпсiздiктердiң немесе ереуiлдердiң салдарынан басталса, сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады.
5-1. Сақтандыру төлемі сақтандыру полисінде көрсетілген зақымдалған көлік құралы үшін төленбейді.
6. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негiздер бойынша сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы.
Осы Заң көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы