705-бап. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған кірістерін салық салудан толық босату бөлігінде халықаралық шартты қолдану тәртiбі Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Осы бапта белгіленген халықаралық шарттың ережелерін қолдану тәртібі мынадай:
1) осы Кодекстің 706, 707, 712, 713 және 714-баптарына сәйкес оларға қатысты халықаралық шарттың ережелерін қолданудың өзге тәртібі көзделген;
2) осы Кодекстің 699, 700 және 701-баптарына сәйкес оларға қатысты халықаралық шарттың ережелерін қолданудың өзге тәртібі көзделген, осы Кодекстің 687-бабында айқындалған;
3) осы Кодекстің 699, 700 және 701-баптарына сәйкес оларға қатысты халықаралық шарттың ережелерін қолданудың өзге тәртібі көзделген, филиал, өкілдік ашпай, бейрезиденттің тіркелген құрылымдық бөлімшесі және (немесе) тұрақты мекемесі болған кезде қызметтер көрсетуден және (немесе) жұмыстар орындаудан;
4) Қазақстан Республикасында тұрақты мекеменің құрылуына алып келетін бір жоба және (немесе) байланысты жобалар шеңберінде қызметтер көрсетуден және (немесе) жұмыстар орындаудан түсетін кірістерді қоспағанда, бейрезиденттің осы Кодекстің 679-бабында көзделген кірістеріне қолданылады.
Жобалардың байланысын салық агенті осы Кодекстің 228-бабына сәйкес өзі дербес айқындайды.
2. Салық агенті бейрезидентке кірісті төлеу немесе бейрезиденттің есепке жазылған, бірақ төленбеген кірісін шегерімге жатқызу кезінде мынадай шарттар сақталған кезде:
1) бейрезиденттің резиденттік мемлекетімен халықаралық шарт жасасқанда және ратификацияланғанда;
2) осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімде бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат ұсынылғанда, салық салудан босатуды өзі дербес қолдануға құқылы.
Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат осы Кодекстің 702-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
3. Резиденттікті растайтын құжатты бейрезидент салық агентіне бірінші болып басталатын мынадай күндердің бірінен:
1) бейрезидентке кіріс төленген немесе бейрезиденттің төленбеген кірістері шегерімге жатқызылған, корпоративтік табыс салығына арналған салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан;
2) төлем көзінен салықтық кезең үшін ұсталатын табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені орындау мәселесі бойынша салықтық тексеру аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
4. Егер бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құруға алып келмейтін мерзім шегінде Қазақстан Республикасында қызметтер көрсетсе және (немесе) жұмыстар орындаса, осындай бейрезидент резиденттікті растайтын құжатпен бірге салық агентіне мынадай құжаттардың бірін:
1) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
2) сауда тізілімінен (акционерлер тізілімінен) үзінді көшірмені немесе бейрезидент-заңды тұлғаның құрылтайшыларын (қатысушыларын) және мажоритарлық акционерлерін көрсете отырып, бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжатты ұсынады.
Бейрезидентте осы тармақта көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда, осындай бейрезидент салық агентіне мына құжаттардың бірін:
1) бейрезидентті құруға негiз болған, осындай бейрезидент тіркелген құжатты (актіні);
2) қатысушысы бейрезидент болып табылатын шоғырландырылған топтың ұйымдық құрылымын көрсететін, оның барлық қатысушылары мен олардың географиялық орналасқан жерін (шоғырландырылған топ қатысушылары құрылған мемлекеттердің (аумақтардың) атауларын) және барлық шоғырландырылған топ қатысушыларының мемлекеттік және салықтық тіркеу нөмірлерін көрсете отырып, ұйымдық құрылымын көрсететін өзге де құжатты ұсынады.
6. Егер Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құруға алып келмейтін мерзім шегінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсету және (немесе) жұмыстар орындау бірлескен қызмет туралы шарттың шеңберінде жүзеге асырылса, онда осындай шарттың қатысушысы болып табылатын бейрезидент-заңды тұлға осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттармен қатар мынадай құжаттардың бірін:
1) бірлескен қызмет туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесін;
2) оның бірлескен қызметтегі қатысу үлесін растайтын өзге де құжатты ұсынады.
Егер бейрезидент осындай шарттың (келісімшарттың) және байланысты жобалардың шеңберінде қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау нәтижесінде тұрақты мекеме құрмаса, салық агенті бейрезидент-заңды тұлғаның бірлескен қызметке қатысу үлесін растайтын құжатта көрсетілген оның бірлескен қызметке қатысу үлесіне пропорционалды кірісіне халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы.
7. Салық агенті тұрған жеріндегі салық органына төртінші тоқсан үшін салықтық есептілікті ұсынуға белгіленген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті.
Салық агенті ұсынатын салықтық есептілікте мыналар көрсетіледі:
1) бейрезидентке есептелген (төленген) және ұсталған, салықтарды ұстап қалудан босатылған кірістердің сомалары;
2) Қазақстан Республикасында салық салуға жатпайтын кірістердің сомалары;
3) халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден бейрезидентке төленетін кез келген төлемдердің сомалары;
4) табыс салығының мөлшерлемелері және халықаралық шарттардың атаулары.
8. Салық агенті халықаралық шарт ережелерін қолданбаған жағдайда салық агенті табыс салығын төлем көзінен ұстап қалуға және аударуға міндетті.
9. Бюджетке аударуға жататын салықтардың ұсталған сомаларын аудармауға немесе толық аудармауға алып келген халықаралық шарт ережелерінің құқыққа сыйымсыз қолданылуы кезінде салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
705-бап. Арнаулы салық режимін қолдану ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мынадай түрлерiн:
1) шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметінен түскен кірістерден, оның ішінде осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметпен байланысты шығындарды (шығыстарды) жабуға мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған сомалар түріндегі кірістерден алынатын жеке табыс салығын;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін қоспағанда, осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны;
3) осы Кодекстің 490-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген салық салу объектiлерi бойынша – көлiк құралдары салығын;
4) осы Кодекстің 517-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық салу объектiлерi бойынша – мүлiк салығын;
5) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметі бойынша – әлеуметтік салықты;
6) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметі бойынша – қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақыны төлеушiлер болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеу, төлеу осындай салықтар және бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық есептілікті ұсыну, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді төлеу (аудару) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен не осы Кодекстің 89-1-тарауында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Ескерту. 705-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 402-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы