316-бап. Iстi iс жүргiзуге қабылдаған соттың қылмыстық істi соттылығы бойынша беруі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Егер сот келiп түскен iстiң өзінің соттылығына жатпайтынын анықтаса, онда iстi соттылығы бойынша жiбередi.
2. Егер басты сот отырысында осы Кодекстiң 314-бабында көзделген iстердiң аумақтық тұрғыдағы соттылығы қағидаларының бұзылғаны анықталса, онда сот iстi процестiң барлық қатысушыларының келiсуімен өзiнiң iс жүргiзуiнде қалдыруға құқылы.
3. Егер істің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың немесе гарнизонның әскери сотының соттылығына жататыны анықталса, ол барлық жағдайларда соттылығы бойынша жіберілуге жатады.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы