Қылмысты тіркеуден қасақана жасырғандары үшін кінәлі деп танылған
Атырау облысы Мақат аудандық сотының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы үкімімен: Е., У., Қ., бұрын сотталмаған, әрқайсысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 433-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағы бойынша ақталған. Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 13 наурыздағы қаулысымен үкімнің күші жойылған, Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 13 наурыздағы апелляциялық үкімімен Ш., У., Қ. ҚК-нің 433-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Олардың әрқайсысына мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Сот үкімімен Ш., У., Қ. уәкілетті лауазымды адамдар бола тұра, жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны алдау, азғыру және өзге де құқыққа сыйымсыз әрекеттер арқылы, алдын ала сөз байласып адамдар тобы болып, ауырлығы орташа қылмысты тіркеуден қасақана жасырғандары үшін кінәлі деп танылған. Жоғарғы Сот Төрағасы ұсынуында Ш., У., Қ.-ға қосымша жаза дұрыс тағайындалмағанын көрсетіп, қосымша жазаның мерзімін төмендетуді сұраған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 485-бабының екінші бөлігіне сәйкес қабылданған сот актісі соттардың құқық нормаларын түсіндірудегі және қолданудағы біркелкілікті бұзған жағдайда, ҚПК-нің 484-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көрсетілген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіз болып табылады. Сот үкімімен Ш., У., Қ. уәкілетті лауазымды адамдар бола тұра қылмыс жасаған.
Қылмысты тіркеуден қасақана жасырғандары үшін кінәлі деп танылған
ҚК-нің үшінші бөлігінің 26) тармағына сәйкес лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша билік өкiлi функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiкшаруашылық функцияларды орындайтын адам екендігі көрсетілген. ҚК-нің 433-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағымен көзделген ісәрекеттер сыбайлас жемқорлық қылмыстардың қатарына жатпайды және оларға қосымша жаза тағайындау кезінде ҚК-нің 50-бабының бірінші бөлігінің талаптары қолданылуы тиіс. Ал, ҚК-нің 50-бабының бірінші бөлігіне сәйкес белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттiк қызметте, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, қаржы ұйымдарында белгiлi бiр лауазымдарды атқаруға не белгiлi бiр кәсiптiк немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады. Яғни, сотпен сотталғандарға қосымша жазаны ҚК-нің 50-бабы екінші бөлігінің негізінде тағайындауы дұрыс емес және жойылуға жатады.
Сонымен қатар ҚК-нің 433-бабы үшінші бөлігі 2) тармағының диспозициясында қосымша жаза – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бес жылға дейінгі мерзім белгіленген. Апелляциялық үкімнің уәждеу бөлігінде материалдық норманың талаптары сақтала отырып, сотталғандарға қосымша жаза – 3 жылға белгіленуі жеткілікті екендігі көрсетілген. Алайда үкімнің қарар бөлігінде аталған қосымша жаза мерзімі өмір бойына айыру белгіленіп, қылмыстық заң дұрыс қолданылмаған. Сот алқасы істің мән-жайларын ескеріп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Төрағасы ұсынуында көрсетілген сотталғандар Ш., У., Қ.-ға тағайындалған қосымша жазаның күші жойылып, ҚК-нің 50-бабының бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес жаңадан қосымша жаза тағайындалуы қажет деген тұжырымға келді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған Ш., У., Қ.-ларға қатысты апелляциялық сот алқасының үкімін өзгертті, яғни оларға ҚК-нің 433-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағымен тағайындалған мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу түріндегі қосымша жазаның күші жойылды. Ш., У., Қ.-ға ҚК-нің 433-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағы бойынша құқық қорғау органдарының қызметкері лауазымын, сондай-ақ мемлекеттік органдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында ұйымдастырушылық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функциялармен байланысты қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы қанағаттандырылды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Қылмысты тіркеуден қасақана жасырғандары үшін кінәлі деп танылған
284 рет жүктеп алынды