Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Мүлкін ұрлау мақсатында тұрғын үйіне заңсыз кіріп, қару қолданып, өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен ұштасқан шабуыл жасап, денсаулығына ауыр зиян келтіріп, оған қарсы күш қолданып, өлтіремін деп қорқытып, еркінен тыс жыныстық қатынасқа түсіп, жасаған қылмысын жасыру мақсатында зорлаумен ұштасқан құқыққа қарсы қасақана оған қаза келтірген

Мүлкін ұрлау мақсатында тұрғын үйіне заңсыз кіріп, қару қолданып, өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен ұштасқан шабуыл жасап, денсаулығына ауыр зиян келтіріп, оған қарсы күш қолданып, өлтіремін деп қорқытып, еркінен тыс жыныстық қатынасқа түсіп, жасаған қылмысын жасыру мақсатында зорлаумен ұштасқан құқыққа қарсы қасақана оған қаза келтірген

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Мүлкін ұрлау мақсатында тұрғын үйіне заңсыз кіріп, қару қолданып, өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен ұштасқан шабуыл жасап, денсаулығына ауыр зиян келтіріп, оған қарсы күш қолданып, өлтіремін деп қорқытып, еркінен тыс жыныстық қатынасқа түсіп, жасаған қылмысын жасыру мақсатында зорлаумен ұштасқан құқыққа қарсы қасақана оған қаза келтірген

Қадағалаушы сот алқасы қылмыстардың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін сотталғанның жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды толық ескеріп сотталғанға тағайындалған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын төмендетуге негіз жоқ деп тапты. Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2013 жылғы 25 қазандағы үкімімен: Т., бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 24-бабының 3-бөлігімен, 175-бабы 2-бөлігінің «б, в» тармақтарымен КҚ-нің 56-бабы 3-бөлігінің негізінде мүлкі тәркіленіп, 3 жылға бас бостандығынан айыруға, 175-бабы 2-бөлігінің «б,в» тармақтарымен мүлкін тәркілеп, 5 жылға бас бостандығынан айыруға, 179-бабы 2-бөлігінің «а,б,в,г,д» тармақтарымен мүлкін тәркілеп, 8 жылға бас бостандығынан айыруға, 24-бабының 3-бөлігімен, 96-бабы 2-бөлігінің «а,ж,к,н» тармақтарымен ҚК-нің 56-бабының 3-бөлігінің негізінде мүлкін тәркілеп, 15 жылға бас бостандығынан айыруға, 96-бабы 2-бөлігінің «к,н» тармақтарымен мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айыруға, 120-бабы 2-бөлігінің «б» тармағымен 8  жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігіне сай қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу жолымен түпкілікті мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айыруға, жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеуге, жазаның бастапқы бес жылын түрмеде өтеуге сотталған.

 Сот үкімімен азаматтық талапкерлер Н. және К.-ның азаматтық талаптарын қанағаттандыру құқықтары танылып, оларға талаптарының мөлшері туралы мәселе азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралатындығы түсіндірілген. Сот үкімімен Т. қызметтік үй-жайға заңсыз кіріп, жәбірленуші М.-ның мүлкін жасырын ұрлағаны; жәбірленуші К.-ның мүлкін ұрлау мақсатында оның тұрғын үйіне заңсыз кіріп, қару ретінде пайдаланылатын затты қолданып, өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен ұштасқан шабуыл жасап, денсаулығына ауыр зиян келтіріп, оған қарсы күш қолданып, өлтіремін деп қорқытып, оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа түсіп, жасаған қылмысын жасыру мақсатында зорлаумен ұштасқан құқыққа қарсы қасақана оған қаза келтіргені; қызметтік үй-жайға заңсыз кіріп жәбірленуші Н.-ның мүлкін ұрлағаны; адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында жәбірленуші С.-ның  қызметтік үй-жайына заңсыз кіріп, қару ретінде пайдаланылатын затты қолданып, жәбірленуші К.-ға қарақшылық жасағаны және адамдар тобымен басқа қылмысты жасыру мақсатында оны өлтіруге оқталғаны; басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру мақсатында жәбірленуші Н.-ның үйіне кіріп, оны өлтіруге және жәбірленуші Е.-ның үй-жайына заңсыз кіріп, оның мүлкін жасырын ұрлауға оқталғаны; жәбірленуші Г.-нің мүлкін ұрлау мақсатында оның тұрғын үй-жайына заңсыз кіріп, қару ретінде пайдаланылатын затты қолданып, шабуыл жасағаны, басқа қылмысты жасыру мақсатында оны өлтіргені, бірнеше рет басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіргені, басқа қылмысты жасыру мақсатымен екі кісіні өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылған.

Жамбыл облыстық соты апелляциялық сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі, аталған соттың кассациялық сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі мен апелляциялық сот алқасының қаулысы өзгеріссіз қалдырылған. Қорғаушы Д.-ның қадағалаушы сот алқасына берген өтінішінде сотталушы Т.-ға полиция қызметкерлері қысым жасап, ұрып-соғып, жасамаған қылмыстарды мойындатқанын, жәбірленуші К.-ға байланысты эпизод бойынша 2013 жылғы 13 маусымдағы № 281 қайталама молекулярлық-генетикалық сараптама қорытындысы жарамсыз деп табылуға жататындығын, өйткені сарапшылар жәбірленушіден алынған сүртінділерден табылған ер адамның шәуетінің іздері 0 (1) қан тобына жататындығын анықтап, ал Т.-ның қаны А (2) топқа жататындығын сот тергеуінде дәлел тапқанын, ДНК-ның бірдей болып шығуы тек қан тобына бірдей болуынан туындайтынын, сондықтан тағылған айып жарамсыз болып табылатындығын көрсеткен. Сонымен қатар, жәбірленушілер Н., С., К., Ш., Е., Г., Р.-ға қатысты эпизодтар бойынша сотталғанның кінәсі дәлелденбегенін, алдын ала тергеу және сот тергеуі айыптау бағытында жүргізілгендігін, сараптама және дактилоскопиялық зерттеудің қорытындылары түгел іске тіркелмегендігін, куәлардың сотта жауаптарын өзгерткендері дәлелдемелерге қарамақайшылықтар туындатқандарын көрсеткен. Сондықтан Т.-ға қатысты сот қаулыларымен келіспей, олардың күшін жойып, істі басқа құрамда қайта қарау үшін жолдауды сұраған. Қадағалаушы сот алқасы қорғаушы Д.-ның өтініштегі уәждерін қолдаған сөздерін, прокурордың сотталған Т.-ға қатысты сот актілерін күшінде қалдыру туралы пікірлерін тыңдап, қылмыстық істегі дәлелдемелерді жан-жақты тексеріп, сотталған Т.-ға қатысты сот үкімі мен қаулылары өзгеріссіз қалдырылуға жатады деп есептейді.

Сотталған Т.-ның үкімде көрсетілген жағдайда қылмыс жасаған кінәсі басты сот талқылауында жан-жақты және толық зерттелген дәлелдемелердің жиынтығымен бекітілген, жәбірленушілер М., Н., С., К., Ш., Е. мен Р.-нің  алдын ала және сот отырысында берген сотталғанның өз кінәсін мойындау туралы арыздарымен және кінәсін мойындағаны туралы жауаптарымен, тергеу амалдарының бейне-таспаларымен, заттай дәлелдемелерді алу және қарау, тануға ұсыну, куәлармен және жәбірленушілермен беттестіру, оқиға болған жерде қарау хаттамаларымен, іс бойынша жүргізілген сот-медициналық сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденген. Жәбірленуші К.-ға қатысты эпизод бойынша сот отырысында зерттелген бейнетаспаға сай Т.-ның сезікті ретінде берген жауабында, 2011 жылғы шілде айында сағат 23-00 шамасында мас күйінде көрші К.-ның терезесін сындырып, оның үйіне кіргенін, сол кезде жәбірленуші телефон тұтқасын алып: «милиция, милиция»-деп айқалағанын, ол кіреберістегі бөлмеде жатқан арматураны алып, оның бет тұсынан ұрғанын, К. қолымен қорғанып, еденге құлап қалғанын, оны «өлтіремін» деп қорқытып, жыныстық қатынасқа түскенін көрсеткен. Содан кейін оны темір арматурамен мұрны, бет тұсынан және кеудесінен ұрғанын, жәбірленуші ес-түссіз жатқанын, өзі қолындағы темірді аулаға тастап, өз үйіне барып жатып қалғанын айтқан. Н.-ға қатысты эпизод бойынша, сотталған Т.-ның 2013 жылғы 9 шілдедегі өз кінәсін мойындау туралы жазған арызында, яғни 2011 жылы Шу қаласының Түйебеков көшесінде орналасқан кітапхананың есігін бұзып кіріп, сейфтен фотоаппаратты ұрлағанын және сезікті ретінде қорғаушының қатысуымен сұралғанда осы қылмыстық әрекетті жасағанын көрсеткен.  С. мен К.-ға қатысты эпизод бойынша, яғни 2013 жылғы 15 сәуірде Т.-ның өз кінәсін мойындау туралы арызында 2012 жылдың ақпан айында Ж. есімді азаматпен бірге түнгі уақытта Төле би ауылының қонақ үйіне барып, алдымен пеш жағатын бөлмесіне кіріп, пеш жағатын адамды ұрып-соғып, оны темір сыммен байлап, одан соң қонақ үйге кіріп, «бар» қондырғысынан ұялы телефонды, 3-4 қорап темекіні, ас пышағын ұрлап бара жатқанында, алдынан бір әйелдің шығып қалғандығын, оны пышақпен басынан және денесінен бірнеше рет ұрып, қашып кеткенін көрсеткен. Жәбірленуші Ш.-ның сот талқылауында берген жауабында, яғни ол 2013 жылдың 25 мамырында сағат 03.30-дар шамасында өз үйінде ұлымен отырған кезде, сотталған Т. үйдің кіреберіс есігін жұлқып ашып, үйге баса көктеп кіріп, қолындағы пышағымен оларды қорқытып, үйден кетулерін талап еткен. Ақыры ол «Мені қорқытқанды саған қазір көрсетемін», - деп ызаға булығып, шығып кеткен. Алайда ол оның жасаған әрекетінен қорқып, баласымен келесі бөлмеге тығылып, есігін құлыптап алған. Осы уақытта үйдің жарығы сөнген. Т. ауыр затпен есікті қиратып, қолындағы затпен 3-4 рет оның басынан және денесінен ұрғанын, алған соққының салдарынан қансырап құлағанын, есін тек ауруханада жинағанын көрсеткен.

Жәбірленуші Р.-ның жауабында, яғни 2013 жылғы 6 сәуірде сағат 03.00-дер шамасында үйдің есігін біреу қатты ұрып, қаққандықтан, оның тарсылынан оянып кеткендігін, орындарынан тұрғанында үйдің жарығы болмағанын, оның жұбайы Г. киініп есік жаққа қарап отырғанын, өзінің ұйықтағанын, оянғаннан кейін Т.-ны көргендігін, одан соң ол оған төніп, «давай деньги» - деп айтып, ақша талап етіп, бетінен ұрғанда, оның есінен танып қалғанын, біраз уақыт өткеннен кейін есін жинап, жұбайы Г.-ның еденде ессіз жатқанын көріп, көршілерін көмекке шақырғанын, олар өзін ауруханаға апарғанын, онда полиция қызметкерлері бірнеше адамның суреттерін көрсеткенде, Т.-ны танығанын көрсеткен. Қадағалаушы сот алқасы іс бойынша жүргізілген сот-сараптама қорытындыларын жеткілікті түрде негізді, дұрыс және толық болғандықтан оларды жарамсыз деп тануға негіздер жоқ деп санайды.

Сот іс бойынша жинақталған дәлелдемелерге заң талаптарына сай баға берген және сотталған Т.-ның әрекеттерін ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігімен, 175-бабы 2-бөлігінің «б,в» тармақтарымен, 175-бабы 2-бөлігінің «б,в» тармақтарымен, 179-бабы 2-бөлігінің «а,б,в,г,д» тармақтарымен, 24-бабының 3-бөлігімен, 96-бабы 2-бөлігінің «а,ж,к,н» тармақтарымен, 96-бабы 2-бөлігінің «к,н» тармақтарымен, 120-бабы 2-бөлігінің «б» тармағымен дұрыс саралаған.Сотталған Т.-ға қатысты жаза дұрыс тағайындалған, яғни оның жасаған қылмыстарының сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесі, жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескерілген. Жоғарыда аталғандардың негізінде қадағалаушы сот алқасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 467-бабы 6-бөлігінің 1-тармағын басшылыққа алып, Т.-ға қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімін, облыстық соттың апелляциялық және кассациялық сот алқалары қаулыларын өзгеріссіз қалдырды. Қорғаушы Д.-ның өтініші қанағаттандырусыз қалдырылды.  

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу

Қылмыстық абайсыздық нәтижесінде абайсызда өлім жасау абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру

Қылмыстық абайсыздық нәтижесінде абайсызда өлім жасау абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруЖамбыл облысы Шу аудандық сотының 2...

Толық оқу »

Қасақана кісі өлтіруге оқталу, яғни адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша соңына дейін жеткізілмеген басқа адамға заңсыз қасақана өлім жасау ретінде қарама-қайшы және жол берілмейтін нақты деректерге негізделген, кінәсіздік презумпциясының Конституциялық принципіне сәйкес келмейді

Қасақана кісі өлтіруге оқталу, яғни адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша соңына дейін жеткізілмеген басқа адамға заңсыз қасақана өлім жасау ретінде қарама-қайшы және жол...

Толық оқу »

20-бап. Қасақана жасалған қылмыстық құқық бұзушылық  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

20-бап. Қасақана жасалған қылмыстық құқық бұзушылық ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңТiкелей немесе жанама пиғылмен жасалған іс-әрекет қасақана жасалған қылмы...

Толық оқу »

Іс-әрекетті қасақана немесе абайсызда жасаған адам ғана қылмыстық құқық бұзушылыққа кінәлі деп танылады

Іс-әрекетті қасақана немесе абайсызда жасаған адам ғана қылмыстық құқық бұзушылыққа кінәлі деп таныладыҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 19-бабына түсініктемеҚылм...

Толық оқу »

20-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қасақана жасаған қылмысы

20-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қасақана жасаған қылмысы 1. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп...

Толық оқу »

26-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасау

26-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасау Әкімшілік құқық бұзушылық, егер оны жасаға...

Толық оқу »

26-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана жасау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

26-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана жасау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға өз...

Толық оқу »

Қасақана заңсыз кісі өлтіру мақсатында қасақана кісі өлтіргені үшін қылмыстар жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу арқылы өмір бойына бас бостандығынан айыруға түпкілікті өтеуге сотталды

Қасақана заңсыз кісі өлтіру мақсатында қасақана кісі өлтіргені үшін қылмыстар жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу арқылы өмір бойына бас бостандығынан айыруға түпкілікті ө...

Толық оқу »

Жәбірленушіні қасақана өлтіруге қылмыстық ойы болмаған Сот куәлардың берген жауаптарын назарға алмай оларға тиісті баға бермей, қылмыстың мән-жайларын сотталғанның жауаптарына ғана негіздеп үкім шығарған.

Жәбірленушіні қасақана өлтіруге қылмыстық ойы болмаған Сот куәлардың берген жауаптарын назарға алмай оларға тиісті баға бермей, қылмыстың мән-жайларын сотталғанның жауаптарына...

Толық оқу »

Бұрын кісі өлтірген адам болған және тұрғын үйге заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін бірнеше рет жасырын ұрлап әкеткен бұзақылық себептермен қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылды

Бұрын кісі өлтірген адам болған және тұрғын үйге заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін бірнеше рет жасырын ұрлап әкеткен бұзақылық себептермен қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп...

Толық оқу »

Хабар-ошарсыз кетті деп тану, қандай да бір міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында қасақана жасырынып жүргендерді қайтыс болды деп жариялау

Хабар-ошарсыз кетті деп тану, қандай да бір міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында қасақана жасырынып жүргендерді қайтыс болды деп жариялауКөбінесе соттар қандай да бір...

Толық оқу »

Қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қызметкер жұмыстан шығарылуы мүмкін

Қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қызметкер жұмыстан шығарылуы мүмкінЗаңның 80-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес қызметкер жұмыстан шығарылуы мүмк...

Толық оқу »

Бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған және қайтадан қасақана қылмыс жасаған әйелдерге жазасын өтеу барынша қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде тағайындалады

Бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған және қайтадан қасақана қылмыс жасаған әйелдерге жазасын өтеу барынша қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйес...

Толық оқу »