Жәбірленушіні қасақана өлтіруге қылмыстық ойы болмаған Сот куәлардың берген жауаптарын назарға алмай оларға тиісті баға бермей, қылмыстың мән-жайларын сотталғанның жауаптарына ғана негіздеп үкім шығарған.
Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2013 жылғы 18 қыркүйектегі үкімімен: К., бұрын 2012 жылы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 178-бабы 2-бөлігінің «а, в» тармақтарымен 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталған; - әрекеті ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің «и» тармағынан ҚК-нің 103-бабының 3-бөлігіне қайта сараланып, осы баппен 9 жылға, ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен 6 жылға бас бостандығынан айырылған, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігімен жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған, ҚК-нің 60-бабының 1-бөлігімен түпкілікті 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталған. Жазаны түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленген. К.-ның әрекетінде ҚК-нің 13-бабы 2-бөлігінің «б» тармағына сәйкес қылмыстың қайталануы танылған. Бұл іс бойынша К. және Ж. сотталған, бірақ оларға қатысты іс қаралмайды. Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2013 жылғы 11 қарашадағы қаулысымен жәбірленуші М.-ның жолдасы Н.-ның шағымы ол процеске қатысушы болмағандықтан, қараусыз қалдырылған. Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот алқасының 2013 жылғы 09 желтоқсандағы қаулысымен үкім өзгеріссіз, Алматы қаласы прокурорының наразылығы қанағаттандырусыз қалдырылған. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры өз наразылығында соттың үкімде айтылған тұжырымдары істің нақты мән-жайына сәйкес келмейтінін, оның әрекеттері ҚК-нің 103-бабының 3-бөлігіне қайта сараланғаны заңсыз екендігін, тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның жеке басына сай келмеуін көрсетіп, К.-ға қатысты сот үкімінің және кассациялық сот алқасының қаулысының күшін жойып, қылмыстық істі жаңадан сот қарауына жолдауын сұраған.
Жәбірленушіні қасақана өлтіруге қылмыстық ойы болмаған Сот куәлардың берген жауаптарын назарға алмай оларға тиісті баға бермей, қылмыстың мән-жайларын сотталғанның жауаптарына ғана негіздеп үкім шығарған.
Прокурордың, жәбірленушінің өкілі Н.-ның наразылықты қолдаған, адвокат С.-нің сот актілерінің өзгеріссіз қалдыру туралы пікірлерін тыңдап, іс материалдарын зерттеп, қадағалаушы сот алқасы аталған сот актілерін бұзып, қайта қарауға жатады деп санайды. Іс материалдарынан анықталғандай, К. өзінің таныстары Ж., Қ., Н. және туыс інісі К.-мен 2013 жылдың 7 мамырында түнгі сағат 02.00 шамасында Алматы қаласының Розыбакиев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан «А» кафесіне келіп, спирттік ішімдік ішіп отырғаны, сағат 03.30 шамасында Ж. мен К. кафенің сыртына шығып өздеріне таныс емес М., Т., Ж. және Н.-мен ерегіскені, ал К. бұл мезетте қалтасынан пышақ шығарғаны, оны көрген Т., Ж. және Н. қорқып, артқа шегінгені, бұл сәтте кафеден шыққан К. олардың жандарына келіп, Ж.-ның жағынан екі рет соққы жасағаны, К. «А» кафесінің алдындағы жол жиегінде өзінің досы Ж., М.-мен төбелесіп жатқанда жүгіріп келіп М.-нің бетінен ұрып жерге құлатқаны, онымен тоқтамай, К. қолындағы пышағымен М.- ның оң жақ кеуде мен сол жақ иық тұсынан соққылар жасағаны, оның жерде жатқанын пайдаланып, беті мен денесінен бірнеше мәрте ұрып-соққаны, М.-нің көше бойында қансырап жатқан жерінен бейтаныс адамдар жедел жәрдем шақыртқаны, сағат 04 сағат 30 минутта ауруханада жәбірленушінің биологиялық өлімі тіркелгені анықталған. Бірінші сатыдағы сот К. жәбірленушіні қасақана өлтіруге қылмыстық ойы болмаған, оның М.-ны өлтіруге мақсаты болғанда ол өз ойын төбелес кезінде жүзеге асырар еді деген қате тұжырымға келген. Наразылықта көрсетілгендей, соттың үкімде сипатталған бұл тұжырымы істің нақты мән-жайына мүлдем сәйкес келмейді. Алдын-ала және сот тергеуінде анықталғандай, Қ. елеусіз себептермен Ж. бастаған жанжалды бұзақылық ниетпен жасап, М.-ны топ болып ұрып, оны жерге құлатқаны, бұдан кейін жәбірленушінің белсенді қарсылық көрсетпеуіне қарамастан, К. одан әрі бұзақылық ниетін жалғастырып, қолындағы пышақпен М.-нің кеуде тұсынан қатты ұрған. Соның салдарынан, сот медицина сараптамасы көрсеткендей, жәбірленушінің денсаулығының маңызды органы - бауырдың оң жақ бөлігінің диафрагмасы зақымдалып, бауыр күре тамыры толығымен қиылған, жарақат арнасының тереңдігі 12 см. болған. Демек, К. пышақпен соққыларды қатты күшпен ұрғаны, аталған жарақаттан кейін М.-ны қандай да болмасын белсенді қимылдар жасай алмағаны, алайда Қ. оған қарамастан жәбірленушінің басы мен иығына пышақпен кесілген жарақаттар салумен қылмыстық әрекетін одан әрі жалғастырғаны, оның әрекетін кафеден жүгіріп келген Қ.-ның тоқтатқаны айқындалған. Көрсетілген жарақаттар К.-ның жәбірленуші М.-нің кеуде тұсына пышақпен салған терең жарақатпен шектелмей, әрі қарай қолындағы пышақпен қасақана соққылар жасай бергендігін дәлелдейді деген прокурордың наразылығындағы уәждері істегі дәлелдемелермен бекитіні байқалады. Себебі К.-ның заңға қарсы әрекетін онымен бірге кафеде болған К. сотталғанның денесінен екі қолымен күштеп тартып, сосын соңғыны қылмыс орнынан көтеріп алып кеткен. Айыпкер ретінде жауап берген К. болған істің мән-жайын қуаттап, төбелес барысында М.-нің оң жақ тұсына келіп пышақ салғандығын және оны Қ. кафе жаққа алып кеткенін көрсеткен.
Бұл жауапты куә Қ. да қуаттап, төбелес туралы ести сала кафеден далаға жүгіріп шыққанда К. мен Ж. 15-20 метр қашықтықтай жерде оған бұрын таныс емес азиат түріндегі жігітке соққы жасап жатқандарын, К.-ның қолында пышақ көргенін, оны көтеріп оқиға болған жерден алып кеткенін айтқан. Н.-ның жауабына сәйкес, «А» кафесінен Қ. екеуі жүгіріп шыққанда, К., К. және Ж. бұрын таныс емес 24-28 жас шамасындағы жігітті жерге жығып алып, ұрып-соғып жатқанын айтқан. Сол сәтте ұрып-соққан жігіттің үсті-басы қан болғанын, ал К.-ның оң қолында ашылып жабылатын ұзындығы 7-9 см. пышақ болғанын атап көрсеткен. Куәлардың берген жауаптары бойынша, төбелестен кейін К. жәбірленушінің іш тұсынан пышақпен ұрған. К.-ның қолындағы пышағымен салған жарақаттардан жәбірленуші М.-нің ешқандай белсенді қимылдар жасай алмай жатқанына қарамастан оны одан әрі ұрып-соғып жатқан қылмыстық әрекетін Қ. мен Н.-ны тоқтатқан деген наразылықтағы тұжырымдар заңды түрде сотта тексерілуге жатады. Сот аталған куәлардың берген жауаптарын назарға алмай, оларға тиісті баға бермей, қылмыстың мән-жайларын сотталған К.-ның жауаптарына ғана негіздеп, үкім шығарған. Сондықтан, жоғарыда айтылғандардың негізінде қадағалау сот алқасы істі аталған сотқа жаңадан басқа құрамда қарау үшін жолдады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Жәбірленушіні қасақана өлтіруге қылмыстық ойы болмаған Сот куәлардың берген жауаптарын назарға алмай оларға тиісті баға бермей, қылмыстың мән-жайларын сотталғанның жауаптарына ғана негіздеп үкім шығарған.
286 рет жүктеп алынды -
Жәбірленушіні қасақана өлтіруге қылмыстық ойы болмаған Сот куәлардың берген жауаптарын назарға алмай оларға тиісті баға бермей, қылмыстың мән-жайларын сотталғанның жауаптарына ғана негіздеп үкім шығарған.
256 рет жүктеп алынды