Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Үкімет қаулылары / Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары орналасқан және мемлекеттік инвестицияларды тарта отырып қаржыландырылатын құрылыс объектілеріне қатысты құрылыстың сметалық құны мен құрылыстың шарттық бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары орналасқан және мемлекеттік инвестицияларды тарта отырып қаржыландырылатын құрылыс объектілеріне қатысты құрылыстың сметалық құны мен құрылыстың шарттық бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары орналасқан және мемлекеттік инвестицияларды тарта отырып қаржыландырылатын құрылыс объектілеріне қатысты құрылыстың сметалық құны мен құрылыстың шарттық бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 529 қаулысы

  Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 44-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары орналасқан және мемлекеттік инвестицияларды тарта отырып қаржыландырылатын құрылыс объектілеріне қатысты құрылыстың сметалық құны мен құрылыстың шарттық бағасын айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-МинистріО. Бектенов

 

 

 Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің2026 жылғы 22 маусымдағы№ 529 қаулысыменбекітілген

 

Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары орналасқан және мемлекеттік инвестицияларды тарта отырып қаржыландырылатын құрылыс объектілеріне қатысты құрылыстың сметалық құны мен құрылыстың шарттық бағасын айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары орнасқан және мемлекеттік инвестицияларды тарта отырып қаржыландырылатын құрылыс объектілеріне қатысты құрылыстың сметалық құны мен құрылыстың шарттық бағасын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 44-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленген және жаңа құрылыс объектiлері (олардың кешендерi, коммуникациялары) құрылысының және (немесе) олардың өзгеруінің (кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, күрделi жөндеу), олармен байланысты Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары орналасқан және мемлекеттік инвестицияларды тарта отырып қаржыландырылатын құрылыс объектілерінің (бұдан әрі – объектілердің құрылысы) технологиялық және инженерлiк жабдықтарын монтаждаудың (бөлшектеудің) сметалық құнын және шарттық бағасын айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар негізінде құрылысы басқа мемлекеттің аумағында жүзеге асырылатын объектілерді қоспағанда, құрылысқа мемлекеттік инвестицияларды тарта отырып, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары объектілердің құрылысы бойынша инвестициялық жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыратын субъектілерге арналған.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жобалар сараптамасы – жобалау шешімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жобалауға арналған бастапқы материалдар мен рұқсат беру құжаттарының шарттарына сәйкестігін (сәйкессіздігін), сондай-ақ жобалау шешімдері мен есеп-қисаптарда қала құрылысы мен техникалық регламенттер талаптарының, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелерінің сақталуын анықтау арқылы құрылыс жобаларына, қала құрылысы жобаларына талдау және олардың сапасын бағалауды жүргізуді білдіретін сараптама қызметі;

      2) жобалау алдындағы құжаттама – жобалау құжаттамасын әзірлеу алдындағы және бағдарламаларды, есептерді, негіздемелерді, техникалық-экономикалық есеп-қисаптарды, ғылыми зерттеулер мен инженерлік ізденістер нәтижелерін, технологиялық және конструктивтік есеп-қисаптарды, эскиздерді, сызбаларды, макеттерді, өлшеулерді және объектілерді зерттеп-қарау нәтижелерін, сондай-ақ өзге де бастапқы материалдарды және жобалау құжаттамасын әзірлеу туралы шешімдер қабылдау және құрылыс жобаларын кейіннен іске асыру үшін қажетті материалдарды қамтитын құжаттама;

      3) инжинирингтік көрсетілетін қызметтер – оңтайлы жобалық көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында құрылысты дайындауды және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін, техникалық қадағалауды, авторлық сүйемелдеуді және жобаны басқаруды жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер;

      4) құрылыс жобасы – Кодекстің тиісті талаптарын, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру және жүргізу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру үшін сметалық есеп-қисаптарды қамтитын жобалау-сметалық құжаттама. Құрылыс жобаларына құрылыс объектілерін консервациялау және кейіннен кәдеге жарату жобалары да жатады;

      5) құрылыс қызметі (құрылыс) – жаңа құрылыс объектiлерін (олардың кешендерiн, коммуникацияларын) тұрғызу және (немесе) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, реставрациялау, күрделi жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлiк жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын дайындау (өндiру), сондай-ақ құрылысы аяқталмаған объектiлерді консервациялау және өз ресурсын тауысқан құрылыс объектiлерiн кейiннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру арқылы өндiрiстiк және өндiрiстiк емес мақсаттағы негiзгi қорларды құру жөнiндегi қызмет;

      6) құрылыс объектісі – құрылыс қызметінің түпкі нәтижесі болып табылатын, ғимарат немесе құрылысжай түріндегі жасанды орта объектісі;

      7) құрылысқа салынатын мемлекеттік инвестициялар (мемлекеттік инвестициялар) – жаңа құрылыс объектілерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салуға, сондай-ақ құрылыс объектілерін реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға) немесе күрделі жөндеуге салынатын инвестициялар, олардың көзі мыналар болып табылады:

      республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде бюджеттік инвестицияларға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттік кредит беруге бағытталған нысаналы қаражат;

      мемлекет кепілдігі не мемлекет кепілгерлігі бар мемлекеттік емес қарыздардың нысаналы қаражаты;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) болып табылатын ұйымдар мен заңды тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты;

      дербес білім беру ұйымдарының қаражаты.

      Мемлекеттік инвестицияларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын қоса қаржыландыруға және (немесе) төлеуге бағытталған республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты да жатады;

      8) құрылыстың сметалық құны – жобалау материалдары мен сметалық нормативтік құжаттар негізінде жобалау-сметалық құжаттамада (болған кезде) айқындалған, құрылысқа қажетті ақша сомасы;

      9) мердігер (бас мердігер) – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлға (бірлескен кәсіпорындарды қоса алғанда);

      10) мердігердің сметасы (оферта) – мердігерлік жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурстарға қатысу үшін меншікті ұйымдастырушылық-технологиялық мүмкіндікті ескере отырып, олар жасайтын мердігердің конкурстық ұсынысының құрамындағы сметалық құжаттама;

      11) сметалық құжаттама – құрылыстағы сметалық құнды айқындайтын жобалау алдындағы құжаттаманың немесе құрылыс жобасының құрамындағы құжаттама;

      12) сметалық нормативтік құжаттар (сметалық нормативтер) – сметалық нормалар, құнның сметалық көрсеткіштері, индекстер және құрылыстың сметалық құнын айқындау үшін қажет баға белгілеу жөніндегі басқа да нормативтік құжаттар, сондай-ақ құралдар мен әдістемелік ұсынымдар;

      13) тапсырыс беруші – қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Қызметінің мақсаттарына қарай тапсырыс беруші – жобаның (бағдарламаның) инвесторы, тапсырыс беруші (меншік иесі) не олардың уәкілетті адамдары тапсырыс беруші бола алады;

      14) тапсырыс берушінің сметасы – инвестициялық қызметті жоспарлауға және мердігерлік жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурс өткізуге арналған сметалық құжаттама.

      4. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы, Кодекс, осы Қағидалар және Кодекстің 24-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілетін құрылыстағы бағаны белгілеу жөніндегі мемлекеттік нормативтік құжаттар (оның ішінде сметалық нормативтер) (бұдан әрі – Мемлекеттік нормативтер) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары орналасқан объектілер құрылысының сметалық құнын айқындаудың нормативтік және құқықтық негізі болып табылады.

      5. Құрылыстың сметалық құны құрылысқа арналған шығындарды жоспарлау мақсатында жобалау алдындағы құжаттаманың және құрылыс жобасының құрамында айқындалады.

      6. Объектілер құрылысының сметалық құнын айқындау кезінде ағымдағы бағаларда құрылыс құнының, сметалық есеп-қисаптардың рәсімдері мен нәтижелерінің, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асырудың барлық сатыларында шеккен шығыстары есептілігінің дұрыстығы мен ашықтығы қамтамасыз етіледі.

      7. Құрылыстың сметалық құны құрылыстағы мердігерлік жұмыстарды (құрылыс үшін жобалау, ізденіс, сараптама, зерттеу жұмыстарын, тапсырыстар бойынша құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын дайындауды (өндіруді) қоса алғанда), сондай-ақ инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді орындауға арналған шарттың ең жоғары бағасын қалыптастыру үшін қолданылады.

      8. Салалық заңнама нормалары шеңберінде реттелетін инвестициялық жобалар бойынша шығындар инвестициялық сипаттағы шығыстардың жиынтық сметалық есеп-қисабына енгізіледі.

2-тарау. Құрылыстың сметалық құнын айқындау

      9. Жобалау алдындағы кезеңде құрылыстың сметалық құны (құрылыстың есеп-айырысу құны) және құрылыс жобасы бойынша құрылыстың сметалық құны Мемлекеттік нормативтерге сәкес айқындалады.

      10. Инвестициялық жобаны іске асыру сатысына байланысты құрылыстың сметалық құнына:

      1) жобалау алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу, құрылыс үшін инженерлік ізденістер құны;

      2) жоба сараптамасының құны;

      3) мердігерлік құрылыс-монтаждау жұмыстарының, шығындар мен көрсетілетін қызметтердің сметалық құны;

      4) инжинирингтік көрсетілетін қызметтер құны;

      5) қосылған құн салығы (немесе аумағында құрылыс жүзеге асырылатын мемлекет заңнамасына сәйкес ұқсас жанама салық) енгізіледі.

      Қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық келісімдер болған кезде тиісті ережелер ескеріледі.

      11. Құрылыстың сметалық құны теңгемен айқындалады.

      Құрылыстың сметалық құнын оның аумағында құрылыс жүзеге асырылатын мемлекеттің валютасына қайта есептеу тапсырыс беруші келіскен күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми бағамы бойынша тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша орындалады.

      12. Халықаралық стандарттарды немесе аумағында құрылыс жүзеге асырылатын мемлекеттің стандарттарын, сондай-ақ құрылыстың сметалық құнының дұрыс есеп-қисаптарын алу үшін іске асырылған шетелдік ұқсас жобалардың деректерін қолдану кезінде қосарланған шот және құрылыс объектісінің сандық және сапалы өлшемдерімен тікелей байланысты емес және Мемлекеттік нормативтерде көзделмеген факторлардың әсері алып тасталады.

      13. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен бекітілген құрылыстың сметалық құны Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары орналасқан және мемлекеттік инвестицияларды тарта отырып, қаржыландырылатын объектілердің құрылысының инвестициялық жобаларын іске асыруға арналған қаражат көлемін айқындау үшін негіздеме болып табылады.

3-тарау. Құрылыстың шарттық бағасын айқындау

      14. Мердігердің сметасы (офертасы) тапсырыс беруші бекіткен жобалау-сметалық құжаттама және (немесе) конкурстық құжаттама негізінде жасалады және мердігердің конкурстық (тендерлік) өтінімінің бөлігі болып табылады.

      15. Мердігердің сметасы (офертасы) Мемлекеттік нормативтердің негізгі ережелерін, талаптарын, жағдайларын және шектеулерін сақтай отырып, мердігердің меншікті ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, жасалады.

      16. Мердігердің сметасы (офертасы) құрылыс ресурстарына арналған ағымдағы бағалармен жасалады. Құрылыс ресурстарына арналған ағымдағы бағалар мердігердің деректері негізінде қабылданады.

      17. Мердігердің сметасын (офертасын) жасау кезінде жоба бойынша жұмыстардың атауы мен физикалық көлемдері, құрылыс ресурстарының нормативтік шығыстары, жоба бойынша құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының, жабдықтарының сапалық және сандық құрамы (тапсырыс беруші сметасының ресурстық бөлігі) өзгеріссіз тапсырыс берушінің сметасына сәйкес келтіріледі.

      Өзге (қосалқы) материалдар, сондай-ақ олардың үлесі ресурстардың тиісті тобының жалпы құнында жұмыстардың нақты түрінде 5 % (бес проценттен) аспайтын, қосалқы технологиялық функцияларды орындайтын, өзге (қосалқы) құрылыс машиналары мен механизмдер үшін офертада мердігерге осындай ресурстардың өз нұсқасын ұсынуға жол беріледі. Өзге ресурстардың нұсқаларын мердігер сапаны жақсартусыз және жұмыстарды орындаудың технологиясын бұзбастан өз тәжірибесіне сүйене отырып, қалыптастырады.

      18. Құрылыстың шарттық бағасы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуларына сәйкес конкурс (тендер) нәтижелері бойынша бекітілген мердігердің баға ұсынысы (конкурстық (тендердік) баға ұсынысы) және офертасы негізінде айқындалады.

      19. Құрылыстың шарттық бағасы тапсырыс берушінің сметасымен белгіленген құннан аспауы тиіс.

      20. Мердігер шартының құрамында тапсырыс беруші мен мердігер шарттық баға ведомосын және бірегей шарттық бағалар каталогын рәсімдейді.

      Шарттық баға ведомосында құрылысқа арналған жобалау алдындағы немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамада және конкурстық (тендерлік) құжаттамада көзделген барлық мердігерлік жұмыстар ескеріледі.

      21. Бірегей шарттық бағалар каталогы шарттық баға ведомосының ажырамас бөлігі болып табылады және орындалған жұмыстар үшін тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы өзара есеп-айырысулар кезінде негіз болып қызмет етеді.

      22. Бірегей шарттық бағалар қосылған құн салығынсыз барлық тиісті қосымша есептеулермен бірге жоба бойынша қабылданған жұмыстың бірлігіне жасалады. 

 

 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

91-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК психиатрында амбулаториялық мәжбүрлеп бақылау және емдеу

91-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК психиатрында амбулаториялық мәжбүрлеп бақылау және емдеу Психиатрда амбулаториялық мәжбүрлеп бақылау ж...

Толық оқу »

94-бап. Амбулаториялық мәжбүрлеп байқау және психиатрда емдеу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

94-бап. Амбулаториялық мәжбүрлеп байқау және психиатрда емдеу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Егер адам өзiнiң психикалық жай-күйi бойынша психиатриялық ста...

Толық оқу »

341-бапқа түсініктемелер. Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы өтініш беру Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі

341-бапқа түсініктемелер. Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы өтініш беру Қазақстан Респу...

Толық оқу »

433-бап. Кедендік бақылауды жүргізуге жәрдем көрсету үшін Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарынан мамандар мен сарапшыларды тарту Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

433-бап. Кедендік бақылауды жүргізуге жәрдем көрсету үшін Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарынан мамандар мен сарапшыларды тарту Қазақстан Республикасындағы...

Толық оқу »

Қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту және моральдық зиянды өтеу салдарынан келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы талап арыз

Қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту және моральдық зиянды өтеу салдарынан келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы талап арызНазар аударыңыз! Заң және құқық адвокаттар ке...

Толық оқу »

Инвестицияларды тарту және инвесторлардың қатысуымен дауларды қарауы бойынша

Инвестицияларды тарту және инвесторлардың қатысуымен дауларды қарауы бойынша Әлемдік экономиканың қазіргі даму үрдістері жағдайында инвестициялар тарту елдің орнықты экономика...

Толық оқу »

Қылмыстық жауапкершілікке тарту | қорлау Ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлау / жала жабу көрінеу жалған мәліметтер тарату / моральдық зиянды өндіріп алу

Қылмыстық жауапкершілікке тарту | қорлау Ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлау / жала жабу көрінеу жалған мәліметтер тарату / моральдық зиянды өндіріп алуСот ашық сот отырысында...

Толық оқу »

9-бап. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заемдар тартуы және пайдалануы  Қазақстанның Даму Банкі туралы Заңы

9-бап. Даму Банкiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заемдар тартуы және пайдалануы Қазақстанның Даму Банкі туралы Заңы      1. Даму Банкiнiң республикалық және жер...

Толық оқу »

62-бап. Сот сараптамасын шет мемлекеттің сот сарапшыларын тарта отырып жүргізу Cот-сараптама қызметі туралы Заңы

62-бап. Сот сараптамасын шет мемлекеттің сот сарапшыларын тарта отырып жүргізуCот-сараптама қызметі туралы Заңы      Сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) заңда белгіленг...

Толық оқу »

Жеке айыптаушының қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартқаны үшін келтірген зиянын өтеу туралы сотқа дейінгі талап

Жеке айыптаушының қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартқаны үшін келтірген зиянын өтеу туралы сотқа дейінгі талапНазар аударыңыз! Заң және құқық адвокаттар кеңсесі сіздің наза...

Толық оқу »

95-бап. Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

95-бап. Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңЕгер адамның психикасының бұзылу сипаты тек психиатриялық стационарда ғана...

Толық оқу »

Әкімшілік құқық бұзушылық жаупкершілігіне тартут / мемелекеттік кірістер департаментіне арыз шағым

Әкімшілік құқық бұзушылық жаупкершілігіне тартут / мемелекеттік кірістер департаментіне арыз шағымНазар аударыңыз! «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама...

Толық оқу »

77-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің іс жүргізу әрекеттеріне қатысуға маман тарту

77-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің іс жүргізу әрекеттеріне қатысуға маман тарту1. Сот отырысына немесе процестік әрекеттерге қатыс...

Толық оқу »

54-бап. Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың аумағында жұмыс істеу үшін шетелдік жұмыс күшін тарту Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы Заңы

54-бап. Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың аумағында жұмыс істеу үшін шетелдік жұмыс күшін тартуАрнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы Заңы      А...

Толық оқу »

Бақылау касса машинасын қолданбай темекі бұйымдарын сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту ҚР темекі және темекі бұйымдарын сату жөніндегі заңнамасының талаптарын бұзуға жатпайды

Бақылау касса машинасын қолданбай темекі бұйымдарын сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту ҚР темекі және темекі бұйымдарын сату жөніндегі заңнамасының талаптарын бұзуға...

Толық оқу »

42-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК қоғамдық жұмыстарға Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексін тарту

42-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК қоғамдық жұмыстарға Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексін тарту 1. Қоғамдық жұмыстар сотталғандардың негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақ...

Толық оқу »

Қылмыстық әрекетке еліктейтін сол адамды тарта отырып есірткі құралдарын қайта жедел сатып алу Заңның айқын бұзылуымен жүзеге асырылды содан кейін оның нәтижелерінің заңды күші дәлелдері болмайды

Қылмыстық әрекетке еліктейтін сол адамды тарта отырып есірткі құралдарын қайта жедел сатып алу Заңның айқын бұзылуымен жүзеге асырылды содан кейін оның нәтижелерінің заңды күш...

Толық оқу »

132-бапқа түсініктеме. Кәмелетке толмағанды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қоғамға қарсы әрекеттерін жасауға тарту

132-бапқа түсініктеме. Кәмелетке толмағанды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қоғамға қарсы әрекеттерін жасауға тарту 1. Кәмелетке толмағанды есірткі немесе б...

Толық оқу »

Еңбекке қабілеттілігінен айырылғаны, моральдық залал және емдеуге арналған қосымша шығыстар үшін моральдық зиянды өтеу және бұйрықты жарамсыз деп тану туралы талап

Еңбекке қабілеттілігінен айырылғаны, моральдық залал және емдеуге арналған қосымша шығыстар үшін моральдық зиянды өтеу және бұйрықты жарамсыз деп тану туралы талапАлматы облыс...

Толық оқу »

34-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды мәжбүрлеп емдеу Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Заң

34-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды мәжбүрлеп емдеу Есiрткi, психотроптық з...

Толық оқу »

5-бап. Iшкi су көлiгiнiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету және оны төтенше жағдайларды жоюға тарту  Iшкi су көлiгi туралы Заңы

5-бап. Iшкi су көлiгiнiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету және оны төтенше жағдайларды жоюға тартуIшкi су көлiгi туралы Заңы      1. Iшкi су көлiгiнiң жұмылдыру дайындығын,...

Толық оқу »

Қолхат бойынша борыш пен тұрақсыздық айыбын өндіріп алу және мүлкі тәркіленіп бас бостандығынан айыра отырып қылмыстық жауаптылыққа тарту жөніндегі Адвокат

Қолхат бойынша борыш пен тұрақсыздық айыбын өндіріп алу және мүлкі тәркіленіп бас бостандығынан айыра отырып қылмыстық жауаптылыққа тарту жөніндегі АдвокатБірінші сатыдағы сот...

Толық оқу »

36-1-бап. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота Халықтың көші-қоны туралы Заңы

36-1-бап. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаХалықтың көші-қоны туралы Заңы      1. Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкіле...

Толық оқу »

308-бап. Жезөкшелiкпен айналысуға тарту  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

308-бап. Жезөкшелiкпен айналысуға , сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге тарту ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Күш қолдану немесе оны қолдану...

Толық оқу »

270-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК жезөкшелікпен айналысуға Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексін тарту

270-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК жезөкшелікпен айналысуға Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексін тарту 1. Зорлық-зомбылық қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту, тәуелді...

Толық оқу »

412-бап. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

412-бап. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту – белгiлi...

Толық оқу »

7-бап. Осы Заңның 5-бабында аталған адамдарға арналған iстердiң бәрi, сондай-ақ саяси себептер бойынша психиатриялық мекемелерге күштеп емдеуге жатқызылған адамдарға арналған iстер осы Заң күшiне енген сәтiнде соттардың күшiн жоймаған шешiмдерiмен бiрге мiндеттi түрде тексеруге жатады.  Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы

7-бап. Осы Заңның 5-бабында аталған адамдарға арналған iстердiң бәрi, сондай-ақ саяси себептер бойынша психиатриялық мекемелерге күштеп емдеуге жатқызылған адамдарға арналған...

Толық оқу »

37-бап. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды, шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамаларды беру және оларды корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тарту тәртібі Халықтың көші-қоны туралы Заңы

37-бап. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды, шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамаларды беру жән...

Толық оқу »

93-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу процесінде сырттан сарапшыларды тарту Қазақстан Республикасының Экология кодексі

93-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу процесінде сырттан сарапшыларды тарту Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Егер мемлекеттік экологиялық сараптама жү...

Толық оқу »

312-бап. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды дайындау және олардың айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық iс-шараларына қатысу үшiн тарту  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

312-бап. Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды дайындау және олардың айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық iс-ша...

Толық оқу »

15-бап. Бал аралар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, бал ара ұяларының зиянкестеріне қарсы күресу  Бал ара шаруашылығы туралы Заңы

15-бап. Бал аралар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, бал ара ұяларының зиянкестеріне қарсы күресуБал ара шаруашылығы туралы Заңы      1. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461...

Толық оқу »

26-бап. Айыпталушыларды еңбекке тарту  Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

26-бап. Айыпталушыларды еңбекке тарту Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң   ...

Толық оқу »

Маман тарту туралы сотқа өтініш

Маман тарту туралы сотқа өтінішНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және әрдайым нақты жағдайдың талаптарына сәйке...

Толық оқу »

128-бап. Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

128-бап. Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Осы баптың екінші бөлігін...

Толық оқу »

116-1-бап. Сайлау қорларынан тыс қаржыландыруды тарту немесе өзге де материалдық көмекті қабылдау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

116-1-бап.Сайлау қорларынан тыс қаржыландыруды тарту немесе өзге де материалдық көмекті қабылдау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі Кандидаттар...

Толық оқу »

Сақтандыру төлемдері бойынша Адвокат медициналық мекемелерде стационарлық емдеуден өткен жәбірленушілерге тиесілі сақтандыру төлемдерінің мөлшерін анықтауға байланысты талап арыздар.

Сақтандыру төлемдері бойынша Адвокат медициналық мекемелерде стационарлық емдеуден өткен жәбірленушілерге тиесілі сақтандыру төлемдерінің мөлшерін анықтауға байланысты талап а...

Толық оқу »

519-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Заңнамасын Қазақстан Республикасының кодексін бұза отырып шетелдік жұмыс күшін және еңбек көшіп келушілерді тарту

519-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Заңнамасын Қазақстан Республикасының кодексін бұза отырып шетелдік жұмыс күшін және еңбек көш...

Толық оқу »

Заңсыз кәсіпкерлікке, яғни Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнаманы бұза отырып, аса ірі мөлшерде кіріс алуға байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кінәлі деп танылды

Заңсыз кәсіпкерлікке, яғни Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнаманы бұза отырып, аса ірі мөлшерде кіріс алуға байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кінәлі деп таны...

Толық оқу »