433-бап. Кедендік бақылауды жүргізуге жәрдем көрсету үшін Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарынан мамандар мен сарапшыларды тарту Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі
1. Кеден органдары кедендік бақылауды жүргізуге жәрдем көрсету үшін Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарынан мамандар мен сарапшыларды тартуға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарынан тартылатын мамандар мен сарапшылар мемлекеттік, коммерциялық, салықтық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны (құпияларды) құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларға қатысты құпия ақпаратты жария етпеуге тиіс.
3. Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарынан мамандар мен сарапшыларды тартуға байланысты шығыстар, егер кеден органдарының тапсырмасы бойынша олар орындаған жұмыс олардың қызметтік міндеттерінің аясына кірмесе, осы Кодекстің 432-бабының 6-тармағында айқындалатын тәртіппен өтеледі.
Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы