308-бап. Жезөкшелiкпен айналысуға , сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге тарту ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
1 Күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру, тәуелдi жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкiн жою немесе бүлдiру жолымен не алдау арқылы , сондай-ақ жезөкшелікті, сексуалдық сипаттағы өзге де көрсетілетін қызметтерді осы мақсаттарда насихаттау және (немесе) жарнамалау арқылы жезөкшелiкпен айналысуға , сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге тарту –
мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен не бiрнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет –
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –
мүлкін тәркіленіп, бес жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы