93-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу процесінде сырттан сарапшыларды тарту Қазақстан Республикасының Экология кодексі
1. Егер мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу процесінде мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшыларында жоқ арнайы білім талап етілсе, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдардың сараптама қорытындылары үшін өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, сондай-ақ тиісті білімі мен тәжірибесі бар жекелеген ұлттық және халықаралық сарапшыларға өтініш жасауға құқығы бар.
2. Сыртқы сарапшыларды тарту Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы