10-1-бап. Клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты жинау Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңы
Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты береді, оларда қаржы мониторингі субъектісі, операциялар туралы деректер, сондай-ақ операцияларға қатысушылар, күдікті қызметті айқындау белгілері туралы ақпарат, қаржы мониторингіне жататын күдікті қызмет жөніндегі қосымша ақпарат қамтылады.
Қаржы мониторингі субъектілері клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты клиенттің қызметі күдікті деп танылған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру тәртібін және клиенттің күдікті қызметін айқындау белгілерін уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV Заңы.
Осы Заң қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) , терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қаржы мониторингі субъектілерінің, уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының құқықтық қатынастарын, сондай-ақ терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болғызбауға және жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға қатысты нысаналы қаржылық санкцияларды іске асыру тетіктерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы