26-бап. Шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқаны үшін жауаптылықтан босатылатын жағдайлар Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы
Бұқаралық ақпарат құралы, сол сияқты оның бас редакторы (редакторы), журналисі бұқаралық ақпарат құралында шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқаны үшін, егер олар:
1) ресми хабарларда қамтылса;
2) бұқаралық ақпарат құралының сұрау салуына берілген жауапта қамтылса немесе бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) материалдарынан алынса;
3) жарнама берушілерден және жарнама жасаушылардан алынса;
4) таратылуына заңды күшіне енген сот актілерінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған ақпаратты таратуды қоспағанда, өкілді органдар депутаттарының, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды немесе уәкілетті тұлғаларының, жеке және заңды тұлғалардың ресми сөйлеген сөздерінің сөзбе-сөз қайталанып берілуі болса;
5) алдын ала жазылып алынбай эфирге шығарылатын авторлық сөздерде не осы Заңға сәйкес редакциялауға жатпайтын мәтіндерде қамтылса;
6) таратылуына заңды күшіне енген сот актілерінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған ақпаратты таратуды қоспағанда, өз хабарында осы хабарды таратқан бұқаралық ақпарат құралына сілтеме көрсетілген жағдайда, уәкілетті органда есепке қойылған басқа бұқаралық ақпарат құралы таратқан хабарларда, материалдарда немесе олардың фрагменттерінде қамтылса;
7) осы Заңның 18-2-бабына сәйкес белгіленген міндетті хабарларда қамтылса, жауапты болмайды.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451 Заңы.
Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес олардың бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы