144-бап. Кәмелетке толмаған адамды эротикалық мазмұндағы өнімді жасауға, таратуға, жарналамауға және сатуға тарту ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
1. Кәмелетке толмаған адамды эротикалық мазмұндағы өнім жасауға, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы өнім таратуға, жарналамауға және сатуға тарту –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:
1) ата-анасы, өгей әкесі, өгей шешесі, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаған;
2) көрінеу жас балаға қатысты жасалған;
3) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;
4) бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы