428-бап. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
1. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамның қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері әкімшілігінің заңды талаптарына қаскөйлікпен бағынбауы –
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Алып тасталды - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері әкімшілігінің заңды талаптарына топтасып бағынбауды ұйымдастыру, сол сияқты жазаны өтеудің белгіленген тәртібін (режимін) бұзу мақсатында өзіне қандай да бір қасақана зақым келтіруден көрінген топтасып бағынбауға қатысу не күш қолданумен ұштасқан немесе ауыр зардаптарға алып келген топтасып бағынбауға қатысу –
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР Конституциялық Сотының 06.12.2023 № 37-НҚ нормативтік қаулысымен осы кодекстің 428-бабының үшінші бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты берген төмендегідей түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды: "Өзіне қандай да бір қасақана зақым келтірумен ұштасатын, топтасып бағынбауға қатысқаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға, егер өзіне осындай зақым келтірудің мақсаты қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау және жазаны өтеудің белгіленген тәртібін (режимін) бұзу болып табылса, жол беріледі..
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы