48-бап. Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметшілерін қоспағанда, мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын барлық органдарға арналған жұмыскерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көздері белгіленбесе, мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасында айқындалған Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен жүргізіледі.
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының жұмыскерлеріне бонус төлеу, сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу мемлекеттік қызметшілер орындайтын жұмыстың сипатына, көлеміне және нәтижесіне байланысты белгіленеді.
3. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен үш жылда кемінде бір рет индекстелуге тиіс.
4. Мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасының органдарын қаржыландыру және жұмыскерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленетін лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтіліне мемлекеттік қызметте болған барлық уақыт және Қазақстан Республикасының тиісті заңнамасы қолданылатын мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақысын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларында айқындалатын өзге уақыт қосылады.
Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақысын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.
5. Мемлекеттік қызметшінің жалақысынан ұстап қалулар сот шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында және осы бапта көзделген жағдайларда жүргізіледі.
6. Мемлекеттік қызметшінің өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган алдындағы берешегін өтеу үшін оның жалақысынан ұстап қалулар мемлекеттік қызметшіні хабардар ете отырып:
1) іссапарға байланысты берілген, жұмсалмаған және уақтылы қайтарылмаған ақшаны өтеу үшін;
2) мемлекеттік қызметшіге жалақы есебінен берілген жұмыс істелмеген авансты өтеу үшін;
3) ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы және (немесе) ақы төленетін қосымша демалыс күндері ауыстырылған немесе мемлекеттік қызметші олардан кері шақыртып алынған жағдайда;
4) мемлекеттік қызметшінің жазбаша келісуі болған кезде өзге де жағдайларда жұмыс берушінің актісі негізінде жүргізілуі мүмкін.
7. Мемлекеттік қызметшінің оқуды аяқтамауына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымы алдындағы берешегін өтеу үшін оның жалақысынан ұстап қалулар мемлекеттік қызметшіні хабардар ете отырып, жұмыс берушінің актісі негізінде жүргізілуі мүмкін.
8. Бірнеше атқарушылық парақ бойынша жалақыдан ұстап қалу кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында және осы бапта көзделген жағдайларда, ай сайынғы ұстап қалудың мөлшері мемлекеттік қызметшіге тиесілі жалақының елу пайызынан аспауға тиіс.
9. Арнайы тексерудің нәтижесі алынғанға дейін мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқару үшін еңбек шарты бойынша қабылданған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ мемлекеттік органды құру кезінде осындай лауазымдық өкілеттікті атқаруға немесе "Б" корпусының уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына уақытша тағайындалған Қазақстан Республикасы азаматтарының лауазымдық айлықақысының мөлшері тиісті мемлекеттік лауазым үшін көзделген ең төмен мөлшерде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 19 мамырдағы № 290-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау
_________________________
-Заңды күші жойылды Қазақстан Республикасының жаңа № 290-VIII ҚРЗ 22026 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңын қабылдаумен
48-бап. Мемлекеттік қызметшіні лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттету Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы
Мемлекеттік қызметші:
1) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетілуі мүмкін;
2) мемлекеттік қызметшіні қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан шығару құқығы бар лауазымды адам (орган) жауаптылық туралы мәселе шешілгенге дейін, бірақ жалақысы сақтала отырып, бір айдан аспайтын мерзімге лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетуі мүмкін.
Мемлекеттік қызметшіні лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттету жөнінде лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес осындай құқығы бар лауазымды адамның (органның) немесе өзіне осындай өкілеттіктер берілген өзге де лауазымды адамның (органның) актісі шығарылады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы