34-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны қызметінен босату және олардың өкiлеттiктерiн тоқтату Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы
Ескерту. 34-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 13.03.2017 № 52-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Төрағаның, сот алқасы төрағасының және судьяның өкiлеттiктерін тоқтату негiздері:
1) судьяның орнынан түсуі;
2) судьяның өз тілегі бойынша лауазымынан босауы;
2-1) саяси партияға кіруі;
3) медициналық қорытындыға сәйкес кәсiптiк мiндеттерiн одан әрi атқаруға кедергi болатын денсаулық жағдайы;
4) судьяны iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекетке қабiлетi шектеулi деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешiмiнің заңды күшiне енуі;
5) осы судьяға қатысты айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi, қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде сотқа дейінгі сатыда тоқтатылуы;
6) Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуы;
7) судьяның қайтыс болуы немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмiнің заңды күшiне енуі;
8) осы Конституциялық заңның 56-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, судьяның басқа лауазымға тағайындалуы, сайлануы және оның басқа жұмысқа ауысуы;
9) соттың таратылуы немесе соттың қайта ұйымдастырылуы, тиісті сот судьялары санының азайтылуы, егер судья басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда судьяның жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа ауысудан бас тартуы;
10) соттың таратылуы немесе соттың қайта ұйымдастырылуы, тиісті сот судьялары санының азайтылуы, өкiлеттiк мерзiмiнің аяқталуы, егер соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келiсiм бермесе, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот төрағасының, сот алқасы төрағасының жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа ауысудан бас тартуы;
11) кәсiби жарамсыздығына орай судьяның атқаратын лауазымына сай келмейтiнi туралы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешiмi;
11-1) судьяның тәртіптік теріс қылық жасағаны немесе осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетілген талаптарды орындамағаны үшін оны лауазымынан босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі;
12) зейнеткерлік жасқа немесе судья лауазымында болудың шекті жасына толуы.
2. Сот төрағасының, сот алқасы төрағасының өкiлеттiктерi оның өз тілегі бойынша, не олар осы Конституциялық заңның 9, 14, 15, 20, 21 және 28-баптарында көрсетiлген талаптарды орындамаған кезде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
2-1. Осы Конституциялық заңда көзделген негіздер туындаған кезде Жоғары Сот Кеңесі Республика соттары төрағаларының, сот алқалары төрағаларының және судьяларының өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін қарайды.
2-2. Осы баптың 1-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда Жоғары Сот Кеңесі уәкілетті органның растайтын құжат қоса берілген хабарының негізінде судьяның өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін қарайды.
3. Судья лауазымынан босату туралы шешiм:
1) Жоғарғы Соттың Төрағасына, судьяларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша – Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысымен;
2) Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларына, жергілікті және басқа соттардың төрағаларына, сот алқаларының төрағалары мен судьяларына қатысты – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданады.
4. Судья лауазымынан босату бiр мезгiлде тиiстi соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы өкiлеттiктерiнiң тоқтатылуына әкеп соғады.
Осы Конституциялық заңның 31-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiстi соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы лауазымынан оның өз еркі бойынша не өкілеттік мерзiмiнiң аяқталуы бойынша босату оны осы соттың судьясы лауазымынан босатуға әкеп соқпайды.
Тиісті сотта судьяның бос лауазымы болмаған жағдайда төраға немесе сот алқасының төрағасы оның келісуімен осы Конституциялық заңның 31-бабының 10-тармағында көзделген тәртіппен тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалады.
5. Судьялардың өкілеттіктерін тоқтатудың осы баптың 1-тармағының 5), 11) және 11-1) тармақшаларында көзделген негіздері теріс уәждер деп танылады.
ҚР Конституциялық Сотының 14.07.2023 № 22 нормативтік қаулысымен "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабының 5-тармағы төмендегідей түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды: кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сай келмейді деген теріс себеппен өкілеттіктің тоқтатылуы лауазымынан босатылған судья үшін құқықтық салдарға әкеп соғу "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы шеңберінде ғана болуға тиіс; көрсетілген себеппен судья лауазымынан босатылған азамат өзге де салаларда, оның ішінде мемлекеттік қызметте еңбек ету бостандығына конституциялық құқығын іске асыра алады..
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы