189-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттігін тоқтату Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі
Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттігі:
1) осы Кодекстің ережелері бұзылған;
2) өз өкілеттігін доғару туралы жазбаша өтініші;
3) ол қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
5) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
6) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар басталған кезде тоқтатылады.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы