8-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары мен өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы
Қазақстан Ұлттық Банкі:
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 1) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1) ақша-кредит саясатын әзірлейді және жүргiзедi;
2) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды эмиссиялайды;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитентi болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша айналымын ұйымдастырады;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 3-1), 3-2) тармақшалармен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-1) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру тәртібін айқындайды;
3-2) Қазақстан Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операцияларды жүргізу тәртібін айқындайды
4) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың резервтiк мемлекеттік қорларын құрады;
5) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайларды жайластыруға қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
6) банкаралық ақша аударымдары жүйесін, банкаралық клиринг жүйесін және пайдаланушылар арасында Қазақстан теңгесімен ақша аударымдарын жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да төлем жүйелерін реттейді және қадағалауды (оверсайт) жүзеге асырады;
7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақша төлемдерi мен аударымдарын реттеу мақсатында, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және кәсіпкерлік қызмет субъектілері банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердің кезектiлiгiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң келiсімі бойынша белгiлейді;
8) Қазақстан Республикасында валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
8-1) ұйымдық-құқықтық нысанға қойылатын талаптарды, құрылтайшыларға (қатысушыларға) қойылатын талаптарды, оның ішінде олардың жарғылық капиталға салымдарының шығу көздерін ашуды, жарғылық капиталдың мөлшеріне және оны қалыптастыру тәртібіне, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайына, техникалық құралдарына, жабдығына және қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қамтитын, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 8-2), 8-3), 8-4) тармақшалармен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8-2) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру тәртібін айқындайды;
8-3) екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктерінің филиалдарында, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыруды қоса алғанда, кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
8-4) Қазақстан Республикасының өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарымен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуын реттеуді жүзеге асырады;
9) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
10) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқаруды қамтамасыз етеді;
11) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларына (үлгілеріне) бақылау сынақтарын жүзеге асырады;
12-1) меншік иелері қаржы ұйымдары, бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар өзге де тұлғалар болып табылатын, олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларын (үлгілерін) сақтауды және сынауды жүзеге асырады;
12-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (келіп түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдауды, қабылдауды, есепке алуды, сақтауды жүзеге асырады;
13) дербес және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен бірлесіп олардың құзыреті шеңберінде жүйелік тәуекелдерді реттеуді жүзеге асырады;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 14) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыздар береді;
15) қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеуге қатысады; ЗҚАИ-ның ескертпесі! 15) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 16) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
16) статистикалық әдіснаманы әзірлейді, ақша-кредит статистикасы, қаржы нарығы статистикасы және сыртқы сектор статистикасы (төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш) жөніндегі статистикалық ақпаратты қалыптастырады және таратады;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 17) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
17) сыртқы сектор статистикасы жөніндегі статистикалық нысандарды әзірлейді, статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында бақылауды жүзеге асырады;
18) қаржы нарығына шолу жасау, ақша-кредит статистикасы және қаржы нарығы статистикасы, төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш жөніндегі статистикалық ақпаратты қалыптастырады және таратады, төлем балансын болжамдық бағалауды әзірлеуге қатысады; ЗҚАИ-ның ескертпесі! 18) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 18-1) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18-1) валюталық реттеу және валюталық бақылау, ақша-кредит статистикасы, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер және төлем жүйелері, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді (қаржылық және өзге де есептілікті) жинау мен өңдеуді жүзеге асырады және оларды ұсыну тәртібін айқындайды;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 19) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
19) осы Заңға, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокерлерінің филиалдарын және өзге де тұлғаларды реттеуді, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокерлерінің филиалдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
20) мыналарға:
өз қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған;
банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға – банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензияны береді (беруден бас тартады), қайта ресімдейді, тоқтата тұрады, одан айырады;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 20-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
20-1) төтенше жағдай енгізілген кезеңде Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің экономикалық қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес қаржы ұйымдарының, төлем жүйелері операторларының, төлем ұйымдарының төлем қызметтерін көрсетуінің ерекше тәртібі мен шарттарын енгізуді, оның ішінде олар қолданатын комиссияларды реттеуді көздейтін арнаулы реттеу режимін енгізуге құқылы;
21) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
21-1) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
22) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
22-1) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);
23) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкіне арналған бухгалтерлік есеп саясаты мен әдістерін айқындайды;
24) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының, бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру қағидаларының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
24-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін, тексерілетін субъектілердің қызметін құзыреті шегінде тексеруге қатысады;
24-2) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операцияларды тоқтата тұру және жүргізуден бас тарту, өз қызметi процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлігінде сақтауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі бақылаудың ұйымдастырылуы мен іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 24-3) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
24-3) банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, төлем жүйелері операторларының және төлем жүйелерінің операциялық орталықтарының Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
25) Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша оның мемлекеттік борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік борышына қызмет көрсетедi;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 26) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
26) Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайтын тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді және жариялайды;
27) мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингін жүзеге асырады; ЗҚАИ-ның ескертпесі! 27) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
28) сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асырады;
29) банк қызметiн, бағалы қағаздар нарығындағы кәсiптік қызметті және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 29-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
29-1) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының металл шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін айқындайды;
30) Қазақстан Ұлттық Банкiнің клиенттеріне банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырады; ЗҚАИ-ның ескертпесі! 30) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 31) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
31) Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарт негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 32) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
32) Қазақстан Ұлттық Банкі заңды тұлғалармен жасасатын сенімгерлік басқару туралы шарттардың негізінде заңды тұлғалардың активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;
32-1) Қазақстанның Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 32-2) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
32-2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты кастодиандық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетеді;
33) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынады; ЗҚАИ-ның ескертпесі! 33) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 34) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
34) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен қаржы ұйымдары үшін кадрлар даярлауға қатысады;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 35) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
35) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын және қаржы ұйымдары болып табылмайтын резиденттерге және бейрезиденттерге, төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге шектеулі ықпал ету шараларын, қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де шараларды қолданады және оларды қолдану тәртібін айқындайды;
35-1) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыру мақсатында, қаржы ұйымдары болып табылмайтын төлем ұйымдарына және (немесе) өзге заңды тұлғаларға қатысты ерекше реттеу режимін енгізеді және құзыреті шегінде олардың қызметін реттейді;
36) Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;
37) банктік сәйкестендіру кодтарын береді, жояды және оларды пайдалануды айқындайды, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын береді және жояды, олардың құрылымын белгілейді, сондай-ақ Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастырады және жүргізеді;
37-1) алып тасталды - ҚР 13.03.2017 № 53-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
38) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органдарын құрады;
38-1) кредиттік тарихтардың дерекқорында қамтылған ақпараттың толықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға кредиттік тарих субъектілері туралы ақпарат береді; ЗҚАИ-ның ескертпесі! 38-1) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
38-2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарты, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарт негізінде және соларға сәйкес құзыреті шегінде басқа мемлекеттердің орталық банктерімен, бақылау және қадағалау органдарымен, халықаралық және өзге де ұйымдармен ынтымақтастық жасайды және құпиялылықты сақтай отырып, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны, банктік құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпарат алмасуға құқылы.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген өзге де ұйымдар деп банктік сектордың, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру нарығының қызметін реттеудің бірыңғай стандарттарын тұжырымдау мақсатында құрылған, басқа мемлекеттердің орталық банктерінің, бақылау және қадағалау органдарының бірлестіктері түсініледі;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 38-3), 38-4) тармақшалармен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
38-3) ақша-кредит саясаты, қаржылық тұрақтылық саласында және өз қызметімен байланысты басқа да бағыттарда зерттеулер жүргізеді;
38-4) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокерлері филиалдарының, Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
39) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкiлеттiктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы