36-бап. Республика Парламентінің және Парламент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы Конституциялық заң
1. Республика Президенті Парламент палаталары төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациялардан кейін Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады.
2. Парламентті және Парламент Мәжілісін төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттігінің соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды.
Республика Президентінің Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарату туралы актісі қолданысқа енгізілген күн көрсетілген бір жылдық мерзімнің басталу кезі болып табылады. Бұл мерзім келесі жылдың тиісті айында және күн санында аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.
3. Мәжіліс таратылған жағдайда Парламенттің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі қызметін уақытша, Мәжілістің жаңа құрамы сайланғанға дейін Сенат атқарады.
Мұндай жағдайда Сенаттың конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау тәртібі Сенат Регламентінде айқындалады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы № 2529 Конституциялық заңы
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламентiн ұйымдастыруды және оның қызметiн, оның депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы