Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Арыз / Өтініш берушінің өкілеттігінің болмауына байланысты талап қоюды қайтару

Арыз / Өтініш берушінің өкілеттігінің болмауына байланысты талап қоюды қайтару

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Арыз / Өтініш берушінің өкілеттігінің болмауына байланысты талап қоюды қайтару

Егер өтінішке (талап қоюға) оған қол қоюға немесе оны беруге өкілеттігі жоқ тұлға қол қойған болса, соттар ҚР ӘРПК-нің 138-бабы 2-бөлігінің 4) тармақшасы негізінде талап қоюды қайтарады.

Алайда сот тәжірибесі іс мән-жайлары талапкердің заңды мүддесінің бар екенін көрсетуі мүмкін екенін, ал бұл талап қоюдың жол берілетіндігі туралы мәселені шешу кезінде құқықтық баға беруді қажет ететінін көрсетті.

Мысалы, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «Астана» Еуразиялық іскерлік ынтымақтастық орталығы» жауапкершілігі шектеулі қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) «Алматыоблтяжстрой 1» ЖШС-не (бұдан әрі – ЖШС), жеке сот орындаушысы А.Т. Досжановқа қарсы 2024 жылғы 27 ақпанда шығарылған өндірілген ақша қаражаттарын бөлу туралы қаулыны заңсыз деп тану және күшін жою, 2024 жылғы 15 ақпандағы №02/15-07 бағалау есебін қабылдау жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану, сондай-ақ 2024 жылғы 15 ақпандағы №02/15-07 бағалау есебін жарамсыз деп тану туралы әкімшілік талап қоюын қарады (6001-24-00-6ап/1715).

Қоғамның аталған әкімшілік талап қоюын қарау барысында жергілікті соттар әкімшілік талап қоюды негізсіз қайтару арқылы процессуалдық құқық нормаларын елеулі түрде бұзған.

Астана қаласының МАӘС талапкердің талап қоюға қол қою және оны беру өкілеттігі жоқ екенін, сондай-ақ талапкердің атқарушылық іс жүргізудің тарапы болып табылмайтынын, сондықтан ақша қаражаттарын бөлу туралы қаулы мен мүлікті бағалау туралы есепке дау айтуға құқығы жоқ екенін көрсеткен. Апелляциялық саты бұл уәждермен келісіп, бірінші сатыдағы сот ұйғарымын өзгеріссіз қалдырған.

Алайда сот алқасы мұндай қорытындылармен келіспеді, өйткені сот арқылы қорғалу құқығына Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы және ҚР ӘРПК-нің 9-бабының 1-бөлігі кепілдік береді. Аталған нормаға сәйкес әркім өзінің бұзылған немесе дауланып отырған құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.

Шынында да, Қоғам атқарушылық іс жүргізудің тарапы болып табылмайды. Дегенмен, ЖСО-ның тұрғын емес үй-жайдың құнын айқындау жөніндегі әрекеттері сол борышкерге қатысты және сол әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде қозғалған басқа атқарушылық іс жүргізудегі өндіріп алушы ретіндегі оның мүліктік мүдделеріне тікелей әсер етуі мүмкін.

Бұдан басқа, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 68-бабына сәйкес борышкерге тиесілі мүлікті бағалау Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен дау айтылуға жатады.

Демек, жергілікті соттардың бағалау есебіне әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен шағым жасау мүмкін емес деген қорытындылары қолданыстағы заңнама нормаларына қайшы келеді.

Сондай-ақ борышкердің мүлкін төмендетілген бағамен өткізу тек борышкердің ғана емес, талапкерді қоса алғанда барлық өндіріп алушылардың құқықтарын бұзуы мүмкін екенін ескеру қажет. Талапкер бесінші кезекте тұрғанына қарамастан, мұндай әрекеттер басқа атқарушылық іс жүргізу шеңберінде оның талаптарының қанағаттандырылу көлеміне әсер етуі мүмкін. Бұл оның заңды мүддесі мен сот арқылы қорғалуға құқығы бар екенін көрсетеді.

Жоғарғы Соттың Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы жергілікті соттардың іс үшін маңызы бар барлық мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті анықтау үшін жеткілікті шаралар қабылдамағанын, процессуалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбағанын, соның салдарынан әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттары мен міндеттері бұзылғанын атап өтті.

Осыған байланысты Жоғарғы Соттың Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың ұйғарымдарының күшін жойып, істі жаңадан қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа жіберуге негіздер бар деген қорытындыға келді.

Істі қайта қарау кезінде Астана қаласының МАӘС Қоғамның талап қоюын мәні бойынша қарап, тиісті құқықтық баға берді.

Осылайша, талапкердің талап қою беруге өкілеттігінің бар-жоғын анықтау кезінде іс үшін маңызы бар барлық мән-жайлар жан-жақты, толық әрі объективті түрде зерттелуі қажет.

Талаптарды тұжырымдау

Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы әкімшілік талап қоюлар берген кезде талапкерлер талаптарды әртүрлі редакцияда мәлімдейді.

Негізінен осы санаттағы даулар дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы және белгілі бір әрекеттерді жасау туралы талап қоюлар беру арқылы қаралады (ҚР ӘРПК-нің 132–134-баптары).

ҚР ӘРПК-нің 132-бабына сәйкес, егер ауыртпалық салатын әкімшілік акт талапкердің құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін бұзса, ол әкімшілік актіні толық немесе ішінара жою туралы талаппен дау айту жөнінде талап қою беруге құқылы.

Сот орындаушысы шығарған қаулымен келіспеген жағдайда, талаптар осы қаулыны заңсыз деп тану туралы қойылады. Бұл ретте әрекеттерді заңсыз деп тану туралы талап қоюды қатар беру талап етілмейді.

ҚР ӘРПК-нің 84-бабының 2-бөлігіне сәйкес заңсыз әкімшілік акт толық немесе ішінара жойылуы мүмкін.

Қаулы заңсыз деп танылған жағдайда, сот аталған қаулының күшін жояды.

Талап қоюды қайтару

ҚР ӘРПК-нің 138-бабының 2-бөлігінде әкімшілік талап қоюды қайтарудың 17 негізі көзделген.

Осы санаттағы істер көбінесе мынадай негіздер бойынша қайтарылады:

  • ҚР ӘРПК-нің 138-бабы 2-бөлігінің 6) тармақшасы – талапкер берілген талап қоюдан бас тартқан;
  • ҚР ӘРПК-нің 138-бабы 2-бөлігінің 9) тармақшасы – тараптар татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасып, ол сотпен бекітілген;
  • ҚР ӘРПК-нің 138-бабы 2-бөлігінің 11) тармақшасы – іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды;
  • ҚР ӘРПК-нің 138-бабы 2-бөлігінің 17) тармақшасы – іс осы соттың соттылығына жатпайды.

Сондай-ақ, ҚР ӘРПК-нің 136-бабының 8-бөлігіне сәйкес талап қоюды қайтарудың тағы бір негізі – талап қоюды сотқа беру мерзімін дәлелді себептерсіз өткізіп алу және өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру мүмкіндігінің болмауы.

Талдау жасалып отырған санаттағы талап қоюларды қайтару мәселесін шешу барысында соттарда қиындықтар туындамайды.

Сонымен қатар, соттың белсенді рөлі қағидатын іске асыру бейбіт жолмен шешілген істердің санын едәуір арттыруға мүмкіндік берді (келісім жасау немесе талап қоюдан бас тарту).

Сот шешіміне шағымдану мерзімі

ҚР ӘРПК-нің 168-бабының 4-бөлігіне сәйкес сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істер бойынша апелляциялық шағым немесе прокурордың өтінішхаты шешім түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде берілуі мүмкін. Шешім жарияланған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей түпкілікті нысанда дайындалуы тиіс.

Бұл нормаға өзгерістер 2024 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 6 қазандағы №33-НҚ «Қазақстан Республикасы ӘРПК-нің 168-бабы төртінші бөлігінің бірінші абзацының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» қаулысын іске асыру мақсатында енгізілді.

Конституциялық Соттың аталған нормативтік қаулысынан көрінгендей, ӘРПК-нің 168-бабының 4-бөлігінің ережелері осы баптың 2-бөлігінің нормаларынан туындайды. Олар заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне шағым жасаудың жалпы қағидаларын белгілейді және мерзім шешімнің түпкілікті нысанда шығарылған күнінен бастап есептеледі.

Осыған байланысты сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істер бойынша апелляциялық шағым мен прокурордың өтінішхатын беру үшін көзделген он жұмыс күндік мерзім шешімнің түпкілікті нысанда шығарылған (дайындалған) күнінен бастап есептелуі тиіс. Өйткені ӘРПК-де белгіленген апелляциялық шағым беру мерзімі шешімнің түпкілікті нысаны дайындалғанға дейін өтіп кетуі мүмкін, бұл процеске қатысушыларды шешімнің уәждеу бөлімімен танысу және апелляция құқығын толық көлемде іске асыру мүмкіндігінен айырады.

Конституциялық Сот мұндай құқықтық реттеу Конституциямен кепілдік берілген сот арқылы қорғалуға, білікті заң көмегін алуға құқықтарды және заң мен сот алдында барлығының теңдігі қағидатын шектеуі мүмкін екенін көрсетті.

Сондай-ақ Конституциялық Сот ӘРПК-де қолданылатын ұғымдардың («шешім шығарылған күн», «шешімнің түпкілікті нысанда дайындалған күні» және т.б.) жеткілікті дәрежеде нақты еместігін және әртүрлі түсіндіруге жол беретінін атап өтті, бұл өз кезегінде процеске қатысушылардың құқықтарының бұзылу қаупін тудырады.

Нәтижесінде Конституциялық Сот дауланған норманы Конституцияға сәйкес деп таныды, бірақ апелляциялық шағым мен прокурордың апелляциялық өтінішхатын беру мерзімі шешімнің қарар бөлігін жариялаған сәттен емес, сот шешімінің түпкілікті нысанда шығарылған (дайындалған) күнінен бастап есептелуі тиіс деген түсіндірме берді.

ӘРПК-нің 168-бабының 4-бөлігіне жоғарыда аталған өзгерістер енгізілгенге дейін жергілікті соттар бірінші сатыдағы сот шешіміне шағымдану мерзімін есептеу мәселесінде бұл норманы әртүрлі түсіндіріп келген.

Жоғарғы Соттың Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы процессуалдық нормаларды конституциялық-құқықтық тұрғыдан түсіндірудің басымдығын растады және апелляциялық шағым беру мерзімдерін шешімнің түпкілікті нысанда дайындалған күнінен бастап бірыңғай есептеуді қамтамасыз ететін сот тәжірибесін қалыптастырды.

Бұл тәжірибенің жүйелі маңызы бар, өйткені ол сот тәжірибесіндегі қайшылықтарды жояды және тараптардың әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде сот арқылы қорғалуға деген құқықтарын нақты іске асыруына мүмкіндік береді.

Дәлелдемелер және дәлелдеу

Дәлелдемелерді, дәлелдеме ретінде жол берілмейтін нақты деректерді, дәлелдеу нысанасын және дәлелдеме көздерін, сондай-ақ дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау және пайдалану (дәлелдеу) тәртібін құқықтық реттеу және дәлелдемелер мен дәлелдеуге қатысты өзге де ережелер ҚР ӘРПК-де белгіленген ерекшеліктерді қоспағанда, ҚР АПК нормаларымен айқындалады (ҚР ӘРПК-нің 128-бабы).

Жеке сот орындаушысының (ЖСО) әрекеттеріне сот тәртібімен шағым жасалған кезде ЖСО тарапынан жіберілген құқық бұзушылықтарды растайтын әртүрлі құжаттар мен материалдар дәлелдеме бола алады. Бұл ретте заңсыз әрекеттерді немесе әрекетсіздікті көрсететін нақты фактілер анықталуға тиіс.

Дәлелдемелерге (тігілген және нөмірленген атқарушылық іс жүргізу материалдары) мыналар жатады:

Атқарушылық құжаттар:

  • ЖСО әрекет еткен атқару парағының немесе сот бұйрығының түпнұсқасы не нотариаттық куәландырылған көшірмесі;
  • Шағым жасалып отырған ЖСО қаулылары, олардың күні мен мазмұны көрсетілген түрде.

Құқық бұзушылықтарды растайтын құжаттар:

  • Төлем түбіртектері;
  • ЖСО-мен хат алмасу;
  • Хабарламалар (SMS-хабарламаларды жеткізу туралы есептер);
  • Куәлардың айғақтары;
  • Мүлікті бағалау туралы есептер;
  • Мүлікке тізімдеме жасау хаттамалары;
  • Тексеру актілері;
  • Тұрмайтыны туралы актілер;
  • Фотосуреттер;
  • Бейнежазбалар;
  • Өтініш берушінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғанын растайтын өзге де материалдар.

Әділет органдарына немесе ЖСО палатасына берілген шағымдар:

ЖСО әрекеттеріне шағым берілген жағдайда, оның көшірмесі мен оған берілген жауаптар да дәлелдеме ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Куәлардың айғақтары:

Іс мән-жайларын растай алатын куәлар жауап алу үшін сот отырысына шақырылады.

Мемлекеттік бажды өндіріп алу

Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы талап қоюлар бойынша талапкерлер Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 616-бабының 15) тармақшасына сәйкес сотқа талап қою берген кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

ҚР ӘРПК-нің 122-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот шығыстарын бөлу мәселелері ҚР АПК қағидалары бойынша қаралады.

ҚР АПК-нің 117-бабының 1-бөлігіне сәйкес талапкер төлеуден босатылған мемлекеттік баж, сондай-ақ іс жүргізуге байланысты шығыстар сот шығыстарын төлеуден босатылмаған жауапкерден мемлекет кірісіне толық көлемде немесе талаптың қанағаттандырылған бөлігіне пропорционалды түрде өндіріп алынады.

Талап қанағаттандырылған жағдайда мемлекеттік баж жергілікті бюджет кірісіне талаптың қанағаттандырылған бөлігіне сәйкес сот орындаушысынан өндіріп алынады.

Мемлекеттік баж мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 610-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес есептеледі және 0,5 АЕК-ті құрайды.

Процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану

Істі қарау барысында процестік заңнама нормаларының бұзылғаны анықталған жағдайда ақшалай өндіріп алу түріндегі процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

ҚР ӘРПК-нің 127-бабына сәйкес сот процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға ақшалай өндіріп алу салуға құқылы. Оның ішінде дәлелдемелерді ұсыну немесе сот тапсырмаларын орындау белгіленген мерзімді дәлелді себептерсіз бұза отырып жүзеге асырылып, бұл әкімшілік істің қаралуын созуға әкелген жағдайда, әрбір әрекет (әрекетсіздік) үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алу салынады.

Соттың талабын немесе сұрау салуын орындамағаны, әкімшілік іске қатысушы адамның сотқа келмегені, сотты уақтылы хабардар етпегені, пікірді уақытылы ұсынбағаны, сот отырысына төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбағаны, соттағы белгіленген тәртіпті бұзғаны, сондай-ақ сотқа және (немесе) судьяға құрметсіздік танытатын өзге де әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сот жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алу қолдануға құқылы.

Сот шешімі, тараптардың татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін бекіту жөніндегі сот ұйғарымы орындалмаған жағдайда сот жауапкерге елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алу салады және сол сот актісінде оны орындау мерзімін белгілейді, бұл мерзім бір айдан аспауға тиіс.

Талданып отырған кезеңде соттарда ақшалай өндіріп алу түріндегі процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану тәжірибесі қалыптасты.

Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау санатындағы даулар бойынша ақшалай өндіріп алу көбінесе жауапкерлерге мынадай себептермен салынған:

  • пікірді (отзывты) уақтылы ұсынбау;
  • атқарушылық іс жүргізу материалдарын кешіктіріп ұсыну;
  • атқарушылық іс жүргізу материалдарын толық көлемде ұсынбау;
  • дәлелді себептерсіз сот отырысына келмеу немесе онлайн форматта қосылмау.

Қолданылған қысқартулар

  • ӘРПК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
  • АПК – Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;
  • АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
  • Атқарушылық іс жүргізу туралы заң – Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңы;
  • ЖС НҚ – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы;
  • Қағидалар – Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион түріндегі сауда-саттықта өткізу қағидалары;
  • АААТЖ – Қазақстан Республикасы сот органдарының «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі;
  • ЖС ӘІСА – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;
  • Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы (алқа) – әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;
  • МАӘС – мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;
  • ӘД – Әділет департаменті;
  • МСО – мемлекеттік сот орындаушысы;
  • ЖСО – жеке сот орындаушысы;
  • АІЖ – атқарушылық іс жүргізу.

Атқарушылық іс жүргізу мәселелерін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
  • Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
  • Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;
  • «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заң;
  • Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі;
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы №1 «Соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» нормативтік қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №12 «Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы» нормативтік қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы №2 «Азаматтық істер бойынша талапты қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы» нормативтік қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2024 жылғы 29 қарашадағы №5 «Әкімшілік істер бойынша сот шешімі туралы» нормативтік қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 29 қарашадағы №6 «Алимент өндіріп алуға байланысты істерді қарау кезінде заңнаманы қолдану туралы» нормативтік қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы №437 «Жеке сот орындаушысы қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» қаулысы (2023 жылғы 13 шілдеде күшін жойған);
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №372 «Кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент ұстап қалынатын жалақы және (немесе) өзге де табыс түрлерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы №416 «Жеке сот орындаушысы қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы №148 «Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгілік нысандарын бекіту туралы» бұйрығы.

 

 

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын 

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібінің сақталмауына байланысты талап арызды қайтару

Дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібінің сақталмауына байланысты талап арызды қайтаруӘкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (бұдан әрі – ӘРПК) 138-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын...

Толық оқу »

47-6-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы

47-6-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтатуҚазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы      Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкі...

Толық оқу »

10-бап. Сайлау органдары, олардың жүйесi мен өкiлеттiктерiнiң мерзiмi Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

10-бап. Сайлау органдары, олардың жүйесi мен өкiлеттiктерiнiң мерзiмi Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 1. Қазақстан Республикасында сайлауды әзiрл...

Толық оқу »

Серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату

Серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуСеріктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттігін немесе атқарушы органның жекелеге...

Толық оқу »

37-бап. Қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің өкілеттіктерін тоқтату Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

37-бап. Қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің өкілеттіктерін тоқтату Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің өкілеттікте...

Толық оқу »

41-бап. Мемлекеттік органның құзыреті, өкілеттіктері, функциялары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

41-бап. Мемлекеттік органның құзыреті, өкілеттіктері, функциялары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 1. Мемлекеттік орган қызметін...

Толық оқу »

20-1-бап. Жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) және олардың өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

20-1-бап. Жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) және олардың өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі      1. Жұмыс берушілердің ерікті нег...

Толық оқу »

Заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі бойынша атқарушы орган басшысының өкілеттігі тоқтатылған

Заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі бойынша атқарушы орган басшысының өкілеттігі тоқтатылғанҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №...

Толық оқу »

15-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы және оның өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы

     15-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы және оның өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы 1. Басқарма Қазақстан Ұлттық Банкінің жоғары орган...

Толық оқу »

18-бап. Қордың ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз етуге арналған ерекше өкілеттіктері Ұлттық әл-ауқат қоры туралы Заңы

18-бап. Қордың ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз етуге арналған ерекше өкілеттіктеріҰлттық әл-ауқат қоры туралы Заңы      1. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтыл...

Толық оқу »

2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпа...

Толық оқу »

85-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия, оның өкілеттігі Азаматтық қорғау туралы Заңы

85-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия, оның өкілеттігіАзаматтық қорғау туралы Заңы   1. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі...

Толық оқу »

32-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімін лауазымға сайлау, қызметінен босату және оның өкілеттігін тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы

32-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімін лауазымға сайлау, қызметінен босату және оның өкілеттігін тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік ба...

Толық оқу »

44-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

44-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктер...

Толық оқу »

21-бап. Мәслихат депутатының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезіндегі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы

21-бап. Мәслихат депутатының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезіндегі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және...

Толық оқу »

8-бап. Тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттiк инспекторлар және олардың өкiлеттiктерi Тұқым шаруашылығы туралы

8-бап. Тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттiк инспекторлар және олардың өкiлеттiктерiТұқым шаруашылығы туралы      1. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдер...

Толық оқу »

18-бап. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Кеңестің ұсынысы бойынша тағайындалатын депутатының өкілеттігін тоқтату  Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңы

18-бап. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Кеңестің ұсынысы бойынша тағайындалатын депутатының өкілеттігін тоқтатуҚазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңы      1. Қаза...

Толық оқу »

32-2 бап. Облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аудан әкімін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату және оның өкілеттігін тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы

    32-2 бап. Облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аудан әкімін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату және оның өкілеттігін...

Толық оқу »

17-бап. Ассамблея мүшесінің өкілеттігін тоқтату  Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңы

17-бап. Ассамблея мүшесінің өкілеттігін тоқтатуҚазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңы      1. Ассамблея мүшесінің өкілеттігі мынадай негіздер бойынша:      1) Ассамблея мүшес...

Толық оқу »

10-бап. Халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актілерді өкілеттіктерсіз жасасу  Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы Заңы

10-бап. Халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актілерді өкілеттіктерсіз жасасуҚазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасының Пре...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы мен Ислам Даму Банкiнiң арасындағы Қазақстан Республикасының Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының жобасына пайдалану үшiн агент ретiнде Банктiң атынан және Банк үшiн жабдықтар сатып алуға және сатуға өкiлеттiгi туралы келiсiмдi бекiту туралы Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы Заңы

Қазақстан Республикасы мен Ислам Даму Банкiнiң арасындағы Қазақстан Республикасының Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының жобасына пайдалану үшiн агент ретiнде Банктiң...

Толық оқу »

8-бап. Халықаралық шарттарды дәйектеу, олардың мәтінін қабылдау және қол қою туралы, сондай-ақ осы актілердi жасасуға өкілеттiк беру туралы шешімдер  Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы Заңы

8-бап. Халықаралық шарттарды дәйектеу, олардың мәтінін қабылдау және қол қою туралы, сондай-ақ осы актілердi жасасуға өкілеттiк беру туралы шешімдерҚазақстан Республикасының х...

Толық оқу »

28-3-бап. Республикалық палатаның құрылымы мен өкілеттіктері Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Заңы

28-3-бап. Республикалық палатаның құрылымы мен өкілеттіктері Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Заңы      1. Республикалық палатаның құрылымы селекциялық және асыл тұқымдық ж...

Толық оқу »

36-бап. Республика Парламентінің және Парламент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы Конституциялық заң

36-бап. Республика Парламентінің және Парламент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы...

Толық оқу »

31-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Заңы

31-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтатуКәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және пана...

Толық оқу »

8-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары мен өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы

8-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары мен өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы      Қазақстан Ұлттық Банкі: 1) ақша-кредит саясатын әзірлейд...

Толық оқу »

309-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК лауазымды тұлғасына өкілеттік беру

309-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК лауазымды тұлғасына өкілеттік беру Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшілерге лауазым...

Толық оқу »

34-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны қызметінен босату және олардың өкiлеттiктерiн тоқтату Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

34-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны қызметінен босату және олардың өкiлеттiктерiн тоқтату Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәрт...

Толық оқу »

230-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жеке күзет қызметтері қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалану

230-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жеке күзет қызметтері қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалану 1. Жеке күзет қызметі басшысының...

Толық оқу »

4-бап. Республика Үкiметiнiң өкiлеттiк мерзiмi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы

4-бап. Республика Үкiметiнiң өкiлеттiк мерзiмi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы 1. Республика Үкiметi Парламент Мәжілісінiң өкiлеттiк мерзiмi шегін...

Толық оқу »

Билік өкілінің ұғымдарын мемлекеттік қызметтегі және әкімшілік өкілеттіктерге ие тұлға ретінде анықтау

Билік өкілінің ұғымдарын мемлекеттік қызметтегі және әкімшілік өкілеттіктерге ие тұлға ретінде анықтауҚазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 3-бабының 9-тармағы "билік өк...

Толық оқу »

Істің мән-жайларын зерттемеуіне байланысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін негізсіз соттау

Істің мән-жайларын зерттемеуіне байланысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін негізсіз соттауАстана қаласы Алматы ауданының № 02 аудандық сотының 2012 жылғы 09...

Толық оқу »

55-бап. Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі  Акционерлік қоғамдар туралы Заңы

55-бап. Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзіміАкционерлік қоғамдар туралы Заңы      1. Директорлар кеңесінің құрамына сайланған адамдардың, егер Қазақстан Республика...

Толық оқу »

Тергеу судьясының өкілеттігін жүзеге асырудың жалпы шарттары бойынша сот істері жөніндегі адвокат заңгер

Тергеу судьясының өкілеттігін жүзеге асырудың жалпы шарттары бойынша сот істері жөніндегі адвокат заңгерТергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асырудың жалпы шарттары ҚІЖК жо...

Толық оқу »

33-бап. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

33-бап. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы 1. Судьяның өкiлеттiгi, егер: 1) партиялық...

Толық оқу »

46-15-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

46-15-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау...

Толық оқу »

48-бап. Мемлекеттік қызметшіні лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттету Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы

48-бап. Мемлекеттік қызметшіні лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетуҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы      Мемлекеттік қызметші:      1)...

Толық оқу »

Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы

Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралыҚаз...

Толық оқу »

29-1-бап. Микроқаржы омбудсманы, оның мәртебесі, оны сайлау тәртібі және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату. Микроқаржы омбудсманының өкілдер кеңесі, оның құзыреті Микроқаржылық қызмет туралы Заңы

29-1-бап. Микроқаржы омбудсманы, оның мәртебесі, оны сайлау тәртібі және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату. Микроқаржы омбудсманының өкілдер кеңесі, оның құзыреті Микроқарж...

Толық оқу »

252-бап. Жекеше күзет ұйымы, коллекторлық агенттік басшысының немесе жұмыскерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

252-бап. Жекеше күзет ұйымы, коллекторлық агенттік басшысының немесе жұмыскерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Жекеше...

Толық оқу »

189-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттігін тоқтату Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

189-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттігін тоқтату Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі Ұлттық алдын алу тетi...

Толық оқу »