32-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімін лауазымға сайлау, қызметінен босату және оның өкілеттігін тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңы
1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес лауазымға сайланады.
Бір адам аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.
Сайланған аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің өкілеттігі оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.
2. Сайланған аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің өкілеттігі өкілеттік мерзімі өткен соң, сондай-ақ:
1) әкім қайтыс болған, әкімді әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі, хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімі не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
2) өзін ұсынған саяси партия қайта ұйымдастырылған және таратылған жағдайларды қоспағанда, саяси партияға мүшелігі тоқтатылған;
3) жоғары тұрған әкім аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты депутаттарының әкімге қатысты білдірген сенімсіздік вотумын қабылдаған;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
5) тиісті аумақтық сайлау комиссиясы жаңадан сайланған әкімді тіркеген жағдайларда;
6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Сайланған аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің өз өкілеттігі кезеңінде зейнеткерлік жасқа толуы оның өкілеттігін тоқтатуға негіз болып табылмайды.
3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің өкілеттігі осы баптың 2-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде тиісті аумақтық сайлау комиссиясы шешім қабылдайды, онда әкімнің өкілеттігін тоқтатуға алып келетін негіздердің басталу фактісі көрсетіледі және облыс әкіміне аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынуды енгізу туралы шешім қабылданады.
Тиісті аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы негізінде облыс әкімі тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің өкілеттігін тоқтатады.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiн, қызметiнiң ұйымдастырылуын, тәртiбiн, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы