52-1-бап. Арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы
1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар және жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдары арнаулы құралдармен қамтамасыз етіледі, олардың тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдары және қорықшылар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметтік қарумен қамтамасыз етіледі.
3. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың және жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдарының арнаулы құралдарды:
1) қызметтік міндеттерін атқару кезінде құқық бұзушыларды, қарсылық көрсететін немесе өздеріне қасақана кедергі келтіретін өзге де адамдарды ұстау;
2) қызметтік міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін көлік және жүзу құралдарын тоқтату үшін қолдануға құқығы бар.
4. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдарының және қорықшылардың қызметтік қаруды:
1) әрекеттері өздерінің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін адамдардың қарулы шабуылына тойтарыс беру;
2) егер адам талаптарға бағынбаса және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе, аңшылық алқаптар, балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері аумақтарында және олардың жағалау белдеуінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және олардан шығу кезінде көлік және жүзу құралдарын зақымдау арқылы оларды тоқтату және ұстау;
3) жануарлардың шабуылынан қорғану және дабыл сигналдарын беру немесе көмек шақыру үшін қолдануға құқығы бар.
5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдары және қорықшылар арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану кезінде:
1) осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, қызметтік қаруды қолдану ниеті туралы ескерту жасауға (дауыстап ескерту және ескерту ретінде жоғарыға қарай оқ ату);
2) қызметтік қаруды қолдануды кешіктіру жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамның, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамының және қорықшының өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін не ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін жағдайлардан басқа, талаптарды орындау үшін жеткілікті уақыт беруге;
3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамның, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамының және қорықшының қызметтік қаруды қолдануға мәжбүр болатын жағдайларда, қалыптасқан жағдай мен қол жеткізілуі тиіс мақсатты негізге алып, оны қолдану мүмкіндігін барынша азайта отырып, ұстамдылық танытуға;
4) арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды қолданудан зардап шеккен адамға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетуге, ал қажет болған жағдайда оны медициналық ұйымға жеткізуге;
5) айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
6. Әйелдер, мүгедектік белгілері анық адамдар, жасы белгілі немесе анық көрініп тұрған кәмелетке толмағандар қаруланып шабуыл жасаған немесе жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамның, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамының және қорықшының өмірі мен денсаулығына олардың тарапынан нақты қауіп төнген жағдайларды қоспағанда, оларға қатысты арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды қолдануға тыйым салынады.
7. Қызметтік қару мен арнаулы құралдарды қолдану дене жарақатын салуға, сондай-ақ адамдардың қаза болуына немесе ауыр зардаптарға алып келген әрбір жағдай туралы оқиға болған жердегі тікелей басшылар, прокуратура және ішкі істер органдары жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей хабардар етіледі.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 Заңы.
Осы Заң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және қазiргi және келешек ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы