49-1-бап. Жануарлар дүниесі объектілерін санкцияланбаған алып қоюды болғызбау бөлігінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңы
1. Жануарлар дүниесі объектілерін санкцияланбаған алып қоюды болғызбау бөлігінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау бақылау және қадағалау субъектілерін хабардар етпей тексеру нысанында жүзеге асырылады.
2. Тексеру жануарлар дүниесі объектілерін санкцияланбаған алып қоюды болғызбау мақсатында бақылау және қадағалау субъектілерінің қызметін зерттеп-қарау арқылы Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан жүргізіледі.
Тексеруді:
балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде – балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшелері;
аңшылық алқаптарда – орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.
3. Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы:
1) балықшы куәлігінің бар-жоғын;
2) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсаттың бар-жоғын, сондай-ақ ауланған балықтың саны мен түрінің құрамының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсатқа сәйкестігін;
3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналының) бар-жоғын және оған енгізілген деректердің балықтардың көлемі мен түрінің құрамы бойынша сәйкестігін;
4) аулау құралдары мен балық аулау тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесіне, балық аулау қағидаларына және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсатқа сәйкестігі тұрғысынан;
5) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйымдардың сақталуын;
6) балықтардың кәсіпшілік өлшемінің және балық түрлері бойынша кездейсоқ аулаудың сақталуын;
7) жолдаманың бар-жоғын тексереді.
4. Уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің аңшылық алқаптарда тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы:
1) аңшы куәлігінің бар-жоғын;
2) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттың және жолдаманың бар-жоғын;
3) азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың бар-жоғын;
4) аушы жыртқыш құс немесе аңшы иттер паспортының бар-жоғын;
5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен жануарлар дүниесін пайдалануға арналған шарттың бар-жоғын;
6) жануарларды аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналының) бар-жоғын;
7) саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға арналған рұқсаттардың бар-жоғын;
8) жануарларды аулау құралдарын, әдістері мен тәсілдерін, олардың жыныстық-жас құрамын аң аулау қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан;
9) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйымдардың сақталуын тексереді.
5. Тексеру жүргізуге келген лауазымды адам бақылау және қадағалау субъектісіне қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын көрсетеді.
6. Бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты тексеру жүргізу мерзімі жиырма төрт сағаттан аспауға тиіс.
7. Тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық құрамы бар бұзушылық фактілері анықталған кезде бақылау және қадағалау субъектісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
8. Тексеру жүргізу кезінде лауазымды адамдардың:
1) осы баптың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) аудио, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға құқығы бар.
9. Тексеру жүргізу кезінде лауазымды адам:
1) егер құжаттар мен мәліметтер тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексерудің нысанасына жатпаса, оларды беруді талап етуге;
2) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
3) тексерудің нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтініштер жасауға құқылы емес.
10. Лауазымды адамдар тексеру жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау және қадағалау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) тексеруді осы бапта белгіленген тәртіп негізінде және оған қатаң сәйкестікте жүргізуге;
3) осы Заңға сәйкес жедел ден қою шараларын қолдануға;
4) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;
5) бақылау және қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің тексеру жүргізу кезінде қатысуына кедергі жасамауға, тексерудің нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
6) бақылау және қадағалау субъектісіне тексерудің нысанасына қатысты қажетті ақпаратты беруге;
7) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
11. Бақылау және қадағалау субъектілері тексерудің жүзеге асырылуы кезінде:
1) осы баптың 5-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайда, тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарды тексеруге жібермеуге;
2) егер құжаттар мен мәліметтер тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
3) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ лауазымды адамның тексеру шеңберінде жүргізетін жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге;
4) лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған лауазымды адамға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.
12. Бақылау және қадағалау субъектілері:
1) осы бапқа сәйкес жүргізілетін жануарлар дүниесі объектілерін санкцияланбаған алып қоюды болғызбау жөніндегі тексерулерді жүзеге асыруға кедергі жасамауға;
2) осы баптың 5-тармағының талаптары сақталған кезде тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593 Заңы.
Осы Заң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және қазiргi және келешек ұрпақтың мүдделерiн ескере отырып, адамның экологиялық, экономикалық, эстетикалық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында жануарлар дүниесiн, оның биологиялық сан алуандығын сақтау, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы